Файл: азастан Республикасы Оуаарту министрлігі Алматы облысты білім басармасы мм.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 79

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Жазылым дағдысын қалыптастырудың бірнеше жолдары бар. Солардың ең бастылары-продуктивті жазылым және жазылым үдерісі. Продуктивті жазылымда біз оқушыларға жазылатын жұмыстың үлгісін ұсынамыз. Бұл оқушыға қалай жазу керектігі туралы идеяны береді Көптеген дерек көздеріне сүйенсек, жазылым дағдысы асыкпай сөйлеп, баяу қимылдайтын оқушыларға лайыкты дағды екендігі көрсетілген. Олар әр сөйлеміне баса мән беріп, ерекше идеяларын жинақтап баяндауға тырысады және бұл істе керемет шеберлік танытады. Сондықтан, мен оқушылар бойында осы жазылым дағдысын қалыптастыру бойынша ізденіп жүрмін. Мақсатым: оқытудағы тәсілдер арқылы қалыптастыру. оқушылар бойында жазылым мәселесі жана әдіс- дағдысын қалыптастыру [16, 112 б].

Міндеттері:

-оқу үрдісінде оқушылардың дамытуды сөйлесім әрекетінін түрлерімен (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, тілдесім) бірлікте қалыптастыру; -оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамытуда жүргізілетін жазба жұмыстарының түрлерін айқындау;

Күтілетін нәтижелер:

-оқушылардың жазбаша сөйлеу тілінің дамуы сөйлесім әрекетінің түрлерімен (тыңдалым, айтылым, оқылым, тілдесім) бірлікте қалыптасады;

-шағын әңгіме, мәтін, ертегі, әңгімені өз бетімен аяқтай алады;

-оқушылар құттықтау хат, жарнама, шақыру хаттарын жаза алады;

-грамматикалық құрылымдарды оңай түсінуге көмектеседі;

-оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады.

Жазылым жоғарыда аталған 4 дағдының ішінде оқушының нәтиже көрсететін, мұғалімнің өнім дағдысы болып табылады. Оқушы бойында жазылым дағдысын қалыптастырмас бұрын өз-өзімізге мына сұрақтарды қойғанымыз жөн.

-Оқушылардан не туралы жазуды сұраймын?

-Оқушыларға жазылым дағдысын қалай игертуге болады?

-Жазылым дағдысын дамыту үшін қандай әдіс-тәсілдерді қолданамын?

«Жазылым» термині «жазу» деген мағынаны емес, «жаза білу», «ойыңды басқа біреуге түсінікті болуы үшін қағаз бетінде сауатты жеткізе білу» дегенді білдіреді [19,45 б].

Жазылым жұмысының сәтті шығуы ең әуелі, сөздік қорға тікелей байланысты. Ал сөздік қор оқылым арқылы келеді.

Оқушыларға жазылым дағдысын үйретуде оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдердің ықпалы мол екенін жоғарыда айтып өттік.

Мәселен, «Суретті сөйлету» әдісі оқушылардың сыни тұрғыдан ойландырып қана қоймай, олардың шығармашылықпен айналысуларына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, өз тәжірибемде «Кейіпкерге хат жазу», «РАФТ» стратегиясы, «Түйін сөз», «Талдау картасы» секілді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың жазылым дағдылары қалыптасқандығына көз жеткіздім. Сонымен қатар, былтыр жыл бойына зерттеу жүргізу барысында жазылым түрлері бойынша мына әдістер тиімді екендігіне көз жеткіздім.





Орфографиялық дағды қалыптастыруда жазбаша жаттығу, диктант, мазмұндама, шығарма жұмыстарын ұтымды ұйымдастыру да жақсы нәтиже береді. Әсіресе, эссе жұмыстарының маңызы зор. Ол оқушының өз көзқарасын дәлелдеп айта білуге, сондай-ақ, өз көзқарасын нақтылауға көмектеседі. Ал, оқушыларды эссе жазуға қалай үйретеміз?

Эссе жазуға үйрету үшін мен әрбір сабағымда дерлік «Дербес пікір» әдісін қолданамын. Өтілген тақырып бойынша «Дербес пікір» әдісі арқылы ой түйіндей білген оқушы эссе жазуда еш қиналмайды. «Дербес пікір» әдісінің жалпы мазмұны мынадай:

1. Өзіндік пікір(ой,идея)-1 сөйлем

2. Дәлел-2 сөйлем

3. Өз пікіріне қарсы дәлел-1 сөйлем

4. Өз пікірін айғақтайтын мысал-2 сөйлем

5. Қарсы дәлелді жоққа шығаратын мысал-1 сөйлем

6. Қорытынды-2 сөйлем

«Дербес пікір» әдісі арқылы оқушылардың өзіндік ой қорыту дағдыларын қалыптастырып алған соң оқушыларға эссе құрылымын үйретіп, соған орай жазуды тапсырамын. Эссе құрылымын сақтауды үйренген оқушы эссені талапқа сай жаза біледі. Эссенің барлық бөлімдерін сақтай отырып жазылған эссе жүйелі шығады.

Эссе құрылымы

Кіріспе

Кілт сөзге анықтама -10 % сөз

Тақырыпты сұрақ етіп қайта қою-10% сөз

Негізгі бөлім

Аргумент, факті келтіру-35% сөз,

Контрааргумент келтіру 35%

Қорытынды бөлім

Ұсыныс, пікір айту-10% сөз

Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін жаздыру үшін оушылар негізгі ойындарды түйіндей алуды меңгереді. Мәтіндегі негізгі ойды қысқаша оймен жеткізуді меңгерген оқушылар грамматикалық дағдыларды терең меңгере алады.

Сонымен, белгілі бір жазылымды толық орындау үшін бірнеше қадамдар жасаймыз:

- әуелі жазылуы көзделген нәрсені анықтап алу;

- ойыңды дұрыс жеткізуді жоспарлау;

- шимай нұсқасын (өзгертілуі мүмкін жазылым түрі) жазып көру;

- түзету және редакциялау (қателерді түзету және мазмұнын толықтыру)

- тексеріп шығу (сауаттылыққа тексеру және түзеу)

- дұрыс нұсқаны (екінші немесе соңғы нұсқаны жазып шығу) шығу.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, ұлы ағартушы А.Байтұрсыновтың «Ұстаз үздіксіз ізденгенде ғана,шәкірт жанына нұр құя алады»,-деген сөзі әрбір ұстаздың жадынан шықпауы тиіс. Сонда ғана, алған білімдерін болашақ өмірлерінде пайдалана алатын функционалдық сауаттылығы жоғары шәкірт тәрбиелей аламыз.

2.2 Жаңартылған білім мазмұны аясында жазу дағдысы әрекетін дамытуға арналған тапсырмалар



«Қазақ тілі» пәнін оқыту үдерісінде оқушылардың тыңдалым мен айтылым әрекеттерін дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

  • тыңдалған мәтін негізінде сұрақтар қоя білу;

  • таныс немесе оқушыларға қызықты тақырыптар бойынша анық, түсінікті сөйлеу;

  • алдын ала құрастырылған сұрақтар арқылы біреумен сұхбат жүргізу (мысалы, мұғалімнен бір күні жөнінде сұхбат алу) және алынған жауаптар бойынша ауызша есеп беру;

  • белгіленген тақырып бойынша пікірталасқа түсу\дәйектеу (мысалы, «Уақытты тиімді пайдаланып жүрміз бе?)

  • бір оқиғаны ым-ишарат қолдану арқылы жұпта немесе топта жазуға дайындалу;

  • ауызша айтылғандарды түсіну және соған сәйкес сұрақтарға жауап бере білу;

  • берілген тақырыпқа диалог құрастыру

  • экскурсия бойынша күтілетін нәтижені талқылау (мысалы, кітапханаға барғанда алған әсерлері туралы ой бөлісу).

«Қазақ тілі» пәнінде оқылым әрекетін дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

  • көз жүгірте оқу, шолу жасай отырып оқу, мағынасы мен бөлімдерін анықтай отырып оқу, ақпаратты алу үшін оқу, қызыға оқу және өз көзқарасын айту үшін оқу;

  • мәтіннің басы немесе тақырыбы бойынша оқиғаның дамуын болжау;

  • интернет ресурстарымен жұмыс (тақырып мазмұны бойынша презентациялар дайындау);

  • әдебиетпен жұмыс (сұхбатқа арналған сұрақтар мен жауаптар дайындау);

«Қазақ тілі» пәнінде жазылым әрекетін дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:

  • қысқаша хабарлама жазу;

  • тыңдалған\ оқыған мәтін мазмұнын қысқаша жазу, көрген фильмі немесе оқыған кітабынан алған әсерін сипаттап жазу;

  • белгіленген суреттер, диаграмма түрінде ақпарат ұсыну;

  • сұхбат нәтижесінің қысқаша есебін жазу;

  • сұхбатқа сұрақтар дайындау [21,78-79 б].

Бағдарлама «Біз пән бойынша не білеміз және білімді қалай меңгереміз?» деген негізгі қағидаларды қарастырады. Пән бойынша білімді меңгеру оқу бөлімдерінде тілдік дағдыларды қалыптастыру бойынша ұйымдастырылған. Оқу бөлімдері жинақталған білім мен түсінік және дағдыларды қалыптастыру мақсаттарын көздейтін бөлімшелерге бөлінген. Оқытудың мақсаттары әр бөлімше ішіндегі сабақтастықты айқындайды. Мұғалім мен оқушыға болашақ қадамдары жөнінде өзара ой бөлісуге, оларды жоспарлау мен бағалауға мүмкіндік береді.

Жаңартылған білім мазмұнындағы 7-сынып оқулығында «Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым» бөлімін оқыту алдында оқушылардың қызығуы, ынтасы, таным белсенділігін арттыу мақсатында, бөлім неліктен «Жеңіс күні. Ұлы ерлікке тағзым» деп аталатындығын, Ұлы отан соғысына қатысқан батырлар жайлы не білетіндіктерін сұрап, жауаптарына сәйкес мұғалім бөлім бойынша негізгі түсініктерді айта кету қажет. Яғни бөлім тікелей Ұлы отан соғысына байланысты. Ұлы отан соғысы – 1941 - 1945 жылдар аралығында болған оқиға екенін қосымша мәліметтерді пайдалана отырып, әңгімеленді. Ұстаздың кіріспе сөзінен кейін тараудын бөлімдерімен танысуға уақыт берілді. Әрі бөліммен танысу түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асады. Әр бөлімде берілген мәтінмен таныстырудың тиімді әдістері: Ривин, Самаралық, Елші, Өкіл әдістері. Ривин әдісінің алгоритмі бойынша мәтінді бірнеше шағын бөліктерге бөліп, оқушыларға оқып-талдауға беріледі. Ривин әдісінің алгоритмі: 1. Үзіндіні оқып, мазмұнын меңгерту. 2. Шағын үзіндіге жоспар құру. 3. Сөздікпен жұмыс жасау (түсініксіз, қиын сөздермен жұмыс жасау)


4. Үзіндіден негізгі ойын (негізгі ойын қай сөзде, қай сөйлемде) табу.

5. Үзіндіге ат қою Бұл әдіс бойынша оқып-талдауға 7-8 минут беріледі. Берілген уақыт өткен соң, оқушылардың талдаулары тексеріледі. Ривин әдісі жеке жұмысқа негізделсе, Самаралық, Елші, Өкіл әдістері топтық жұмыс түріне негізделген. Самаралық әдіс арқылы оқушылар мәтін мазмұнын топта оқып-талдап меңгерген соң, Елші әдісі арқылы әр топтан «елші» сайланып, басқа топтарға барып, мәтін мазмұнын баяндап, топ мүшелерінің сұрақтарына жауап беріп, өзі сұрақ қойып, өзге топтарда талқылайды [12, 56 б].

Бұл әдістің тиімділігі: – көшбасшылық қабілеті артады; – сұрақты жүйелі қоюға, сұрақтарға нақты жауап беруге үйренеді;

– сөз саптау шеберлігі шындалады; – біріккен топтарда жұмыс істеу икемділігі артады; – оқушылар өздері мәтін мазмұнын меңгереді. Оқушылардың мәтін мазмұнын меңгерген-меңгермегенін «Өрмекші торы» әдісі арқылы тексерген тиімді. Оқушылар шеңберде тұрып, «өрмекші торын» құрады, яғни мәтінді мазмұндап береді. Сонан соң

түсінбеген тұстары бойынша бір-біріне сұрақ қойып, жауап ала отырып «өрмекші торын» жинайды.

Бұл әдіс – өте тиімді әдістердің бірі. Біріншіден, уақыт үнемделеді. Екіншіден, сыныптарға барлық оқушы қамтылады. Үшіншіден, аз уақыт ішінде мәтін мазмұны тексерілді. Сонымен қатар, «Миға шабуыл» әдісі арқылы да мәтін мазмұнын меңгерілу деңгейін тексеру тиімді болмақ. Мысалы үшін 7 сыныпта берілген «Отан үшін от кешкендер» мәтіні бойынша сұрақтар:

1. Ұлы отан соғысына қатысқан батырлар кімдер?

2. Соғыс қай жылдары болды?

3. Отан үшін от кешкен Шығыстың қос шынарлары кімдер?

4. «Соғыс» деген сөзді қалай түсінесіздер?

5. Ұлы отан соғысына қанша жерлесіміз қатысты?

6. Ұлы отан соғысына қатысқан жерлестеріміздің қаншасы «Кеңес одағының батыры» атанды?

Веер, Балалар философиясы, Футбол алаңы, Домино әдістері арқылы білім алушылардың мәтін мазмұны бойынша бір-біріне сұрақ қойып, сұрақтарына жауап алады.

Келесі әдістің бірі - «Сабақ мазмұны бойынша ойынды білдір». Бұл әдіс мәтінді оқығаннан кейін орындалады. Бұл әдісті 7 сыныптағы «Ұшқыш - Талғат Бигелдинов» тақырыбында қолдану тиімді. Бұл әдістің алгоритмі:

Қандай жаңа білім алдың?

«Веер әдісі». «Дара тұлға - Бауыржан Момышұлы» тақырыбы бойынша мәтінмен танысқан соң веер әдісін қолданған тиімді.

Веер әдісі бойынша сынып 3 топқа бөлініп жұмыс жасайды. Бірінші топ екінші топқа өздерінің құрастырған сұрақтарын веерге жазып ұсынады, екінші топ оларға жауап береді. Үшінші топ сұрақтар мен жауаптардың дұрыстығын тексереді, яғни сараптама жасайды. Осылайша оқушылар рөлдерімен ауысады.


Бұл әдіс арқылы білім алушылар әрі сұрақ қоюға, әрі сұраққа толық, анық жауап беруге, әрі өзгенің жауабына сараптама жасауға үйренеді.

Мәтінді талдауға қойылатын мақсат – оның тақырыптық мазмұының, көркемдік тілін, мәтіннің тәрбиелік мәнін аша отырып, жеке тұлғаны адамгершілікке, инабаттылықа, еңбексүйгіштікке, ізгілікке, адами құндылыққа тәрбиелеу [14,43 б].

Мұндай талдаулар мәтіннің көлеміне қарай күрделеніп отырады.

Жазылым әрекеті. Бауыржан Момышұлына хат жазыңыздар.

«Венн диаграммасы» әдісі. Бұл әдісті «Қазақ музыкасы» тақырыбын оқытқанда қолдануға болады. «Венн диаграммасы» әдісі арқылы XlX және XX

ғасырда өмір сүрген қазақ музыкасының ұлы тұлғаларының шығармашылығын салыстырыңыздар деген тапсырма беруге болады.

«Пікір алмасу» әдісі. Әрбір топ «Ғасыр бұлбұлы» мәтініне қатысты 5 сұрақ дайындайды. Әрбір сұрақты стикердің бірінші жағына, ал жауабын екінші жағына жазып, келесі топпен стикерлерін ауыстырады. Топ басшысы стикердегі сұрақтарды оқиды, топ мүшелері жауаптарын жазып дайындайды. Көшбасшы белгі бергенде, барлығы өз жауабын ашады және жауаптарды талқылап, дұрыс жауаппен салыстырады.

Жазылым дағдысы. Күләш Байсейітова туралы «Ән падишасы» атты эссе жазыңыздар.

«Сынық вагон» әдісі «Қазақтың киелі домбырасы» тақырыбын өткенде пайдалану өте тиімді. Бұл әдісте ең әуелі «сарапшылар» тобы сайланады. Ол топ негізінен мәтінді тиянақты оқып, мазмұнын толық білетін, өздеріне аса сенімді 3-4 оқушыдан құралады. Олардың міндеттері басқа оқушыларды мұқият тыңдау, «вагондарды» бір-біріне «тіркеу», «сынық вагонды» анықтау. Қалған оқушыларға реттік нөмер таратылы беріледі. Бірінші нөмерлі оқушы «бірінші вагон» мәтінніің мазмұнын баяндауды бастайды. Сарапшылар ол оқушы кез келген жерден тоқтатып келесі оқушыға («вагонға») жалғастыруды бұйырады. Осылайша жалғаса береді. Ал мәтін мазмұнын жалғастыра алмаған оқушы «сынық вагон» болып есептеліп, «рельстен» тақта алдына шығарылады. Ең соңында сарапшылар «сынық вагондарға» сұрақ қойып, олардың «жөнделуіне мүмкіндік береді [18,23-25 б].

Ойын арқылы белсенділіктерін арттырып, білімділігін, біліктілігін байқауда тиімді.

«РАФТ» әдісі тақырып талданады, аудитория белгіленеді, форматы анықталады (жиналыс, пресс-конференция, дөңгелек үстел т.б.) рөлдер таңдалады. 7 сыныпта «Күй анасы - Дина» тақырыбын өткенде қолдануға болады. Оқушыларды үш топқа бөліп, шығармашылық хат формасындағы хатты жазуға тапсырма беріледі. Мысалы: «Зерттеушілер» тобы «Күй тәңірдің күбірі» тақырыбында күйшінің атынан оқушыларға, «Ізденушілер» тобы «Күйші Дина» тақырыбында өздерінің атынан күйші Динаға, «Талқылаушылар» тобы «Аңызға айналған Дина» тақырыбында мұғалімге хат жолдайды. Талдау барысында мәтінде көтерген мәселесі, кімге арналатындығы, қандай формада жазылатындығын оқушылардың өздеріне анықтатамыз. Бұл әдістің тиімділігі оқушылар ізденеді.