Файл: азастан Республикасы Оуаарту министрлігі Алматы облысты білім басармасы мм.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 265
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1.2 Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес қазақ тілі сабағында жазу дағдысын қалыптастыру жолдарыБілім берудегі 4 дағдының көздеген мақсаты әрбір тұлғаның жеке қабілеттерін ашып, өмірге бейім адамды қалыптастыру болса, соның ішінде жазылым дағдысының көтерер жүгі өте ауыр. Жазылым дағдысы - тақырыпты аша білу, грамматикалық сауаттылық, өз ойын сын тұрғысынан дәлелдеу, қорытынды шешім шығарып, өз көзқарасын білдіру деңгейіне бағытталады. Жазылым дағдыларын бағалау: шығармашылық бағыттағы сипаттау, баяндау (шағын әңгіме, эссе, қойылым сценарийі) және белгілі бір аудиторияға бағытталған дәлелді мәтіндер (үндеу хат, пікір, мақала, жарнама) жазу, (әңгіме, шығарма, эссе жазу, хат жазу, қорытынды шешім шығару, өз көзқарасын білдіру, цитатамен жұмыс. Жазылым - төрт дағдының бірі және ол өнімді дағдылар қатарына жатады. Яғни өнімді дағды дегеніміз – тіл құбылыстары туралы ережелерге, модельдерге сүйене отырып сөйлеу немесе жазу. Жазылым түрлері: тізім жасау, құттықтау қағазы, электрондық хат, күнделік, хабарлама, әңгімелер, эссе және т.б. Жазылым түрлерінің әрқайсысының өздеріне сай ерекшелігі болады. Ол жазылым түрлерінің құрылымына және мақсаты мен шешуі тиіс міндеттеріне байланысты болып келеді. Мысалы, жазу стилінің деңгейлері: ресми (ғылыми, іс қағаздар стилі) және бейресми (ауызекі сөйлеу сөздері); жазуда мәтінді немесе ақпаратты жазудың өзіндік тәртіптері ақпараттарды орналастыру реті; мәтіннің ұйымдастырылуы [9].Жазылым дағдысын қалыптастырудың бірнеше жолдары бар. Солардың ең бастылары - продуктивті жазылым және жазылым үдерісі.Бүгінгі таңда мектеп мұғалімінің алдында тұрған үлкен міндеттердің бірі оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту мәселесі. Қазақ тілінде оқытатын мектептердің оқу бағдарламасында тыңдалым/айтылым, оқылым, жазылым және әдеби тіл нормалары бойынша берілген оқу мақсаттарына жетуде мұғалім осы мәселеге назар аударады. Енді осының ішінде жазылым дағдысына келетін болсақ, қазақ тілі пәнінің оқу бағдарламасында оқушы 5 сыныпта – 150 — 200 сөз, 6 сыныпта – 200 — 250 сөз, 7 сыныпта 250 — 300 сөз, 8 сыныпта – 300 — 350 сөз, 9 сыыпта – 350 — 400 сөз жазу керек делінген. Осы сыныптар аралығында оқушының Ж1. Жоспар құру, Ж2. Әртүрлі жанрда мәтіндер құрастыру, Ж3.Жазба жұмыстарын әртүрлі формада ұсыну, Ж4. Эссе жазу, Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары негізінде жинақы мәтін жазу, Ж6. Мәтіндерді түзету және редакциялау сияқты коммуникативтік дағдылары қалыптасуы шарт. Демек бала жоспар құрудан бастап, әртүрлі формада жазылған мәтінін өзі тексеріп, түзете алатын деңгейге жетуі тиіс. Сонымен қатар:
Дәл осы мақсатқа «Пазл» әдісі немесе «Хикая картасы» бойынша тапсырма беруге болады. Оқушы сюжетті суреттерді әңгіме желісі бойынша орналастырып, талдау жасайды. Содан кейін өз ойын жинақтай отырып әңгіме құрастырады.Жалпы жазылымда баланы жазуға жетектеп алып келу керек. Осы сыныпта Ж4. Эссенің кіріспе, негізгі, қорытынды бөлімдерін сақтай отырып, өзіне таныс адамды, белгілі бір мекен мен оқиғаны сипаттап не суреттеп жазу деген мақсат бар. Жазылым 4 дағдының ішінде оқушының нәтиже көрсететін, мұғалімнің өнім алатын дағдысы болып табылады. Кейбір оқушылар табиғатынан шапшаң болады да, тілді игеруде сөйлеуден, тыңдаудан ерекше қабілеттілік танытады. Ал, біреулері қабілеттері бола тұра бетпе-бет сөйлесу мен тыңдауға келгенде қиындықтарға кездесіп жатады, яғни тым жай қабылдайды. Көптеген дерек көздеріне сүйенсек, жазылым дағдысы дәл осындай асықпай ойлап, баяу қимылдайтын оқушыларға лайықты дағды екендігі көрсетілген1. Олар әр сөйлеміне баса мән беріп, ерекше идеяларын жинақтап баяндауға тырысады және бұл істе керемет шеберлік танытады. Алайда, бұл шапшаң оқушылардың жазылымды игеріп алды деген сөз емес. Ең басты нәрсе, оқушының осы дағдыны өмірде қолдана алуы, сол қажеттілікті мұғалімнің оқушы санасына жеткізе білуі [14.89 б].
Жазылым жұмысының сәтті шығуы ең алдымен сөздік қордың мол болуына тікелей байланысты. Сөздік қор оқылым арқылы келеді. Бұны танымал адамдардың мынадай сөздері арқылы дәлелдеуге болады. Жазушы бір кітап жазу үшін кітапхананың жарты бөлігін аралайды; Көп оқитын адам ғана жақсы жаза алады. (Самуэл Джонсон) Жазу құмырашының балшығы секілді пайдаға асқанша бірнеше түзетулерден өтеді. (Walsh) Жазу- біздің ойымызды тілге аударушы. (Byren) Мұғалім оқушыға жазуды үйретпес бұрын өзіне мына сұрақтарды қойған дұрыс деп ойлаймын: Оқушылардан не туралы жазуды сұрайсыз? Оқушыларға жазылым дағдысын қалай игертуге болады? Жазба жұмыстарын қалай түзетесіз? Жазуды үйретуде қандай қиындықтар кездесті? Осы сұрақтарға жауап бергенде ғана жазылымдағы бағытын анықтай алады. Оқушылар жазылым дағдысы бойынша мынадай жұмыстарды жаза алады:
ІІ ЖАЗУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘРЕКЕТІНДЕ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ2.1 Жазылым әрекетінде әдіс-тәсілдерді қолдануЕліміздің білім саласының алдында тұрған басты міндет-сыныпта алған білімдерін болашақта пайдалана алатын жеке тұлға қалыптастыру. Бұл мақсатты шешу, мемлекеттік тілді оқытудың тиімді де ыңғайлы жүйесі мен құрылымын қалыптастыру әрбір қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімнің міндеті деп білемін. Осы орайда жаңартылған білім беру бағдарламасының орны ерекше. Өйткені, жаңартылған бағдарлама оқушылар бойында тілдік дағдыларды қалыптастыруға зор мүмкіндік жасап дағдылар: тыңдалым және айтылым, оқылым, жазылым.Жоғарыда аталған дағдылардың шығармашылыққа жетелеуде ішінде оқушыларды жазылым дағдысыныңорны ерекше. Жазылым дегеніміз не? Жазылым-бұл оқушылардан үйлесімді мәтін құру үшін көптеген күрделі дағдыларды меңгеруді талап ететін міндет. Бұл жерде күрделі дағдылар деп оқушылардың сөздік сөздік қорларындағы сөздерді тиімді пайдаланумен қатар оларды жазуда тыныс белгілерді де назардан тыс қалдырмауын айтамыз. Сондықтан, жазылым басқа дағдыларға қарағанда өнімді дағды болып табылады [18,14-15 б].Жазылым басқа да сөйлесім дағдыларымен бірлікте жүзеге асады. Себебі, оқушы Оқылым айтылым дағдысы негізінде өзінін және жазылым тыңдалым, дағдысын дамыта алады. Жазылым дағдысы-бұл жазу емес. Жазылым дағдысы-шығармашылық ойлау.Оқушының өз ойын жазу Жазылым басқа да сөйлесім дағдыларымен бірлікте жүзеге асады. Себебі, оқушы оқылым және тыңдалым, айтылым дағдысы негізінде өзінің жазылым дағдысын дамыта алады. Жазылым дағдысы-бұл жазу емес. Жазылым дағдысы-шығармашылық ойлау. Оқушының өз ойын шығармашылық тұрғыдан жеткізе білуі оның бойында жазылым дағдысының қалыптасқандығын көрсетеді.Жазылым түрлері әр алуан. Жазылымға арналған сабақ құрылымы:
-
өз көзқарасын білдіре отырып мәтін жазу; -
тиісті стильді пайдалана отырып, алуан түрлі тақырып бойынша мәтін жазу; -
жоспар құру; -
өзіндік стильде мәтін құру; -
тыңдалым, оқылым және аудиовизуалды материал мазмұнының үдесінен шығу үшін шығармашылық түрде жауап жазу; -
түрлі жанрда мәтін құру; -
мәтіндерді салыстыру; -
мәтіндерді түзету және түрлендіру; -
оқырманның қызығушылығын оятып, оны сендіру үшін жазу; -
эссе жазу; т. б. машықтары қалыптасады.
-
өз бетінше жазудың алдында – идеяны тұжырымдауға қолдау көрсетеді, жоспарлаудың әртүрлі әдістерін үлгілеп көрсетеді және бастапқы нұсқаны жазу үдерісін ұйымдастырады; -
жазу барысында – оқушылардың нақты іріктелген лексикалық бірліктерді қолданғанын (тіркестерді таңдау), грамматикасы ережеге сай екенін (мысалы, етістіктің шақтарын дұрыс қолдануы), сөздердің үйлесімдігін (байланыстырушы сөздердің қолданылуы) қадағалайды; -
жазып болғаннан кейін – жұмыстың алдын ала белгіленген критерийлерге сәйкестігін тексереді, түзетеді, жетілдіреді, мәтін аудиторияға сай келе ме, жоқ па, мақсатына сәйкес пе, жоқ па екенін анықтайды. Оқушыға жазғанын қайта қарап шығуға мүмкіндік беруі керек.
| 1 | 2 | 3 |
| Тірек сөздер арқылы суретте не бейнеленгенін жаз. | Тірек сөздерді сурет мазмұнымен байланыстыра отырып мәтін жаз. | Суреттегі негізгі көріністер мен қосымша көріністерді пайдалана отырып мәтін құрастыр. |
| 4 | 5 | 6 |
| Суреттегі көріністерді шынайы тарихи оқиғалармен байланыстырып жаз. | Суретте бейнеленген көріністерге болжамдар жасап, жинақтап әңгіме құрастыр. | Суреттегі көріністердің тарихилығына нақты дәлелдермен болжам жасап, баға бер. |
| 7 | 8 | 9 |
| Суретке ұқсас қосымша мәлімет тауып, оның өзіңе қалай әсер еткенін әңгімеле. | Тақырыпқа байланысты бейнелеу өнері туындыларын, әдеби шығармалар, фотосуреттер тауып, таныстырылым жаса. | Суретте бейнеленген көріністерді пайдалана отырып көркем әңгіме құрастыр |
Жазылым жұмысының сәтті шығуы ең алдымен сөздік қордың мол болуына тікелей байланысты. Сөздік қор оқылым арқылы келеді. Бұны танымал адамдардың мынадай сөздері арқылы дәлелдеуге болады. Жазушы бір кітап жазу үшін кітапхананың жарты бөлігін аралайды; Көп оқитын адам ғана жақсы жаза алады. (Самуэл Джонсон) Жазу құмырашының балшығы секілді пайдаға асқанша бірнеше түзетулерден өтеді. (Walsh) Жазу- біздің ойымызды тілге аударушы. (Byren) Мұғалім оқушыға жазуды үйретпес бұрын өзіне мына сұрақтарды қойған дұрыс деп ойлаймын: Оқушылардан не туралы жазуды сұрайсыз? Оқушыларға жазылым дағдысын қалай игертуге болады? Жазба жұмыстарын қалай түзетесіз? Жазуды үйретуде қандай қиындықтар кездесті? Осы сұрақтарға жауап бергенде ғана жазылымдағы бағытын анықтай алады. Оқушылар жазылым дағдысы бойынша мынадай жұмыстарды жаза алады:
-
Шағын өлең жолдары; -
Шағын әңгіме; -
Ашықхат (құттықтау); -
Е-mail хаттар; -
Диалогтер; -
Қойылым сценарийлері; -
Жарнамалар; -
Газет-журналдарға мақалалар; -
Пікірлер. -
Оқиғаны аяқтау. -
Эссе.
ІІ ЖАЗУ ДАҒДЫСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘРЕКЕТІНДЕ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ2.1 Жазылым әрекетінде әдіс-тәсілдерді қолдануЕліміздің білім саласының алдында тұрған басты міндет-сыныпта алған білімдерін болашақта пайдалана алатын жеке тұлға қалыптастыру. Бұл мақсатты шешу, мемлекеттік тілді оқытудың тиімді де ыңғайлы жүйесі мен құрылымын қалыптастыру әрбір қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімнің міндеті деп білемін. Осы орайда жаңартылған білім беру бағдарламасының орны ерекше. Өйткені, жаңартылған бағдарлама оқушылар бойында тілдік дағдыларды қалыптастыруға зор мүмкіндік жасап дағдылар: тыңдалым және айтылым, оқылым, жазылым.Жоғарыда аталған дағдылардың шығармашылыққа жетелеуде ішінде оқушыларды жазылым дағдысыныңорны ерекше. Жазылым дегеніміз не? Жазылым-бұл оқушылардан үйлесімді мәтін құру үшін көптеген күрделі дағдыларды меңгеруді талап ететін міндет. Бұл жерде күрделі дағдылар деп оқушылардың сөздік сөздік қорларындағы сөздерді тиімді пайдаланумен қатар оларды жазуда тыныс белгілерді де назардан тыс қалдырмауын айтамыз. Сондықтан, жазылым басқа дағдыларға қарағанда өнімді дағды болып табылады [18,14-15 б].Жазылым басқа да сөйлесім дағдыларымен бірлікте жүзеге асады. Себебі, оқушы Оқылым айтылым дағдысы негізінде өзінін және жазылым тыңдалым, дағдысын дамыта алады. Жазылым дағдысы-бұл жазу емес. Жазылым дағдысы-шығармашылық ойлау.Оқушының өз ойын жазу Жазылым басқа да сөйлесім дағдыларымен бірлікте жүзеге асады. Себебі, оқушы оқылым және тыңдалым, айтылым дағдысы негізінде өзінің жазылым дағдысын дамыта алады. Жазылым дағдысы-бұл жазу емес. Жазылым дағдысы-шығармашылық ойлау. Оқушының өз ойын шығармашылық тұрғыдан жеткізе білуі оның бойында жазылым дағдысының қалыптасқандығын көрсетеді.Жазылым түрлері әр алуан. Жазылымға арналған сабақ құрылымы:
-
өз бетінше жазудың алдында- идеяны тұжырымдауға қолдау көрсетеді, жоспарлаудың әр түрлі әдістерін үлгілеп көрсетеді және бастапқы нұсқаны жазу үдерісін ұйымдастырады;