Файл: азастан аумаындаы тас асырына атысты археологиялы ескерткіштерді ашылуы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 362
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
1. Мал жайылымдарын пайдаланудың Дешті Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі тәртібін қалпына келтіру.
2. Шығыс пен батыс сауда керуен жолдары өтетін Сырдария жағасындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Яса (Түркістан) т.б. қалаларды Қазақ хандығына қарату. Себебі Сырдария бойындағы қалаларды экономикалық және әскери тірекке айналдыру Дешті Қыпшақ даласын билеудің басты шарты болып келген.
3. Қазақ тайпаларының басын қосып, қазақтың этникалық территориясын біріктіру болды.
XV ғасырдың 70 жылдарында қазақтар Сырдария бойы және оған жалғас Қаратау өңірінің бірсыпыра территориясын басып алды. Сөйтіп қазақ хандығының территориясы әлдеқайда кеңейді, оған жан-жақтан қазақ тайпалары келіп қосылып жатты.
40 сұрақ
Бұрындық хан тұсындағы Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар мен өңірлер үшін күресі және оның барысы,қорытындысы
Сыр өңірі үшін болған күрес жылдары Қазақ хандығын Бұрындық хан билеп тұрады. Жәнібек ханның қашан қайтыс болып, Бұрындықтың қай жылдардан бастап билікқұра бастағаны бізге белгісіз. Ол туралы ешбір дерекжазбайды.
Т. И. Сұлтановтың пікірі бойынша Бұрындық хан 1473-74 жылдардан бастап билік құра бастаған. (Султанов Т. И. Коче¬вые племена Приаралья в XV-XVII вв. М., 1982, 112 б.). Біз де осы пікірді жөн деп санаймыз, өйткені дәл осы жылдардан бастап Сыр бойы үшін күресте қазақ ханы ретінде Бұрындықтың есімі айтылып, Жәнібек хан ұлдарының бәрі «сұлтан» лауазымен жазылады.
Сыр бойы деп отырғанымыз — Сырдария өзенінің ортаағысы бойындағы жерлер. XIV-XVI ғғ. жазба деректерөңірді Түркістан аймағы деп атайды. Аймақ — XI ғасырдан бері Дешті Қыпшақтың ажырамас, құрамдас бөлігі және онымен бірге біртұтас шаруашылық, мәдени, этникалық, діни, тілдік кеңістікті құраған. Тек кейбір та¬рихикезеңдерде Сыр өңірі саяси жағынан Мауреннахрға уақытша қараған. Дешті Қыпшақ пен Мауреннахрбилеушілері арасындағы XI-XV ғғ. қарым-қатынастың негізгі нысаны Түркістан аймағы болып саналады. Ойымыздәлелді болуы үшін ХІ-ХІІ ғасырлардағы Қыпшақ хандығы мен Хо¬резм мемлекеті, ХШ ғасырдағы Орда Ежен ұлысы мен Шағатай ұлысы, Орыс хан мен Ақсақ Темір, Тоқтамыс хан мен Ақсақ Темір, Барақ хан мен Ұлығбек, Әбілқайыр хан мен Ақсақ Темір ұрпақтары арасындағы саясиқатынастарды айтсақ та жетіп жатыр. Саяси қатынастар Қазақ хандығы құрылғаннан кейін де жалғасын тапты. Аймақ үшін күрестің басталуы Бұрындық ханның билігітұсына сай келеді. Оның қазақ тарихында алатын рөлі де осы Сыр бойы үшін күресте көрініс береді..
Сыр бойы үшін жүргізілген күрестің себебін айттық, ал басталуына түрткі болған оқиғаға Әбілқайыр ханның немересі Мұхаммед Шайбани ханның Мауреннахрдың қол астындағы Түркістан аймағындағы қалалардың біріне келіп, бекінуі жатады. Осы жылдары өзара феодалдық соғыстарды бастан өткеріп жатқан Мауреннахрдағы темір әулетінің билеушілерінде Түркістан аймағын қорғайтындай күш жоқ болатын. Сондықтанда оларға Қазақ хандығының негізгіжауы — шибанилық сұлтандарды қазақтарға қарсы қою өте тиімді еді.
Қазақ хандығы Мауреннахр билеушілерінің бұл әрекетіне бірден қарсы шығады. Қыс мезгіліне қарамастан Бұрындық хан бастаған қазақ әскерлері Мұхаммед Шайбани хан бекінген Сығанақ, Сауран және Созақ өңірлерінде ұрысқа түседі. Бірнеше рет болған ұрыстарда жеңілген Шайбанихан қашуға мәжбүр болады. Аймақтың басқа да өңірлерінен айырылып қалу қаупін сезген аймақтың әкімі Мұхаммед Мазид-тархан Шайбани ханды Самарқанға кетуге көндіреді. Осылайша күрестің алғашқы кезеңі Қазақ хандығы үшін сәтті басталып, аймақтың солтүстік өңірлерінде Қазақ хандығының саяси билігі орнығады. Орны келгенде айтакету керек, бүкіл хандықтың әскерін Бұрындық басқарып, алғашқы жеңістерге қол жеткізілсе де, деректерде атапөтілгеніндей, Жәнібек хан ұлдары Қасым, Жиренше, Махмуд сұлтандар ерекше көзге түседі. Бұл ұрыстар шамамен алғанда, 1470- ші жылдардың ортасында өтеді.
Ал XV ғасырдың 80-ші жылдарында Мұхаммед Шайбанихан Мауреннахр билеушілеріне арқа сүйеп, аймаққа тағы да енеді де, солтүстік өңірдегі қалаларды басып ала бастайды. Бұрындық хан және Жәнібек хан ұлдарының қарсы қолданған әрекеттері нәтижесінде Әбілқайыр ханның немересі Түркістан аймағынан қашуға мәжбір болады. Ал Қазақ хандығы болса аймақтың солтүстік өңірін қорғап қана қоймай, аймақтың орталық және оңтүстік өңірлерінде өз ықпалын күшейте бастайды. Негізінен аймақта Жәнібек ханның 9 ұлының ықпалы мен әсері өсе бастайды. Олардың ұлыстарының аумағы кеңейіп, қалалар мен елді мекендер, жақсы қысқы жайылымдар солардың иелігіне көшеді.
XV ғасырдың 80—90 жылдары Мауреннахрда феодалдық бытыраңқылықтың одан әрі тереңдеуі Қазақ хандығына өте тиімді болды. Қазақтар хандығының аумақта саяси-экономикалық ықпалының күшюіне енді сол кездегікөршілес мемлекеттердің бірі – Моғолстан қарсылық білдіре бастайды. Моғол ханы Сұлтанмахмут хан тікелейашық соғысқа бара алмай, ол да Шайбани ханды қазақтарға қарсы қолданады. Сұлтанмахмут хан Мауреннахрданаймақтың бір бөлігін тартып алып, онда Шайбани хандыбилеуші етіп қояды. Деректерде, моғол ханының бұл ісінеқарсы Қазақ хандығы наразылық білдіреді және осыған байланысты екі жақ арасында екі рет ұрыс болады, екеуіндеде қазақтар жеңіске жетті деп жазылады. Осы кездердегісыртқы саясаттағы жеңістердің барлығында да Бұрындық ханның үлесі өте зор. Оның беделінің және атақ-даңқының әбден өскен кезі де осы тұс.
XV ғасырдың 90-шы жылдарында Бұрындық хан мен Жәнібек хан ұлдары арасында қайшылықтар туа бастайды. Біздің ойымызша, қайшылықтың негізіне Сыр өңіріндеЖәнібек хан ұлдары ықпалының өсуі мен нығаюы жатыр. Ішкі саяси өмірдегі осы қайшылық сыртқы саясатқа да өз салқындығын тигізеді. Сол себепті де 1493-96 жылдарыТүркістан аймағы үшін болған ұрыстар қиын да, ауыр ұзақ болады. Шайбани хан бірде Моғол ханы жағына, бірдеМауреннахрлық билеушілер жағына шығып, өз бағытын өзгертіп отырады. Тіпті ол негізгі қарсыласы — Бұрындық ханмен де жақындасуға ұмтылады. Жәнібек хан ұлдарымен арадағы қайшылықтың одан әрі шиеленісуі Бұрындықты Шайбани ханмен одақтас еткізеді. Сөйтіп, 1496 жылы үш жылға созылған ұзақ ұрыстар мен шайқастардан соң соғысушы жақтар келісімге келеді. Келісімнің қорытындысы бойынша Түркістан аймағы үшке бөлініп, оның солтүстігінде Қазақ хандығы, оңтүстігінде Моғолстан, орталығында Мұхаммед Шайбани хан билік жүргізуге тиісболады.
41 сұрақ
41 Қазақ хандығы кезіндегі билер институты
Қазақ хандығында елдің болашағын, жағдайын талқыға салып, ақылдасқан, әділдікті әрқашан қолдаған билер болатын. Билер халықтың көкейіндегісін айтқан, көмейіндегісін жарыққа шығарған әділет жоқшысы болған. Би болу үшін бай болу шарт емес, би болу үшін топты жарып шығу керек. Билер институтының бірнеше ғасырларға созылатын зерттелу тарихы бар. Кеңес дәуірінде әсіресе 70 жылдардан бастап белгілі ғылым академик С. Зимановтың басшылығымен қазақ әдет-ғұрып құқығының институттары мен нормалары кең масштапта ғылыми айналымға түсіп зерттеле бастайды. Қасым хан тұсында билер институтының орны ерекше болды. Оның басты еңбегі сол уақытқа дейінгі “жол жоралғыларды” жүйелеп бір ізге салуында. «Қасым хан қасқа жолы». Қасым хан өзінің сот шешімдеріне бұрынғы ата-баба ғұрыптарына сүйенудің қажеттілігін атап көрсетеді. Бұл ханның жолды жасаудағы ролін көрсетеді. Сол кезге дейінгі қазақ даласындағы қалыптасқан “жол “қасқа жолдың” халық арасына кең таралуының сыры оның хан тұсындағы билердің көкейінен шығуында еді. Өйткені, би ханның пәрменін халық арасында дұрыс түсіндірушісі, қамқоршысы болған. Сондықтанда бұл заң билердің, батырлардың тағы басқа игі жақсылардың бас қосқан жиынында келісілген. Билер бұл заманда негізінен ру басының қызметін атқарлы. Билердің беделі руларында зор болған. Сондықтанда қазақ хандығын нығайтуды ойлаған Қасым хан билердің ақыл-кеңестеріне сүйеніп, ел билеуге ұмтылған. Ал билердің беделінің неліктен артқандығына келетін болсақ, онда ол сол кездегі қалыптасқан шаруашылық жүргізуде еді. Сондықтан да халық ханнан гөрі, билерді көп сыйлаған. Билер халық сүйеніші, кеңесшісі болған. Хан саясатын ру ішінде жүргізуші.
Егер ханнан би сырт айналса, халық та теріс қараған. Билер сол кездің өзінде ханға, хансың деп қарамай ойындағысын айта білген. XVІІ ғасырдың екінші жартысы мен XVІІІ ғасырдың басы Қазақстан үшін қилы да қиын дәуір болды. Ру-ру, ұлыс-жүз болып бөлініп, алауыздықпен өзара дау-жанжал, қақтығысқа белшесінен батқан қазақтарды Ресей патшалығының арамза саясаты, Шығыстан, арқадан тынымсыз шабуылдаған жоңғар қалмақтарының басқыншылығына ұшыратты. Тәуке хан тұсы. Осындай қиын кезеңде билік құрған Жәңгір ханның баласы Тәуке ыдырап, берекесі кеткен қазақ халқының басын қосып, ішкі дауларды, барымтаны, тежемелі ұсақ хандықтардың уақытша болса да ынтымаған көздемей, сыртқы жаулармен батыл күресуге болмайтынын түсінді. Осы мақсатпен Тәуке қазақ қоғамына ірі-ірі реформаларды енгізді. Билер Тәуке хан тұсында үлкен әлеуметтік күшке айналды. Сондықтан да “билер кеңесі” деген тұрақты органының өмірге келуітегін емес сияқты. Бұл кезде атышулы, мемлекеттік дәрежеге жеткен билер де болған. Олар бәрімізге таныс Үш пайғамбар атанған “Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер еді”.
Билер бұл кезде ру басы болумен қатар кәнігі сот қызметінде атқаралы және халықаралық қатынаста елшілікке де тартылады.
42 сұрақ
42 сұрақ: Қасым хан тұсында хандық аумақтың ұлғаюы
Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайы, әсіресе Жәнібектің баласы Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында нығайды. Оның сыртқы саясатындағы негізгі бағыт бұрынғысынша Сырдария бойындағы қалаларды өзіне қаратып алу жолындағы күрес болды. Осы арқылы өзіне қарасты қазақ жерін кеңейте түсті. «Тарихи-Рашиди», «Шайбани», т.б. деректемелердегі мәліметтерге қарағанда, Қазақтардың этникалық территориясының негізгі аудандары қазақ хандығына Қасым хан тұсында біріктірілген» . XVІ ғасырдың екінші он жылдығында Қасым хан ұлан-байтақ қазақ территориясын өз қол астына қаратты. Бұл кезде хандықтың шекарасы Оңтүстікте Сырдария алабын қамтып, Түркістан аймағындағы қалаларды басып алды. Шығыс оңтүстікте оған Жетісу жерінің дені (Шу, Қаратал, Іле өзендерінің алабы) қарады. Солтүстік және Шығыс солтүстікте Ұлытау өңірі мен Балқаш көлінен асып, Қарқаралы тау тарамдарына дейін жетті, Батыс солтүстікте Жайық өзенінің алабын қамтыды. Қасым ханның батыстағы территориялық иеліктері де ұлға түсті. Ноғай Ордасы бұл кезде ауыр дағдарысты басынан өткізіп жатқан еді. Ру басшылары, мырзалар, билер билік үшін өзара қарқысумен болды. Әбден қалжыраған Ноғай Ордасы рулары мен тайпаларының бір бөлігі қазақ хандары мен султандарының билігіне бағынып, елінен қазақ хандағына көшіп кетті. Осы кезде Қасым ханның қол астына қараған халықтың саны 1 миллион адамға жеткен.
43 сұрақ
43.Қазақ хандығының қайта өрлеуі. Хақназарханның билігі.
Қасым хан қайтыс болған соң,Қазақ хандығында болған саяси дағдарыс ұзақ жылға созылды.Ішкі талас-тартыстар мен сыртқы феодалдық соғыстардың ауыртпалығы Қазақ хандығын біршама әлсіретті.Осындай саяси жағынан ыдырай бастаған Қазақ хандығын біріктіріп,аймақтық жағынан ұлғайтуға ,мемлекеттің халықаралық жағдайын нығайтуға Қасым ханның баласы Хақназар хан зор үлес қосты.Хақназар хан хан тағына отырысымен көршілес мемлекеттермен қарым-қатынасты күшейтіп,өз хандығының саяси белсенділігін арттыруға көп күш жұмсады. ҚазақХандығын Хақназар хан 1538—1580 жылдарыбиледі. Хақназар хан тұсында қазақ хандығы қайтабірігіп дами түсті. Хақназар қазақ хандығын жалпы42 жыл биледі.
Хақназар хан таққа отырған соң хандық үкіметтіңбилігін нығайтуға және күшейтуге қажырлы қайратжұмсады. Өзінен бұрынғы Тахир хан және Бұйдашхан тұсында бытыраңқы жағдайға түскен Қазақхандығын қайта біріктірді. Хақназар хандық құрғандәуірде қазақ хандығының сыртқы жағдайында аса ірі тарихи оқиғалар орын алды. Бұл кезде батыстакүшейе түскен орыс мемлекеті шығысқа қарай іргекеңейтіп 1552 жылы Қазан хандығын, 1556 жылы Астрахан хандығын басып алды. Осы жағдайға байланысты, Еділ мен Жайық арасындаұлан-байтақ өңірді мекендеген Ноғайордасы