Файл: азастан аумаындаы тас асырына атысты археологиялы ескерткіштерді ашылуы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 05.12.2023

Просмотров: 361

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қазақстанда кеңес өкіметін құрғандардан қай жағынан болсын биік-тұғын. Ал 1917 жылғы Ақпан революциясының патшалық монархияны тақтан түсіруі Алаш жетекшілерінің жігерін тасытып, рухын көтерді. Бұл оқиға қозғалыстың алдына жаңа міндеттер қойды. Содан қазақ өлкелерін жаппай шарпыған ұлт-азаттық күресті жаңа деңгейге шығаратын саяси ұйымның қажеттігі туды. Ондай құрылым 1917 жылдың 21-26 шілдесінде Орынбор қаласында өткен бірінші Бүкілқазақтық съездің шешімімен дүниеге келген тұңғыш ұлттық-демократиялық «Алаш» саяси партиясы болған еді.Қазақ қоғамының сол кездегі саяси ойының бірден-бір жарқын көрінісіндей, халқымыздың төл тарихында терең із қалдырған «Алаш» сияқты партияның сая-си сахнаға шығуы патшалық Ресейдің Қазақстанды отарлау саясатының терең дағдарысын көрсететін, сондай-ақ, қазақ қоғамын жаңа саяси-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және рухани негізде қайта құрудың қажеттігін танытатын факторлар болатын. Оның бағдарламасының жобасы 1917 жылдың қараша айының 21-де «Қазақ» газетінде жарияланды. Ұлттық даму мен ұлттық теңдік үшін күрес идеясына суарылған, өзінің мазмұны мен саяси мәні жағынан бұрын-сонды қазақ тарихында болмаған бұл бағдарлама жобасы кейін Алашорда автономиясы мемлекеттігінің басты құжатына айналды.Мұны ерте түсінген Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан мұндай мемлекет дегенде қазақтың ұлттық ерекшеліктерін сақтай және сана-сезімін оята отырып, ортағасырлық әлеуметтік-экономикалық мешеуліктен алып шығатын Батыстық буржуазиялық қатынас жолын таңдағаны белгілі.«Алаш» партиясының бағдарламасында ұлттық мемлекет туралы тікелей сөздер жоқ. Алайда, онда ұлттық мемлекетті басқарудың құрылымы мен сипатына байланысты бірнеше принципті қағидалар бар. Оны«Мемлекет қалпы» (мемлекеттік құрылым-Ә.Б.), «Жергілікті бостандық» және «Билік һәм сот» деп аталатын бірінші, екінші және бесінші тарау-лардан байқау қиын емес.Бағдарламаның «Мемлекет қалпы» атты алғашқы тарауында болашақ мемлекеттің құрылымы арнайы сөз болады. Ресей демократиялық, федеративтік республика болуы керек деген сөздерден басталып, одан ары демократияның мағынасы мемлекетті жұрттың билеуі, федерацияның мағынасы құрдас мемлекеттер бірлесуі, әр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болып, әрқайсысы өз тізгінін өзі алып жүреді деген сипатта түсініктеме беріледі. Осындағы тең, іргесі бөлек және өз тізгіні өзінде дегенде бағдарлама авторлары тәуелсіз мемлекетті мегзеп отыр. Ал тәуелсіздік сол елдің байырғы тұрғын халқының ұлттық мүддесіне қатысты екені белгілі.Бағдарламада аса маңызды «Жергілікті бостандық» деген тараудағы өз тізгіндері өзінде болып біріккен қазақ облыстарының Ресей республикасы федерациясының бір бөлігі болуы, реті келсе, қазақ автономия-сы сыбайлас жұрттармен әзірге бірлесе отырып, реті келмесе, бірден-ақ өз алдына жеке болуы сияқты ұсыныстар да көп нәрсені аңғартады. Осындағы «қазақ автономиясы» деген тағы да дербестікті, тәуелсіздікті танытып тұр.Сонымен қатар «Алаш» партиясының негізін салушылар би, болыс, ауылнайлардың жұртқа пайдалы, жұрт үшін қызмет етуге ықыласты болуларына ерекше көңіл бөлген. Бұл сонау антикалық заманның кемеңгері Аристотельдің мемлекеттің дұрыс түріне әкімдер халық, ел пайдасын ойлаған, билік қоғамға қызмет істеген мемлекеттерді жатқызған идеяларымен ұласып жатыр. Сондай-ақ, бағдарламада жергілікті органдардың «таза қызметшілерін» халықтың қалауымен, яғни, сайланып қойылуы және олардың жергілікті халықтың тілін білуі, олардың құзіретіне кім болса да мойынұсынуы сияқты принципті мәселелер қарастырылған.Ғылым мен білімге арналған бағдарлама тарауында бастауыш мектептерде оқудың ана тілінде жүргізілуі алға тартылған. Қазақтың өз тілінде орта мектебінің, университетінің болуын күн тәртібіне қоя отырып, авторлардың оқу жүйесінің ұлттық ерекшеліктеріне ерекше көңіл бөлуі біздердің бүгінгі күніміз үшін де ерекше өзекті екенін айта кетсек, артық болмас. Бұл, әсіресе, білім, ғылым басшыларының ағылшын тілінің қамқорын көбірек соғып, қазақ тілін бір айтуға уақыт таба алмай жүргендеріне тағылымды.Бағдарламаларды оқи отырып, ондағы идеялардың тереңдігі мен молдығына таң қаласың. Алаш көсемдерінің сол кездегі адамзат тарихы мен мәдениетінің әлемдік қол жеткен әлеуметтік-саяси мұраларынан толық хабардар болғандары, тіпті, бүгінгі заман биігінен қарағанның өзінде-ақ айқын аңғарылады. Пікірімізге тағы бір дәйек келтіре кетейік. Бағдарламадағы Мемлекеттік Дума үкімет үстінен қарайды, оның ісіне бақылау жасайды деген ойлар мемлекетті басқаруда парламенттік-президенттік республика принциптеріне сәйкес келетін жаңаша көзқарастың нәтижелері болатын.Алаш көсемдерінің қазақтың егеменді, тәуелсіз, «іргесі бөлек» ұлттық мемлекетін құру турасындағы негізгі идеясы 1917 жылдың желтоқсанында Орынборда өткен Бірінші Бүкілқазақтардың съезінде жүзеге асты. Тоғыз күнге созылған съезд Автономия құру туралы шешімге келді. Оның атын «Алашорда» болсын деген қаулы қабылданды. 


69 сұрақ

69.ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстандыеуропалық және ресейлік ғалымдардыңзерттеуі.Қазақстандағы экспедициялар.

 

Жауабы-Қазақстанды зерттеушілердің басым көпшілігіОрынбор, Омбы,Ташкент қалаларында шоғырланды.1830 жылы «Отечественные записки» журналында орыс офицеріБ.С. Броневскийдің «Орта жүз қырғыз-қайсақтары туралыжазбалар» атты жұмысы жарияланды.Онда Солтүстік-Шығыс Қазақстан қазақтарының тарихынан,өмірі мен тұрмыс-тіршілігінен құнды деректер келтірілген.Белгілітарихшы А.И. Левшин «Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ ордалары мен далаларының сипаттамасы» атты үшбөлімнен тұратын зерттеу еңбегін жазды. Автор зерттеулерінде қазақ өлкесінің тарихы мен этнографиясы,географиясы туралы аса маңызды мәліметтеркелтіреді.Торғай облысының мал дәрігеріА.И.Добросмыслов қыруар мол дереккөздері негізінде«Торғай облысы.Тарихи очерк» атты үш томдық іргелі еңбекжазып қалдырды.Онда Кіші жүздегі қазақ хандықтарыныңтарихы мен саяси оқиғалары толық сипатталған. Автор ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы әкімшілік реформаларбарысын және қалай жүргізілгенін толық баяндаған. Ресейшығыстанушысы,этнограф В. Радлов қазақ өлкесітұрғындарының мәдениеті,тілі, тарихына байланыстытүбегейлі зерттеулер жүргізді.Оның «Сібір қазақтарыныңэтнографиясы туралы» іргелі еңбегі түркология ғылымыныңдамуына зор ықпал етті.Қазақ өлкесі туралы құндыдеректер қалдырған көрнекті зерттеушілердің бірі,географП.П. Семенов-Тян-Шанский.Ол Алтай,Жетісу,Орта Азия жерлеріне экспедиция ұйымдастырып,«Қырғыз өлкесі» және «Түркістан өлкесі» деген іргелі еңбектер жазды.

70-сұрақ. «Зар заман» мектебінің поэзиясындағынаразылық: Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мурат Мөңкеұлы және т.б. 

Жауабы: 

 

Зар Заман Ақындары – қазақ әдебиеттану ғылымына алғашрет М.Әуезов енгізген термин, зар заман кезеңінде ғұмыркешіп, отарлық езгіге түскен қазақ халқының тағдырынмұң-зармен жырлаған ақындар шоғыры. Зар заманақындары шоғырының белгілі өкілдері: Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы, Әбубәкір Кердері, Албан Асан, т.б. Әуезов Зар заман ақындары дәуірінАбылай хан тұсынан Абайға дейінгі жүз жылға ұластырып, Нарманбетпен аяқтайды. Зар заман ақындары тұсынан қазақәдебиеті жазбаша сипат алатынын атап көрсетеді. Дәстүрліқазақ қоғамындағы бұрынғы қалыптасқан құндылықтардыңөзгеруі, елді басқару жүйесінің басқа сипатқа ауысуы, отаршылдықтың белең алуы, халықтың қатты күйзелуі Зарзаман ақындарын тарих сахнасына шығарған. Зар заманақындары халқының жай-күйін ойлаған ұлт қайраткерлеріретінде танылды. Олардың шығармалары халықтық салт-дәстүрлерді қаймағы бұзылмаған қалпында сақтауға, ұлттықболмыс-бітімнен ажырамауға үндейді.



 

Ресей империясы отарлаушыларының озбырлығы мен сұрқия саясаты Зар заман ақындарының өлең-жырларындажан-жақты суреттеледі. Қазақ халқының шұрайлы жерлерінтартып алып, ұрпағын аздырып, діннен аулақтату сықылдыимпериялық пиғылдың жүзеге асуына қарсыласу қозғалысыЗар заман ақындарының қайраткерлік поэзиясын өміргеәкелді. Бұрынғы жыраулар поэзиясымен үндесіп жататынөршіл рух, әсіресе, Мұрат Мөңкеұлының жырларынанайқын байқалады. Зар заман ақындары шығармаларындағыұлттық болмысты, қазақы қадыр-қасиетті сақтап қалуғаүндеген ой-пікірлер жанайқаймен, шарасыздықпен, соңғытөзімді сарқа айтылғандығымен ерекшеленеді. Мұндайөлеңдерден бодандықтың бұғауына бас игісі келмеген ұлтқайраткерлерінің өршіл үні айқын аңғарылады.

 

Халықты қан қақсатқан зобалаңның себебін Зар заманақындарының бірі адам қолымен жасалған зұлымдықтан, екіншілері діннің бұзылғандығынан деп топшылайды. Әсіресе, Шортанбай ақын шарасыздықтан дінді таянышқылады.

 

Зар заман ақындарының көпшілігіне тән ерекшелік – келешекті көрегендікпен болжап, алдағы уақыттағы ел сипатының өзгерісін қолмен ұстап, көзбен көргендейбейнелеп айтуы. Мұндай болжам өлеңдер Зар заманақындары шығармашылығының бастапқы кезеңінде, яғниотарлаушылардың ойранынан бұрынырақайтылғандығымен құнды. Бүгінгі көзқарас тұрғысынанқарасақ, олардың ойлаған қаупі расқа айналғанына куәболамыз. Бұл ақындардың ішінде өлең-жырдың бар қуатынпайдаланып, ата-баба дәстүрімен астарлай айтып, батыс пен шығыстан келетін кесапатты бірдей болжап бергені – ДулатБабатайұлы.

71 сұрақ

71 сұрақ

Қазақ тіліндегі алғашқы мерзімді басылымдар

Жауап:

Мерзімді басылымдар үш түрге бөлінеді: газеттер, журналдар жəне ғылыми қауымдастықтың мерзімді басылымдары. Қазақстан тарихына байланысты мол əрі тың деректер жинақталған газет-журналдар ХІХ ғ. Бастап пайда болды. Сол себепті ХІХ ғ. Аяғы — ХХ ғ. Басында жарық көрген газет-журналдар өзінің маңыздылығы бойынша мұрағат қорларымен теңесе алады, яғни мерзімді басылымдарға жарияланған мəліметтер мен мұрағат қорларында сақталып келген деректердің құндылық деңгейі бірдей.

ХІХ ғасырда жарық көрген басылымдар — «Түркістан уалаятының газеті» (1870–1882), «Дала уалаятының газеті» (1888–1902). ХХ ғ. Басындағы газет-журналдар — «Серке» (1907), «Бірлік туы» (1917), «Қазақ газеті» (1907), «Дала» (жылы белгісіз), «Қазақстан» (1911–1913), «Ешім даласы» (1913), «Қазақ» (1913–1918), «Айқап» (1911–1915), «Алаш» (1916–1917), «Сарыарқа» (1917), «Ұран» (1917), «Үш жүз» (1917), «Тіршілік» (1917)


1. «Түркістан уалаятының газеті» -  1870-1882 жылдар аралығында Ташкентте дүниеге келді, Түркістан генерал-губернаторының ресми үнқағазы – «Туркестанские ведомости» газетіне қосымша ретінде тек қазақ тілінде емес, жалпы Ресей империясының қол астындағы барша түркі халықтары тілінде шыққан алғашқы мерзімді басылым болды. “Түркістан Уәлаятының Газеті” белгілі мақсатта патша үкіметінің шешімі бойынша жергілікті әкімшіліктің бақылауымен және қаржыландырумен шыққан ресми газет. Газет патшаның отаршылдық саясатына көмектесу, қазақ жерін отарлаудың одан әрі күшеюі, Ресейге жаңадан қосылған өлкенің табиғат байлығын орыс капиталының талабына сай жан-жақты зерттеу, бұқараның санасын уландыру, жергілікті мұсылман халықтарын өздерінің дінінен, тілінен, ділінен айыру, түптеп келгенде орыстандыру мақсатында 12 жыл бойы шығып тұрды. “Түркістан Уәлаятының Газетінің” алғашқы редакторы шығыстанушы Ш.М. Ибрагимов болды.

2. 1888 жылы Дала генерал-губернаторының Омбыдағы кеңсесі жанынан «Дала уалаятының газеті» деген атаумен екінші басылым жарық көре бастады. Жаңа газет 1894 жылға дейін «Особое прибавление к «Акмолинским областным ведомостям» басылымына, 1900 жылға дейін – «Акмолинским, Семипалатинским и Семиречинским областным ведомостям» басылымының «Киргизская степная газета» атауымен басылып тұрған үнқағазына, ал біржола жабылған 1902 жылға дейін «Акмолинским областным ведомостям» газетіне қосымша ретінде жарық көріп тұрды.

3. 1905-1907 жылдардағы бірінші орыс төңкерісі тұсында шығып, қазақтың қоғамдық-саяси өміріне онша ықпал ете алмай ғайып болған «Серке» және «Қазақ газеті». «Серке» газеті – 1907 жылы Санкт-Петербургта татардың «Улфат» (қазақша мағынасы – бірлесу, келісім) атты газетіне қосымша шыққан газет. Ғылыми әдебиеттерде оның бір ғана саны шыққан делінеді. Газет мақсаты – ислам дүниесін біріктіру, діни білікті көтеру, оқу-білімді насихаттау, ұлттық автономиялар кұрудың негізін қалау болған. Редакторы: Шаймерден Қосшығұлұлы

4. 1911 жылы шыға бастаған өзге екі басылым – «Қазақстан» газеті мен «Айқап» журналы әлдеқайда салмақты көрінді және дәуірі ұзағырақ болды.

«Айқап» - қоғамдық-саяси және әдеби журнал, 1911-1915 жылы Троицк қаласында басында айына бір рет, кейіннен айына екі рет шығып тұрған. 1-2 мың данамен 88 нөмірі жарық көрген. Алғашқы редакторы – М.Сералин. «Айқап» қазақтың қоғамдық санасының оянуына және ұлттық мәдениеттің дамуына үлкен үлес қосқан. Журналда қазақ ауылдарындағы оқу-ағарту жұмыстары, әйел теңдігі, отырықшылық өмір салтына көшу, сонымен қатар Мемлекеттік Думаға қатысу жөніндегі саяси мәселелер көтерілді. Журналды шығару жұмыстарына Ә .Ғалимов, С.Торайғыров қатысқан. Журналда А.Байтұрсынұлы, Ш.Құдайбердіұлы, Б.Майлин, Б.Өтетілеуов, С.Көбеев, Н.Құлжанов, т.б. сияқты белгілі жазушылар белсенді қызмет атқарған.


Қазақстан газетінде – мақалалар қазақ, орыс, татар тілінде жарияланған. Газет демократиялық бағыт ұстанды. «Қазақстан» 1913 жылы жабылған. Негізінен отырықшылық, оқу-ағарту, өнер-білім, мәдениет, тұтынушылар коперациясын құру мәселелерін көтерген. Газет білім, мәдениет, отырықшылық мәселесін жиі қозғаған. Мұнда Е.Бұйраұлы, Б.Қаратаев, Ғ.Қараш, Ш.Бөкейұлы, Ғ.Мұсағалиев, А.Мәметов, Ғ.Көпжасаров т.б. мақалалары жарияланған.

 

Мерзімді басылымдардың барлығына тəн ортақ идеология — лениндік ұлт саясаты, социализм жəне коммунизм идеяларын насихаттау болды. Бұл дəстүр келесі онжылдықтарда да өз жалғасын тапты. 1940 жж. Баспасөз соғыс уақытының талаптарына сай тəртіпке келтірілді. Соғыс жағдайында Қазақстандағы газет-журналдардың біразы уақытша тоқтатылды, сол арқылы қаржы үнемделді. Керісінше, əскери басылымдардың жүйесі өрістеді. «Барлығы майдан үшін!», «Барлығы Жеңіс үшін!» деген ұран арқылы халықтың күш-жігерін жұмылдыруға шақырған, патриоттық рухтағы басылымдары арқылы газет-журналдар соғыс жағдайына бейімделді. Майдандық газеттер қазақ тілінде да жарық көрді. Олардың беттерінде соғыс

Барысында ерлік көрсеткен жерлестеріміз жайлы, майдан даласындағы жаңалықтар туралы жазылды.

72 сұрақ