Файл: азастан аумаындаы тас асырына атысты археологиялы ескерткіштерді ашылуы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 360
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
72.Мәшһүр – Жүсіп Көпеев және оның қазақ фальклоры мен шежіресін жинақтауға қосқан үлесі
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (1858—1931, Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған) — ойшыл, фольклор танушы, этнограф, тарихшы, философ, қазақ мәдениетімен әдебиетінің белгілі тұлғасы
Ол өлең жазумен қатар, ауыз әдебиеті үлгілерін жинапбастырумен де айналысты. Шежірелер мен айтыстарды, көптеген тарихи жырларды хатқа түсіріп, кейінгі ұрпаққааманаттады. Сонымен бірге, ол күллі ғұмырын қазақ халқынсауаттандыруға жұмсады десек те болады.
10-15 жасынан бастап-ақ өлең жазып, хат жазарлықболғаннан-ақ Мәшһүр Жүсіп халық әдебиетін ел аузынанда, қағаз бетінен де жинаумен айналысады.
Атақты ақын, ғұлама оқымысты Мәшһүр Жүсіптің көпқырлы талант екені елге мәлім. Қаршадайынан оқыған, оқып қана қоймай, көңіліне мол дүние тоқыған білімдар. Ақынның 1907 жылы үш бірдей кітабы – "Көп жасағаннанкөрген бір тамашамыз", "Хал-ахуал", "Сарыарқаның кімдікіекендігі" атты жыр жинағы жарық көрді.
Мәшһүр Жүсіп 1858 жылы өзінің айтуынша (қазақша қойжылы, арабша ережеп айында, жұма күні, бесін кезінде), Қызылтауда, Найзатас деген жерде дүниеге келеді. Нәрестетуған соң ата-баба салтымен азан шақырып, атын Адам Жүсіп болсын деп қояды
Мәшһүр Жүсіп жазып қалдырған көп материалдардышолып қарай отырып, оның жинаушылық еңбектерінсаралауға бастайтын мынадай ерекшеліктерін жинақтапайтуға болады.
• Біріншіден, Мәшһүр Жүсіп ертегінің, не аңыздыңқысқартылған сұлбасын, шығарма фабуласын беруменшектелмеген. Ақын белгілі бір материалды ел арасындағы айтылу қалпын сақтай отырып, неғұрлымтолық қамтып отырған.
• Екіншіден, әрбір сөздің сол кездегі дыбысталу қалпын, орфоэпиясын ескеріп, белгілі бір сөздерді естілуібойынша қағазға түсірген. Әсіресе, сөздің дыбыстықәуезділігіне, өзара үндесуіне көп көңіл бөлінетінін, дыбысталу сапасының сөз мағынасына, сол арқылышығарма көркемділігіне пәрменді ықпал жасапотыратынын.
• Үшіншіден, Мәшһүр Жүсіп қай материалды кімненқандай жағдайда қалай жазып алғанын жеткізіпотырған. Демек, ол қалдырған жазбалардың тарихи, этнографиялық, т.б. мәні айрықша болатыны күмәнсіз.
• Төртіншіден, ел тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын кеңбілген Мәшһүр Жүсіп жинаған материалдарға дегенөз бағасын, байқауларын қоса жазып отырған. Соңғыайтылғандары Мәшһүр Жүсіптің естігенін құр жазыпалумен ғана емес, оларды саралап, белгілі бір тарихижағдай, ел ахуалымен салыстырып отырғанзерттеушілік еңбегін көрсетеді.
Мәшһүр Жүсіптің фольклорист ғалым ретіндеқалыптасуының үш қайнар көзі бар.
• Бірі – өз елінің ауыз әдебиеті мен фольклор үлгілерінентұратын бай мұрасын қабылдауы;
• Екіншісі – шығыс елінің, оның ішінде орта ғасырлықғалымдар жетістіктерін игеруі;
• Үшіншісі – батыс ғалымдары, оның ішінде орысзиялыларының әсері.
Өзінің өліміне 10 жыл қалғанда 1921 жылы Мәшһүр Жүсіпбар туыс-тумасын жинап, бір жерді анықтап көрсетіп: "Менің мазарымды осы жерден қазыңдар. Мені жатқызыпемес, отырғызып жерлеңдер. Әлсін-әлсін хабар алыптұрыңдар, менің денем 40 жыл бойы бұзылмай сақталады" деген екен.
Мұның себебін сұраған ауылдастарына: " Мен өлген соңқатты әлсірейсіңдер. Ас беріп, жаназа намазымды оқытпақтүгілі, бақа-шаян теріп кетесіңдер", – деп 1931 жылғыашаршылықты күні бұрын болжаған екен. Расында сопыжан тапсырған соң әлсіреген туыстары әулиенің мәйітіндайын мазаратқа әрең апарып жерлейді.⠀
Содан соң әулие Мәшһүр Жүсіп сөзін былай депжалғайды: "Жұт келеді. Қалың қазақ қырылады. Жұттанаман шыққан ел 70 жыл Құдайсыз қоғамда өмір сүреді. Одан кейін елді 30 жыл ұры-қарылар былықтырады. Осының бәрінен өткен соң ғана қазаққа қой үстінебозторғай жұмыртқалаған заман туады" деп болжағанекен.⠀
Әулие Мәшһүр Жүсіптің 4 болжамы орындалып кетті.
Олар: өзінің өлімі, ашаршылық, 70 жыл атейстіккомпартия, 30 жыл ұры-қарының билеуі.⠀
Енді бесіншісі бейбіт, бейқам заман 2021 жылдың соңынакеліп тұр екен. Билікке адал сүт емген, халқына қайырлыбасшылар келеді деп болжаған екен.
73 сұрақ
73) Ресейдегі ақпан бурзуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қащақстанға әсері.
Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың салдары болып табылатын 1917 жылғы Ақпан революциясының нәтижесінде патша үкіметі құлатылды.
Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың салдары болып табылатын 1917 жылғы Ақпан революциясының нәтижесінде патша үкіметі құлатылды. Ол Ресей халықтарының, оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша билігіне, крепостниктік құрылысқа және отарлық езгіге қарсы көп жылдық күресінің жеңісімен аяқталды.
1917 жылы 28 ақпанда М.В.Родзянконың басшылығымен Мемлекеттік Думаның комитеті құрылып, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруді өз қолына алғанын мәлімдеді. 2 наурыз күні Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мен Петроград Кеңесінің арасындағы келісім бойынша Уақытша үкімет құрылды. Жаңа құрылған үкіметтің құрамы мен міндеттерін белгілеген Декларация да осы күні жарияланды. Онда:“Азаматтар! Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мүшелері астана жұртшылығы мен әскердің қолдауы, ниеттестігі арқасында қазіргі уақытта ескі режимнің қара күштеріне қарағанда анағұрым табысқа жетіп отыр. Қалыптасқан жағдай атқару өкіметін құруға мүмкіндіктер туғызды. Осы мақсатта Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті бұрынғы қоғамдық-саяси қызметімен көзге түскен өкілдерден құрылған алғашқы кабинеттің министрлерін тағайындады”, - деп князь Г.Е.Львов басқаратын кабинеттің министрлері көрсетілді. Бұл кабинет өз қызметінде: 1) саяси, діни, қарулы көтеріліс және т.б. істер
бойынша амнистия жариялауды; 2) сөз және баспасөз бостандығын жария етуді; 3) ұлттық, діни және сословиялық шектеушіліктерді жоюды; 4) елді басқару формасын, конституциясын айқындайтын жалпыға бірдей жабық, тікелей дауыс беру арқылы сайланатын Құрылтай жиналысына тоқтаусыз дайындық жүргізуді; 5) полицияны милициямен алмастырып, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына бағындыруды және т.б. демократиялық негіздерді басшылыққа алатынын мәлімдеді.
Патшалық билікті құлатқан Ақпан революциясын қазақ қоғамы зор қуанышпен қарсы алды. “Қазақ” газеті 9 наурыздағы санында: «…Киіз туырлықты қазақтың оң жағынан ай, сол жағынан күн туды, жақсылық, қуаныш тек қана орыстікі емес, отаны Руссия болған жұрттың бәріне тегіс жақсылық, бәріне тегіс қуаныш» - деп жар салды. Ақпан революциясы қалың бұқараның саяси құқықтарын кеңінен пайдалануына мүмкіндік жасады, олардың саяси күреске ашық араласуын қамтамасыз етті. Елдегі қоғамдық өмірде саяси партиялардың ролі орасан өсті. Революция патшалық цензураны жойды. Жұртшылық сөз және жиналыс бостандығын кеңінен пайдаланды.
Уақытша үкіметтің ұлттық мәселе бойынша қабылдаған алғашқы актілерінің бірі 1917 жылы 20 наурызда Ресей азаматтарының құқындағы діни наным-сеніміне, ұлтына қарай шектеушілікті алып тастауы болды. Көктен іздегендері жерден табылғандай болған халық Уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетуге даяр екендіктерін білдіріп, империяның түпкір-түпкірінен құттықтау жеделхаттар жөнелте бастады. Қызылжар қаласы мен уезінің мұсылмандары қалалық мешітте жұма-намаз күні бүкіл халыққа шаттық әкелген Уақытша үкімет мүшелеріне ұзақ өмір беріп, бақытты етуін Алладан өтініп, жаңа үкіметке адал қызмет етуге серт берді. Ресей тарихында бірінші рет діни нанымдық, нәсілдік кемсітушілік жойылды деп, ұлттар теңдігін қағаз жүзінде болса да жария еткен бұл акт бұрынғы бұратана атанған езгідегі елдердің орыстармен терезесін тең сезінуіне жол ашты. Қазақ халқының Ақпан төңкерісін зор қуанышпен қарсы алуының мәні де осында болатын.
74 сұрақ
74. Бірінші жалпықазақ съезі – 1917 жылы 21-26 шілдеаралығында Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарынан және Бөкей ордасынан20-дан астам қазақ өкілдерінің қатысуымен Орынборқаласында өткен сиез. Ол Х.Досмұхамедұлыныңтөрағалығымен, А.Байтұрсынұлының, Ә.Көтібаровтың, М.Дулатовтың, А.Сейітовтың хатшылығымен өтті. Біріншіжалпықазақ сиезінің күн тәртібіне сол тарихи кезендегіелдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саясиөміріне Қатысты төмендегідей 14 мәселе қойылды:
Мемлекеттік құрылыс.
Қазақ автономиясы.
Жер мәселесі.
Халық милициясы.
Земство.
Оқу мәселесі.
Сот мәселесі.
Дін мәселесі.
Әйел мәселесі.
Бүкілресейлік құрылтай жиналысы.
Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі.
Қазақ саяси партиясы.
Жетісу оқиғасы.
Киевте өтетін Бүкілресейлік федералистер сиезіне жәнеСанкт-Петербургтегі оқу комиссиясына Қазақтан өкілжіберу
.
Сиез қабылданған қаулы бойынша Ресей «демократиялықфедеративтік республика болып, қазақ облыстары қоныс, ұлт жігіне қарай облыстық автономия алуға тиіс» болды. Делегаттар жер туралы мәселені аса ұкыптылықпенталқылап, 14 тармақтан тұратын шешім қабылдады. Онда: «Қазақ халқы өзіне қарасты жерге орналасып болғаншақазақ жері ешкімге берілмесін» деп көрсетіліп, бұрынқазақтардың пайдасынан алынып қойған жерлерді керіқайтару талап етілді. Делегаттар «жер туралы қазақ өзалдына заң жобасын жасасын» деген ұсыныс білдіріп, Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының болашақдепутаттарына жиналыста бұл мәселені талқылап, оғандепутаттыққа кандидат етіп 81 адамнан тұратын тізімдібекітті. Олардың ішінде Ә.Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлімхан Ермеков, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, АйдарханТұрлыбаев, А.Сейітов, М.Дулатов, А.Бірімжанов, С.Қадырбаев, Х.Досмұхамедұлы, Ж.Досмұхамедұлы, Мұхаметжан Тынышбаев, Ы.Жайнақов, С.Аманжолов, М.Шоқай, Ә.Кенесарин, Қ.Қожықов, Ғ.Оразаев, Б.Құлманов, У.Танашев секілді белгілі қазақ зиялыларыболды. Сондай-ақ, депутаттыққа кандидат ретіндеұсынылғандардың арасында Г.Н. Потанин, В.Чайкин, Т.Нарботабеков, Ә.Диваев сияқты басқа ұлт өкілдері де бар еді
75 сұрақ
75
Қазан төңкерісі (орыс. Октябрьская революция)
1917 жылдың 25 қазан (7 қараша) күні Санкт-Петербургта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс Владимир Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен Ресей уақытша үкіметіне қарсы жүзеге асырылды.
Оған Санкт-Петербург жұмысшылары, қала гарнизонының солдаттары мен Балтық флоты матростарының өкілдері қатынасты. Көтеріліс жеңіске жеткен күні кешкісін Петроградта ашылған Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезі Уақытша үкіметтің құлатылғандығын және бүкіл елдегі өкімет билігі Кеңестердің қолына көшкендігін жариялап, Владимир Ленин дайындаған Бітім және Жер туралы декреттерді қабылдады. Алғашқысында 1914 ж. басталған І-дүниежүзілік соғысқа қатысушы елдердің үкіметтері мен халықтарына аннексиясыз және контрибутциясыз демократиялық бітім жасау ұсынылса, Жер туралы декретте жерге жеке меншік жойылып, ол жалпы халықтық мемлекеттік меншік болып жарияланды. Съезе Ленин басқарған және жұмысшы-шаруа үкіметі аталған Ресей ХКК құрылды. Сонымен қатар Кеңестердің Бүкілресейлік ОАК-нің (БОАК) жаңа, большевиктендірілген құрамы сайланды. Съез Лениннің жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға арналған үндеуін қабылдап, ол арқылы халықты барлық жерде жаппай Кеңес өкіметін орнатуға шақырды.
Кеңес үкіметі көп ұлтты Ресей еңбекшілерін өз жағына тартуда айтарлықтай насихатшылдық рөл атқарған екі саяси құжат жариялады. Біріншісі 2 (15) қарашада жарияланған Ресей халықтары құқықтарының декларациясы, екіншісі 20 қарашадағы (3 желтоқсан) Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне деген үндеу болды. Бұл құжаттарда Ресейді мекендеген халықтардың теңдігі, олардың өздерінің мемлекеттік құрылысын өздері шешуге құқылы екендігі айтылып, ұлттық және этностықтоптардың еркін дамуына, бұрынғы езілген ұлттардың өздерін-өздері билейтіндігіне кепілдік беріледі делінді. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы ұзаққа созылды. Бұл кезде Кеңес өкіметі негізінен алғанда қалалар мен өлкенің басқа да ірі елді мекендерінде орнады. Ал ауылдар мен селолардың басым көпшілігінде Кеңес өкіметінің орнауы азамат соғысыбасталғанға дейін, тіпті одан кейінгі жылдарға дейін жалғасты.
Бұл өлкенің әлеуметтік-экономикалық артта қалуынан, жергілікті жұмысшы табы мен большевиктік ұйымдардың сан жағынан аз әрі әлсіз болуынан, ұлтаралық қатынастардың күрделілігінен шиеленісіне түсті. Мұның үстіне ұлттық-демократия Алаш қозғалысыныңжетекшілері Қазан төңкерісі мен Кеңес өкіметінің идеяларын қабылдамады. Ал Қазақстанда орналасқан Орал, Жетісу, Батыс Сібір және Орынбор казак әскерлерінің әскери үкіметтері Кеңес өкіметінің орнауына қарулы қарсылық көрсетті. Кеңес өкіметінің Қазақстанда жеңіске жетуіне негізінен славян текті халықтардың (ең алдымен, орыстар мен украиндардың) өкілдерін біріктірген жергілікті гарнизонның солдаттары мен жұмысшы-солдатжәне шарауалар кеңестеріне топтасқан қоғамның кедейленген мүшелерінің өкілдері барынша ат салысты.
Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату ісіне Әліби Жангелді, Сәкен Сейфуллин, Кәрім Сүтішев, Абдолла Асылбеков, Майкөтов Әділбек, Яков Ушанов, Аманкелді Иманов, Самуил Цвиллинг, Тұрар Рысқұлов, Тоқаш Бокин, Павел Виноградов, Лукиан Емелев, Тәшен Өтепов, Абдолла Розыбакиев, т.б. неғұрлым белсене қатысты.
Қазан төңкерісі кеңестік тарихнамада, Кеңес Одағы Коммунистік партиясының құжаттарында күллі адамзат тарихына түбірлі өзгеріс енгізген, жаңа заманды капитализмнен социализмге өту дәуірін ашқан 20 ғ-дың басты оқиғасы деп дәріптеліп келді. Шын мәнінде Қазан төңкерісі көп ұлтты Ресейдің, оның құрамына енген көптеген елдер мен халықтардың табиғи, эволюцияның даму жолын күштеп революцияшыл қайта өзгерістер үрдісіне түсірді. 74 жыл өмір сүрген Кеңес Одағында ел өмірінің барлық салалары (экономика мен саясат, мәдениет пен руханият) сталиндік нұсқада, әміршілдік мәндегі тәжірибелер жасау алаңына айналды. Олардың барлығы да қазан төкерісі, социализм идеяларын жүзеге асыру үшін жүзеге асырылды деп түсіндірілді. Түбегейлі өзгерістер жасау тәжірибесінің зиянды салдарлары аз болмады. Олардың қатарына ауыл шаруашылығынкүштеп ұжымдастыру мен көшпенділердің зорлап отырықшыландырылуы нәтижесінде елді жайлаған ашаршылықсалдарынан сан мыңдаған адамдардың қырылуы мен басқа елдерге ауа көшуін, көптеген мемлекет, қоғам, мәдениет, ғылымқайраткерлерінің әміршілдік жүйе ұйымдастырған саяси қуғын-сүргіннің құрбандарына айналуын, демографиялық саясатпен мәдени-рухани салада орын алған келеңсіздіктерді жатқызуға болады. Солай болса да, қазан төңкерісінен кейінгі 74 жыл Кеңес Одағы үшін, оның құрамдас бөлігі болған Қазақстан үшін, тек қана бос кеткен кезең емес. Атап айтқанда, Республиканың материалдық өндіріс жүйесі түбегейлі жаңарды, халықтың білім деңгейі күрт өсті, сапалы ғылым жүйесі қалыптасты, адамдар арасындағы қарым-қатынастар жақсарды.[1]