Файл: азастан аумаындаы тас асырына атысты археологиялы ескерткіштерді ашылуы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 354
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Жабықбай Сұраншев-Ұшқыш партизан отрядының құрамында Беларуссияда ерлік көрсетеді .
Қазақстандық партизандар -3500 адам .
88) Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің көрсеткен ерлігі
Қазақ халқының Ұлы Отан соғысындағы жеңіске қосқан үлесі зор. Соғыстың ауыртпалығын көтеріп, бостандықты қорғаған қазақстандық батырлардың есімі әрқашан ел есінде сақталады. Соғыстың алғашқы күндерінен бастап “Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін!” деген ұранмен соғысқа аттанған ерлердің орнын әйелдер, қариялар мен балалар алмастырды. Тыл еңбеккерлерінің де жауды жеңудегі рөлі жоғары. Олар соғыс күндерінің барлық ауыртпалықтарын қажырлылықпен көтеріп, патриотизм үлгісін танытты.
Майдандардағы жеңіске тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі зор. 1939 жылғы санақпен салыстырғанда 1942 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы еңбекшілерінің саны 600000 адамға азайған. Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға шақырылуымен олардың орнын қариялар, әйелдер мен балалар басты. 1944 жылы қолхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі – 20%, әйелдер – 58%, жасөспірімдер – 22% болды. Яғни, майданды азық-түлікпен, шикізатпен іс жүзінде әйелдер, балалар мен қарт адамдар қамтамасыз етті.
1941 жылы Ақтөбе облысы, Ойыл ауданының “Құрман” колхозының егіншісі Шығанақ Берсиев 1 гектардан 155,8 ц. тары алып, әлемдік рекорд жасаса, ал 1945 жылы – 1 га-дан 202 ц. тары алып, өзінің алғашқы көрсеткішін бірнеше рет өсірді. Шиелі ауданы, “Авангард” колхозының даңқын шығарған күріш егуші Ким Ман Сам 1 га-дан 154,9 ц. күріш өндірді. Күріш өсіруші Ыбырай Жақаев 1943 жылы 1 га-дан 172 ц. күріш өнімін алып әлемдік рекорд жасады. Астық өнімі үшін алған 106000 сомды Ы.Жақаев қорғаныс майданына жіберді. Республикада Ш. Берсиев, Ким Ман Сам, Ы.Жақаевтың жолын қуушылар аз болмады. “Ойыл” ауданы, “Кемерші” совхозының Зауре Баймулдина звеносы, Шелек ауданы “Төңкеріс” колхозынан Малжегеровазвенолары 1 га-дан 95-100 ц. тары мен күріш алды. Соғыс жылдарындағы әйелдер ерлігі ерекше. Мыңдаған арулар тіпті тракторға, машина рулдеріне отырды. Мысалы, Ақтөбе облысы, Мартук ауданының Дзержинский атындағы қолхозында Агафья Швальковасоғысқа кеткен күйеуінің комбайынын жүргізіп, 2 күнде 87 гектардан астық жинады.
1986 жылға дейін, яғни соғыс кезі мен одан кейінгі уақытты қоса алғанда 1792 адам Социалистік Еңбек Ері атағын алған. Көп деп айтуға да келмейді. Десе де еленбей қалған ерліктер ел жадынан ұмытылмақ емес. Еленбей қалғандары соңғы жылдары өз бағасын алып, айтылып, жазылып жүр.
Соғыстан кейінгі онжылдықта жарық көрген зерттеулерден Ғ Əбішев, О. Малыбаев, А. Нүсіпбековтің еңбектерін атап өту қажет. Бұл еңбектерде Ұлы Отан соғысы кезіндегі елдің дамуы, қазақстандықтардың майдан мен тылдағы жеңіске қосқан үлестеріне лайықты баға беріліп, «Қазақстан – майдан арсеналы» деген қорытынды жасалды. Тарихшы ғалымдар бұл еңбектерінде мерзімді баспасөз материалдарымен қатар мұрағат құжаттарын кең қолдана отырып, еліміздің майданға қосқан үлесін саралап берді.
Соғыстың қысылтаяң кезеңінде тыл еңбекші халқы кәсіпорын, колхоз бен совхоз жұмысына таң сәріден жүгіріп, түн ортасында қайтқан ерлігін, «өзім жемесем жемейін, өзім ішпесем ішпейін, бәрі де солар үшін, бәрі де майдан үшін, жеңіс үшін болсын!» - деген игі ниетті асыл сезімін ешкім есінен шығармауы тиіс.
89 сұрақ
89. Соғыс тұтқындарының тағдыры. “Түркістан легионының”тарихы.
Екінші дүниежүзілік соғыс басталған сәтте-ақ кеңес өкіметінің тұтқынға түскен өз азаматтарынан біржолата бас тартып, әскери тұтқындардың құқықтарын анықтаған халықаралық Гаага және Женева конвенцияларын мойындамауы олардың жағдайын қиындата түскен. Әсіресе, бұл жағдай түркістандық соғыс тұтқындарына қатты әсер етті. Г.Гервардт «Гитлер мен Сталиннің арасында» деген кітабында соғыс жылдары түркістандық тұтқындардың 80 процентке жуығының ашаршылық пен аурудан өлгенін жазады. Францияның Шығыс тілдері мен өркениеттері ұлттық институтының кітапханасындағы жеке мұрағаттық қорындағы тұтқындардан алған мағлұматтары негізінде жазылған «1941 жылғы Мұстафа Шоқайдың Германиядағы қызметі: әскери тұтқындармен – Түркістан тұрғындарымен байланыстары» деген құжатта көрсетілген деректерге сүйенсек, соғыс басталғаннан кейін жалпы мобилизация бойынша майданға алынған түркістандықтардың оннан тоғызы винтовканы қалай ұстауды да білмеген. Орыс тілін меңгермеген, әскери команда тілін түсінбеген. Көпшілігі стратегиялық қателіктер, әскер командирлерінің тәжірибесіздігінен майдан «котелдарында» жазықсыз қырғынға ұшыраған. Көбіне жауынгерлер жараланып немесе контузия алып, жауға еш қайрат қыла алмай тұтқынға түскен.Соғыс кезінде қазақ, өзбек, қырғыз, т.б түрік-мұсылман халықтарының өкілдері мылтықпен, оқ-дәрімен жұрттың ең соңында жабдықталған. Мәселен, №106 Ақмола атты әскер дивизиясының көпшілігі қазақ болған екен. Соғыс өнеріне үйретілмеген, жөні түзу қару-жарақ та берілмеген .
Түркістан легионы (1941-1944). Кеңес пропогандасы легионның құрылуында Мұстафа Шоқайды айыптаған. Бірақ та кейбір деректерге сүйенсек, мұндай бөлімдерді ашуды немістер 1933 жылдарда-ақ жоспарлап қойған деседі.Оларды біріктірген негізгі мүдде Түркістанды орыстарды зұлымынан азат ету болды. Бөлім негізінен Қызыл Әскер жағында күресіп жүріп тұтқынға түскен әскерлер мен Еуропа мен Түркияда қоныс аударып кеткен түркі ұлттардан тұрды.
Сайып келгенде, тұтқындар соғыстан кейін өзін күтпеген, сенбеген Отанына оралды. Оларды тексеріп, лагерьлерде ұстап, тексергеннен және адалдығына көз жеткізгеннен кейін еркіндікке жіберді. Енді біреулер Отанында күтіп тұрған ащы тағдырды сезіп, жат елде қалып қойды. Кеңес тұтқындары екі тоталитарлық мемлекеттің, екі диктатордың арасында көселген отқа күйді, жандары жаншылып, қорғансыз күй кешті.
90. Соғыс жылдарындағы ғылым, мәдениет және халыққа білім беру.
Соғыс жылдарында КазКСР-де, бүкіл елдегідей, қалалық пен ауылдық мекендерде он және жеті жылдық жаппай білім беруді жүзеге асыру уақытша тоқтатылды.
Ауыр материалдық қиыншылықтарға қарамастан мемлекет орта білімге ауқымды қаржы бөліп отырды. 1946 ж. бұл мақсаттарға 85,6 млн. рубль бөлінсе, 1950 ж. 146,5 млн. рубльге көтерілді. Одан қалды, бүкіл елдегідей, Қазақстанда да мектепке көмек көрсету, ортақ білім, сонымен қатар жетімдерге көмек көрсету фондын құружөнінде жексенбілікер өтіп отырды. Сирек қоныстанган аймақтарда интернат мекемелер торабы құрылды және онда 1953 жылға қарай 40 мың бала оқыды. Қазақ мектептерінде Мәскеуден шыққан аударма оқулықтар оқытылды.
Елімізге инженерлер, мұғалімдер мен дәрігерлер және басқа мамандар өте қажет болды. Қазақжұмысшылар саны жылдан жыла өсе бергенімен,бірақ олардың көпшілігінің мамандығы жоқболатын. Елде күнәсіз жазалау барысында керекті мемлекет кайраткерлері, ғалымдар, мәдениетөкілдері кінәсіз жазалаудың құрбаны болды.
Ғалымдар, жоғары оқу орындарының ұстаздары, мектеп мұғалімдері және тағы басқалары халық арасындағы идеялық-тәрбие беру саласында үлкен жұмыс жүргізді. Денсаулық сақтау қызметкерлері қажырлықпен еңбек етті. Соғыстың арқасында емханаларда емдеуде болған жаралы жауынгерлердің жетпіс пайыздан астам қайтадан қатарға қосылды. Соғыс кезінде 118 техникумнан 92-сі сақталды, онда оқитын оқушылар саны тек 389 адамға ғана қысқарды. 1941ж дейінгі 20 жоғары оқу орына 1944 ж жаңадан 5 институт қосылды. Олар: Алматы шетел тілдері, Шымкент технологиялық, Қазақ дене тәрбие институттары, Алматы консерваториясы, Қазақ педогогикалық қыздар институты. Республика жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің саны 1941 ж 10,4 мыңнан 1945 жылы 15 мыңға дейін өсті.
91. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан. Бейбіт құрылысқа көшудің қиындықтары.
Кеңес Одағы соғыстан экономикалық жағынан әбден әлсіреп шықты. 32 мың өнеркәсіп орны, сондай-ақ 100 мың ауыл шаруашылық өнеркәсіп орындары үлкен шығынға батты, олардың біраз бөлігі толығымен жойылды.
Соғыс жылдарында еліміз 30 млн-ға жуық халқынан айырылғаны белгілі, одан да көп болуы мүмкін. соғыстың зардабы Қазақстанға ауыр тиді. Мысалы: зауыттарда, фабрикаларда және ауыл шаруашылығында жүмыс күші жетіспеді. Бұл жағдай бірнеше себептерге байланысты еді. Соғыс кезінде Қазақстанға қоныс аударған мамандардың көпшілігі туған жерлеріне кайтты. Көптеген Қазақстандықтар майданда қаза тапты және соғыстан оралмады.
Соғыстан кейінгі елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Ал Қазақстанда ел экономикасын бейбіт өмірге қайта бейімдеу шаралары жүргізілді. Әсіресе өнеркәсіпті дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Болат өндіру, цемент, қара және түсті металл өндірісі жабдықтарын шығару, кемір және тау-кен кәсіпорындарын дамыту жақсы жолға қойылды. Өйткені Қазақстанда ауыр өнеркәсіпті дамыту басты назарда болып, негізгі күш осы са-лағажұмсалды. Бүған елдің қорғаныс күшін арттыру бағыты қосылды. Қазақстан Кеңес Одағының әскери-өнеркәсіптік кешенінің ірі ошағына айналды.
Халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуда біраз шаралар қолданылды. Бірақ бұл мәселе онымен шешілмеді. Жұмысшылардың жалақысы көп ретте азық-түлікті сатып алып отырды. Әсіресе, ауыл шаруашылық өнімдерін мемлекет өте арзан бағамен сатып алды. 1946 жылы Кеңестер Одағының біраз өңірін аштық жайлады. Бұл туралы ешқандай мәліметтерде айтылмайды.
92 сұрақ
92)XX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен салдары ?
Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін Қазақстан еңбекшілері бейбіт құрылысқа қайта оралды. Экономиканы бейбітшілік жағдайға бейімдеп қайта құру еңбекшілердің қоғамдықсаяси белсенділігі жағдайында жүргізілді. 1946 жылы 18 наурызда қабылданған тӛртіншібесжылдыққа арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, ӛнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан едәуір асып түсу міндеті белгіленді. Сонымен бірге онда Қазақстан экономикасын ӛрге бастауға үлкен мән берілді.
Республикада ауыр индустрияны жедел дамыту, сондай-ақ, жеңіл және тоқыма ӛнеркәсібін одан әрі өркендеуіне көзделді . Тұрғын үй құрылысын және қалалар мен жұмысшылардың тұрақты аудандарында мәдени-тұрмыстық орындар жүйесін кеңейтуге ерекше көңілбүлінді. Өнер кәсіп пен ауыл шаруашылығын өркендетунегізінде республика еңбекшілерінің материалдық және мәдени тұрмыс дәрежесін одан әрі көтеру көзделді. Қазақстанға бӛлінген күрделі қаржы көлемі одақ бойынша үшiншi орынға шықты. Мұнда күрделі қаржы кәсіпорындарды қалпына келтіруден гӛрі бұрынғыларын кеңейтіп, жаңа кәсіпорындар салуға бағытталды. Түртіншібесжылдықта бүкіл елде ӛнеркәсіп ӛнімі 1940 жылмен салыстырғанда 40 пайызға өсетін болып белгіленсе, Қазақстанда ол 2,2 есеге арту көзделді. Бесжылдық қорытындысында Қазақстан өнеркәсібінің жалпы өнімі1940 жылмен салыстырғанда 2,3 есе, оның ішінде көмір шығару 2,5, мұнай-1,5, газ-1,9, электр қуатын өндіру 4,1 есе артты.
Соғыстан кейінгі кезеңде ауыл шаруашылығы артелінің жарғысын бұзушыларға қарсы күрес күшейді. 1946-1947 жылдары колхоздарға қарыздар болып келген мекемелер мен ұйымдардан 214 млн. сом ақша, 540 мың гектар жер қайтарылды. Осы жылдарда ұсақ колхоздарды iрiлендiрушаралары iске асырылып, республикада соғысқа дейiнгi6400 колхоздан 1950 жылғы қаңтарда 3670 колхоз қалды, олардың жалпы саны 2 есеге жуық қысқарды.
Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Тӛртінші бесжылдықтың аяғына қарай Қазақстан шаруашылықтарында 50 683 трактор, 16 мыңнан астам комбайн, ондаған мың автомашина, шепшабатын және басқа машиналар істеді. Бұлардың басым кепшілігі ескі, моральдық жағынан да тозып, ескірген техника болатын. Ауыл-селода механизаторлар қатары өсіп, МТС қызметкерлерінің жыл сайынғы орташа саны 10 мың адамға көбейді . 1946 жылы қуаңшылық болып, астық шықпай, халық азық-түлік тапшылығының зардабын шекті. Колхоз, совхоз, МТС-тардағы техника ескірген, еңбек ӛнімділігі тӛмен еді. Ауыл шаруашылығының әртүрлі жарғысын бұзушылық етек алды. Колхоздардың меншігі талан-таражға түсті. Колхозшыларға еңбек күнге ӛнім бӛлінбеді. Олардың еңбекке ынталылығы тӛмен болды. Осыған байланысты әкімшіл-әміршіл жүйе қатал саясат жүргізіп, село тұрғындарын мәжбүрлікте ұстады. Олардың саяси құқықтары аяқ асты етіліп, туған жерлерінен кетуіне тыйым салынды. Еңбек ақы тӛлеуде теңгермешілік орын алды. Колхоздарда, совхоздарда ӛндірілген астықтың тұқымдық қордан басқасы мемлекетке дайындық қорына алынды. Колхозшылардың, совхоз жұмысшыларының жеке шаруашылықтарынан ет, сүт, жүн дайындау жүргізілді. Ауыл-селодағы мұндай ауыр жағдайды ӛзгертумәселесіне 50-жылдардың орта шеніне дейін кӛңілбӛлінген жоқ. Сайып келгенде, ӛнеркәсіпті қалпына келтіру, оны жаңа деңгейге кӛтеру ауыл-селоны қанау есебінен іске асты.