ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 05.12.2023
Просмотров: 306
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
3.Шағатай ұлысына қараған аумақтарды картаға белгілеңіз.
Шағатай – Шыңғысханның екінші баласы. Оған Оңтүстік және Оңтүстік- шығыс Қазақстан (Жетісу аймағы) мен Орта Азия жерлері берілген. Ұлыстың орталығы – Алмалық қаласы, Шағатайдың жазғы ордасы Іле өзені бойындағы Құяш деген жерде болған. Ұлысқа Шығыс Түркістанның жерлері де кірген.
5-Билет
1. Мыс-тас ғасырының ерекшелігі.
2. Әбу Насыр әл-Фарабидің екінші ұстаз аталуының мәнін түсіндіріңіз және атқарған жұмыстарына жан-жақты тоқталыңыз.
3. 1920-1924 жылдары Қазақ АКСР-ң құрамына біріктірілген Қазақ жерлерінің аумақтарын картаға белгілеңіз.
Жауабы:
1.Мыс-тас ғасырының ерекшелігі.
Энеолит сөзі - мыс-тас ғасыры дегенді білдіреді. Бірақ металл тасты қолданыстан мүлдем шығарып тастаған жоқ. Тас сол кезде де ең негізгі құрал ретінде пайдаланылды. Мыс-тас ғасыры қоғамында екі ірі өзгеріс орын алды: еңбек бөлінісі пайда болды және аталық ру үстемдігі калыптасты. Ең алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінісі шаруашылықтың - егіншілік пен мал шаруашылығы болып бөлінуі еді. Бірақ, энеолитте бірыңғай егіншілікпен айналысатын тайпалар әлі қалыптаспады. Өйткені теселі егіншілік адамды тамақпен толық камтамасыз ете алмады. Сондықтан бұл тайпалардың мал шаруашылығымен де, аң және балық аулаумен де айналысуына тура келді. Ал мал шаруашылығымен шұғылданғандардың көп бөлігі егіншілікпен мүлдем айналыспады. Мал бағу егіншілікке карағанда өнімді көп беретін. Мыс-тас ғасырының ескерткіштері. Қазақстан аумағында энеолит кезеңінің ерекше ескерткіші - Солтүстік Қазақстандағы Ботай тұрағы. Ботай тұрағы б.з.б. 3-2 мыңжылдықтармен мерзімделеді. Бұл тұрақ 15 гектар жерді алып жатыр. Тұрақты қазу барысында 158 тұрғын үй табылды. Үйлердің кабырғалары жануарлар терісімен қапталған, ортасына ошақ орнатылған. Қазба жұмыстары барысында тастан жасалған кұралдар - садактың ұштары, найзалар, пышақтар мен балталар табылды. Сүйектен жасалған ине, біздер және қыштан жасалған бұйымдар да ұшырасты. Жылқы сүйектері өте көп табылды. Ботайлықтар жылқы малын қолға үйреткен. Энеолиттік ескерткіштер Маңғыстау жерінде де табылды. Шебір елді мекені маңынан тас пен қыштан жасалған еңбек құралдары табылған. Шебір тұрағының тұрғындары теңіз моллюскаларының қабықтарын моншақ етіп таққан. Шебірліктер негізінен аң аулаумен айналысқан.
2. Әбу Насыр әл-Фарабидің екінші ұстаз аталуының мәнін түсіндіріңіз және атқарған жұмыстарына жан-жақты тоқталыңыз.
Әбу Насыр әл-Фараби (870-950) Отырар (Фараб) ойшылдарының ішіндегі ең атақтысы, «Әлемнің екінші ұстазы» атанған тұлға. Әл- Фарабидің «әлемнің екінші ұстазы» аталуының екі себебін атап көрсетуге болады: біріншіден - ежелгі гректердің ғылыми мұраларының көпшілігі араб аудармалары арқылы ортағасырға жеткені мәлім, соның ішінде грек ғалымы,философы Аристотельдің еңбектерін, ондағы
идеяларды әл-Фараби еңбектері арқылы ғана түсінуге болады. Ол, ең алдымен, грек ғылымын, оның философиясын, әсіресе ұлы ұстазы Аристотельдің еңбектерін қызығып оқыған. Ибн-Халиканның айтуына қарағанда, Әл-Фараби Аристотельдің «Метафизикасын» қырық, «Жан туралы» еңбегін жүз, «Риторикасын» екі жүз рет оқып шығыпты. Осындай ыждаһаттылығының арқасында ғана ол Аристотельдің
ғылыми мұрасын еркін игерген. Екіншіден –Аристотель өзінің жан- жақтылығымен танымал және ғылыми білімдерді жеке-жеке салаларға бөлген ғалым ретінде белгілі болса, әл-Фараби де философ, музыкант, математик ғалым ретінде дүниеге көзқарасы жағынан өз заманының озық ойлы адамы болды. Яғни, ғылымға қосқан үлесі мен еңбегі жөнінен көптеген замандастары мен одан кейінгі ұрпаққа үлгі, бағдаршам болып келеді. Ибн Хаукаль өз еңбегінде әл-Фараби жайлы: «Ол –аса ірі мұсылман философтарының бірі. Олардың ешқайсысы да оның деңгейіне жеткен жоқ» деп баға берген. Әл-Фараби мұралары: Әл-Фараби ғылымды өз бетінше зерттеп, үлкен табыстарға жеткен ұлы тұлға. Ол метафизика, тіл білімі, логика,география, этика т.б. ғылым салаларын қамтитын 160-қа жуық трактаттар жазып қалдырған. Педагогика, психология, эстетика мен музыка, астрономия мәселелерін де терең зерттеп, мәдениет пен ғылымға жемісті үлес қосқан. Аристотельдің еңбектерін зерделей отырып, «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары»,«Бақытқа жету»,«Ақындықтың мәні туралы» т.б. философиялық туындылар жазған. Әл-Фараби музыка саласында да «Музыканың ұлы кітабы», «Музыка ғылымы туралы пікірлер» т.б. іргелі еңбектер жазған. Бірқатар музыкалық аспаптарды жетілдірген. Әл-Фараби «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты трактатында ізгі мемлекеттің болуы, ондағы халықтың жағдайы басшысына байланысты деп
, қоғамды қалай басқару керек деген мәселеге көңіл бөлген. Әл- Фарабидің логика мен медицина, ғарышнама мен анатомия,философия, заң ғылымы сияқты ғылым салаларына қосқан жаңалықтары әлемге әйгілі.
3.1920-1924 жылдары Қазақ АКСР-ң құрамына біріктірілген Қазақ жерлерінің аумақтарын картаға белгілеңіз.
1920 жылы 4 қазанда Қазақ АКСР-і құрылды. Қазақ жерінің байырғы жерін бір республикаға біріктіру мақсатында арнаулы комиссия құрылып, республиканың шекарасын белгілеумен айналысты.1920жылы 22 қыркүйекте БОАК жаңа декретпен Қазақ АКСР құрамына
Орынбор губерниясын қосты. Декрет бойынша Қазақ АКСР құрамына- Семей, Ақмола,Торғай, Орал облыстары, Маңғыстау уезі, Закаспий облысындағы Красноводск уезіндегі 4,5 Адай болыстары, Астрахан губерниясының Синеморье болысы, Бөкей Ордасы, бірінші және екінші Приморский округының қазақтар қоныстанған аймақтары енгізілді. Қазақ АКСР-нің қарамағында 1920 жылғы дерек бойынша 1871239 шаршы версті(1,07км) құрады. Бірақ қазақ жерін аумақтық жинау Қазақ АКСР- нің құрылуымен аяқталмады. Жетісу мен Сырдария облыстары Түркістан АКСР-і құрамында, Семей мен Ақмола облыстары Сібір ревкомының қарамағында болды. 1921 жылы Ақмола және Семей облыстары Сібір ревкомы қарамағынан Қазақ АКСР-не берілді. Сондай-ақ Ертіс пен Жайық бойындағы казактар иеленіп келген 10 шақырымдық өңір қазақтарға қайтарылды. 1924 жылы Орта Азиядағы кеңестік республикаларды ұлттық-аумақтық межелеу нәтижесінде Қазақ АКСР-і құрамына 1млн 468 мың халқы бар Сырдария (Қазалы, Ақмешіт, Түркістан, Шымкент, уездері, Әулиеата уезінің көп бөлігі, Ташкент, Мырзашөл уездерінің бір бөлігі) Самарқан облысы, Жизақ уезінің қазақтар тұратын болысы, Жетісу облысының Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал, Пішпек уезінің бір бөлігі Қазақстанға қарады. Орынбор губерниясы Қазақстан құрамынан шығарылды. Республика аумағы 1/3-ге кеңейіп, 2,7 млн шаршы шақырымға жетті. 1925 жылы Кеңестерінің бүкілқазақстандық V съезінде, Қырғыз АКСР-і Қазақ АКСР-і деп өзгертілді.
6-Билет
1. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Қазақстан.
2. Ғұндар мен монғолдарың қоғамдық құрылысы мен соғыс өнеріндегі ортақ белгілерін анықтаңыз.
3. Ұлы Жібек жолының Қазақстан жері арқылы өткен тармақтарын және ортағасырлық қалаларды белгілеңіз.
Жауабы:
1.Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Қазақстан.
Бірінші дүниежүзілік соғыс екі әскери-саяси топтарға жіктелген елдердің экономикалық және қоғамдық жағдайын шиеленістіріп қана қойған жоқ, сонымен қатар шалғай жатқан Қазақстанның да дамуына зардабын тигізді. Ең алдымен өзінің шаруашылық ерекшеліктеріне
қарай өлкенің майданды және елді шикізат, азық-түлікпен қамтамасыз етудегі рөлі мейлінше күшейді. 1914-1916 жылдардың арасында тек Түркістан өлкесінен 2 089 мың тонна мақта, үш жүз мың пұт ет, жетпіс мың жылқы, он үш мыңға жуық түйе, тіпті он төрт мыңға жуық киіз үй алынған. Соғыстың бірінші жылында тек Жетісу облысынан майдан мұқтаждығына жіберілген мал мен мал шаруашылығы өнімдерінің құны отыз төрт миллион сомға жетті. Соғыстың ауыр зардаптарының бір көрінісі – шаңырақ салығының көбеюі. 1914 жылы қазақтардан жиналатын осы әлеуметтік ауыртпалықтың мөлшері 600 мың болса, 1917 жылға қарай 1 миллион 200 сомға ұлғайды. Соғыстың ауыр зардаптары сонымен қатар шаруашылықтың әр салаларында айқын байқалды. Әсіресе кен өндірісі, Қазақстанның орталық аудандарындағы көмір, батыста мұнай өндіру құлдырап кетті. Ембі (Жем) өңірінде мұнай өндіру соғыстың бірінші жылының өзінде 265 560 тоннадан 1915 жылы 80 мың тоннаға дейін кеміп кетті. Еске алатын бір жағдай, соғыстың қанды шайқастары мыңдаған адамдарды жалмап, аз да болса өндірістік мамандығы бар онсыз да саны аз маман жұмысшылардың майданға аттануын қажет етті. Бұл жағдай дамып келе жатқан өндіріс орындарында кәсіпқой жұмысшылар үлесінің күрт төмендеуіне себепші болды. Соғыстың тауқыметі еңбекшілердің хал-ахуалынан ерекше байқалды. Әсіресе XIX ғасырдың аяғы – XX ғасырдың басында шетелдік капиталистердің бақылауында болған өнеркәсіпте жұмысшылардың жағдайы мейлінше ауырлады. Ешқандай бақылау болмаған, әсіресе ауыр қара жұмысқа пайдаланылатын өндіріс орындарында жұмыс мерзімінің ұзақтығы 12-14 сағатқа созылды. 12-14 жастағы жеткіншектердің еңбегін қанау үйреншікті іске айналды. Күніне еңбегі үшін төленетін 20 тиын олардың не тамағын немесе басқа қажетін қанағаттандыруға жетпейтін. Соғыс кезіндегі қымбатшылықтың артуы әсіресе қаладағы өндіріс орындары жұмыскерлерінің хал-жағдайын тым төмендетіп жіберді: ұнның бағасының тіпті 70%-ға, қанттың – 50%-ға, сабынның 200%-дан астам қымбаттауы, сонымен бірге күнделікті өмір қажетін өтейтін бұйымдардың қымбаттауы еңбекшілердің наразылығын туғызды. Қоғамдық дағдарыс біртіндеп әлеуметтік тартысты да тереңдетті.
2.Ғұндар мен монғолдарың қоғамдық құрылысы мен соғыс өнеріндегі ортақ белгілері.
Екеуіне де ортақ белгілер:
Екеуі де әскери жүйе бойынша 3 әкімшілік аймаққа бөлінген. Олар: Оң қанат, Сол қанат және Орталық қанат. Әскерлері түмендерге бөлініп, әр түменде 10 мың атты әскерден болды. Әр түмен мыңдықтарға, жүздіктерге, ондықтарға бөлінді. Екеуіде соғыс кезінде тас атып дуал құлататын, от лақтырып өрт шығаратын соғыс техникаларын қолданған. Екеуінің негізгі сенімі Тәңірлік дін, аруаққа табыну болды. Екеуі де көшпелі халық. Екеуі де басқыншылық бағытты ұстаған далалық күшті атты әскерлі империяға айналды. Олардың жақсы ұйымдастырылған, қатаң әскери тәртіпке бағынған тұрақты әскері болған. Мемлекеттің ішкі- сыртқы күрделі мәселелерін шешуде олар осы әскер күшіне сүйенеді. Мемлекетте әскери шен жүйесінің құрылуы (бас қолбасшы, қолбасшы, түменбасы, мыңбасы, жүзбасы, онбасы), азаматтардың бәрінің бірдей әскер қатарына шақырылуға міндетті болуы, шақырылғандардың әскери бастықтарына сөзсіз бағынуы, әскердің үнемі жауынгерлік рухта болуы үшін жүйелі әскери жаттығулардың жүргізіліп тұруы – бәрі бұл екі мемлекетке ортақ. Сонымен қатар бұл мемлекеттерде беделді және халыққа аса танымал батырлардың болғаны рас. Әйтпесе, қаншама соғыстар мен қорғаныстарда батырлардың арқасында жеңіп шығатыны белгілі.
3.Ұлы Жібек жолының Қазақстан жері арқылы өткен тармақтарын және орта ғасырлық қалаларды белгілеңіз.
Жібек жолының басы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аймақтардан басталып, Италияның Рим қаласымен аяқталады. Жетісу жерінен Шығысқа шығатын Ұлы Жібек жолының бірнеше бағыты болған.
1. Оңтүстік-батыс Жетісу бағыты: Тараз – Алматы – Шелек – Сүмбе- Жаркент арқылы шығысқа шықты.
2. Солтүстік-шығыс бағыт: Алматы –Қапшағай –Шеңгелді – Алтынемел- Дүнгене – Қойлық қалаларын басып өтіп, Алакөл жанымен
Жоңгар қақпасы арқылы Қытайға шықты.
3. Үшінші бағыт: Тараздан шығып Сарқан жері арқылы – солтүсік- шығыс Қазақстанға бет алады. Бұл жол Құлан – Хантау – Балатопар-
Айнабұлақ бекеттерін басып өтеді.
Оңтүстік Қазақстан – Ұлы Жібек жолының батысқа шығатын қақпасы.
Жібек жолы Жетісу арқылы тартылған бағыттармен Таразда түйісіп, Испиджабқа келіп екі тармаққа бөлінеді.
1. Отүстік-батыс бағыт: Испиджаб- Шаш –Самарқан – Бұхара қалалары арқылы Батысқа шығады.