Файл: Жамбыл облысы кімдігі білім басармасыны ОУдістемелік кабинеті 6сынып аза тілі мен дебиеті.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 696

Скачиваний: 7

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Айтылым

Балл

Негізгі ойды ашуы

(5 балл)

Сөз қолданысы

(5 балл)



9-10



Өте жақсы

Таңдаған тақырыбы бойынша өте жақсы диалог құрастырады (6-8 сөйлем).Диалаог құрауда берілген сұрақтарға жауабы тез әрі орынды. Ойын жүйелі түрде жеткізеді.

Өте жақсы

Лексикалық минимумы мол.. Орфоэпиялық нормаларды дұрыс қолданады. Кей қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.



7-8

Жақсы

Таңдаған тақырыбы бойынша жақсы диалог құрастырады (6-8 сөйлем). Диалаог құрауда берілген сұрақтарға жауабын ойланып береді, ойын жақсы жеткізеді.

Жақсы

Лексикалық минимумы жеткілікті. Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Арасында қателер жібереді.



5-6

Қанағаттанарлық

Таңдаған тақырыбы бойынша диалог құрастырады (6-8 сөйлем). Диалог құрауда берілген сұрақтарға жауабын ойланып береді ойын орташа жеткізеді.

Қанағаттанарлық

Лексикалық минимумы бар.

Орфоэпиялық нормаларды қолданады. Жиі қателер жібереді.


3-4

Төмен

Таңдаған тақырыбы бойынша диалог құрастыруда сұрақты түсінуде және жауап беруде қиналады. Ойын жеткізуде ауытқулар кездеседі.

Төмен

Лексикалық минимумды қолдануға тырысады.Орфоэпиялық нормаларды қолдануда қателер жібереді.

1-2


Өте төмен

Тақырып пен сұрақты түсінуде

қолдауды қажет етеді. Ойын айтқанда қателіктер жиі кездеседі.

Өте төмен

Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі.Орфоэпиялық нормаларды қолдануда қателерді жиі жібереді.



3 -ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
3-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Ұзақтығы - 40 минут Тыңдалым - 10 минут Оқылым - 10 минут Жазылым - 20 минут Айтылым сабақтан тыс уақытта бағаланады (әр білім алушыға 2 минут беріледі)
Балл саны - 30
Тапсырма түрлері Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтар. Көп таңдауы бар сұрақтар. Толық жауапты қажет ететін сұрақтар
Жиынтық бағалаудың құрылымы


Тоқсандық жиынтық бағалаудың құрылымы 4 компоненттен тұрады. Бірінші компонент - тыңдалым, екінші компонент - оқылым, үшінші компонент - жазылым және тілдік бағдар, төртінші компонент - айтылым дағдыларын тексеруге арналған.

Тап сыр ма

Қамтылатын мақсаттар

Тапсырма түрлері

Тапсырмаларға сипаттама

Орындау уақыты, мин

Балл

1-3

6.1.5.1 тірек сөздер, жетекші сұрақтар, мәтін тақырыбы арқылы негізгі ойдыанықтау;

6.1.3.1 тұрмыстық - әлеуметтік тақырыптарға байланысты жаңа сөздер мен тірек сөздердің мағынасын түсіну;

6.1.6.1 тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде шынайы өмірмен байланыстырып жауап беру.

Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет

ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар тақырыпқа қатысты 126 сөзден тұратын тыңдалым мәтінін 2 рет тыңдайды. Мәтінді тыңдау барысында мазмұнды түсінуге бағытталған бірінші тапсырмада сұрақтарға жауап береді, екінші тапсырмада негізгі ойды анықтайды. Үшінші тапсырмада жаңа сөздермен сөйлемді толықтыру..

10

5

4-6

6.3.6.1 тақырып бойынша үйренген сөздерін қолдана отырып, мәтінде көтерілген мәселені шынайы өмірмен байланыстыру;

6.3.3.1 орта көлемді шығармаларды түсіну, тақырыбы мен негізгі ойды анықтау;

6.3.1.1 мәтіндегі негізгі және жанама ақпаратты анықтау, өмірдегі кейбір жағдаяттармен байланыстыру;

6.3.4.1 мәтіндердің тақырыбына, мазмұндық құрылымына сүйене отырып, түрлерін салыстыру.

Көп таңдауы бар сұрақтар
Қысқа жауапты қажет

ететін сұрақтар
Толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар 122 сөзден тұратын мәтінді оқиды. Мәтін мазмұнын түсінуге бағытталған бірінші, екінші тапсырмада 1 жауапты белгілейді. Үшінші тапсырмада шын, жалған ақпаратты анықтайды.

10

5

7

6.5.1.4 өздік, болымсыздық, белгісіздік, жалпылау есімдіктерін жазба, ауызша жұмыстардаорынды қолдану;

6.4.5.1 жазба жұмыстарында сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану;

6.5.1.5 етістіктің шақтарының (нақ осы шақ) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда қолдану;

6.4.2.1 эссе тақырыбының желісінен шықпай, әрбір абзацты жүйелі құрастырып, қажетті мазмұнын ашыпжазу.

Жазбаша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жеке орындалады. Оқушылар берілген 2 тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындайды. Мұғалім оқушының жазба жұмысында тақырыптың мазмұнын ашуын, стильді сақтауын, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді дұрыс қоюын, талғаулық мәнді білдіретін жалғаулықтарды орынды қолдануын бағалайды.

20

10

8

6.2.2.1 тақырып бойынша диалогті бастау, жалғастыру, аяқтаудың ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын білу;

6.2.5.1 коммуникативтік жағдаят бойынша диалогке қатысушылар өзара түсінісіп, ойларын толықтырып отыру;

6.2.3.1 ауызша мәтіндер құрауда лепті сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріп айту;

6.2.1.1 тура және ауыспалы мағынадағы сөздері қолдану,ойын әсерлі, мазмұнды жеткізу.

Ауызша толық жауапты қажет ететін сұрақтар

Тапсырма жалпы сыныппен орындалады. Берілген суреттер бойынша «Олимпиада жеңімпаздары – Қазақстан мақтанышы» тақырыбында ауызша мәтін құрастырады. Мәтінде бұйрықты сөйлемдерді қолданады. Тірек сөздерді қолдана отырып, ауызша сипаттайды.


Айтылым сабақтан тыс уақытта бағаланады, әр білім алушыға

2 минут беріледі


10

Барлығы

40 мин

30



Тапсырмалар және балл қою кестесі үлгісі

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

ІІ нұсқа

Тыңдалым

1-тапсырма. Мәтінді бірінші тыңдап, мазмұны негізінде сұрақтарға жауап беріңіз.

1.Табиғи жібек талшықтары не үшін керек?

2.Жібек мата қай елде өндірілген?

3.Жібек матаны жасырын қалай алып шыққан? [3]

Ұлы Жібек жолының пайда болу тарихы жолдың аты жібек саудасына байланысты шыққан. Жібек мата дайындау үшін табиғи жібек талшықтары керек. Табиғи жібек талшықтары тұт жібек көбелегінен алынады. Ересек көбелек жапырақ бетіне жұмыртқалайды. Ол жұмыртқаларды жұлдыз құрт немесе жібек құрты деп атайды. Жұлдыз құрт тек тұт ағашының жапырақтарымен қоректенетін болғандықтан, оны тұт жібек құрты немесе тұт көбелек деп атаған.

Жібек халықаралық саудаға шығарылғанымен, оны өндіру жолын Қытай үкіметі өте құпия сақтаған. Соған қарамастан, құпия өндіру тәсілін Қытайдан жасырын түрде алып шыққандар болған. Олар жібек құртын қуыс қурайдың ішіне тығып, әйел адамдардың шашының арасына жасырған. Жібек жолы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзенінің аңғарындағы аудандардан басталады. Ол Ұлы Қытай қорғанының батыс шетінен, Іле өзенімен Ыстықкөлге жетеді. Жол осы арада батысқа және солтүстік-батысқа қарай шығу үшін оңтүстік, солтүстік бағыттар болып тармақталады. (126 сөз)

2.Мәтінді екінші рет тыңдап, Жібек жолы аталу себебін табыңыз.

А) Қытай жерінен шыққандықтан

В) Құпия өндірілгендіктен

С) Жібек матаға байланысты

Д) Жібек құртына байланысты [1]
3- тапсырма. Бос орынға қажетті сөзді қойып, сөйлемді толықтырыңыз.

Табиғи жібек талшықтары .... ..... көбелегінен алынады. Жібек халықаралық ...... шығарылғанымен, ....... жолын Қытай үкіметі өте ...... сақтаған. [2]

Оқылым

Олимпиада ойындары – жер жүзіндегі жа­рыстардың жарысы, төресі болып саналады. Қазіргі кезде күллі адамзат қауымы әлі Олимпиададан артық, Олимпиададан қызығы­рақ жарыс ойлап тапқан жоқ. Олимпиадалық ойындарды алғаш ойлап тапқан Пьер де Кубертен 1912 жылы аталған сақиналарды да таным белгі ретінде ұсынған екен. Бұл сақиналар бес түске боялған: көк, сары, қара, жасыл және қызыл. Бес дөңгелек дүниенің бес бөлігін білдіреді: Америка, Еуропа, Азия, Африка және Мұхиттар. Солтүстік және Оңтүстік Америка бір құрлық ретінде қаралса, Антрактида ол кезеңде назарда болмаған көрінеді.


Олимпиадалық бес сақина 1914 жылы заңды түрде қабылданып, 1920 жылы  Бельгиядағы Олимпиадада сынға түсті. Халықаралық Олимпиада Комитетінің ұйғарымы бойынша, Олимпиада сақиналарының мағынасы: бес құрлықты да бәсекеге қатысуға, ат салысуға және бейбітшілікке шақыру, сонымен қатар, бес құрлықтың да спортшыларына өз бақтарын сынауға мүмкіндік берілетіндігін білдіру екен. (123 сөз)

https://massaget.kz/arnayyi_jobalar/london-2012/3257

4-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, тақырыбын анықтаңыз.

Тақырыбы_______________________________________________________ [1]

5-тапсырма. Мәтін тақырыбына сәйкес емес 2 ақпаратты табыңыз.

А) Олимпиадалық ойындар

В) Бес сақина

С) Бақтарын сынамау

Д) Жарыстардың төресі

Е) Сынға түспеді [2]

6-тапсырма. Мәтін мазмұнын ашатын «Шын», «Жалған» ақпаратты табыңыз.

Мәтіндегі ақпараттар

Шын

Жалған

А) Олимпиадалық ойындарды алғаш ойлап тапқан Пьер де Кубертен







В) Бес дөңгелек дүниенің төрт бөлігін білдіреді







С) Олимпиадалық бес сақина 1920 жылы заңды түрде қабылданды







Д) 1920 жылы Бельгиядағы Олимпиадада сынға түсті







[2] Жазылым

7-тапсырма. Берілген екі тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Талғаулықты мәнді жалғаулықтарды қолдана отырып, досыңызға хат немесе хабарлама жазыңыз.

1.Өз туған жеріңді мақтаныш сезіммен сипаттай отырып, шетелдік досыңызға хат жазыңыз.

2. Ауданыңыздағы, қалаңыздағы өзіңізге үлгі тұтатын спортшыны кездесуге шақырып, хабарлама жазыңыз. Хабарлама стилін сақтап жазыңыз. [10]

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Айтылым

8-тапсырма. Берілген суреттер бойынша «Олимпиада жеңімпаздары – Қазақстан мақтанышы» тақырыбында ауызша мәтін құрастырыңыз. Мәтінде талғаулықты мәнді білдіретін жалғаулықтарды қолданыңыз
.

Берілген иллюстрациялардан еліміздің жеңімпаз споршылары туралы тірек сөздерді дұрыс қолдана отырып, иллюстрацияларды ауызша сипаттаңыз.

Тірек сөздер: олимпиада чемпионы, қола жүлдегер, боксшы, жүгіру бойынша, көк байрақ, көркем гимнастика, нәтиже, жеңімпаз.


[10

Балл қою кестесі

Тыңдалым


Дағды

Жауап

Балл

Жалпы балл

Қосымша ақпарат

Тыңдалым

1.Жібек мата дайындау үшін

2.Қытай

3.Қуыс қурай, әйел адамдардың шашы


3


5 балл



Жібек матаға байланысты

1




тұт жібек

саудаға, өндіру, құпия


2


Оқушы жауабы ескеріледі

А

1




Ықтимал жауап.



1

Оқушы жауабы ескеріледі

Оқылым


Олимпиада сақиналары

1


5 балл

Оқушы жауабы ескеріледі

С,Е

2




А

1




Д

1













Барлығы

10 балл



Жазылым

Балл

Мазмұны (5 балл)

Тіл сапасы (5 балл)



9-10



Өте жақсы

Жазба жұмыстарында тақырып бойынша ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, еліміздің сүйікті жерлеріне сипаттама мәтін ретінде хат жазады. Ауданымыздағы спортшыны кездесуге шақырып, хабарлама стилін сақтап, хабарлама жазады. Ойын жүйелі түрде жеткізеді. Лексикалық минимумды қолдануы жоғары, стильдік қолданысы өте дұрыс.

Өте жақсы

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды өте дұрыс қолданады.

Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.



7-8

Жақсы

Жазба жұмыстарында тақырып бойынша ресми стильдің тілдік ерекшеліктері мен талаптарын дұрыс қолдана отырып, еліміздің сүйікті жерлеріне сипаттама мәтін ретінде хат жазады. Ауданымыздағы спортшыны кездесуге шақырып, хабарлама стилін сақтап, хабарлама жазады.Ойын жүйелі түрде жеткізеді. Лексикалық минимумды қолдануы жақсы, стильдік қолданысты дұрыс қолданады, стильдік қолданысы дұрыс.

Жақсы

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды дұрыс қолданады.

Елеусіз қателері ойды түсінуге кедергі келтірмейді.



5-6

Қанағаттанарлық

Жазба жұмыстарында тақырып бойынша ресми стильдің ерекшеліктері мен талаптарын сақтай отырып, еліміздің сүйікті жерлеріне сипаттама ретінде хат жазуға тырысады. Ауданымыздағы спортшыны кездесуге шақырып, хабарлама стилін сақтай отырып, хабарлама жазуға тырысады. Ойын жеткізуде ішінара ауытқулар кездеседі.Лексикалық минимумды қолдануға тырысады, стильдік қолданысы орташа.

Қанағаттанарлық

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда ішінара қателер жібереді.

Елеусіз қателер көп, бірақ ойды түсінуге кедергі келтірмейді.


3-4

Төмен

Жазба жұмыстарында тақырып бойынша ресми стильдің ерекшеліктері мен талаптарын сақтауы шектеулі. Еліміздің көрікті жерлерін сипаттама ретінде хабарлама жазуда ойын жеткізу ауытқулары көптеп кездеседі.

Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі, стильдік қолданысы төмен.

Төмен

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда қателері көп

болғандықтан, ойды түсінуге кедергі келтіреді.


1-2

Өте төмен

Жазба жұмыстарында тақырып бойынша ресми стильдік ерекшеліктері мен талаптарын мүлдем ескерілмеген.

Жазба жұмысы стильге сәйкес емес.

Ойын жеткізе алмаған. Лексикалық минимумды қолдануы шектеулі.

Өте төмен

Грамматикалық және пунктуациялық тұлғаларды қолдануда өрескел қателер көп, ойды түсіну өте қиын.