Файл: Курсовая работа ( проекта) Издание басылым 032018 Стрбет из.docx
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 164
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
5. шығармашылық сипаттағы үй тапсырмасын орындау мерзімі (мысалы, модель жасау, жоба дайындау, еліктіргіш тарих, өз ертегісі бойынша киносценарий жазу) бір білім алушыға айына кемінде бір апта және бір тапсырмадан артық емес шегінде беру ескеріледі;
6. бейнелеу өнері, көркем еңбек, музыка, өзін-өзі тану, еңбекке баулу, технология, алғашқы әскери дайындық, алғашқы әскери және технологиялық дайындық және дене шынықтырудан үй тапсырмасын басқа пәндермен кіріктіру ұсынылады;
6. білім алушылар сабақта оқыту мақсаттарына жетсе ("біледі", "түсінеді", "қолданады", "талдайды", "бағалайды" және "жинақтайды") үй тапсырмасын орындау қажеттілігі болмайды.
Білім беру процесіне оқытудың белсенді әдістерін енгізу функционалдық сауаттылықты өз бетінше дамытуды, білімді белсенді «игеруді», коммуникативтік дағдыларды дамытуды, тәжірибеде білімді шығармашылықпен қолдануды және мәселені шешуде шығармашылық әдісті қарастырады.
Қазіргі білім берудің басты мақсаты - шығармашыл тұлға қалыптастыру. Егеменді еліміздің ең басты мұраты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Осы орайда оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту – мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі.
Оқушының шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін жоспарлы істің мақсаты мен міндетін айқындап алу қажет. Мақсат – оқушылардың іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыра отырып шығармашылық жұмысқа баулу, ой өрісінің дамуына мүмкіндік тудыру. Міндет – оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту, жан-жақты дамуына көңіл бөлу, ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыру. Алға қойған мақсат пен міндетті орындау үшін оқушы жастардың шығармашылық әлеуметін жан-жақты өсіруге, дамытуға ден қою қажет.
Шығармашылық дегеніміз – адамның белсенділігі мен дербес іс-әрекетінің ең жоғарғы формасы. Сонда оқушылардың шығармашылық жұмысы дегеніміз – оқушылардың шығармашылық еңбегіне еркін тақырыпта шығарма, оқыған кітаптарына рецензия жазуда да мұғалімнің түсінік нұсқау беруінен кейін немесе өз иннициативасымен практикалық жұмыстар істеуін немесе алдарына қойылған мәселені өздерінің шешуін де, т.б. жатқызылады.
Шығармашылық – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Шығармашылық - бүкіл тірішіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік.
Баланың бойында шығармашылық қабілеттерін дамыту жан-жақты жұмыс жүргізуді қажет етеді. Оқушының шығармашылықпен айналысуына қоршаған ортасы, ата – ана, мектеп қолайлы жағдай туғызуы керек. Шығармашылықпен жеке дара оқушы емес, сыныптағы барлық оқушылар айналысу үшін мүмкіндік керек. Шығармашылықпен айналысқан оқушының ойы жүйрік, тұғыры биік азамат болып қалыптасады.
Сонымен қатар, оқушылардың шығармашылық еңбегі – жаңа бір нәрсені жасай, табумен ғана шектелмейді, ол сол жаңаны табуға, жасауға жету жолын да қамтиды. [13,98]??????
Бір оқу жұмысы, мұғалімнің тапсырмасы болмасын, оны орындауда оқушының білімі мен дағдысы, қабілеті жұмсалатын және онан шәкірттің білімі мен іскерлік қабілеті көрінетін болса, сондай-ақ бұл еңбек оқушының осы қасиеттерін бір саты дамытатын болса, мұндай істердің бәрін шығармашылық жұмысқа жатқызамыз.
«Шығармашылық» ұғымының жалпы теориясын зерттеген С.Л.Рубинштейн: «Оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен анықталады» – дей келе, «шығармашылық, шешімінің нәтижесі баланың өзі үшін жаңалық болса жеткілікті» екендігін айтадыяғни баланың шығармашылық өнімді еңбегі оның жеке тәжірибесімен салыстырылады (сілтеме????)
Шығармашылық жұмыста, әсіресе, бала қиялының орны ерекше. Бұл жөнінде М.Жұмабаевтың айтқан тамаша пікірі бар: «Жаратылыстың құшағында, меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті». «…Баланың атаға тартуы рас болса, сиқырлы даланың баласы – қазақ баласы қиялқұмар болуға тисті». Педагог ғалымның айтқанының сөз өнері – әдебиетке тікелей қатысы бар. Өйткені М.Жұмабаевтың сөзімен айтқанда, «қазақ баласының жаратылысы соны тілейді» (сілтеме???) сілтемесін көрсету керек бар болса
1.2 Оқушының шығармашылық құзыреттілігін дамытуға қойылатын талаптар
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын үш кезең арқылы жүзеге асыруға болады.
Бірінші кезең – жаңаны, тың нәрсені дамыту, түпкі идеяны табуға ұмтылу. Бұл кезеңде әдеби-шығармашылық тапсырмалар беріліп, төмендегідей талаптар бойынша жұмыс жүргізіледі: шығарманы бөлімдерге бөліп, тақырыбын жазып келу; кейіпкер тобын ажыратып, олардың арасындағы шиеленісті түсіндіру; шығарма мазмұнына сай қанатты сөздерді ойлап жазу; әңгіменің белгілі бір бөлімінің көркемдік ерекшелігіне талдау жүргізу.
Екінші кезең – қиял, ұшқыр ой қалыптастыру. Бұл кезең – оқиға құрудың, образ жасаудың мүмкіндігі бар кезең. Мұнда оқушыға ертегі, әңгіме, мақалдарды жалғастырып жазу және аяқтау тапсырылады. Оқушы қиялға ерік беріп, оқиғаны дамыта отырып шығармашылық жұмыс істейді. Өз бетінше іздену – шығармашылық қабілетті ашудың көзі. Бұл бағытта төмендегідей жұмыстар арқылы оқушының таным көкжиегін арттыра түсеміз.
1.Логикалық ойын дамытатын тапсырмалар (сөзжұмбақ, ребус шешу, жұмбақ, мақал-мәтел, қанатты сөздер құрастыру).
2. Берілген тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері (Мәтінді өңдеу, берілген мәтіннен диалог құрастыру, мәтін бойынша шешендік сөз құрастыру).
3.Өз ойынан еркін тақырып құрастыруға берілген жұмыс түрлері (өлең, ертегі, әңгіме, шығарма жазу).
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін басым міндетті оқушының өз қолына беріп отырған дұрыс. Бұл орайда сыныпты топқа бөліп, тақырыпқа сәйкес өлең құрастыру, қанатты сөз ойлап табу, шағын мөлтек сыр жазу тапсырылады.
Үшінші кезең – тапқырлық пен шеберлікке шыңдалу кезеңі. Бұл кезеңде оқушы белгілі бір шығармаға өзіндік көзқарас білдіріп, пікір жазады, мәтінге әдеби теориялық толық талдау жүргізеді, кіші ғылыми жұмыстарды қорғайды, әңгіме жазады. Осы үш кезеңнен өткен оқушы нағыз шығармашыл тұлға болып дараланады.
Оқушылар тапсырманы орындау барысында талдау, салыстыру, қорытынды жасау үшін белсенді, дербес әрекеттенеді. Сөйтіп, шығармашылық ойға көшеді. Сондықтан оқушылардың өз бетінше істейтін жұмыстарын ең алдымен, оқушының белсенділігі, дербестігі ұғымдарымен байланыстыра қарау керек болады.
Оқушының оқудағы белсенділігі дегеніміз – оның оқуға қажетті білім, дағды, іскерлік қабілетті меңгерту және оларды өмірде, практикада қолдану жолындағы саналы ерікті әрі мақсатты әрекеті болып табылады. Мысалы: мұғалімнің түсіндіріп тұрған материалын ұғынып, түсініп алу үшін, оқушы оған көңіл қойып тыңдуы керек.
Пәндік бағыт бойынша оқыту, үйрету әдістері арқылы оқушылар бойында мынадай дағды-әрекеттер қалыптасады: өз бетінше шығармашылық ізденіс жұмыстарын жүргізеді; зерттеу тәсілі арқылы көркем шығармаға идеялық-көркемдік баға беретін дәрежеге жетеді; түрлі сайыстарға қатысу белсенділігі артады; пәндік-теориялық білігі молаяды; ойын әдеби тілде көркемдеп жеткізе алады; көркем шығармаға әдеби-теориялық кешенді талдауды меңгереді; сөйлем талдаудың кешенді жолдарын игереді; барлық іс-әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады; ақпараттармен өз бетінше жұмыс атқара алады.
Бүгінгі мектеп партасындағы жас жеткіншектердің зияткерлік қуаты – мемлекеттің баға жетпес байлығы. Сондықтан бала бойындағы қабілетті анықтай отырып, қамқорлыққа алу, оны дамыту – мұғалімдер қауымы үшін ортақ іс.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мынадай жолдармен өткізуге болады:
1.Сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану;
2.Сабақты түрлендіріп өткізу;
3.Сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану;
4.Техникалық құралдарды тиімді қолдану;
5.Сабаққа қатысты бейнетаспаларды, фильмдерді көрсету.
Мұғалім алғашқы сабақтан бастап әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін, ынтасы мен бейімділігін, оқу мен еңбекке ұқыптылығын ескере отырып, оқу үрдісін жүргізуі керек.
Қазіргі заман талабына сай жаңа технологияларды пайдалану оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастыруда тигізер пайдасы зор. Оқушылардың өздік жұмысы - мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушылардың оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрі.
Өздік тапсырмаларды орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау, әр түрлі танымдық тапсырмаларды орындау талап етіледі. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінінен бақылауды үйренеді, оларда тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір-біріне деген жолдастық көмек қалыптасады.
Қазақ тілі сабағының дидактикалық мақсатына қарай өздік жұмыстар:
-
жаңа материалдарды оқып үйренуге дайындық, -
жаңа материалды оқып үйрену, -
бекіту, -
қайталап пысықтау, -
бақылау деп бөлуге болады.
Қазақ тілі пәнін оқытудың мақсаты – оқушылардың жеке бас ерекшелігіне қарай қабілетін аша отыра, осы пәнді теориялық және тәжірибелік жағынан сараланған түрде даралап оқыту, сөйлестіру, жазу мәдениетін жетілдіру, өзіндік ой-пікірін дамыту.
Ал, оқушылардың өзіндік шығармашылық жұмыстарын қазақ тілін оқыту процесінде қолдануда көрнекті ғалым және әдіскер В.В.Голубковтың оқыту жұмыстарының қандай түрі болса да даралап алмай барлық оқу-тәрбие жұмысымен етене байланыста алғанда ғана тиімді, маңызды болады деген пікір айтқан болатын.
Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалуы тиіс. Олар:
-
Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;
2. Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болу;
3. Шығармашылық іс-әрекетке жағдай туғызу.
Шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың төмендегідей түрлері бар:
Тақырыпты мазмұнына сай жинақтау
Арнайы бір тақырыпқа пікірталас тудыру
Шығарма, шағын әңгіме құру
Сөзжұмбақ құру, шешу
Қиялдау арқылы сурет салу.
Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін жетілдіру бағыты танымдық біліктерінің қалыптасу белгілеріне, танымдық тапсырмаларды орындау мүмкіндіктеріне қарай оларды шартты түрде мынадай 3 топқа бөлуге болады.
Бірінші топ - танымдық іс-әрекетте табанды; міндеттері мен мақсатын біледі; ізденімпаз, пән бойынша дербес шығармашылық жұмыстарға белсене қатысуымен ерекшеленеді.
Екінші топ - ізденіске ұмтылады, бірақ шығармашылық тапсырмаларды орындауға барлық уақытта бірдей бейімділік көрсете бермейді;
танымдық тапсырмаларды орындау әдіс-тәсілдерін табуға құлшыныс білдіреді; тапсырмаларды орындауда мұғалім көмегін қажет етеді.
Үшінші топ - шығармашылық сипаттағы тапсырмаларды орындауға құлықсыз; белсенділігі төмен; репродуктивті сипаттағы тапсырмаларды ұнатады, жұмысты орындауда үлгіні қажет етеді, оны орындауда көмекті қажетсінеді.
Сонымен, шығармашылық іс-әрекет талаптарын, сондай-ақ оларды мектепте ұйымдастыру жолдарын зерттеу - мәселені дамытып, жетілдіру тетігін анықтауға және мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді:
- оқушылардың шығармашылық дербестігін дамыту арқылы оның жеке тұлғасын қалыптастыруға болады;