Файл: Курсовая работа ( проекта) Издание басылым 032018 Стрбет из.docx
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 167
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Өздік шығармашылық жұмыстарды орындау оқушылардың бiлiктiлiгiн қалыптастыру моделi компоненттер, ерекшеліктер мен көрсеткіштерден құралады. Модель оқушылардың өз бетінше шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру барысында бiлiм, бiлiктiлiк, дағды деңгейiн анықтауға негiз болады.
Шығармашылық сабақтардың оқушылар үшін мынадай маңызды жақтары бар:
оқушының танымдық іздемпаздығы қалыптасады;
сұрақтарды, мәселелерді терең талдауға үйренеді;
шығармашылық ой — өрісі артады;
кітаппен жұмыс, көркем және ғылыми әдебиеттер, баспа материалдармен жұмыс істеу біліктерін қалыптастырады;
ұжымдық ой — пікірлері жетіледі, топ мүшелерін пікірлерімен ортақ тұжырым жасауға үйренеді;
мұғаліммен оқушылардың қарым — қатынасы ынтымақтастыққа болып, сенімділіктері артады;
оқушы өз ойын еркін айтуға, сөз мәдениетіне үйренеді;
білімін жүйелі түрде толықтыруға;
өз әрекетіне сын тұрғысынан қарауға;
тұжырым жасап қорытындылауға үйренеді;
оқу міндеттерін тиімді шешу мүмкіндігін тудырады.
Мұғалімнің басшылығымен жүргізілетін оқу сабақтары оқушылардың өз бетінше орындайтын шығармашылық жұмыстарымен ұштастырылып отырады. Өз беттерінше жұмыс жасауға үйретуде негізінен кітаппен жұмыс жасауға дағдыландыру және тапсырманы өзіндік жұмыс істей біуге, орындауға үйрету, өз еңбектерінің жемісін көріп, «рахат» сезіміне бөленуге ерекше жағдайлар жасау болып табылады.
Жаңа материалды игерумен байланысты әр алуан жаттығулар жүргізу сияқты оқушыларға өз бетінше орындайтын тапсырмалар берудің маңызы зор. Ондағы мақсат – іскерлігі мен дағдыларын қалыптастырып, дамыта түсу. Сондықтан ондай тапсырмаларды үйрету және тәрбиелеу сипатында болуы қажет. Бұдан шығатын қорытынды:
1) Оқушылардың өзіндік жұмыс істеуі үшін белгілі дәрежеде олардың ой белсенділігі, дербестігі керек.
2) Оқушылардың өзіндік істейтін жұмыстары ой-әрекет дербестігін, жұмыс дағдыларын қалыптастырады.
Енді осы қорытындыға байланысты мынандай екінші мәселе туады: оқушылардың өз бетінше істейтін жұмыстарының бәрі бірдей оның ой дербестігін дамыта, қалыптастыра ала ма? Мысалы, У-УІІ сыныптарда оқушы мұғалімнің сұрағына жауап береді, жасалған жоспар бойынша цитаттар, үзінділер жаттайды, оқыған мәтінінің мазмұнын айтып береді, жолдастарының жауаптарын толықтырады, сұрақтар береді т.б.
Оқушының бұл сияқты оқыға қатысы өзі істейтін жұмыстары оқу процесінде олардың белсенділігін туғызып, сол арқылы сабақтың әсерлілігін арттырады, оқушының қабілеті ұштап, жұмыс дағдыларына үйренеді.
Біздiңше, өзіндік істелетін шығармашылық жұмысты есепке алудың жолдары болуға тиiстi: сынып бойынша қысқаша байқау әңгiмесiн өткiзу және оқушылардан ауызша сұрау, көлемi ықшам жазбаша бақылау жұмыстарын өткiзу немесе жаттығулар орындату т. 6.
Оқушылардың бұл жөнiндегi бiлiмi мен жаттығу дағдыларына бағалар қойылып отырады. Бұл жұмысты оқушы ешкімнің көмегінсіз, жеке өзінің күшімен ғана орындап шығарады. Міне, бұл шын мәнінде оқушының өздігінен істеген шығармашылық жұмысы болып табылады.
Оқушының шығармашылығын арттыру үшін ұстаз ең алдымен өзі де
шығармашылық туралы толық мағлұматты болуы керек. Сол себепті
психологиялық және педагогикалық деректер де негізге алынды.
Шығармашылықтың алғы шарты әр адамда болады, бірақ ол байқала бермейді. Сол себепті оны қабілет, әлеует ретінде сипатталады. Оның іске қосылуы ішкі қажеттілікті қанағаттандырудан туындайды. Өмір сүру барысында қабілет әр түрлі деңгейде, әртүрлі деңгейлік пен жылдамдықта көрініс береді. Сол себепті ол «жасырын» жағдайдан актуальді жағдайға ауысып отырады. Психология ғылымында шығармашылық жалпы тұлғалық категория, оның мазмұны әртүрлі түсінік деңгейінде көрініс береді. Отандық белгілі психолог Қ.Жарықбаев шығармашыл тұлға туралы былай дейді: «Басқалардан көмек күтпей, мәселені шешуде басқа біреудің әдісін қайталамай, қалайда өзі шешуге тырысатын адам-шығармашыл ойдың иесі». Шығармашылық туралы көптеген пікірлер бар. Психолог А.Лернер «Шығармашылық әрекет - білім, білік, дағдыны жаңа жағдайға тасымалдай білуі, нысанның жаңа жаңғдайды көре білуі, жаңа шешімді таба білуі» - деп баға береді.
Аталмыш ойдың астарында қандай мағына жатқандығы туралы біз айтпасақ та түсінікті. Қазіргі білім белгілі бір орфография мен грамматиканы дөп тұрып көздемейді, керісінше, сыртынан жанап өтеді. Қазір ең бастысы білім алушының ертеңгі күнінде нанын тауып жей алатын азамат етіп қалыптастырып, білім ордасының қанаттандыруы басты негізгі орында тұрғанын да ескерте кеткеніміз жөн.
Ұлттық академияның бекіткен күнтізбелік жоспарына сәйкес тақырыптарды қарап отырып, талдау жұмыстары да қарастырылды. Әдебиеттер легінің көбісі соңғы бес жылдың мәліметтерімен толықтырылғандығына келтірілген мысалдар дәлел болмақ.
Педагогикалық шеберлік орталығында шығарылатын кітапшалар да көптеген көмегін тигізгені жалған емес-ті. Жалпы білім беретін мектептердегі педагогика кадрларының кәсіби даму бағдарламасы бойынша дайындалатын үлестірмелі материалдарда талқыланған әдіс-тәсілдердің барлығы дерлік аталмыш зерттеу жұмысында толығымен талданды.
Яки оқушының бойындағы шығармашылық құзіреттілікті қалыптастыру үшін қолданылатын әдістер мен технологиялар, ерекше заңдылықтар туралы да сөз болды.
Жаңартылған білім беру жүйесіне негізделген түрлі технологиялардың орындалуы тақырыпты өту барысында тиімді болып келеді. Жаһанданған заманға сәйкес оқушылардың шығармашылық құзіреттілігін қалыптастыру оның ары қарай өмір сүру дағдысына тікелей әсерін беретіні анық.
Практикалық бөлім
Зерттеу жұмысының материалдық базасы Аягөз қаласының №4 аралас жалпы орта білім беретін мектептің 5«А» және бақылау 5«Б» сыныптары алынды. Өзің қайдан өттің, соны жаз????????????????
Эксперимент барысында мұғалім оқушының сабақтағы әрбір әрекетін алдын – ала жоспарлау арқылы оның ойлау, болжау, тұжырымдау секілді оқытудың негізгі зерделік көрсеткіштерін де қалыптастырады.
Сабақтың нәтижесінен мейлінше жоғары көрсеткішпен шығу үшін, оны бастамас бұрын оқушы қандай мәселеге жете көңіл аударуы қажет, нені біліп, нені игеріп шығатыны туралы толық мағлұмат беріледі.
Сабаққа осындай дайындықпен қатысқан оқушы одан көптеген жаңалықты, қызықты материалдарды күтеді. Мұғалімнің міндеті – оқушының осы үмітін ақтау, оның маздап жануына қажетті бағыт беру.
Зерттеу-эксперимент жұмысының мақсаты – қазақ тілі сабақтарында өздік жұмыстарға оқушыларды баули отырып, шығармашылық қабілеттері мен іздемпаздықтарын дамыту.
Зерттеу жұмысындағы әрбір сабақ мазмұндық-логикалық ерекшелігіне қарай мынандай түрлерге сай етіп өтті:
1) Үлгі бойынша өзіндік жұмыстар. Бұл жұмыстар – мазмұны әр түрлі материалдарды пайдаланып ұйымдастырылатын жаттығулар.
2) Өзгертіп, қайта құрап жинақтайтын тәжірибенің, білімнің, дағдының негізінде орындалатын практикалық-интеллектілік жұмыстар.
3) Өзіндік істейтін вариантты жұмыстар. Бұлар ғылыми білімді қолдана білуге арналады, проблемалық мазмұнда болады. Жаңадан білім алу, логикалық қорытынды шығару талаптарын тудырады. Оқушылардың бұл жұмыстары тақырып аралық, пән аралық сипатта болып келеді.
4) Өзіндік істейтін шығармашылық жұмыстар. Ол ой мен іс-әрекеттің толық дербестігін қажет ететін жұмыс түрі, яғни өзіндік жұмыс істеудің ең жоғарғы сатысы болыр табылады.
Сабақта оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастыру және оқушыларды өзіндік жұмысқа үйрету жолдары:
1. Оқулық бойынша өзіндік жұмыс.
2. Оқулықты жаңа материалды өтумен байланысты пайдалану.
3. Теориялық материалды түсіндіру алдында немесе соңында өткізілетін өзіндік жұмыс.
4. Әр алуан жаттығуларды орындағанда кітап бойынша жұмыс істеу деген сатылар бойынша жүзеге асырылды.
Оқушыларды өздік жұмысқа баулып, олардың шығармашылық қабілеттерін, белсенділіктерін, қызығушылықтарын арттыруда түрлі әдіс-тәсілдерді өз сабағымызда қолдандық:
-
Мәтін, ертегі, әңгімені өз бетінше аяқтау. -
Ақын, жазушылардың дайын мәтіндерін басқаша аяқтау. -
Белгілі мақал негізінде әңгіме жазғызу. -
Мәтін бойынша мақал құрастыру. -
Табиғат құбылыстарына, заттарға және жеке суреттерге қарап жұмбақ құрастырту. -
Әңгімелерді салыстыру, бөліктерге бөлу. -
Шығарма, мәтін, ертегі құрастыру. (тақырып бойынша, жоспар бойынша, тірек сөздер арқылы). -
Өлең, мақалдар құрастыру. -
Шығармадағы әңгімелерге ұқсас оқиғалар айтқызу. -
Кейіпкергемінездеме беру. -
Шығарма бойынша сурет салғызу, ауызша суреттеу, қиялдау арқылы суреттеу, мүсіндеу. -
Рөлге бөліп оқыту. -
Логикалық ойлауын дамытатын ойындармен берілген тапсырмаларды шешкізу (анаграмма, сөзжұмбақ, ребус) -
Диалог-ертегі. -
Образға кіру.
Өздік жұмысты ұйымдастыруда жүргізген диктанттар түрлері.
1. Суретті диктант. Бұл диктантты түрлендіріп өткізуге болады. Мысалы, суреттегі заттың атын ататып, ондағы сөзде неше дыбыс болса, сонша тор көз сыздыру. Немесе суреттегі заттарды атап, дауысты дауыссыз дыбыстарды көк не қызыл дөңгелекпен белгілеу, суреттегі заттарды буынға бөлгізіп жаздыру. Айтып отырып жазу әдісін қолдану.
2. Сөздік диктанты. Сөздік диктантын күрделендіріп алдық. Бірнеше сөздер жаздырып, осы берілген сөздердің жұрнақ, жалғауын сызба арқылы ажыратып шықты. Бұл жерде сөздік диктанты графикалық диктантпен байланыстырдық.
3. Шығармашылық диктанты. Үйрету диктанттар ішінде мазмұн, құрылым, әдіс-тәсіл жағынан ең күрделісі оқушылардың ойлау қабілетін, сөздік қорын білім деңгейімен өздігінен жұмыс істеудегі шеберліктерін арттыру. Бұл диктанттың көп нүктенің орнына тиісті әріптерді қою, сөздерді дұрыс орналастыру арқылы сөйлем құрау, басы жазылған мәтінді аяқтау сияқты басқа диктанттарға ұқсамайтын өзгешеліктер болды. Мысалы:
-
Ауамен, біз, дем, аламыз. -
Ауа, денсаулыққа, таза, пайдалы, өте. -
Үйдің, таза, ауасын, әр уақытта, сақтаңдар. -
Жиі, терезені, тұрыңдар, ашып
Бұл жерде сөзді дұрыс орналастыру арқылы сөйлем құрап жазу керек.
4. Терме диктант. Бұл диктант түрі белгілі бір ережені оқушылардың қалай меңгергенін байқау үшін сабақ үстінде жүргізілді. Мұнда диктант мәтінін оқыр алдында қандай ережеге көңіл аудару керек екендігін ескерттік. Оқушылар мәтінді дұрыс жазбай, мұғалім оқып тұрған мәтіннен әркім өзіне берілген тапсырмаға лайықты сөздермен сөз тіркестерін немесе сөйлемдерді теріп жазады. Мысалы, оқушыларды үш топқа бөліп деңгейлеп тапсырма бердік.
І топ: заттың қимылын білдіретін сөздерді теріп жазу.
ІІ топ: тасымалдауға болмайтын сөздерді теріп жазу.
ІІІ топ: жіктелген сөздерді теріп жазу.
5. Өздік диктанты. Оқушылар өтілген материалдарға байланысты әріптер мен буындарды, сөзбен сөз тіркестерін және жекелеген сөйлемдер мен жаттап алған өлең, жұмбақ, жаңылтпаш, мақал-мәтелдерді естеріне түсіріп, ойлана отырып өз бетінше жазады.
Диктанттың бұл түрінің өткенді қайталап, тіл ұстартуда маңызы зор. Мұғалім өздік диктантын қай күні болатынын, нені қайталап келу керектігін оқушыларға алдын-ала ескертіп қояды. Мысалы, көп нүктенің орнына қимылды білдіретін сөздерді жаздыру.
Көктем… Қар… Жер… Жаңбыр… Найзағай… Құстар туған жерге… Арықтарда су…
6. Бақылау диктанты. Бұрын өтілген материалдарды оқушылар қандай дәрежеде меңгергенін және сауаттылық деңгейінің қандай екенінің анықтау мақсатымен жүргізіледі. Бұл диктант белгілі бір тарауды оқып бітіргеннен кейін өткізіледі. Ол төмендегіше жүргізіледі:
- Диктант тақырыбы тақтаға жазылады да, алғашқы сөйлемнің бірінші сөзі жаңа жолдан басталатыны ескертіледі.
- Диктант мәтінінде кездесетін жазылуы қиын немесе ережелері өтілмеген сөздерді мұғалім үзілісте тақтаға жазып қояды.
- Диктант мәтінін мұғалім екі рет дауыстап оқып, жазылуы қиын сөздерді тақтадан қарап алуын ескертеді.
- Егер диктант мәтіні жеке сөздермен сөз тіркестерінен немесе байланысты сөздерден құралған болса, мұндай мәтіндердің әрбір сөзі мен сөйлемін мұғалім 3 рет қана қайталап оқиды.
Мұғалім оқушылардың түгелдей жазып отырғанан қадағалап, ең баяу жазатын оқушы бітісімен келесі сөйлемді оқиды.
- Оқушылар түгел жазып болғаннан кейін мұғалім мәтінді бастан аяқ тағы бір рет оқиды. Осы кезде оқушылар өз жазғандарын мұғалімге ілесе отырып тексереді. Қатесі болса түзетеді.
Осы сияқты жұмыс түрлерін жүргіздік. Енді осы өздік жұмысқа неізделен шығармашылық тапсырмалардың кейбіреуіне тоқтала кетейік.
І.Қате құрылған мәтінді, сөйлемдерді орын-орнына қойып, логикалық жүйелікті сақтап, қайта құрастырып жазу керек. Мысалы: Тышқан не айтарын білмейді де, жылды кім бұрын көрсе сол жыл басы болсын деп бір қулық ойлап табады. Ерте заманда хайуандар жыл басы болуға таласыпты. Өзі түйенің үстіне шығып, өркешіне мініп отырып алыпты.
Олардың әрқайсысы адамға тигізетін пайдасын айтып, өздерін жыл басы болуға лайықпын деп дәлелдейді. Түйе бойына сеніп құр қалыпты. Сонан соң тышқан жылды бәрінен бұрын көріп, хабар беріп, жыл басы болыпты.