Файл: Мектептердегі дістемелік бірлестіктерді ызметін йымдастыру жне жоспарлау Юлдашбеков Умиджан Бахадирович.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 101
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мектептердегі әдістемелік бірлестіктердің қызметін ұйымдастыру
және жоспарлау
Юлдашбеков Умиджан Бахадирович
Әдістемелік жұмыс – бұл ғылым мен педагогикалық озат тәжірибе жетістіктеріне және оқу-тәрбие жұмысының нақтылы жағдайына сүйене жүргізілген, өзара байланысты іс-әрекеттер мен шаралар жүйесі, ол әрбір мұғалім мен тәрбиешінің біліктілігін, кәсіби шеберлігін жан-жақты арттыруға бағытталған (мұғалімдердің өз бетімен кәсіби білімін көтеруін, өзін-өзі тәрбиелеу, жетілдіру шараларын басқаруды қоса) шаралар, педагогикалық ұжымның ілімдік мүмкіндік шамасын дамыту және арттыру, сайып келгенде, оқу-тәрбие жұмысын жетілдіру, нақты оқушыны білім, тәрбие алу және даму деңгейіне жеткізу.
Директордың оқу істер жөнiндегi орынбасарының функционалдық мiндеттерi мектептегi инновациялық жұмыстармен, ғылыми теориялар негiзiмен, озат тәжiибелер мен жетекшi идеялар, экспериментпен байланысты болғандықтан, оны жүзеге асыру барысында тек қана бiлiм берудiң жаңалығы iске асып қана қоймайды, тағы бiрі дүниеге келiп практикада тексерiледi. Сонымен қатар нақты нәтиже беретiн жаңа мазмұн, жоғары тиiмдi технологиялар айқындалады. Мұның бәрi директордың ғылыми жұмыстар жөнiндегi орынбасарының басқару және жетекшiлiк ету нысаны болып табылады.
Мектептегі мұғалімдермен жүргізілетін әдістемелік жұмыстар
Мектептегі әдістемелік жұмыс – өзінің ғылыми-теориялық және әдістемелік дайындығы мен кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында мұғалімдердің жүйелі түрде жүргізетін ұжымдық және жеке іс-әрекеттері.
Әдістемелік жұмыстың мақсаты: педагогтардың кәсіби шеберлігін жетілдіру.
Әдістемелік жұмыстың міндеттері:
1.Мұғалімдерге оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің және дамытудың қағидалары мен әдістемелік тәсілдерін жүзеге асыруға көмек беру.
2.Мұғалімдерді педагогикалық бағыттағы шығармашылық ізденіске тарту.
Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру формалары: педагогикалық кеңестер, әдістемелік кеңестер, әдістемелік бірлестіктер, проблемалық шығармашылық топтар, ғылыми-практикалық конференциялар, педагогикалық оқулар, шығармашылық есептер, теориялық семинарлар мен семинар-практикумдар
, озат тәжірибе мектебі, жас мамандар мектебі.
Әдістемелік кеңес жұмысының жылдық жоспары
І. Әдістемелік кеңес жұмысының мақсаты мен міндеттері:
-
Өткен жылдардағы жұмыс нәтижесіне талдау; -
Жаңа оқу жылындағы проблемаларға бағыт; -
Проблеманы шешу жолдарындаѓы міндеттер;
ІІ.Әдістемелік ұйымдастыру шаралары:
-
Әдістемелік кеңестің құрамын бекіту; -
Пәндік әдістемелік бірлестіктердің жылдық жоспарын бекіту; -
Факультативтік сабақ жоспарларын таңдау, бекіту; -
Өз білімін жетілдіру жоспарын бекіту; -
Жас ұстаздарға көмек тобын ұйымдастыру; -
Білім жетілдіру бағытындағы курсқа жіберу кестесін жасау;
ІІІ.Әдістемелік кабинетті жабдықтау:
-
Әдістемелік бұрыш ұйымдастыру; -
"Озат тәжірибе" бұрышы; -
Әдістемелік жаңалықтар стенді;
ІV.Әдістемелік шығармашылық жұмыстар:
-
Әдістемелік кеңес отырыстарын өткізу (ай сайын). -
Мектепішілік шығармашылық топтар құру (үлкен мектептерде). -
Пән апталықтарын өткізу, белгілеу; -
Пәндік олимпиадаларға оқушыларды дайындау, өткізу; -
Мектепішілік педагогикалық оқу нәтижесін шығару формалары: а)бірыңғай өткізу; б)педкеңесте өткізу; в)бірлестіктер ұсынысын бекіту. -
Озат тәжірибелерді зерттеу, насихаттау, формалары:
-
Семинар сабақтар өткізу; Пән бірлестіктерінің апталықтарын өткізу; -
Плакат, буклет шығару; Баспаға материал беру; -
Жыл үздігі байқауларын өткізу ( жыл мұғалімі); -
Оқу кабинеттері байқауын өткізу; Оқу кабинеттерін аттестациялау; -
Мектепке бүлдіршіндерді әзірлеу, балабақшамен байланысу, жоғары топ балаларының дайындығын зерттеу; -
Бастауыш буыннан орталау мектепке өту кезеңіндегі оқушының білімділігі мен біліктілігіне зерттеу жүргізу;
V.Бастауыш буыннан орталау мектепке өту кезеңіндегі оқушының білімділігі мен біліктілігіне зерттеу жүргізу:
-
Бірлестік жетекшілерінің есебін тыңдау; -
Шығармашылық зерттеу жұмысының қорытындысын тыңдау; -
Үлгілі семинар сабақ қорытындысын талдау; -
Тақырыптық зерттеу қорытындысын тыңдау.
I.Әдістемелік жұмыстың мақсат-міндеттері мен құрылымы
Әдістемелік жұмыс – оқу-тәрбие жұмысының әдіс-тәсілдерін игеріп, оны сабақ пен сыныптан тыс шараларда қолдануда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың жаңа, тиімді әдіс-формаларын іздеу бағытында мектеп әкімшілігінің мұғалімдер және тәрбиешілермен бірлесіп өткізетін іс-шараларының жиынтығы.
Негізгі мақсаты – озат тәжірибені зерттеу-жинақтау, мектеп әкімшілігі мен ұстаздардың кәсіби біліктілігі мен педагогикалық шеберлігін арттыруға, оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудегі пән мұғалімдері мен тәрбиешілерге нақты көмек беру.
Негізгі міндеттері
-
Оқу жоспарлары мен бағдарламаларды жетілдіру. -
Оқу құралдарының мазмұнын дайындау мен оны жаңарту. -
Сабақтардың барлық түрлерінің өту тиімділігін, әдістемесін жетілдіру. -
Жаңа талаптарға сай жаңа оқулықтар мен оқу құралдарын дайындау. -
Оқытудың әдіс-формаларын жетілдіру, тиімді жолдарын іздестіру.
Әдістемелік жұмыстардың мазмұны
-
Ғылыми зерттеулер жүргізу. -
Бағдарламаларды үйлестіру. -
Ақпараттандыру мәселелерін талқылау. -
Оқушылар үлгерімін талдау. -
Оқыту әдістемесін жетілдіру. -
Мектепішілік бақылауды сараптау. -
Озат тәжірибені жинақтау, тарату. -
Ғылым жетістіктерін практикаға ендіру.
Әдістемелік жұмыстың жылдық жоспарының үлгісі
-
Өткен оқу жылының әдістемелік жұмыстарын талдау. -
Жаңа оқу жылының әдістеелік жұмыстарының тақырыбын айқындау. -
Әдістемелік жұмыстардың мақсат-міндеттерін айқындау. -
Ұйымдастырушылық-әдістемелік нұсқаулықтар әзірлеу. -
Өткізілетін негізгі іс-шаралар кестесі мен тізімін жасау. -
Әдістемелік бірлестіктер жұмысын ұйымдастыру. -
Әдістемелік жұмыстарды бақылау мен есеп беру.
IІ.Мектептегі әдістемелік жұмыстың оқу жылына арналған жұмыс жоспары
2.1.Өткен оқу жылына жасалған талдау
-
Өткен оқу жылының мақсат-міндеттері және олардың жүзеге асырылу барысы. -
Жетістіктер мен кемшіліктер және олардың себеп-салдарлары.
2.2.Әдістемелік жұмыстың негізгі міндеттері
-
Әдістемелік апталықтар мен түрлі іс-шараларды сапалы өткізу, оның педагогтардың кәсіби біліктілігі мен әдістемелік шеберлігін жетілдірудегі ролін арттыру. -
Жаңа педагогикалық технологияларды тиімді қолдана отырып, барлық сабақтар мен сыныптан тыс шараларды жоғары әдістемелік деңгейде өткізу. -
Өзара тәжірибе алмасу жиындарын өткізе отырып, жас мамандардың кәсіби қалыптасуын қамтамасыз ету. -
Оқытудың белсенді әдіс-формалары мен тиімді технологияларын іздестіре отырып, тәжірибе-сынақтар жүргізу. -
Жаңа оқу-тәрбиелік, ғылыми әдістемелік дидактикалық материлдар мен оқу құралдарын жасай отырып, инновациялық білім беру процесін ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету. -
Оқу-тәрбие процесін жетілдіру барысын талдай отырып, шығармашыл мұғалімдердің озат тәжірибелерін зерттеу, жалпылау және тарату. -
Мектеп бітірушілердің білімдерінің ғылыми базасын нығайта отырып, таңдаған пәні бойынша жоғары оқу орнына түсуіне бағытталған дайындық жұмыстарын күшейту. -
Оқушылардың бойында жоғары моральдік және адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, оларды кешенді тәрбиелеу бағдарламаларын жетілдіру.
2.3.Ұйымдастырушылық-әдістемелік нұсқаулықтар
-
Мектептегі әдістемелік жұмыстарды облыстық білім басқармасы мен аудандық бөлімінің бұйрықтарын, өткен оқу жылының қорытындыларын басшылыққа ала отырып жоспарлау және ұйымдастыру. -
Әдістемелік кеңес отырыстарын жоспарлы түрде тоқсанына бір рет өткізу:-
Өткен оқу жылындағы әдістемелік жұмыстардың қорытындысы және жаңа оқу жылының міндеттері – қыркүйек. -
Әдістемелік және пән апталықтарын өткізе отырып, жаңа технологияларды қолдану бағытындағы озат педагогикалық тәжірибені тарату – қараша. -
Оқушылардың шамадан тыс оқу жүктемелерін азайту арқылы білім сапасын арттыру жолдары – қаңтар. -
Оқытудың тиімді технологияларын мектеп практикасына ендіру бағытындағы тәжірибе-сынақ жұмыстарының алғашқы нәтижелері мен оның себеп-салдарлары – наурыз.
-
-
Әдістемелік апталықты ақпан айында өткізу. -
Әдістемелік бірлестіктердің алғашқы жоспарлау отырыстарын 31.08.2022 жыл өткізу: -
Бірлестіктердің алғашқы жоспарлау отырыстарында мына мәселелерді қарау:
-
2022-2023 оқужылына арналған ӘНХ ты таныстыру және әдістемелік жұмыс жоспарын бекіту. -
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты негізінде тақырыптық күнтізбелік жоспарларды құру; -
ББЖМ – туралы -
Мұғалім портфолиосының құрылымы -
Түрлі мәселелер
-
Бірлестік отырыстарын тоқсанына бір рет өткізу және онда мына мәселелерге назар аудару:
-
Оқу жоспарлары мен бағдарламаларын сапалы түрде жүзеге асыру және оны дидактикалық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету. -
Озат тәжірибе мектебінің жұмысын жоспарлай отырып, жаңашыл және тәжірибелі мұғалімдердің озат тәжірибесін зерттеу, жалпылау және тарату. -
Жаңа оқу жылындағы оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру туралы нормативтік құжаттарды басшылыққа ала отырып, сабақтарды әдістемелік қамтамасыз ету. -
Жаңаша оқыту жүйелерін зерттей отырып, оқытудың тиімді технологияларын мектеп тәжірибесіне сатылап ендіру. -
Нормативтік актілерді оқып-үйрене отырып, мектеп құжаттарын толтыруда бірыңғай талаптарды басшылыққа алу. -
Психология мен педагогика және пәнді оқыту әдістемесі бойынша әдебиеттерге шолу жасай отырып, мұғалімдердің өз білімін жетілдіруіне үнемі ықпал ету. -
Мұғалімдер мен оқушылардың ғылыми қоғамдарын құра отырып, ғылыми зерттеу жұмыстарын жүйелі жүргізуді ұйымдастыру. -
Мұғалімдердің қажеттіліктері мен сұраныстарына диагностика жүргізе отырып, өзара тәжірибе алмасу семинарлары мен оқуларын өткізу. -
Білім сатысы оқуларынан өту жоспарын жасай отырып, мұғалімдердің біліктілік санаттарын көтеруде жүзеге асыру. -
Ақылшы ұстаздар тағайындай отырып, жаңадан келген және жас мамандармен жүргізілетін жұмыстарды жандандыру. -
Жаңа бағдарламалар әзірлеу және оқыту технологияларын ендіру бағытындағы тәжірибе-сынақ жұмыстарын жүргізу. -
Қосымша білім беру бағдарламаларын дайындай отырып, сыныптан тыс үйірме жұмыстары мен факультативтерді ұйымдастыру.
-
Пән апталықтарын төмендегіше ұйымдастырып, өткізу:
-
Ән-күй және бейнелеу өнері– қазан -
Дене тәрбиесі, АӘД және технология - қазан -
Бастауыш сыныптар – қараша -
Қазақ тілі мен әдебиеті – желтоқсан. -
Орыс тілі мен әдебиеті – қаңтар. -
Ағылшын тілі – ақпан -
Өзбек тілі - ақпан -
Тарих және қоғамдық пәндер – наурыз. -
Математика, физика және информатика – сәуір. -
Химия және биология – сәуір.
-
Оқу-тәрбие процесін жетілдіру бағытындағы іс-тәжірибелерді дер кезінде талдап, жалпылап, тарату үшін бірлестік отырыстарында қарастырылған материалдар мен қабылданған шешімдерді мектеп директорының ғылыми-әдістемелік жұмыстар жөніндегі орынбасарына уақытылы өткізіп отыру. -
Пәндік және әдістемелік апталықтарды өткізу барысын бақылауды мектеп директорының оқу істер бойынша орынбасарына міндеттеу.
Өткізілетін негізгі іс-шаралар
І.Мектеп әдістемелік кеңесінің жұмыс жоспары
Мақсаты: Оқу-тәрбие процесіне оқытудың тиімді технологияларын сатылап ендіруді жүзеге асыру.
Мiндеттерi:
-
Тұжырымдамалық негіздерін оқып-үйрене отырып, мектеп тәжірибесіне оқытудың тиімді технологияларын сатылап ендіру. -
Жаңа технологияларды қолдану бағытындағы озат педагогикалық тәжірибені зерттеп, жалпылау және тарату.
№ | Өткiзiлетiн iс-шаралар тақырыбы мен мазмұны | Өткiзу формасы | Мерзiмi | Жауапты |
| Өткен оқу жылындағы әдістемелік жұмыстардың қорытындысы және жаңа оқу жылының міндеттері | Отырыс | Қыркүйек | |
| Әдістемелік және пән апталықтарын өткізе отырып, жаңа технологияларды қолдану бағытындағы озат педагогикалық тәжірибені тарату | Отырыс | Қараша | |
| Білім беруді нәтижеге бағыттау арқылы білім сапасын арттыру жолдары | Отырыс | Қаңтар | |
| Оқытудың тиімді технологияларын мектеп практикасына ендіру бағытындағы тәжірибе-сынақ жұмыстарының алғашқы нәтижелері мен оның себеп-салдарлары | Отырыс | Наурыз | |