Файл: Мектептердегі дістемелік бірлестіктерді ызметін йымдастыру жне жоспарлау Юлдашбеков Умиджан Бахадирович.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 06.12.2023

Просмотров: 102

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Мамыр

  1. Шығармашылық топ мұғалімдерінің есебі: «Деңгейлік әдістермен оқыту және Дамыта оқыту, Сыни тұрғыдан ойлау -жетістіктер кепілі».

  2. Ізденіс бағытындағы мұғалімдердің жұмыстарын аралық және соңғы нәтижелері бойынша саралау,бағалау.

  3. Әдістеме бірлестік жетекшілерінің есебі.

Әдістемелік бірлестік

Әдістемелік бірлестік туралы нұсқаулар

Әдістемелік бірлестік – мектептегі әдістемелік қызметтің бір немесе бірнеше пән бойынша оқу-тәрбие, әдістеме, тәжірибе-эксперимент және сыныптан тыс жұмыстар жүргізетін құрылымдық бөлімшесі. Әдіс бірлестігі бір немесе сыбайлас бірнеше пәннен, құрамында кемі бес мұғалім болған жағдайда, сәйкесті орынбасарының ұсынысы бойынша, мектеп директорының бұйрығымен құрылады және таратылады. Пәндік әдіс бірлестігі тікелей оқу-тәрбие (не әдістемелік жұмыс) ісі меңгерушісіне бағынады.

Әдістемелік бірлестіктің негізгі міндеттері мен бағыттары

  • Оқушылардың ақыл-ой, мәдени, адамгершілік мұқтаждықтарын қанағаттандыру;

  • Бір немесе бірнеше пәндер бойынша оқу-тәрбие, әдістеме және эксперимент жұмыстарын жоғары кәсіби деңгейде дайындау және өткізу;

  • Әр түрлі сабақтар мен іс-шараларды өткізу әдістемесін жетілдіру мен оларды оқу-әдістемелік, материалдық-техникалық қамтамасыз ету;

  • Мұғалімдердің кәсіби педагогикалық біліктілігін көтеру;

  • Педагогикалық эксперименттер жүргізу;

  • Мектеп бітірушілермен кәсіптік бағдар жұмыстарын ұйымдастыру;

Әдістемелік бірлестік жұмысы

Әдістемелік бірлестікті тәжірибелі мұғалімдердің ішінен бірлестік мүшелерімен келісе отырып, мектеп директоры тағайындаған адам басқарады. Әдістемелік бірлестік жұмысы бірлестік жетекшісі мектептің жылдық жоспарына сәйкес жасаған жоспарға сай жүргізіледі. Жоспар әдістемелік жұмыстар меңгерушісімен келісіледі, мектеп директорына бекітіледі.

Әдістемелік бірлестік отырыстары тоқсанына кем дегенде бір рет өткізіледі. Өтетін орны мен уақыты мектеп әкімшілігіне алдын ала хабарлануы тиіс. Қаралған әр мәселе бойынша жазбаша нұсқаулар жасалып, орындалу барысы қадағаланады.


Әдістемелік бірлестіктің негізгі жұмыс формалары

  • Эксперименттер, байқау-сынақтар жүргізу;

  • Дөңгелек үстелдер, семинар-конференциялар дайындау;

  • Шығармашылық және тәжірибелік есептер өткізу;

  • Әдіс бірлестігі отырыстарын өткізу;

  • Пәндік ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар өткізу;

  • Лекция, баяндамалар, пікірталастар өткізу;

  • Озат тәжірибе мен қажетті құжаттарды зерттеу, жүзеге асыру;

  • Пән және әдістеме апталықтарын өткізу;

  • Өзара тәжірибе алмасу және сабаққа ену;

  • Сабақтар мен шараларды өткізу сапасын қадағалау;

  • Ұстаздар мен оқушылардың білім-біліктілігін тексеруге қатысу,

Әдістемелік бірлестіктің негізгі іс-әрекет бағыттары

  • Пәндер бойынша оқыту нәтижелерін талдау;

  • Оқу бағдарламаларының өзгермелі бөлігін дайындауға, оқу мазмұны мен қойылатын талаптарға өзгерістер енгізуге қатысу;

  • Пәндер бойынша жинақталған, кіріктірілген оқу бағдарламаларын дайындау;

  • Пәндер бойынша оқу-әдістемелік құралдар, үлестірме материалдар жасау, талқылау;

  • Ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар, кәсіби байқаулар өткізу,

  • Мұғалімдер мен оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, өткізу;

  • Жаңа ақпараттық және оқыту технологияларын іздеу, мектеп практикасына ендіру бағыттарындағы эксперименттерді ұйымдастыру;

  • Көрнекі құралдар жасау мен жетілдіру, оқу-лабораториялық базаны нығайту жұмыстарын жүргізу;

  • Жас мамандарға тәлімгерлік жасау, арнаулы оқулар ұйымдастыру, курстарға жіберу жұмыстарына қатысу;

  • Байқаулар мен олимпиадалар өткізу туралы ережелер жасауға қатысу;

Әдістемелік бірлестік құжаттары

  1. Әдістемелік бірлестіктің ашылуы туралы бұйрық.

  2. Бірлестік жетекшісін тағайындау туралы бұйрық.

  3. Әдістемелік бірлестік туралы Ереже.

  4. Бірлестік мүшелерінің қызметтік міндеттері.

  5. Өткен оқу жылына жан-жақты талдау.

  6. Жаңа оқу жылы тақырыбы, мақсаты, басым бағыттары, оқу жылының жұмыс жоспары.

  7. Әр айға арналған бірлестік жұмысының жоспар-кестесі.

  8. Мұғалімдер туралы мәлімет.

  9. Мұғалімдердің өзіндік білім көтеруі туралы мәліметтер.

  10. Іс-шаралар өткізудің кестесі.

  11. Аттестациялаудың перспективалық жоспары, жылдық кестесі.

  12. Мұғалімдердің кәсіби біліктілік арттыру жоспар-кестесі.

  13. Пәндер бойынша ағымдық бақылаулар алу кестесі

  14. Тоқсандық әкімшілік бақылау алу кестесі.

  15. Ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралардың кестесі

  16. Озат тәжірибелер туралы мәліметтер.

  17. Жалпы, факультативтік және авторлық бағдарламалар.

  18. “Жас маман ” мектебінің жұмыс жоспары.

  19. “Озат тәжірибе” мектебінің жұмыс жоспары.

  20. Пән және әдістемелік апталықтарды өткізу жоспары.

  21. Мектепішілік бақылау жұмыстарының жоспары.

  22. Бірлестік отырыстарының хаттамалары.


Пәндік әдіс бірлестігінің жылдық жұмыс жоспарының құрылымы

I.Жоспар төмендегі тараулардан тұруға тиіс:

  1. Ұйымдастыру жұмыстары.

  2. Мұғалімдердің жылдық зерттеу жұмыстары.

  3. Оқыту сапасы мен және оқыту әдістемесін зерттеу.

  4. Оқушылардың білімін тексеру.

  5. Өзара тәжірибе алмасу, озат тәжірибені тарату.

  6. Жас мұғалімдерге көмек.

  7. Кабинетті жетілдіру жұмыстары.

Әдістемелік бірлестік құқықтары

  • Сабақ сапасы мен оқушылар білімінің сапасын көтеруге бағытталған мұғалімдерге арналған нұақаулар мен ұсыныстар дайындау, білім-білік жетілдіру жолдарын ұсыну;

  • Мұғалімдердің біліктілік санатын көтеру, аттестацияны тиімді өткізу туралы ұсыныстар жасау;

  • Кәсіптік байқауларға бірлестік атынан лайықты мұғалімдерді ұсыну және дайындау;

  • Еңбегінің нәтижесіне қарай мұғалімдерді мадақтау-марапаттау туралы мектеп әкімшілігіне ұсыныстар жасау;

  • Әдіс бірлестігінде жинақталған озат тәжірибе туралы материалдарды жариялау туралы мәселе көтеру;

  • Оқу-тәрбие мәселелері бойынша мектеп әкімшілігі мен әдіскерлерден ақыл-кеңестер сұрау;

Әдістемелік бірлестік жұмысын бақылау

Әдістемелік бірлестік жұмысын мектеп директоры, оқу ісінің меңгерушісі мектеп директоры бекіткен әдістемелік жұмыс пен мектепішілік бақылау жоспарларына сәйкес бақылайды.

Әдістемелік бірлестіктің жылдық жұмысының үлгі жоспары

І.Әдістемелік бірлестік жетекшілерімен жұмыс

Мақсаты: бірлестік алдына қойылған міндеттерді дер кезінде және сапалы атқару.



Өткiзiлетiн iс-шаралар тақырыбы мен мазмұны

Өткiзу формасы

Мерзiмi

Жауапты




1.Мұғалімдердің кәсіби сапалары мен әдістемелік жұмыстары бойынша мәліметтер қорын құру (Материал жинау және жүйелеу, қорыту)




Тамыз

ӘБЖ және пән мұғалімдері




2.Жаңа оқу жылына құрылған ғылыми-әдістемелік жұмыс жоспарын бекіту және оны жүзеге асыруды ұйымдастыру жолдарын анықтау (Жаңа оқу жылында жүргізілетін ғылыми-әдістемелік жұмыс жоспарын талдау)




Мамыр

ӘБЖ




3.Мектепте әдістемелік апталығын өткізу туралы ұсыныстарды талдау, шешім қабылдау (Материал жинау және жүйелеу, қорыту)




Тамыз

ӘБЖ және пән мұғалімдері




4.Пәндер бойынша ашық сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстар, семинар, дөңгелек үстелдер, шығармашылық есептерді ұйымдастыру жоспары мен өткізу кестесін құру (Материал жинау және жүйелеу, қорыту)




Қыр-күйек

ӘБЖ және пән мұғалім-дері




5.Бірлестіктегі біліктілігін көтеретін және аттестациядан өтетін мұғалімдердің тізімін анықтап, нақтылау (Мұғалімдердің кәсіби біліктілік көтеру курстары мен аттестациядан өтуінің нәтижесін талдау)




Тамыз

ӘБЖ және пән мұғалімдері




6.Әдістемелік апталықты өткізу жоспарын келісу. Бірлестік мұғалімдерінің біліктілік арттыру курстары мен аттестациядан өтіп, санат дәрежелерін көтеру жұмыстарын ұйымдастыру (Мұғалімдермен әңгімелесу)




Жыл бойы

ӘБЖ мен ӨӘЖО және ӘБЖ




7.Бірлестік отырысын өткізу (Сабақтарға және сыныптан тыс іс-шараларға қатысу нәтижесін талдау)




Бір оқу жылында 5 отырыс өткізу

ӘБЖ және пән мұғалімдері



ІІ.Әдістемелік бірлестік ішіндегі жұмыстар

Мақсаты: әдiстемелiк бiрлестiктегi мұғалімдер білімін, педагогтік тәжірибесін және кәсіби деңгейін көтеру.



Өткiзiлетiн iс-шаралар тақырыбы мен мазмұны

Өткiзу формасы

Мерзiмi

Жауапты




1.Оқу үрдісіне жаңа педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдарын енгізу (Жаңа технологиялармен таныстыру)




Жыл бойы

ӘБЖ және пән мұғалімдері




2.Әдістемелік апталық жоспары бойынша өтілетін іс-шаралардың жоспары (Пән бойынша ашық сабақтар мен сыныптан тыс іс-шаралар)




ӨӘЖО жоспары бойынша

ӘБЖ және пән мұғалімдері




3.Пән бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар, факультативтік сабақтар мен үйірме жұмыстарының бағдарламаларын, жеке сабақтар жоспарларын талқылау (ӘБ отырысы )




Қыркүйек

ӘБЖ және пән мұғалімдері




4.Әріптестерінің конференция, семинар, дөңгелек үстел және т.с.с жасаған баяндама, сөйлеген сөздерін талқылау (ӘБ отырысы )




Жоспар бойынша

ӘБЖ және пән мұғалімдері




5.Баспаға, басылым беттеріне жариялауға ұсынатын материалдар сапасын талқылау (ӘБ отырысы)




Жыл бойы

ӘБЖ және пән мұғалімдері




6.Емтихан материалдарын талқылау (ӘБ отырысы )




Наурыз, сәуір

ӘБЖ және пән мұғалімдері




7.Педагогикалық (әдістемелік) эксперимент нәтижесін талқылау (ӘБ отырысы )




Жыл бойы

ӘБЖ және пән мұғалімдері




8.Мұғалімдердің өз білімін көтеру туралы есебін тыңдау (Семинар, дөңгелек үстел)




Жоспар бойынша

ӘБЖ және пән мұғалімдері




9.Кабинеттік жүйені жетілдіру мен дамыту туралы ұсыныс пікірлерді талқылау (Кабинетті дамыту жұмысын талдау)




Жыл бойы

ӘБЖ және пән мұғалімдері



Әдістемелік бірлестіктiң жұмыс жоспары

Кез келген әдiстемелiк бiрлестiктiң жұмыс жоспары төмендегiдей бөлiмдерден тұрады:

  • Әдiстемелiк бiрлестiктiң әдiстемелiк тақырыбы.

  • Жаңа оқу жылындағы бiрлестiк алдындағы мақсат-мiндеттер.

  • Облыстық, аудандық, мектепiшiлiк iс-шаралар.

  • Әдiстемелiк бiрлестiктiң оқу-тәрбиелiк жұмыстары.

  • Бiрлестiктегi әдiстемелiк жұмыстар.

  • Әдiстемелiк қызметтi оқу-әдiстемелiк қамтамасыз ету.

Бастауыш сынып мұғалiмдерi әдiстемелiк бiрлестiгiнiң бiр оқу жылына арналған

жұмысының үлгi жоспары

Тақырыбы: педагог қызметi мен еңбегiнiң нәтижесiн ғылыми негiздеп талдауды меңгеру.

Мақсаты: Мұғалiмдердiң бастауыш бiлiм берудегi зердесi мен кәсiби құзырлылық және педагогикалық шеберлiк деңгейлерiн үздiксiз жетiлдiру.

Мiндеттерi:

  1. Барлық типтегi сабақтарды өткiзудiң жоғары әдiстемелiк деңгейiн қамтамасыз ету.

  2. Жас мамандардың кәсiби тұлғасын қалыптастыру.

  3. Бiрлестiк мұғалiмдерiнiң кәсiби бiлiктiлiгiн көтеру.

  4. Шығармашылықпен жұмыс iстейтiн мұғалiмдердiң iс-тәжiрибесiнiң тиiмдi тұстарын айқындау, жинақтау, тарату.

  5. Оқу-тәрбие үрдiсiне жаңа педагогикалық технологияларды ендiру.

  6. Бастауыш саты оқушыларының бойында рухани-адамгершiлiк касиеттердi қалыптастыру.

  7. Бастауыш саты мұғалiмдерiнiң нәтиже мен тұлғаға бағытталған дамыта оқыту технологиялары бойынша жұмыстарын жандандыру.

Негізгі іс-шаралар

І.Жаңа оқу жылына даярлық



Өткiзiлетiн iс-шаралар тақырыбы мен мазмұны

Өткiзу формасы

Мерзiмi

Жауапты




1.Оқу бағдарламаларын зерттеу, пән бойынша оқу-әдістемелік құралдармен қамту




20-25. 08

ӘБЖ






2.ӘБ мұғалімдерінің апталық жүктемесін бөлу және вакансия орындарын анықтау




21.08

ӘБЖ




3.Жас мамандармен әңгімелесу өткізу және тәлімгерлер тағайындау




25-28.08

ӘБЖ





4.ӘБ жаңа келген мұғалімдермен әңгімелесу




25-28.08

ӘБЖ




5.Мұғалімдер тізімін нақтылау:

1.Біліктілігін көтеру курстарына жазылған;

2.Біліктілік санатын көтеру үшін аттестациядан өтуге өтініш берген




28.08

ӘБЖ




6.Сабақтың 1-ші күнін өткізу жоспарын талқылау




28.08

Мұғалімдер




7.Бастауыш сынып кабинеттерін жаңа оқу жылына дайындау




21-28.08

Мұғалімдер




8.Педкеңеске қатысу




30.08

Мұғалімдер




9.ӘБ жаңа оқу жылына жасалған жұмыс жоспарын толықтыру, түзету енгізу




23-28.08

ӘБЖ