ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 321
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Мазмұны
-
1Белгілері -
2Емделу жолдары -
3Алдын алу -
4Дереккөздер
Белгілері[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Цирроз гепатит сияқты басталады, адам әлсізденіп, тамаққа тәбеті жойылады, асқазаны бұзылады, оң жақ қабырғаның асты ауырады.
Ауру қатты асқынған кезде адам күннен-күнге жүдей береді. Қан аралас құсық пайда болады. Ауыр жағдайларда табан ісінеді, іші сұйыққа толып сыртқа кернеп кетеді. Көз бен тері сарғаяды.
Емделу жолдары[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Асқынған циррозды емдеу қиын. Бұл дертті емдеп, жазатын әсер-күші мықты дәрі жоқ. Көптеген адамдар асқынған цирроздан қайтыс болады. Егер сіз өмір сүргіңіз келсе, бауыр циррозы білінісімен бірден мынаны орындаңыз:
-
Енді ешқашан ішімдік ішпеңіз. Ішімдіктің бауырды бұзатынын мықтап ескеріңіз. -
Мүмкіндігінше жақсы тамақ ішіңіз: көкөністер мен жеміс-жидектер, аздап протеинді пайдалануға да болады. Бірақ протеинді тамақтармен: ет, жұмыртқа, балық, т. б. көп әуестенбеңіз, себебі бұлар ауру бауырдың жұмыс істеу қызметін қиындатады. -
Циррозбен ауырып жүрген кезде ісік пайда болса, тұзды тамақтан мүлдем аулақ болыңыз.[1]
Алдын алу[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Цирроздан сақтану оңай: арақ-шарапты көп ішпеу керек.
42. Гепатит түрлері
Вирусты гепатиттер
Гепатитті тудырушы ең жиі факторлар, олар гепатит вирустары. Қоздырушы вирустар A, B, C, E, D, F және G топтарға бөлінеді. Вирустың бұл түрлері құрылымы жағынан бір-бірінен өзгеше және жұғу жолы да әркелкі.
А гепатиті
А гепатиті немесе Боткин ауруы деп те атайды. Гепатиттің бұл түрі тағам инфекцияларының ағзаға түсуінен болады. Лас суды пайдаланудан, тамақ пен тұрмыстық бұйымдардан (сүлгі, ыдыс-аяқ) жұғады. Бұл ауру жедел өршиді, шағымдары мен клиникалық симптомдары анық және созылмалы түрге айналмайды. Әдетте адамдар бұл гепатитпен тек бір рет қана ауырады, және көп жағдайда бала кезінде ауырады. Өйткені бір рет ауырған соң, адам ағзасында қоздырушы вирусқа қарсы тұратын иммунитет пайда болады.
Е гепатиті
Е гепатиті Боткин ауруына ұқсас келеді. Бұл түрі де тағам және су арқылы жұғады. Е гепатиті қан арқылы жұғуы мүмкін, яғни парентералды (ас-қорыту жолынан бөлек) жолмен беріледі.Е гепатиті жүкті әйелдер үшін өте қауіпті. Бауырды толықтай бұзып, мерзімнен бұрын туу мен іштегі ұрықтың зақымдалуына әкеп соғады.
В, С және Д (дельта) гепатиттері
Бұл вирустар парентералды жолмен (қан арқылы) жұғатын вирустар тобы. Дельта вирусы адам ағзасында өздігінен пайда болмайды, оның пайда болуына В вирусы әсер етеді. Бұл вирустардың зақымдау жолдары, клиникалық түрі мен асқынуы ұқсас келеді.
F және G гепатиттері
Ғалымдар бұл вирустарды зерттеу үстінде.
Алкогольді гепатит
Алкоголь бауыр жасушаларын қайта қалпына келместей зақымдайды. Қабынған тін біртіндеп бұзылып, орнына май және дәнекер тіндері қаптайды. Салдарынан бауыр стеатозы мен алкогольды цирроз пайда болады. Соңғысы бауырдың жұмысын тоқтатып, ауыр бауыр жетіспеушілігі мен өлімге әкеліп соғады.
Уланудан болған гепатит (Уытты гепатит)
Ағзаның әртүрлі химиялық заттардың улануынан болатын гепатиттің түрі. Бұған алкоголь және күшан, фосфор, ацетальгид, инсектицид және т.б. ауыр химиялық металлдардан улану жатады.
Уытты гепатиттке сонымен қатар, дәрі-дәрмектен улану да жатады. Кейбір дәрі-дәрмектерді көп дозада ішу, химиялық құрамы жағынан үйлеспейтін дәрілер ішу ағзаға қауіп төндіреді.
Маңызды! Дәрі-дәрмектерді балаларға қолжетімсіз жерге қою керек! Дәрі-дәрмектерді міндетті түрде тек дәрігер көрсеткен дозада ішу керек!
Аутоиммунды гепатит
Бұл гепатиттің сирек кездесетін түрі. Басқа аутоиммунды аурулармен қатар пайда болады.
Басқа вирустарлан пайда болған вирусты гепатиттер
Бұған эпидпаротит, ұшық , мононуклеоз, ЖИТС, сары безгек және т.б. вирусты аурулардан болатын бауырдың вирустық ауруы.
Бактериялық гепатиттер
Вирустар тәрізді бактериялар да бауыр жасушаларын бұзады. Гепатиттің бұл түрі лептоспироз, мерез, листериоз, пневмококкты пневмония, стафилококкты және стрептококкты гепатиттерге тән.
Клиникалық симптомдары мен тудырушы факторлардың ұқсастығы себепті, бұл ауруды тек қана дәрігер маманы қарап, емдеу керек.
Гепатитті гепатолог, гастроэнтеролог және инфекциолог дәрігерлер емдейді.
43. Қант диабеті
Диабет (лат. diabetes mellitus) — бұл қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт. Бұл аурумен жас та, кемел жастағылар да, кәрі де ауырады. Әсіресе жасөспірім кездегі диабет ауруы өте қиын, мұндай жаста диабетпен ауырғандарға арнаулы дәрі (инсулин) қолдану ұсынылады. Әйтсе де бұл ауру 40-тан асқан, тамақты шектен тыс ішіп, толыса бастаған адамдарға тән болып келеді. Қант диабеті - көмірсутек, май, ақуыздың зат алмасуының созылмалы бұзылуы, яғни қанға көп мөлшерде қант түйіршегінің бөлінуі болып табылады. Диабет инсулиннің асқазан асты безінен жеткілікті мөлшерде бөлінбеуі салдарынан басталады. Инсулинсіз ағза қант түйіршегін өңдей алмайды. Соның салдарынан қанның құрамында қант мөлшері артады.
Мазмұны
-
1Қант диабетінің негізгі симптомдары -
2Қант диабетінің екінші деңгейлі симптомдары -
3Қант диабетінің типтері-
3.1Қант диабетінің бірінші типі -
3.2Қант диабетінің екінші типі
-
-
4Диабетпен ауыратындардың диетасы -
5Диабет эпидемиялогиясы -
6Дереккөздер -
7Әдебиет
Қант диабетінің негізгі симптомдары[өңдеу | қайнарын өңдеу]
-
үнемі сусап тұру (полидипсия) -
кіші дәреттің жиілеп, көп болуы (полиурия) -
үнемі шаршаулы сезіну (полифагия) -
қол-аяқтың үйып, жансыздануы -
үнемі қарын аштығынан арылмау -
салмақ азаюы [2]
Қант диабетінің екінші деңгейлі симптомдары[өңдеу | қайнарын өңдеу]
-
терінің қышуы -
көздің көру қабілетінің айырылуы («тұман көлегейлегендей») -
жыныс қынабының жиі инфекциямен ауыруы -
аяққа жазылмайтын созылмалы жара шығуы. -
естен тану (қысылтаяң жағдайларда)
Осы аталған белгілер басқа ауруларға да тән.
40 жастан кейін диабетті дәрі-дәрмексіз-ақ тамақтануды дұрыс жолға қою арқылы емдеуге болады. Диабетпен ауыратындар диетаны өмір бойы сақтауы керек, бұл жағдайда дұрыс диета сақтаудың мәні зор.
Қант диабетінің типтері[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Қант диабеті алты категорияға жіктеледі: 1 типті қант диабеті, 2 типті қант диабеті, қант диабетінің гибридті түрлері, жүктілік кезінде алғаш анықталған гипергликемия, «жіктелмеген қант диабеті» және «басқа ерекше түрлері».
Қант диабетінің бірінші типі[өңдеу | қайнарын өңдеу]
1 типті қант диабеті ұйқы безі аралшықтарының инсулин түзетін бета-жасушаларының жоғалуымен сипатталады, нәтижесінде инсулин жетіспейді. Көп жағдайда 1 типті қант диабеті иммунитеттің әлсіздігіне негізделген, онда Т-жасушалармен жүретін аутоиммунды шабуыл бета-жасушалардың, демек инсулиннің жоғалуына әкеледі.[3] Бұл Солтүстік Америка мен Еуропадағы қант диабеті жағдайларының шамамен 10% -ын тудырады. Көбіне зардап шеккен адамдардың дені сау және пайда болған кезде салмағы қалыпты. Инсулинге сезімталдық пен сезімталдық әдетте қалыпты, әсіресе алғашқы кезеңдерде. Бұл диабет балаларда жиі кездесетіндігіне байланысты «ювенильді диабет» деп аталса да, 1 типті қант диабетімен өмір сүретін адамдардың көпшілігі қазір ересек адамдар.
[4]
1 типті қант диабеті тұрақты емес және болжанбайтын жоғары қант деңгейімен және диабеттік кетоацидоздың немесе қандағы қант деңгейінің тым қатты төмендеуімен қатар жүруі мүмкін. Басқа асқынуларға қандағы қанттың төмендеуіне, инфекцияға, гастропарезге және эндокринопатияға қарсы реттегіш реакциялардың бұзылуы жатады (мысалы, Аддисон ауруы)[5]. Бұл құбылыстар 1 типті қант диабетімен ауыратын адамдардың 1-2% -ынан жиі емес орын алады деп сенеді.[6]
1 типті қант диабетіндегі аутоиммунды шабуыл.
1 типті қант диабеті ішінара көптеген гендермен, соның ішінде қант диабетіне қауіп төндіретін белгілі бір HLA генотиптерімен жүреді. Генетикалық сезімтал адамдарда қант диабетінің басталуын вирустық инфекция немесе диета сияқты бір немесе бірнеше қоршаған орта факторлары қоздыруы мүмкін[7]. Бірнеше вирустарға қатысты болды, бірақ бүгінгі күнге дейін адамдарда бұл гипотезаны растайтын дәлелдер жоқ.[8]
Қант диабетінің екінші типі[өңдеу | қайнарын өңдеу]
2-ші типті қант диабеті инсулин-резистенттілікпен сипатталады және кей жағдайлада төмендетілген инсулин секрециясымен қатар жүреді[9]. Қант диабетінің бұл типі - қант диабетінің ең көп таралған түрі. 2 типті қант диабетімен ауыратын көптеген адамдарда диабетке дейін бұрын преддиабеттік белгілер болғаны рас (глюкозаның баяу сіңірілуі және / немесе глюкозаға төзімділіктің нашарлауы).[10] Предиабеттік жағдайдың 2 типті қант диабетіне өтуіне жол бермеу үшін салауатты өмір салтын ұстану, инсулинге сезімталдықты жақсартатын немесе бауырдағы глюкоза өндірісін төмендететін дәрі-дәрмектер қолдану секілді шаралар жүргізіледі.[11]
2 типті қант диабеті, ең алдымен, өмір салты мен генетикалық факторларға байланысты.[12] Өмір салтының бірқатар факторлары 2 типті қант диабетін дамуына әкелуі мүмкін, оның ішінде семіздік (дене салмағының индексі 30-дан жоғары), физикалық белсенділіктің болмауы, дұрыс тамақтанбау және қалыпты жағдайда стресске ұшырау.[13]
Диабетпен ауыратындардың диетасы[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Диабетпен ауыратын толық адамдар алдымен артық салмақтан арылуы керек. Диабетшілер қант, кәмпит және басқа да тәтті тағамдарды ішпеулері қажет. Олардың ірі ұнтақты ұннан пісірілген нан, сондай-ақ крахмал қоспалы асбұршақ күріш, картоп және басқа да құрамында ақуыз бар тағамдармен тамақтанғаны жөн болады. Диабет ауруымен зардап шегетін ересек адамдардың алмұрт тектес тікенекті кактустың (нопал, опантиа) сөлін ішкені дұрыс. Бұл үшін кактусты ұсақтап турап, езіп, сөлін сығып алып, күніге тамақ алдында үш рет 1,5 кеседен қабылдау қажет. Тіс қызыл етін, таңдай қуысын инфекциядан сақтау үшін тісті тамақтан соң жуып тазалаған дұрыс болады. Аяқты дәйім таза ұстау қажет, жаралап, қажатып алмас үшін өзіңізге ыңғайлы да шақ аяқ киім кигеніңіз жөн. Аяқ қан тамырлары қызметін жақсартып, қан айналысын ретке келтіру үшін (аяқта қара дақтар болып, немесе ұйыған жағдайда) демалған кезде аяқты жоғары көтеріп қойып жату керек. Аяқ көктамырлары кеңейгенде (варикозное расширение вен) де осы ақыл-кеңеске ден қойған абзал.
[14]
Диабет эпидемиялогиясы[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Әлем бойынша 2010 жылғы жағдайға сәйкес шамамен 285 миллион адам қант диабетіне шалдыққан деп бағаланады. Ал 2011 жылы 366 миллион адам тіркелген. Салыстыратын болсақ, 1985 жылы 30 миллион адам осы аурумен ауырған. 15 жылдан соң бұл сан 150 миллионнан асты. Ал қазіргі кезде қант диабетіне шалдыққан аламдардың саны әр 12-15 жыл сайын екі есеге көбейуде.
IDF-тің болжауымен, қазіргі қарқындар жалғасса, 2030 жылы олардың саны 435 млн-ға дейін өсуі әбден мүмкін.
44. Нефроптоз
Нефроптоз - бүйректің өз орынан қозғалып, төмен түсуімен сипатталатын патологиялық жағдай. Осыдан бүйректің патологиялық қозғалғыштығы деген ұғым қалыптасқан.
Нефроптоз этиологиясы (пайда болу себебі):[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Бүйректі қалыпты түрде өз орында ұстап тұруға бірнеше құрылымдар қатысады. Олар: құрсақтық байламдар, фасциялар, диафрагма және құрсақ бұлшық еттері және бүйректің фасциялық –майлық аппараты. Бүйректі ұстап тұруда айтарлықтай рөльді фиброзды капсула атқарды., ол бүйректің тостағаншаларымен тығыз жабысып орналасқан. Бүйректің дұрыс орналасуына көмектесетін ол бүйректің майлы капсуласы. Осы капсуланың азаюы, бүйрек орнынан жылжып, нефроптоз пайда болуына алып келеді. Осы ұстап тұрғыш аппараттардың өзгеруіне, зақымдалуына алып келетін аурулар негізінен нефроптозға себеп болады. Оларға инфекциялық аурулар, мезенхима белсенділігінің төмендеуі, өте жылдам арықтау және бұлшықет тонусының төмендеуі. Бүйрек түсуінде ерекше орынды трвмалар алады. Бұл кезде байлам үзілуі немесе гематома пайда болу арқасында бүйрек орнынан ығысуы мүмкін.
Әйелдерде нефроптоз ерлерге қарағанда жиі кездеседі. Бұған себеп: әйел дене бітімінің бөлек конституциясында, соның ішінде кең жамбас сүйектер, жүктілікке байланысты құрсақ бұлшықеттер тонусының өзгеруі жатады. Қалыпты жағдайда оң жақ бүйрек солға қарағанда біраз төмендеу орналасады. Бұл сол жақ бүйректің ұстап тұрушы байламы мықты болуында және оң жақ бүйрек үстінде бауыр орналасуына байланысты.
Нефроптоз даму сатылары:
Нефроптоз дамуында 3 сатыны ажыратады.
-
1 саты –науқас терең тыныс алғанда бүйректің төменгі полюсі пальпцияланды (қолға ұсталады). Және тынысты шығарғанда қайта орнына келеді.
-
2 саты –барлық бүйрек бөліктері науқастың вертикальді жағдайында қабырға астынан шығып тұрды. Бірақ науқас дене қалыпын горизонтальді жағдайға ауыстырғанда бүйрек өз қалпына келеді, және ауырсынусыз өз орнына түседі.