ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 06.12.2023
Просмотров: 195
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқамерзімді жоспар
№11-сабақ.
Бөлім: | 11 -бөлім. Мәңгілік елдің нұрлы жолы. Н.Назарбаев «Қазақстан жолы»(үзінді) |
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Нәтиже сабақ. |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 8.3.2.1-публицистикалық стильдің тілдік ерекшеліктері арқылымәтіндердің жанрын анықтау 8.4.5.1-тақырып бойынша сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану |
Сабақтың мақсаты: | публицистикалық стильдің тілдік ерекшеліктері арқылымәтіндердің жанрын анықтай алады; тақырып бойынша сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдана алады. |
Құндылықтарға баулу: | «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту. 7 мин. | Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылармен амандасу, түгендеу. 2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру | Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады. | Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады. | Оқулық, жұмыс дәптерлері ДК экраны |
Жаңа сабаққа кіріспе | (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру Мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. | Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады. Өз ойымен бөліседі. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасайды. Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады | Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзіменынталандыру. | Интербелсенді тақта |
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу. 2 6 мин. | Тапсырма:_Жұптық_жұмыс_Оқулықтағы_жаңа_сабақтың_мәтінін_оқып_түсіндіреді._Айтылым'>Сөздікпен жұмыс Тапсырма: Жұптық жұмыс Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқып түсіндіреді. | Айтылым Жер қойнауы-недра Игерілген-освоено Қор-запас, ресурс, фонд Көлем-количество Үлес-доля Айтылым Жазылым. Парталас досымен сурет бойынша әңгімелеседі, сұхбат құрады. Рөлдік ойын. «Блум түймедағы» тәсілі арқылы тақырыпты нақтылайды. | Дескриптор_4_балл'>Дескриптор 4 балл -Сұхбаттасады -Пікір білдіреді «Идеялар себеті» тәсілі | 8-сынып оқулығы, жұмыс дәптері Сөздіктер Слайдтар |
| Қосымша тапсырма: Оқулықта берілген тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді. | Жазылым «Мәңгілік елдің нұрлы жолы» диаграммасын толықтырады. Сөйлем құрайды. «Ыстық орындық» тәсілі арқылы оқушылар мұғалім, сыныптастарының сұрақтарына жауап береді. | Дескриптор: Жалпы – 3 балл. -Керекті сөздермен толықтырады. «Бағдаршам» тәсілі арқылы кері байланыс. | 8-сынып оқулығы, жұмыс дәптері |
| Тапсырма: Топтық жұмыс Оқулықта берілген тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді. Қосымша тапсырма Жеке жұмыс 1-тапсырма Жеке жұмыс 2- тапсырма Жеке жұмыс 3- тапсырма Жеке жұмыс | Жазылым Айтылым Топқа бөлініп тапсырма орындайды. 1-топ: «Н.Назарбаев «Қазақстан жолы»» шолу-реферат дайындайды.Постер қорғайды. 2-топ: Дәуір шындығына байланысты сурет салады. Тақырыпты ашатындай сұрақтар құрастырады. 3-топ: «Домино» тәсілін пайдаланып, сөйлемдерді дұрыс құрастырады. Айтылым Мұғалімнің өткен тақырыпқа байланысты берген тапсырмасын орындайды. Жазылым Сөйлемдерді талғаулы салалас сөйлемнің бір сыңары ретінде алып, сөйлем құрайды. Түсіндіреді. Талғаулы салаластың жалғаулықтарын еске түсіреді. Айтылым «Бұл заман- білекке емес, білімге сенетін заман» деген Н.Ә.Назарбаевтың қанатты сөзін тақырып ретінде алып, пікірталас ұйымдастырады. Жазылым «Үшбу хат» тәсілі. Елбасына тақырып бойынша толғандырған мәселесін қозғап, хат жазады. | Дескриптор 5 балл -Сурет жұмыс жасайды -Постер қорғайды -Сурет салады -Сөйлем құрастырады «Бағалау критерийлері» арқылы кері байланыс орнатады. Дескриптор 3 балл -Сұрақ құрастырады -Пікір алмасады | 8-сынып оқулығы, жұмыс дәптері Интербелсенді тақта Слайдтар Плакаттар |
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 7 мин. | «Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім оқушылардың сабаққа рефлексиясын тыңдайды. Үй тапсырма | Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды. 10 сұрақ жазады. | Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», | |
Қысқамерзімді жоспар
№12-сабақ.
Бөлім: | 11 -бөлім. Мәңгілік елдің нұрлы жолы. Н.Назарбаев «Қазақстан жолы»(үзінді) |
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Мен не үйрендім? |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 8.1.4.1-орта көлемді прозалық,драмалық және поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау,тақырыбы мен идеясын талдау 8.3.6.1-тақырып бойынша бірнеше мәтінде көтерілген мәселелерді салыстыра отырып, баға беру |
Сабақтың мақсаты: | орта көлемді прозалық,драмалық және поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдайды,тақырыбы мен идеясын талдай алады; тақырып бойынша бірнеше мәтінде көтерілген мәселелерді салыстыра отырып, баға береді. |
Құндылықтарға баулу: | «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту 7 мин. | І.Ұйымдастыру кезеңі: а) Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу. Психологиялық жағымды ахуал туғызу | Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады. | Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл күйін көтереді және бауырмалдығын оятады. | Оқулық, жұмыс дәптерлері ДК экраны | |
Жаңа сабаққа кіріспе | (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. | Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады. Өз ойымен бөліседі. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасайды. Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады. | Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру | Интербелсенді тақта Слайдтар | |
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу. 26 мин. | Сөздікпен жұмыс Мұғалім оқушыларға қосымша ақпарат көздерінен мәлімет береді. | Айтылым Толғандыру-беспокойство Жүйесі-система Тұрақты-стабильный Бәсеке-конкуренция Қабілетті-способен Бедел-репутация Зор-крупный, огромный | | 8-сынып оқулығы, жұмыс дәптері | |
| №5-тапсырма: Топтық жұмыс Оқулықта берілген тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді. | Оқылым Айтылым Топқа бөлініп, мұғалім берген тапсырмаларды орындайды. 1-топ: Жағдаят. «Мәңгілік ел- болашақ» атты шараның жоспарын құрады. 2-топ: «Ақылдының алты қалпағы» тәсілін қолданып, өткен тақырыпты жан- жақты сипаттайды. 3-топ: «Балық қаңқасы» тәсілі арқылы мәңгілік ел туралы мәтін жазып, сүйекке орналастырады. | Дескриптор: Жалпы – 5 балл. - Жоспар құрады -Сипаттайды -Мәтін жазады -Ойын жеткізеді -Пікірін білідерді «Жетістік баспалдағы» тәсілі | 8-сынып оқулығы, жұмыс дәптері Суреттер топтамасы Кестелер | |
| Тапсырма: Жеке жұмыс Оқулықта берілген айдарындағы тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді. Тапсырма Жеке жұмыс 4- тапсырма Жұптық жұмыс 7- тапсырма Ойтаразы | Оқылым Мұғалім ұсынған мәтінді оқиды, түсінгенін «SWOT талдау» әдісі арқылы баяндап береді. Жазылым Өткен тақырып бойынша реферат дайындайды. «Мәңгілік елге» синквейн құрастырады. Айтылым Кестені толықтырады. Елбасының қай жолдаулары кестеде берілмегенін анықтайды. Соңғы жолдау туралы көршісімен сұхбат құрады. «Жалған ұйғарым» тәсілі арқылы жұптасып жұмыс жасайды. Жазылым «Шығу парағын» пайдаланып, сұрақтарға жазбаша жауап береді. Өкен тақырып бойынша үйренген, білген ақпараттары бойынша қорытынды жасайды. Пысықтайды. Бекітеді. | Дескриптор: Жалпы – 3 балл. -Баяндайды -Сипаттайды -Өз ойын айтады «Өзін- өзі бағалау» (Рефлексия ағашы) тәсілі арқылы бағаланады. Дескриптор 3 балл -Сипаттайды -Бес жолды өлең жазады «Бағдаршам» тәсілі. Дескриптор 4 балл -Сұхбат құрады | 8-сынып оқулығы, жұмыс дәптері Сызбалар Ақ парақтар Плакаттар | |
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 7 мин. | «Бір ауыз сөз» әдісі. Мұғалім оқушылардың рефлексиясын тыңдайды. Үйге тапсырма | Жеке жұмыс: Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. 6- тапсырма «Кубизм» тәсілі арқылы өзіне ұнайтын тақырыпты сипаттайды. | Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігін бағалайды. | |
Қысқамерзімді жоспар
Бөлім: | 12- бөлім. Қазақстанның айтыс өнері мен сөз мәдениеті. Ринат Зайытов пени Аманғали Кәріпжановтың айтысы |
Педагогтің аты-жөні: | Жакупова Г.Т. |
Күні: | 29.03.2023ж. |
Сыныбы: 8 Б,В | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Айтыс - қазақтың төл өнері |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 8.1.2.1-тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, детальді ақпаратты анықтау; 8.1.5.1-тірек сөздер,автордың көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтау |
Сабақтың мақсаты: | тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсінеді, детальді ақпаратты анықтай алады; тірек сөздер,автордың көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтай алады. |
Құндылықтарға баулу: | «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты | Педагогтің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||||
Сабақтың басы Қызығушылықты ояту 7 мин. | Ұйымдастыру кезеңі: (Ұ) “Гүлмен тілек” әдісі арқылы оқушылардың бір-біріне жақсы тілек айту арқылы жағымды ахуал қалыптастыру. | Мақсаты: оқушылар бойында идея немесе тілек білдіру, тыңдау дағдыларын дамытуға бағыттау, сондай-ақ барлық оқушыларды қатыстыру арқылы оқыту жағдайларын теңестіру. | Тиімділігі: оқушыны бір-біріне тілек айту арқылы жақындастырады, көңіл күйін көтереді, бауырмалдығын оятады. | Оқулық, жұмыс дәптерлері ДК экраны | ||||
Жаңа сабаққа кіріспе | (Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. | Бір-біріне сұрақтар қояды. Сыныптастырының пікірін толықтырады. Өз ойымен бөліседі. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасайды. Осы тапсырманы орындау арқылы оқушылардың айтылым дағдысы қалыптасады. | Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру. | Интербелсенді тақта | ||||
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу. 26 мин. | Сөздік жұмысы Мұғалім оқушыларға бағыт- бағдар береді. | Жазылым Көркемсөз- выразительная речь Суырыпсалма-импровизация Бейнелі-образный Ұйқас-рифма Қарсылас-противник Ұтқыр-содержательный Жеңіліс-поражение | | 8-сынып оқулығы Жұмыс дәптерлері | ||||
| №2-тапсырма Оқулықта берілген тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді. 1- тапсырма Жұптық жұмыс Мұғалім оқушыларға қосымша ақпарат көздерінен тың мәліметтер айтады. Түсінбеген тұстарына көмек береді. 3-тапсырма Жеке жұмыс | Оқылым Айтылым Мәтінді түсініп оқып, негізгі ойды анықтайды. Тақырыпқа қатысты мақал-мәтелдерді оқып, түсіндіріп айтады. «Сөз өнері дертпен тең» Айтылым Сұрақтарға жауапберіп, көршісімен 14-16 үнқатымнан тұратын сұхбат құрады. «Тыңдайтын үшбұрыштар» тәсілі арқылы «Айтыс өнерін» жан-жақты сипаттайды. Айтылым Айтыс тақырыбына асссоциаграмма құрады. «Акроним» тәсілі арқылы сөз құрайды. А Й Т Ы С Пікірін білдіріп, ойын жеткізеді,. | Дескриптор 3 балл -Мақалды талдайды -Өз ойын айтады «Шапалақ ұру» Дескриптор 4 балл -Сұхбаттасады -Сипаттайды «Екі жұлдыз, бір тілек» тәсілі арқылы кері абйланыс жасалап, бағалау жүргізіледі. | 8-сынып оқулығы Жұмыс дәптерлері Слайдтар Кесте Сызбалар | ||||
| 5-тапсырма. Топтық жұмыс Оқулықта берілген тапсырмаларды орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді. Тілдік бағдар Жеке жұмыс 4-тапсырма Жеке жұмыс Ойтаразы Жеке жұмыс | Оқылым Айтылым Мәтінді оқиды, топқа бөлініп жұмыс жасайды. 1-топ: Мәтінге тақырып қояды, жоспар құрады. Постер қорғайды. 2- топ: «Т кестесін» пайдаланып Айтыс өнерінің қыр,сырын, қиындығы мен қызығын қатар қоя отырып суреттеп,кестеге салады. 3-топ: «5 W» әдісін қолданып, мәтінді жан- жақты талдайды. Айтылым Кезектес салалас құрмалас сөйлем туралы ережені талқылап, жалғаулықтарын қолданып, мысал жазады. Жалғаулықтары: бірде, біресе, кейде, т.б. Біз біресе ойын ойнап, ән салдық, біресе қайтамыз деп жинала бердік. Айтылым Кезектес салалас құрмалас сөйлемді аяқтайды. Жазылым «ББҮ» кестесін пайдаланып, сабақ бойынша қорытынды ойын айтады. | Дескриптор: Жалпы – 5 балл. -Мәтінмен жұмыс жасайды -Анықтама береді -Талдайды «Бағдаршам» тәсілі арқылы кері байланыс жасалады. Дескриптор 3 балл -Пікірін айтады Смайликтерді қолданып көңіл-күйімен бөліседі. Дескриптор - | Кесте Суреттер топтамасы Ақ парақтар Плакат | ||||
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 7 мин. | «Аяқталмаған сөйлем» әдісі. Мұғалім оқушылардың рефлексиясын тыңдайды. Үйге тапсырма | Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім. - бүгін сабақта қуантқаны..... - ......қиындық тудырды. 6- тапсырма | Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың! Жақсы! | |
Қысқамерзімді жоспар
№14-сабақ.
Бөлім: | 12- бөлім. Қазақстанның айтыс өнері мен сөз мәдениеті. Ринат Зайытов пени Аманғали Кәріпжановтың айтысы |
Педагогтің аты-жөні: | |
Күні: | |
Сыныбы: | Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: | Айтыс - қазақтың төл өнері |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты | 8.1.2.1-тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну,детальді ақпаратты анықтау 8.2.5.1-пікірталасқа қатысушылардың берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеуі,қойылған сұрақтарға еркін жауап беру; |
Сабақтың мақсаты: | тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну,детальді ақпаратты анықтай алады; пікірталасқа қатысушылардың берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдейді,қойылған сұрақтарға еркін жауап бере біледі; |
Құндылықтарға баулу: | «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясы бойынша «Жалпыға бірдей еңбек қоғамы» құндылығына баулу. Бұл арқылы оқушыларда шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауы, функционалдық сауаттылығы, қарым-қатынас жасау қабілеті мен жауапкершілігі артады. Сонымен қатар өмір бойы оқуға, еңбеу етуге, Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке деген дағдысы қалыптасады. |