Файл: Дрістік саба конспектілері 1 дріс.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.12.2023

Просмотров: 206

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Дәрістік сабақ конспектілері

1 – дәріс. Кіріспе.«Жерасты суларын іздеу және барлау» курсы, оның даму тарихы.


Мазмұны: Халық шаруашылығында пайдалану үшін жарамды жерасты сулары өзіне тән ерекшеліктері бар пайдалы қазындылардың бірі болып табылады. Бұл ерекшеліктердің ең бастысына тек жаңару мен тайыздануы ғана емес, суалуға байланысты қарқынды қоректену де жатады. Мысалы, жер беті сулары өзімен гидравликалық байланыстағы жерасты суларын пайдалану кезінде арылу облысынан қоректену облысына айналуы мүмкін. Жерасты суларының тағы бір ерекшелігі олардың қозғалғыштығы мен қоршаған ортамен тығыз байланысы. Бұл жағдай қабаттың шекаралық жағдайлары кезінде көрінеді. Шекаралық жағдайлар деп жерасты суларының жер беті суларымен өзара әрекеттесу жағдайы айтылады. Барлық осы факторлар пайдалану жағдайына және көбінесе пайдалану кезінде жерасты суларының сапасының өзгеруіне де әсер етеді.

Жерасты сулары – таужыныстарымен, жерасты суларымен тұрақты байланыстағы және жер қабығындағы геологиялық процестерге белсенді әсер ететін геологиялық материяның ең маңызды түрлерінің бірі. Бұл халық шаруашылығы үшін маңыздылығы бойынша да, пайдалану масштабы бойынша да орасан зор пайдалы қазынды.

«Жерасты суларын іздеу және барлау» курсы өзіне ұқсас теориялық ғылымдармен де (геология, геохимия, гидравлика және т.б.), қолданбалы ғылымдармен (ұңғымаларды бұрғылау, геофизика, тау-кен жұмыстары және т.б.) де тығыз байланыста.

Гидрогеологиялық зерттеулер практикасында классификациялаудың толық реті бар, онда “қорлар” және “ресурстар” түсініктерінде айырмашалық беріледі. Бір авторлар оларды синонимдер деп санаса, басқалары қорлар тек қабаттағы судың көлемін анықтайды, ал ресурстар қабатқа жерасты суларының түсуі деген көріністі жақтайды.

Осындай мәселелер біразы келесідегідей:

  • сумен қамтамасыз етуді ұйымдастыру үшін жерасты суларын іздеу және барлау;

  • минералдық, өнеркәсіптік және жылуэнергетикалық жерасты суларының қорларын іздеу, барлау және бағалау;

  • жерасты массивтерін суару немесе құрғату мақсатында зерттеулер жүргізу;

  • қатты пайдалы қазындылар кен орындарының гидрогеологиялық жағдайларын тау-кен қазындыларына судың құйылуын болжау мақсатында зерттеу және кен орындарын пайдаланудың тиімді тәсілдерін анықтау;

  • мұнай, газ кенорындарының гидрогеологиялық жағдайларын оларды тиімді пайдалану және болжау тәсілдерін анықтау үшін зерттеу;

  • пайдалы қазындылар кенорындарының жерасты сілтілену учаскелерінің гидрогеологиялық жағдайларын зерттеу;

  • қатты пайдалы қазындылар кенорындарын іздеудің гидрогеохимиялық тәсілдері;

  • жерасты сулары қорларын жасанды толтыру бойынша шараларды анықтау;


  • жасанды мұнай жерасты суларыәне газ қоймалары құрылысын жүргізуді анықтау;

  • табиғи жерасты сулары және жасанды факторлардың және т.б әсер етуі кезінде жерасты суларының режимін болжауды анықтау.

Кез-келген жағдайда жерасты суларын зерттеу жұмыстарына тек гидрогеологиялық қана емес, сонымен қатар басқа да жұмыстар түрлері кіреді.

Гидрогеологиялық зерттеулердің негізгі түрлеріне жататындар:

  • бұрынғы зерттеушілер құрастырған гидрогеологиялық жағдайлар, геологиялық құрылыс жерасты сулары және т.б. бойынша материалдарды жинау, өңдеу және қорытындылау;

  • зерттеліп отырған территорияны қалпына келтіру үшін гидрогеологиялық зерттеулер;

  • гидрогеологиялық түсірімдік жұмыстар және гидрогеологиялық қарталарды құрастыру;

  • гидрогеологиялық ұңғымаларды бұрғылау, тау-кен – қазынды жұмыстары;

  • далалық тәжірибелік-сүзілулік жұмыстары (сутарту, су құю, су айдау және т.б.);

  • табиғи және бұзылған жағдайларда жерасты суларының режимін бақылау;

  • жерасты суларының сүзілуін үлгілеу;

  • лабораториялық зерттеулер.

Осы жұмыстарды жүргізу және олардың көлемі мен әдістемесі шешілетін жұмыстардың масштабы мен сипатына, жұмыстар сатысына, гидрогеологиялық жағдайлардың күрделілігіне және т.б. байланысты.

Зерттеулерді жүргізудің негізгі принциптері келесідегідей:

Кезекпен зерттеу принципі кенорны немесе учаске туралы білімді баяу арттырумен тұжырымдалады. Зерттеу жалпыдан жекеге қарай сатылап (кезекпен) жүзеге асырылады.

Кезекпен зерттеу гидрогеологиялық зерттеулердің сатылылығында көрінеді, бұндай кезде жерасты сулары кенорындарын зерттеудің немесе пайдаланудың келесі сатылары бөлінеді:

  • болжамдық ресурстарды аймақтық бағалау;

  • іздеу-бағалау жұмыстары;

  • барлау;

  • пайдаланулық барлау.

Сатылылық әрбір нақты жағдайларда гидрогеологиялық жағдайлардың күрделілігіне, объектінің маңыздылылығына және басқа факторларға байланысты негізделеді.

Зерттеудің толығымен орындалу принципітек учаскелер ғана емес, сонымен қатар кенорнының барлық ауданы бойынша зерттеу қажеттілігімен тұжырымдалады. Жерасты суларының динамизмін және кенорнының сыртқы ортамен өзара байланысын ескере отырып қабаттың сүзілу облыстарын зерттеу, табиғи немесе жасанды шекараларын анықтау қажет. Шекаралар жоспарда да, қимада да зерттелуі тиіс. Бұл принципке жерасты суларымен бірге орналасқан басқа пайдалы қазындыларды, сонымен қатар кездесетін сулардың нашарминералды, минералды және басқа типтерін жолай зерттеу кіреді.



Алайда зерттеудің толығымен орындалу принципі кенорын зерттеп бітіру деген мағына емес. Жеке учакелерді зерттеу дәрежесі әртүрлі: бір учаскелер жете зерттелсе, екіншісі толық жете зерттелмейді. Зерттеудің бұлай толығымен орындалуы жерасты суларының пайдалану көлемі ұлғайған жағдайда алдымен барлық барлау жұмыстарын жүргізбейді, тек барлық кенорынын жете зерттеу мақсатында кішігірім қосымша зерттеулері бар мәліметтерді пайдалануға мүмкіндік береді.

Зерттеудің бірқалыпты орындалу принципі объектінің гидрогеологиялық әркелкілігін және жұмыстың сатылығын ескеріп кенорнының ерекшелігі туралы дұрыс көрініс алу үшін барланатын кенорнын барынша біркелкі зерттеуді ұсынады.

Гидрогеологиялық жағдайлары күрделі учаскелер үлкен жұмыс көлемін жүргізе отырып толық зерттелуі тиіс. Қарапайым жағдайлар кезінде барлау қазындылары бір-бірінен ажырап кетуі мүмкін. МҚК нұсқауларымен жерасты суларының кенорындарының барлық типтері гидрогеологиялық жағдайлардың күрделілігіне байланысты үш топқа бөлінуі мүмкін: гидрогеологиялық жағдайлары қарапайым, күрделі және өте күрделі. Барлық топтарға барланған қорлар категорияларын барлауға және анықтауға талаптар қойылған .

Жерасты суларының кенорындары күрделілігін анықтау кезінде ескеріледі: сулы горизонттардың орналасу сипаты және құрылысы, су сиыстырушы шөгінділердің сүзілу қасиеттерінің және қалыңдықтарының өзгермелілігі, сулы горизонттардың шекаралық жағдайларының сипаты, жерасты суларының пайдаланулық қорларының қалыптасу жағдайлары, кенорнын қазудың гидрохимиялық және экологиялық жағдайлары.

Жерасты суларының кенорындарының бірінші тобы қалыңдығы мен құрылысы бойынша тұрақты сулы горизонттары тыныш орналасқан және сусиыстырушы жыныстардың сүзілу қасиеттері бойынша біртекті қарапайым гидрогеологиялық және гидрохимиялық жағдайлармен сипатталады. Кенорнының осы тобын өңдеу кезінде қоршаған табиғи ортаның сандық шығыны жақсы болжанған.

Бұл топқа артезиан алаптарындағы, тау алды шлейфтері мен тауаралық ойыстардағы кенорындары жатады. Өзен аңғарындағы кенорындары пайдаланулық қорлар тұрақты сұ құйылымдары мен су қоймалары есебінен толуы қамтамасыз етілген жағдайда осы топқа жатқызылуы мүмкін.

Екінші топқа қалыңдығы мен құрылысы бойынша тұрақсыз сулы горизонттары тыныш орналасқан және сусиыстырушы жыныстардың сүзілу қасиеттері бойынша әртекті күрделі гидрогеологиялық және гидрохимиялық жағдайлармен сипатталатын жерасты суларының кенорындары жатады. Оларға артезиан алаптарындағы және гидрогеологиялық жағдайлары қарапайым жарықшақты массивтердегі жерасты суларының кенорындары жатады. Және бұл топқа шөл мен шөлейттердің құмды массивтеріндегі, артезиан алаптарындағы, сонымен қатар жерасты суларының пайдаланулық қорларының қалыптасуы жер беті сулары есебінен жүретін жарықшақты мен жарықшақты-карсты жыныстардың құрылымдарының немесе массивтерінің ауданы бойынша шектелген өзен аңғарларындағы гидрохимиялық жағдайлары күрделі кенорындары кіреді. Барлық осы кенорындарындағы жерасты суларынан су алудың қоршаған табиғи ортаға барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша жуықтап бағаланған әсері мардымсыз.


Үшінші топқа жатқызылған кенорындары сулы горизонттарының қалыңдығы мен құрылысының және сусиыстырушы жыныстарының сүзілу қасиеттері өзгермелілігі өте жоғары, гидрогеологиялық жағдайлары өте күрделі. Бұл, мысалы, жерасты суларының пайдаланулық қорларының қалыптасу көздері анық көрінбеген (ашылмаған) платформалық типтегі артезиандық алаптардың шеткі бөліктерінде орналасқан кенорындары. Бұл топқа гидрохимиялық жағдайлары өте күрделі жерасты суларының кенорындары, сонымен қатар жер беті суларымен қоректенуі қамтамасыз етілмеген таралуы шектелген жарықшақтық және жарықшақтық-карсты сулардың кенорындары жатқызылады. Осы топтың кенорындарын сутартқыштарды жасанды қоректендіру немесе суқабылдағыш ғимараттарының күрделі жүйелерін ұйымдастыру кезінде ғана тиімді пайдалануға болады. Сутартқыштың қоршаған табиғи ортаға салдарын болжау есептік жолмен жүргізілмейді, тек жалпы геоэкологиялық жағдайды талдау негізінде ғана бағаланады.

Нақты кенорнын немесе сутартқыш учаскесін кез-келген күрделілік тобына жатқызу үшін әрбір нақты жағдайдағы негіз талап етіледі.

Максималды геологиялық ақпарат алу принципі зерттеліп отырған объектінің геологиялық құрылысы мен гидрогеологиялық жағдайлары туралы ең көп ақпарат алуды ескере отырып, барлау ұңғымаларын орналастыру.

Еңбек, уақыт және қаржы шығындарын азайтупринципіжұмыс көлемінің әрбір зерттеу сатысында еңбек пен уақыт шығындары минималды болуы тиіс, және алға қойылған мақсатты орындауға мүмкіндік беруі тиіс. Бұл принцип жобалау сатысында зерттеу ауданы бойынша гидрогеологиялық ақпаратты мұқият талдауды, гидрогеологтың гидрогеологиялық және басқа зерттеу түрлерін жүргізу әдістерін таңдауға шығармашылық тәсілін, геологиялық-барлау жұмыстарын жүргізудің талаптары мен нормативті актілерін дұрыс түсінуді алдын-ала анықтайды. Кенорының гидрогеологиялық күрделілік дәрежесін болжамдап бағалаудың және жерасты суларын пайдалану тәжірибесін аудан бойынша зерттеулерді есептеулері қажет. Нәтижесінде жерасты суларының кенорындарын іздеу және барлаудың жеке сатыларын уақыт бойынша біріктіру туралы мәселе шешілуі мүмкін.

Қоршаған (геологиялық) ортаны қорғау принципі мазмұны бойынша екі бөлімнен тұрады:

- қоршаған ортаны сутартқыштар ғимаратарын ұзақ уақыт бойы пайдалану кезінде техногендік процестердің жағымсыз әсерінен қорғау бойынша сақтау шараларын анықтауға байланысты шаралар;


- жерасты суларын ластану мен азаюдан сақтау.

Табиғи ресурстарды тиімді және жан-жақты пайдалану принципіолардың халық шаруашылығында экономикалық тиімділікпен ғылыми-негізді пайдалануын алдын-ала анықтайды. Осылай, жерасты суларын пайдалану жер беті ағыстарының азаюына әкеліп соғуы мүмкін, ол әрине алдын-ала болжанып және ескерілуі тиіс. Бір кенорынын пайдалану басқасына әсер етуі және олардың геологиялық-өнеркәсіптік бағалылығын төмендетуі мүмкін.

Сулы ресурстардың жан-жақты пайдалануы әртүрлі тұтынушыларды қанағаттандыру үшін судың барлық пайдалы қасиеттерін пайдалануды алдын-ала анықтайды. Осылай, тұщы сулар сумен қамтамасыз ету, суару және т.б. үшін, жылуэнергетикалық жерасты сулары теплофикации, жылумен қамтамасыз ету, парниктерді жылыту, балық өсіретін тоғандар, суару үшін пайдаланылуы мүмкін.

Барлық тізілген принциптер гидрогеологиялық зерттеулерді жүргізу кезінде ескерілуі және қойылған міндеттердің табиғи жағдайларын, сипаты мен ерекшеліктерін, кенорнының өнеркәсіптік игерілуін ескере отырып міндетті түрде қолданылуы тиіс.

Негізгі әдебиет: (3 нег. [3-14], 2 нег. [3-9])

Қосымша әдебиет: (4 қос.[3-5])


Бақылау сұрақтары

  1. «Жерасты суларының кенорны» терминін қалай түсінесіз?

  2. Жерасты суларының кенорындарымен және суқабылдағыш учаскесінің арасындағы айырмашылықтарды атаңыз?

  3. Жерасты суларын іздеу және барлау кезінде табиғи жағдай туралы қандай мәліметтер зерттеледі?


2- дәріс. Жерасты суларының кенорындары туралы түсінік. Жерасты суларының кенорындарының негізгі ерекшеліктері
Мазмұны: Бірінші түсінік гидрогеологиялық түсірімді жүргізу әдістемесін, гидрогеологиялық ұңғымаларды бұрғылауды, техникалық құралдарды қолдануды, тәжірибелік-сүзілулік жұмыстарды жүргізуді, жерасты суларының режимін бақылауды, геофизикалық зерттеулерді және т.б. қамтиды.

Іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу әдістемесі деп зерттеудің сатылылығын анықтау, өнімдік сулы горизонтты таңдау, ұңғымалардың орналасу схемасалары, жеке алғанда пайдалану кезінде де орналасу схемалары, жерасты суларының пайдаланулық қорларын бағалау тәсілін таңдау айтылады. Іздеу-барлау жұмыстарын жүргізу әдістемесі табиғи гидрогеологиялық жағдайға да, осы зерттеулермен шешілетін нақты халық шаруашылықтық мәселелерге де байланысты.