ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.12.2023
Просмотров: 222
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тектоникалық бұзылыстар белдемінің жерасты сулары гидрогеологиялық зерттеулер кезінде ескерілуі тиіс келесі ерекшеліктермен сипатталады:
- олар үгілу, брекчиялану, тектоникалық бұзылыстар белдемдерінің таужыныстарына байланысты жіңішке ағыстарына қатысты сызықты-созылыңқы пішінде жатады. Осыған байланысты жерасты суларының таралуы жергілікті сипатқа ие болады;
- карбонатты жыныстар сумолдылығымен, жиі карсталған жыныстар азғана сулылығымен ерекшеленеді, интрузивті жыныстарда, құмтастарда одан да аз және тақтатастар, эффузивтер, мүйізтастар мүлдем нашар суланған;
- таужыныстары әртүрлі бағыттағы сүзілу анизотропиясына (әртектілікке) ие болады;
- жарықшақты сулардың таралу тереңдігі біршама үлкен (жүздеген метрге дейін);
- сулар көбінесе грунтты, сирегірек нашар арынды;
- қоректену облысы суды сиыстыратын таужыныстарындағы тектоникалық бұзылыстар белдемі бойымен орналасқан;
- негізгі қоректену көзі болып атмосфералық жауын-шашын, өзендерден сүзілу ағындары, суды нашар өткізетін, тектоникалық белдемдер борттары бойынша жатқан таужыныстарынан бүйірлік құйылыс табылады;
- тектоникалық белдемдердің табиғи қорлары әдетте онша үлкен емес. Кенорнында көбінесе табиғи ресурстар қалыптасады.
Негізгі әдебиет: (3 нег.[178-190])
Қосымша әдебиет: (4 қос.[140-152])
Бақылау сұрақтары:
-
Артезиан бассейндеріне байланысты жерасты суларының кенорындарының ерекшеліктері. -
Артезиан бассейндеріне байланысты жерасты суларының кенорындарының шекаралық жағдайларын схематизациялау принциптері. -
Жарықшақты бұзылыстар зонасына байланысты жерасты суларының кенорындарының ерекшеліктері. -
Жарықшақты бұзылыстар зонасына байланысты жерасты суларының кенорындары қорларын бағалау кезінде гидрогеологиялық жағдайларды схематизациялау. -
Жарықшақты бұзылыстар зоналары шектерінде гидрогеологиялық зерттеулерді жүргізу кезектілігі.
15-дәріс. Жерасты суларының пайдаланулық қорларын қайтадан бағалау. Қорытынды
Мазмұны: Жерасты суларының пайдаланулық қорларын қайтадан бағалау бойынша материалдардың құрамына, реті мен мазмұнына қойылатын талаптар ҚР ҚМК-ның нұсқаулық құжаттарымен жеткілікті жете қайтадан жиналады, алайда қорларды қайтадан бағалау тек осындай операция үшін сипатты арнайы кезеңдер қатарына ие болады.
Жақын уақытта қайтадан бағалау талап етілетін объектілер саны бірнеше есе өсетінін, сонымен қатар осындай жұмыстарды ұйымдастыру кезінде әдістемелік көмек беру үшін ГКЗ РК – да «Жерасты суларының пайдаланулық қорларын (ауыз су және техникалық, емдік минералдық, кәсіпорындық және жылуэнергетикалық) есептеу бойынша материалдарды ҚР ГКЗ-ына мазмұны, безендіру және көрсету реті бойынша әдістемелік нұсқауларға» қосымша дайындалған. Геология Комитетінің ғылыми-техникалық ұжымының ғылыми-техникалық ұйымдарының Қазақстан Республикасы территориясында әртүрлі кенорындарын іздеу, барлау және пайдалану бойынша жұмыстарды жүргізуге көп жылдық тәжірибесі бар мамндар тобы автор болып табылады .
Жерасты суларының пайдаланулық қорлары келесі жағдайларда қайтадан бекітіледі:
-
пайдаланулық қорлар есептелген мерзім уақыты өткен жағдайда (60-70 жылдары барланған кенорындары); -
геологиялық ортаға техногендік күштердің әсерінің күрт өсуімен және жерасты суларының режимінің өзгеруімен, сутартқыш ғимараттарының дәлелсіз және тиімсіз құрылысымен, жерасты суларын тартуға және сапасына тексеру мен арнайы бақылау болмауымен көптеген пайдаланылатын кенорындарының өнімдік горизонттарының жерасты суларының ластануы мен таусылуы; -
ГКЗ-да (ТКЗ) кенорындарында және учаскелерде сутартқыш ғимараттары құрылысына кішігірім капиталдық шығындар кететін, бұрынғы нормалармен пайдаланылатын, жерасты суларының пайдаланулық қорлары бекітілмеген; -
сутартқыштың схемаларының пайдаланулық қорлар есептелген және бекітілген жобалық схемаларына сәйкес келмеуі жағдайларында; -
жерасты суларын тұтунудың азаюы.
Жерасты суларының пайдаланулық қорларын жоғарыда айтылған себептер бойынша қайтадан бағалаудың қажеттілігі туралы тапсырма берумен жер қойнауын терреториялық қорғау ұйымдары мен Геология және жер қойнауын қорғау Комитеті айналысады, ал қайтадан бекітуді ҚР ГКЗ-да жүргізіледі (жергілікті объектілер бойынша ТКЗ). ҚР ГКЗ-га жіберілетін материалдар жер қойнауын қорғаудың территориялық басқармаларында тексеріледі, олар ақпараттың жеткіліктілігі, сапасы және толықтылығы және қорларды қайтадан бекітудің принциптік мүмкінділігі туралы қорытынды береді. Қорларды қайтадан бекіту материалдары орындалған қайтадан бекітуді тексеру үшін қажет, оның негізін құрайтын және сутартқышты пайдалануды жалғастыру, қалпына келтіру және кеңейту мүмкіндігі туралы мәселелерді шешу бастапқы мәліметтерден тұрады.
Кенорнының қарастырғаннан соң өзгеріссіз қалған барлық мәліметтер бастапқы есепнаманы ескере отырып көлемді және қысқаша келтіріледі. Қайтадан бағалау материалдары тақырыптық бөлімді, кестелік және сызбалық қосымшаларды қамтиды.
Қорларды қайтадан бағалау талап етілген барлық кенорындарында екі топ бөлінуі мүмкін:
I топ – техникалық кеңестерде пайдаланулық қорлары бекітілген немесе қабылданған, сутарту қорлар бекітілгеннен бері жүргізілмеген немесе шекті уақытта кішігірім көлемде және сутартқыштың есептік схемасынан тыс жүргізілген, барланған, бірақ пайдаланылмаған кенорындары;
II топ – пайдаланылған (игерілген) кенорындары, пайдалану жобалық көлемде, немесе есептік мерзім ішінде кішігірім сутарту арқылы жүргізіледі.
Қайтадан бағалау бойынша материалдар осы топтардың әрқайсысы үшін келесі схема бойынша құрастырылады:
-
барланған, бірақ пайдаланылмаған кенорындары үшін қысқаша геологиялық, гидрогеологиялық, гидрохимиялық сипаттама беруден басқа алдыңғы қарастырудан кейінгі өзгерістерді және олардың жерасты суларының сапасының өзгеруі мен сутарту қажеттілігіне әсер ету дәрежесін бағалау керек. Бұл жерде жерасты суларын ластандыру көздері – кәсіпорындар мен ауылшаруашылықтың жаңа объектілерін салу және пайдалану туралы (зауыттар, фабрикалар, рудниктер, фермалар, жинағыштар, елді мекендер және т.б.) мәліметтер келтірілуі тиіс. Ластандырғыштарға сипаттама, процестердің бағыттылығы, олардың жерасты суларының сапасына және пайдаланулық қорларының күйі мен шамасына әсері дәрежесін бағалау келтіріледі. Гирологиялық режимнің өзгеруі сонымен қатар пайдаланулық қорлардың шамасына әсер етуі де мүмкін, осыған байланысты өзендердің, көлдердің, бұлақтардың, гидротехникалық ғимараттардың (тоғандар, бөгеттер, суқоймалары, каналдар) құрылысы мен пайдалануы және олардың жерасты суларының режиміне әсер ету дәрежесі туралы мәліметтер келтіру қажет. Барлық осы факторлардың жерасты суларының пайдаланулық қорларының шамасына бірігіп әсер етуін талдау қорларды қайтадан есептеудің қажеттілігі туралы немесе бұрын қабылданған мөлшерде және категорияларда қайтадан бекітудің қажеттілігі туралы алдын-ала шешімдердің негізін құрауы тиіс.
Материалдар мен құжаттардан басқа, барлық осы факторларды объективті бағалау үшін зерттеудің сәйкес актілерімен бекітілген кенорнының территориясын табиғи зерттеуді жүргізу қажет.
- пайдаланылатын (игерілетін) кенорындары үшін жоғарыда сипатталған өзгеістер туралы (I топтың кенорындары үшін) мәліметтерден басқа жерасты суларын тартудың қоршаған табиғи ортаға әсері туралы мәліметтер келтіріледі. Оларға жатуы мүмкін: жер беті ағысының азаюы, суқоймаларының қайырлануы, өсімдіктер түрлерінің өзгеруі, жер бетінің шөгуі, карсты және басқа геологиялық процестердің қарқындалуы.
Осыдан басқа учсакелер мен кенорындарының санитарлық күйі, санитарлық қорғау зоналары белдемдерінде қорғау шараларын қолдану дәрежесі туралы сипаттама берілуі тиіс. Сутартқыш ғимараттарының және сутартқыштың әсер ету зонасында орналасқан басқа қазындылардың техникалық күйін табиғи тексеру міндетті болып табылады. Тексеру актісінде ұңғымалардың техникалық күйін – олардың тереңдігін, диаметрін, сораптардың күйін, олардың сипаттамаларын, ұңғыма үстіндегі және басқа шегендеу құрылғыларының сипаттамаларын, өлшегіш аппараттарының болуы мен күйін сипаттайтын негізгі нәтижелерді сипаттау (жазбалау) жүргізіледі.
Қайтадан бағалау мақсаттары үшін қосымша гидрогеологиялық зерттеулер (ұңғымаларды бұрғылау, тәжірибелік-сүзілулік жұмыстары, геофизикалық зерттеулер және т.с.с.) жүргізілген жағдайда, есепнамада әрбір зерттеулерге мақсатын, зерттеу әдістемесін, негізгі нәтижелерді және олардың исенімділігін бағалауды көрсете отырып сипаттама беріледі.
Барланған кенорындарының тобы үшін негізгілердің бірі болып сутартқышты пайдалану режимін талдауға арналған бөлім табылады. Бұл жерде сутартқыш, оның типі, пайдалану тәсілі, жұмыс мерзімі, пайдаланылатын және бақылау ұңғымаларының орналасу схемасы және конструкциясы; сонымен қатар өнімдік сулы горизонттардың сипаты, ашылу тәсілі мен дәрежесі туралы мәліметтер келтіріледі. Сутартқыштың өнімділігі, жерасты суларының сапалық құрамы туралы мәліметтер жылдық қимада барлық пайдалану уақытында келтіріліп отырылады. Осы кезде өнімдерді судың деңгейлерін, температурасын өлшеу тәсілдері мен жиіліктері, талдаулар жүргізілген лабораторияны көрсету арқылы судың сапасын бақылау тәсілдері туралы мәліметтер міндетті болып табылады.
Барлық пайдалану уақытында сутартқыштың өнімділігінің өзгеруіне басты назар аударылады, осы өзгерудің себептеріне талдау беріледі (тұтынудың азаюына байланысты сутартқыштың шамасының шектеуі, сутартқышты кеңейту, ұңғымаларды жерасты суларын пайдаланудың басқа тәсіліне ауыстыру, кенорнының табиғи мүмкіндіктеріне байланысты табиғи себептер).
Осы мәліметтер негізінде жерасты суларын пайдалану режимінің негізгі заңдылықтарына сипаттама беріледі, сипаты (тұрақталған, тұрақталмаған) мен себептері туралы шешімдер жасалады. Жерасты суларының пайдаланулық қорларының негізгі қалыптасу көздері сипатталады және оларға сандық пен сапалық сипаттама беріледі.
Алынған материал барлау жұмыстарының нәтижелері бойынша есептелген болжаулық нәтижелерімен бірге пайдаланудың фактілік нәтижелерін салыстыруға мүмкіндік береді. Келесі параметрлер салыстырылады:
-
гидродинамикалық: динамикалық деңгейлердің болжамдық және фактілік жағдайлары, төмендеу шұңқырының мөлшерлері, ұңғымалардың өнімдері мен меншікті өнімдері; -
гидрогеологиялық параметрлер: суқайтарымдылық мен сүзілу параметрлері; суөтімділік, деңгей мен пьезоөтімділік және т.с.с.; -
гидрохимиялық: жерасты суларының сапасының өзгеруі және кондициялы емес суларды сору уақыты; -
геоэкологиялық: табиғи орташа күйі (ағысқа келетін зиян, өсімдіктердің езілуі (угнетение) және т.с.с.), жерасты сулары сапасының жағымсыз өзгеруінің жаңа факторларының пайда болуы.
Бұндай салыстыру жерасты суларының пайдаланулық қорларын барлау мен бағалау кезінде пайдаланудың есептік схемасын дұрыс таңдау туралы шешім жасауға мүмкіндік береді. Қайтадан бағалау кезінде жаңа есептік схеманы қабылдау қажеттілігі жағдайында осы шешімге дәлелді негіз келтіру керек, гидрогеологиялық параметрлер мәндері екіге бөлінуі (расхождения) осындай ұқсаспаушылықтың себептерін міндетті түрде талдау және қайтадан бағалау кезінде жаңа есептік параметрлерді дәлелдеу керек.
Жерасты суларын сапалық сипаттаудың екіге бөлінуі (расхождения) себептерді міндетті түрде талдауды, сонымен қатар кейінгі болжамдарды жүзеге асыру әдістемесін сипаттауды талап етеді.
Жерасты суларының пайдаланулық қорларын қайтадан бағалау кезінде есептеу, сонымен қатар есептеу тәсілін таңдау алдыңғы бөлімдерде жасалған шешімдерге шығуы және негізделуі тиіс.
Барланған, бірақ пайдаланылмаған кенорындары үшін (I топ), қорларды есептеудің есептік схемасы мен әдістемесі өзгермейді және уақытында ГКЗ СССР (ТКЗ)- да бекітілген параметрлермен қалады. Бұл жерде ұсынылған өзгерістердің қазіргі уақыттағы дәлелденген негіздері бар инструкциядағы талаптарға әкелінуі тиіс пайдаланулық қорларды категориялау бұған кірмейді.
Қорларды есептеудің есептік схемасы мен әдістемесінің өзгеруі II топтың пайдаланылған кенорындарына байланысты қабылданады. Жерасты суларының кенорындарының типіне, оның қорларының қалыптасу жағдайына байланысты есептеу әдісі ретінде гидродинамикалық, гидравликалық, баланстық, аралас, үлгілеуді қолданумен ұқсастық тәсілдері алынуы мүмкін. Қорларды есептеудің өзі жалпыға бірдей қабылданған әдістеме бойынша жүргізіледі және ГКЗ (ТКЗ)-да әдістемелік нұсқаулармен сәйкес ұсынылады [33].