Файл: 1 дріс. Педагогикалы психология ылыми білімні пнаралы саласы ретінде (2 са).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 247

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Адамның педагог іс-әрекетіне сәйкестілігі

Сәйкестілік сипаты

Жарамдылық

Дайындық

Кірісушілік

Толықтай сәйкестілік

Бар

бар

бар

Жартылай, бірақ тәжірибе нәтижесінде түзетуге оңай сәйкестілік

Бар

бар

жоқ

зін-үзі тәрбиелеу және үз-үзіне білім беру бойынша аумақты жұмыс нәтижесінде жойылатын жартылай сәйкестілік

Бар

жоқ

бар

Сәйкестілік жоқ, бірақ ол үзін-үзі ұзақ тәрбиелеу, оқу және тренингтер нәтижесінде қалыптастыруы мүмкін.

Бар

жоқ

жоқ

Кәсіби іс-әрекетке сәйкестілік жоқ-кәсіби жағымсыз адам

Жоқ

жоқ

жоқ

Педагогикалық іс-әрекетке сәйкестілік жоғарыда күрсетілген оның күріністерінің жоспарларының әрқайсысымен мақсатты жұмыс нәтижесінде дамуы мүмкін екендігі үзіне назар аудартады. Мұғалімнің педагогикалық ісәрекет субьекті ретінде кәсіби сипаттамалары олардың жиынтығында күрінеді, себебі мұғалім тұлға, педагогикалық үзара әрекеттесудің белсенді әрекеттенуші субьект ретінде- тұтас күрделі жүйе. Педагогикалық іс-әрекет ретінде педагог даралық тұлғалық, үзіндік субьектілік сапалардың қосылысы, жиынтығы болып табылады, олардың мамандық талаптарына барабарлығы оның еңбегінің тиімділігін қамтамасыз етеді.

4. Кез-келген білім беру жүйесінде білім алушы адам үйренуші болып табылады.Осы түсінікте адамның үзі басқалардың күмегімен оқитыны атап күрсетіледі. Яғни , ол білім бері процесінің белсенді субьектісі бола тұрып, барлық қарастырылған субьектілік сапалармен, қырлармен сипатталады. Әр үйренуші (оқушы) жеке тұлғалық және іс-әрекеттік ерекшеліктерге, яғни, тума қабілеттердің (жеке типологиялық алғышарттарына), интеллектуалдық іс-әрекеттің, когнетивті стильдің, талап қою деңгейінің, үзін-үзі бағалаудың, жұмысқа қабілеттілік ерекшеліктеріне (жоспарлау, ұйымдастыру, дәлдік және т.б.) ие.Әр үйренуші үз іс-әрекетінің, соның ішінде оқу іс-әрекетінің стилімен, оған деген қатынасымен, оқытылуға жарамдылығымен сипатталады. Жас ерекшеліктік кезеңдерге бүлу психологиясындағы күрделі және бір жақты шешілмейтін проблемалардың бірі болып келеді (А.Валлон, Ж.Пиаже, В.Штерн, П.П.Блонский, Л.С.Выготский және т.б.) Білім берудің және ең алдымен, мектепетік жүйенің түрлі сатыларындағы типтік субьект анықтау үшін бастапқы болып табылатын жас ерекшелік кезеңдерге бүлу деген келіссүздерді қарастырайық. Осыған сәйкес Л.С.Выготский жас ерекшелік дамудың келесі тиянақты және қиын-қыстау кезеңдерін бүледі, нәрестелік дағдарыс, сәбилік жас (2 ай- 1жыл), 1 жас дағдарысы, ерте балалық (1 жыл- 3 жас), 3 жас дағдарысы, мектепке дейінгі жас (3 жас-7 жас),7 жас дағдарысы, мектеп жасы (8-12 жас), 13 жас дағдарысы, пубертатты жас (14-18 жас), 17 жас дағдарысы.Осы схемада үзіне назар аудартатын — мектепке дейінгі және мектеп жасы (педагогикалық схема бойынша), пубертантты (бір белгі схемасы бойынша) кезеңдерді бүлу негіздерінің түрліше болуы. Келесі кезеңдерге бүлу жалпы қабылданған болып есептеледі. Мектепке дейінгінің алдындағы жас (3-5 жас), мектепке дейінгі (5-7 жас), кіші мектеп жасы (7-11 жас), жеткіншек (орта мектеп) жасы (11-15 жас), ерте жастық шақ, немесе жоғары мектеп жасы (15-18 жас) және студенттік кезең (кеш жастық шақ, ерте кемелді жас)- 17-18-22-23 жастар (Б.Г.Ананьев бойынша).Әр жас, немесе кезең, келесі күрсетікштермен сипатталады :


1) дамудың белгілі бір әлеуметтік ситуациясымен немесе осы кезеңде баланың үлкендермен қатынасқа түсуінің нақты формасымен;

2) іс-әрекеттің негізгі немесе жетекші типімен (бала дамуының белгілі бір кезеңдерін сипаттайтын іс-әрекеттің бірнеше алуан түрлері бар;

3) негізгі психикалық жаңа құрылымдармен (әр кезеңде олар жекеленген психикалық процестерден тұлға қасиеттеріне дейін болады).

Осы күрсеткіштердің барлығы Д.Б.Эльконин бойынша, үзара әрекеттесудің және үзара әсер етудің аса күрделі қатынастарында орналасқан.

Кіші мектеп оқушысы — бұл адамның іс-әрекет берілген жағдайда оқу іс-әрекетінің субьектісі ретіндегі қоғамдық болмысының басталуы.Осы сапада кіші мектеп оқушысы, ең алдымен оған дайындығымен сипатталады. Бұл оқу мүмкіндігін қамтамасыз ететін физиологиялық, (анатомиялық-мортологиялық) және психикалық, ең алдымен интеллектуалдық даму деңгейімен анықталады. Л.И.Божовичтің, Д.Б.Элькониннің, Н.Г.Салминаның, Н.И.Гуткинаның зерттеулерінде баланың мектепке дайындығының негізі күрсеткіштері суреттелген: оның ішкі позициясының, семиотикалық функиясының ырықтылығының қалыптасуы, ережелер жүйесіне бағдарлану іскерлігі және т.б. Бұл жаңа міндеттерге мектеп, мұғалім, сынып алдындағы жауапкершілікке дайындық..

Орта мектеп жеткіншек жасында (10-11-ден 14-15 дейін) жеткіншек үз іс-әрекеті контекісінде құрдастарымен қарым-қатынасқа түсу жеткеші рүл ойнайды. Осы жастағы балаларға тән іс-әрекет оның оқу, қоғамдық-ұйымдастырушылық, спорттық күркемдік, еңбек сияқты түрлерін қамтиды. Пайдалы іс-әрекеттің осы түрлерін орындауда жеткіншекте қоғамдық қажетті жұмысқа қатысуға, қоғамдық мәнді болуға саналы ұмтылу пайда болады. Жеткіншек шақты алдыңғы зерттеушілердің бірі Д.И.Фельдшейн атап күрсетуінше, адамның әлеуметтік пісіп-жетілуі, оның белсенді әрекеттенуші субьект ретіндегі үзін-үзі таны тануы мен үзін-үзі анықтауының құрылымдануы «Мен қоғамға деген қатынас бойынша» жалпы позициясының екі, бір-бірін алмастыратын «қоғамдағы Мен» және «Мен және қоғам» деген позицияларға трансформациясымен анықталады. Жеткіншек оқу іс-әрекетінің субьекті ретінде тек қана үз мотивациясымен, позициясымен, қатынастарымен, «Мен»- тұжырымдамасымен үзгеше емес, сондай-ақ үздіксіз, күп сатылы білім беру қиындысындағы үмірдегі орнымен үзгеше.Ол үзі үшін осы білім беруді жалғастыру формасын болжайды, шешеді және осыған байланысты не оқудың, не еңбек іс-әрекетінің, қоғамдық айналысу, тұлғааралық үзара әрекеттесу құндылығына бағдарланады. Оқуға бағдарлануда жеткіншек жоғары мектеп оқушысы мәртебесіне үтеді. Жоғары мектеп оқушысы оқу-іс әрекеті субьектісі ретінде –бұл оқуды жалғастыруды таңдаған адам. Дәл осы оның субьект ретіндегі үзгешелігін анықтайды.



Жоғары сынып оқушысы (ерте жастық шақ кезеңі 14-15 тен 17 жасқа дейін) орта буыннан жоғары сыныпқа немесе жаңа оқу орнына- гимназияларға, колледждерге, училищелерге үткен кезде бірден дамудың жаңа әлеуметтік ситуациясын атайды. Бұл ситуацияны тек жаңа ұжымдар ғана емес, сондай-ақ ең бастысы, болашаққа бағыттылық сипаттайды: үмір сүру қалыбын, мамандықты, референтті адамдар тобын таңдауға бағыттылық.. Мамандық таңдаудың анықтығын және оның тұрақтылығын М.Р.Гинзбург «болашақтың анықтылығының» екі параметрі ретінде қарастырады, олар үз кезегінде, жоғары сынып оқушысының мәндік болашағын сипаттаушы маңызды күрсеткіштердің бірі болып табылады. Екінші күрсеткіш- «валенттілік» эмоционалдық тартылымдылықтың құндылықты қаныққандығы мен мәндік болашақтың белсенділігін біріктіреді. Жоғары сынып оқушысы жетекші іс-әрекетінің жаңа түріне енеді- оқу-кәсіптік, оның дұрыс ұйымдастырылуы күп жағынан оқушының келесі еңбек іс-әрекетінде субьект ретіндегі қалыптасуын, оның еңбекке деген қатынасын анықтайды.

Студенттік жас (18-25 жас) адам үміріндегі ерекше кезең болып табылады, себебі «жалпы мәні бойынша және негізгі заңдылықтары бойынша 1-ден 25ке дейінгі жас, балалық даму кезеңдері қатарындағы ақырғыдан гүрі кемелді жас кезеңдерінің қатарында бастапқы буын болып табылады. Студент проблемасын ерекше әлеуметтік- психологиялық және жас ерекшелік категориялары ретінде қою еңбегі Б.Г.Ананьевтің психологиялық мектебінікі, Б.Г.Ананьевтің үзінің, Н.В.Кузьминаның, Ю.Н.Кулюткінның, А.А.Реанның, Е.И.Степанованың зерттеулерінде, сондай-ақ В.А.Якунин және т.б. еңбектерінде осы проблема бойынша бақылаулардың үлкен эмперикалық материалдары жинақталған, эксперименттер мен теоретикалық жалпылаудың нәтижелері келтірілді. Осы күптеген зерттеулердің мәліметтері студентті әлеуметтік психологиялық және психологиялық-педагогикалық позициялы оқу іс-әрекетінің ерекше субьектісі ретінде сипаттауға мүмкіндік береді. Студенттік кез — бұл ерекше әлеуметтік категория, жоғарғы білім беру институтымен ұйымдастырыла біріктірілген адамдардың ерекше қауымдастығы.ХІ-ХІІ ғ.ғ. алғашқы университтер пайда болғаннан бері тарихи құралған. Студенттік шақ білімдер мен кәсіби іскерліктерді мақсатты, жүйелі игеруші, ұйғарылғандай, табанды оқу еңбегімен айналысатын адамдарды қамтиды. Әлеуметтік топ ретінде кәсіби бағыттылығымен, болашақ мамандыққа тұрақты қатынастың қалыптасқандығымен сипатталады, бұның үзі кәсіби таңдаудың дұрыстығының студенттің таңдап алған мамандық жайлы ойының барабарлығы мен толықтығының мәні болып табылады.



Пысықтау сұрақтары мен тапсырмалар:

1. Обьект пен субьектінің танымда және іс-әрекетте қатар болуы жайлы қағида нені ұйғарады?

2. Білім беру процесінде субьектінің қандай сипаттамаларын негізгілер ретінде қарастыруға болады.

3. Кіші және жоғары сынып оқушылырының оқу мативациялары немен ажыратылады?

4. Адам дамуының қандай жас ерекшеліктік кезеңі оның оқу іс-әрекеті субьектінің позитциясына әсер етеді?

5. Студент пен оқушының оқу іс-әрекеті субьекттері ретіндегі ажыратушы ерекшеліктері қандай?

Әдебиет тізімі:

1. Абульханова К.А. Осубьект психической деятельности. М.1973

2. Брушлинский А.В.Проблемы психологии субьекта М.1994

3. Кон И.С.Психология старшеклассника. М.,1980

4. Мухина В.С.Детская психология. М.,1985

5. Фельдштейн Д.И. Возрастная психология М.1997

6.Якунин В.А. Психология учебной деятельности студентов. М.1994

9 Дәріс. Оқыту психологиясы

Дәріс мақсаты: Студенттерді оқу іс-әрекетінің түрлерімен таңыстыру, оқу мотивациясы, оқудағы меңгеру процесін түсіндіру, үзіндік жұмыс — оқу іс-әрекетінің жоғары формасы екендігіне мағұлмат беру.

Дәріс жоспары:

1. Оқу іс -әрекетінінің жалпы сипаттамасы, құрылымы, қалыптасуы.

2. Мотивация психологиялық категория ретінде, оқу мотивациясы.

3. Меңгерудің жалпы сипаттамасы, меңгеру процесіндегі дағды.

4. Өзіндік жұмыс- оқу іс-әрекетінің жоғары формасы, жалпы сипаттамасы.

1. Бұрын айтылғандай, оқудың жалпы теориясының негізін қалағандар Я.А.Коменский, И.Г.Пестолоцци, А.Дистервег, И.Гербарт, біздің елімізде- К.Д.Ушинский, П.Ф.Каптерев, П.П.Блонский, Л.С.Выготский, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко. Сонымен қатар ХХ ғасырдың ортасындағы отандық және шетелдік педагогикалық психологияның күрнекті үкілдері Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, И.Лингарт оқу іс-әрекетінің психологиялық теориясын қалыптастырып, ол Ресейге ғылыми басымды болған. «Оқу іс-әрекеті» түсінігі үнемі бір жақты түсінік деп айтуға келмейді. Кең мағынада алған ол кейде үйренудің, оқудың және тіпті оқытудың синонимі ретінде жүнсіз қарастырылады. Тар мағынада, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, А.К.Маркова жұмыстарында «оқу іс-әрекеті» түсінігі, субьектінің оқу пәніне деген, С.Л.Рубенштейн бойынша түсіндірілетін, бүкіл оның барысындағы ерекше «жауапкершілік қатынаспен» теңестіріле отырып, іс-әрекеттік мазмұн мен мағынаға толады. Оқу іс-әрекетінің, оны оқудың басқа формаларынан ажырататын үш негізгі сипаттамалары белгіленеді: 1) ол оқу материалдарын игеруге және оқу міндеттерін орындауға әдейі бағытталған; 2) онда әрекеттердің жалпы тәсілдері мен ғылыми түсініктер игеріледі (мектепке дейін игерілген тұрмыстық түсініктерге қарағанда); 3) әрекеттің жалпы тәсілдері міндеттерді орындаудың алдын-ала әрекеттер бағдарламасы жоқ кездегі, байқап күру және қателесу әдісі бойынша оқумен салыстырсақ, онда оқу іс-әрекеті емес. Оқу іс-әрекетінің пәндік мазмұнын талдау , кез-келген басқа іс-әрекет сияқты, оның пәнін анықтаудан, яғни іс-әрекеттің неге бағытталғанын анықтаудан басталады: бұл жерде – білімді игеруг, әрекеттердің жалпыланған тәсілдерін игеруге, әрекет тәсілдері мен амалдарын оның бағдарламаларын, алгоритмдерін үңдеуге бағытталған осы үрдіс барысында үйренушілердің үзі де дамиды. Д.В.Эльконин бойынша оқу іс әрекеті игеруге тепе-тең емес оның негізгі мазмұны болып табылады. Және игеруді қамтитын оның даму деңгейі мен құрылымы арқылы анықталады. Сонымен бірге оқу іс әрекеті субъектінің үзінің үзгеруіне бағытталғандықтан, (ол оқу іс әрекеті жетекші болып табылатын кіші мектеп жасына елеулі мүлшерде, тіпті іс жүзінде кез келген жаста күрінеді). Игеру субъектілік үзгерісті интеллектуалдық тұлғалық тұрғыда жанамаланады, бұл да оқу іс әрекетінің пәніне жатады. Оқу іс әрекетінің жүзеге асуына күмектесетін құралдарды үш тұрғыдан қарастырған жүн. Біріншіден, бұл оқу іс әрекетінің танымдық және зерттеушілік қызметтерінің негізінде жатқан интеллектуалдық (С.Л.Рубинштейн терминдерінде – ойлау операциялары) әрекеттер: талдау, синтез, жалпылау, жіктеу және т.б. Екіншіден, бұл біліктілік тілдік вербальдық құралдар. Осылардың формасында білім игеріледі, рефлекцияланады және даралық тәжірибеде үндіріледі. ‡шіншіден, бұл негізгі білімдер оларға жаңа білім қосу арқылы оқушының даралық тәжірибесі дамиды. Осы үш құрылымның бірігуі жайлы С.Л.Рубинштейннің жалпы оқу теориясында неғұрлым толығырақ айтылған. Бұл теория бойынша “проблеманы шешу немесе шешуге тырысу, әдетте, бұрыннан бар білімдерден қандай да бір жағдайларды шешу әдістері немесе құралдары ретінде алуды ұйғарады”. Оқу іс әрекетінің үнімді ғылым мен практиканың түрлі салаларында қолдануды қажет ететін тапсырмаларды шешіп алу іскерлігінің негізінде жатқан құрылымданған және талданған білім болып табылады. Сонымен қатар мотивациялық құндылық және мағыналық жақтардағы психика мен іс әрекеттің ішкі және құрылымы да үнім олып табылады. Оқу іс әрекетінің нәтижесі субъектінің мінез-құлқы болып табылады – бұл не оның осы іс әрекетті жалғастыруға деген қажеттілігі (кірісу, жағымды, эмоциялар) немесе ниетінің болмауы, қашқақтау, бас тарту. Екіншісі, дүние жүзі бойынша мектепке дейінгі теріс қатынастан, сабаққа келмеуден мектептен кетуден күрінеді. Оқу іс әрекеті келесі компоненттерден тұратын сыртқы құрылымға ие, мотивацияға; кейбір жағдайларда тапсырмалардың түрлі формаларындағы оқу міндеттері, оқу әрекеттері, үзін үзі бақылауға ауысатын бақылау. Осы іс әрекеттің әр компонентінің зіне тән ерекшеліктері бар, сонымен бірге, табиғаты бойынша интеллектуалдық іс әрекет бола отырып оқу іс әрекеті кез келген интеллектуалдық акт сипатына ие бола алады.