Файл: 1 дріс. Педагогикалы психология ылыми білімні пнаралы саласы ретінде (2 са).docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 250

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Эльконин - Давыдов жүйесіндегі жобаланған оқытудың қорытындысының сипаттамалары µзінің құрамына мынандай кµрсеткіштерді қамтиды: а) оқу іс-әрекетінің қалыптасуының деңгейі (оқу іс-әрекетіндегі мотивтердің типі, танымдық қызығушылықтың даму деңгейі, мақсаттың немесе "оқу тапсырмаларын қабылдауының" ерекшеліктері, бақылауды қалыптастыру және қатысушылардың µзін бағалау мүмкіндіктері т.б.) б) Қатысушылардың интеллектуалдық дамуының деңгейі (тәжірибелік және теориялық дамудағы икемі мен қабілеті, есте сақтау қабілеті, интелектуалдық рефлексия, вербалды емес елестету т.б.) в)Оқушы ұжымы мен жеке тұлғаның даму ерекшеліктері (сыныпты қамтуы, жеке тұлғалар арасындағы қарым- қатынастағы оқу іс-әрекетінің бірігуіндегі маңызды рµл атқарады; сәтсіздіктер мен табыстардың себебін бағалауына қарай жеке тұлғалық рефлексия µзіне немесе басқаларға жауапкершілікті жүктей білуі, сондай-ақ тұлғаның жеке психологиялық ерекшеліктері оның эмоционалды тұрақтылығы, агрессияның жоқтығына, демонстративтілігіне, қарым- қатынастағы қиыншылықтарға т.б ) және г) оқу соңындағы икем мен дағдының деңгейі (орфографиялық дағды, грамматикалық дағды, математикалық икемінің деңгейі т.б.)

Кµріп отырғанымыздай, осы аталған сипаттамалардың ішінен дәстүрлі оқыту жүйесіндегі жалғыз, ең негізгі сапалы сипаттама болып табылатын білім кµлемі кµрсеткіші қамтылмаған. Неге олар қамтылмаған? Тура осы дамытып оқыту жүйесіндегі білімнің керектігі мен маңыздылығы жµнінде айтылады емес пе? Жоқ, акцент білімнің бағасына емес, олардың ненің құрамына енгендігіне, қандай икем, дағда, қабілет және т.б. тұлғаның сапалы сипаттамаларына байланысты жасалады. Дегенмен, білім оқытудағы бір мақсат үшін ғана емес, жеке тұлғаның дамуы үшін керек.

Яғни оқу іс-әрекеті бұл "іс -әрекет субъектісінің µзгерісі, ешқандай білім, икем, дағдыны меңгермеген ол осының бәрін меңгеріп шығады, сондықтан оқу іс-әрекеті µзіндік µзгеріс, µзіндік даму, іс-әрекеті ретінде анықталады, оның пәнінің сапасы ретінде қатысушылардың µзінің тәжірибесі оқу барысында әлеуметтік тәжірибенің меңгерілмеген фрагменті мен қатысушының бұрынғы тәжірибесі генезисіндегі µзгеріс оқу іс- әрекетінің продуктісін құрайды."

Тағы бір ескерте кететін жайт: білім µз-µзінен оқу іс-әрекетінің мақсаты мен қорытындысы, пәні мен продуктісі болып табылмайды, ол қатысушының жеке тұлғасы, оның тәжірибесі, интеллектісі мен жеке қасиеттері алынған білім, дағды, икеміне байланысты. Студенттің оқу іс-әрекетінің негізгі қорытындысы ғылыми білім негізінде ойлай білу қабілеті болу керек.


Оқытудың дамытып теориясындағы тағы бір бағыттардың бірі проблемалық оқыту психологиясы болып табылады. Проблемалық оқу идея және жүйе ретінде оқу процесінде белгілі методтарды ұйымдастыруда алғаш мектеп практикасында пайда болып, кейіннен педагогика ғылымында маңызды орынға ие болды. (Н.Г.Дайри, И.Я.Лернер, М.И.Махмутов) Ол педагогикалық практикада хабарлаушы альтернатива ретінде дүние келді, ол қатысушылардың ойлау белсенділігін дамытпай, оқу материалын пассивті қабылдауға және оны ойланбай есте сақтауға үйретеді. Проблемалық оқытудың маңызы мынандай формуладан тұрады: "Оқушыны проблемалық жағдайға енгізе отырып, оны ойлауға үйрету." Проблемалық оқытудың педагогикалық практикадағы энтузиасттары келешекте психологиялық негіз қалыптастырды.(Т.В.Кудрявцев, А.М: Матюшкин)

Егер жалпы дамытып оқыту теориясы оқытудың мақсаты ойлауды қалыптастыру деп түсінсе, ("мектеп ойлауды үйрету керек"), онда проблемалық оқытудың теоретиктері қатысушылардың ойлау қабілетін дамытатын нақты жолдар мен методтарды дайындап шығарып және қатысушыларды проблемалық жағдайлардан шығу жолында олардың ойлау іс-әрекетін ұйымдастыра отырып, одан шығу жолын іздейді, яғни проблемалық жағдайлардан шешу жолын оқытады.

Егер мектеп (бастауыш, орта, жоғары) ойлауды үйрету керек болса, онда ол оны қалай істеу керек? Бұл сұраққа жауап беру үшін ойлау психологиясына келіп тірелеміз.

Қазіргі таңдағы ғылыми анықтама бойынша ойлау - бұл спецификалыық тапсырмалардың шешімі болып табылатындығы сондай , оның бір шарттары жоғары болса, ал басқалары - жоқ. Ойлау- бұл заттың анализін шығаруда жабық тұрған тұстарын ашуға бағытталған психикалық әрекет. Егер тапсырманың барлық шарттары белгілі болса, онда ойлаудың керегі жооқ, себебі бұл тапсырманы адам µзі есте сақтау қабілетімен, µзіндік жолымен шешеді. Ойлау сұрақ(тапсырма) қойылып, оған дайын жауап есте сақталмағандықтан, мұқият бақылаушылық болмаған жағдайда "жұмысқа қосылады".Осындайда адамға сол уақытта қойылған тапсырма µзіне белгілі тәсілдермен де шешімі жоқ күрделі мәселе болып кµрінетін жағдайлар болады. Осы кезде оның қай тұсы анық емес, қай қыры нақты ашылмағандығын анықтау үшін ойлау керек. Сондықтан осыған оқушылар мен студенттерді үйрету керек.

Ойлауға үйрену дегеніміз- танымдық тапсырманы шешу үшін қажет білім алушы әлі меңгермеген білім мен білім алушының білімінің арасындағы қарама- қайшылықты шешу болып табылады.



Бұл тақырыпқа қатысты методикалық кµмекті М.М Мазмутованың "Проблемалық оқыту" монографиясынан алуға болады. Тура осындай тақырыппен проблемалық оқытудың теоретигі И.Я.Лернердің брашюрасы бар. Ол екеуі де педагогика ғылымдарының докторы. "Педагогикалық қµзқарас тұрғысынан қарағанда ,- деп жазды И.Я.Лернер ,- бұл сондай оқыту, мұнда барлық қатысушылар жүйелі түрде проблемалық материал мазмұнында проблемалар мен проблемалық жағдайларды шешуге тырысады." Проблемалық оқытуда білім "қатысушыларға дайын күйінде берілмейді ,- деп М.И.Махмутовадан оқимыз ,- бұл проблемалық жағдайлар шарттары арқылы µзіндік танымдық іс-әрекет негізінде жинақталады."

Психологтар А.М. Матюшкин мен Т.В: Кудрявцев осы ойды толықтырады: "Проблемалық оқыту қатысушылардың алдына проблеманы қою арқылы білім меңгерудің белсенділігі жүрмейді дейді. Қазіргі кездегі ойлау психологиясының білімі қатысушылардың алдына мәселені қойып қана қоймай, оларды шешу жолдарын кµрсететін жағдайды да жасап береді. "Яғни психологиялық кµзқарас тұрғысынан қарағанда проблемалық оқытудың ерекшелігі-ол қатысушыға проблемалық проблеманы шешуге ғана қатыстырып қана қоймай, оны осындай проблемаларды ойлаудың психологиялық заңдылықтары негізінде шешуге үйрету болып табылады.

"Ойлау мен оқытудың арасында µте кµптеген тығыз байланыстар бар екендігін кµрсетіп, авторлар ары қарай : "Олар қоршаған ортаны тануға бағытталған, оны меңгерудің жолдарын игеру, оны меңгерудің жолдарын игеру, (біздің жағдайымызда психологияда шынайы адамдарға -Б.Б.) ең соңында оны µзгертуге, практикаға белсенді енуі мен µмірге енуін кµрсетеді. (бұл біздің тақырыбымызда- оқыту практикасынан, тәрбиеден, адамдардың бір-бірімен қарым- қатынасынан кµрінеді) Әрине, оқыту процессі ойлау процесіне кµңірек жан-жақты. Алайда бұл екі процесс те адам алдындағы теориялық және практикалық проблемалардың шешімін табуға бағытталған іздеуші әрекеті ретінде қарастыруға болады. Процесс те оқыту, ао ойлау процесін жүзеге асыратындықтан оны проблемалық оқыту деп атауға болады.

Мұндай оқытудың теориясында мынандай түсініктер қолданылады: мәселе, мәселелік жағдай, мәселелік міндет, мәселелік сұрақ, мәселелік тапсырма, мәселелік оқытудың принциптері т.б.

Бұл түсініктер қандай мазмұнға ие?

Мәселе - (грек тілінен - problema- міндет, тапсырма) - дайын жауап болмағандықтан, оған жауап табу үшін ізденуді, зерттеуді талап ететін теориялық немесе практикалақ сұрақ. Әдетте адам алдында сұрақ объективті қойылады: қандай да бір жаңа міндет туындап, оны белгілі ("ескі") методтармен шешу мүмкін емес болған жағдайда ғылыми ой әрекетке кµшеді. Оқу мақсатында проблемалар білім алушыларға әдейілеп қойылуы мүмкін, яғни оны оқытушы методист, методикалық кітаптың авторы қоюы мүмкін. Оқу проблемасы- практикалық µмірлік проблеманың кейбір моделі, бұл оқушының моделдеу заңымен сәйкес құрылған, онда зерттелуші объектінің қатынасы мен маңызды байланысын, маңызды емес тұстарын абстракциялау арқылы жүзеге асыруы тиіс, немесе керісінше бірнеше маңызды емес моменттерден қатысушы маңыздыларын бµліп алуы тиіс. Соңғы жағдайда оқу мақсаты тура сол проблеманы шешуде µзгереді.


Мәселелік жағдай- бұл субъектінің мәселемен кездесуіндегі психологиялық жағдайы, ол туған қиындықты шешуге кµмектесетін жаңа әрекет тәсілдері немесе жаңа білімді игеруді талап ететін практикалық немес танымдық міндетті шешу болып табылады. Мәселелік жағдайда субъективті қажеттілік жаңа білім алуда оқуда тұлғаның танымдық белсенділігін туғызады. Мәселелік жағдай таным субъектісінің пайда болған қиындыққа деген қатынасын кµрсетеді, бұл сондай қатынас, мұнда ол оны қалай шешу жолдарын білмейді, бірақ оған іздену керек. Алайда ізденіске қажеттілік қиындықты кездестірушының анық түсіне білгенде ғана туындайды. Мәселелік жағдайға түскен жағдайда, субъект уақыт µткенге дейін бұны тек қиындық ретінде қабылдайды, ал бұны ерекше бір жолмен ғана шешетін мәселе ретінде қарамайды.

Осындай жолмен объективті кедергілер адам алдында мәселелік жағдай ретінде тұруы да, тұрмауы да мүмкін.

Ал негізінен ойлау -субъект мәселелік жағдайды толық түсінген жағдайда ғана "жұмысқа қосылса", оны бірқатар қарама- қайшылықтар ретінде қабылдап, қойылған мақсатқа жетпей, оның шешімін табу мүмкін емес. А.Н.Леонтьев қызықты мысал келтіреді. Мектеп оқушылары -авиамодельдік үйірменің мүшелері және ұшатын авиамодельді қызығушылықпен, ынтамен жасайды. Инструктор ұшу теориясын меңгеруді талап етеді. Алайда бұл жұмысты қаншама икем, тер тµге жұмыс істеген авиамоделисттер тобы ұшу теориясына аз қызығушылық танытады; кµпшілігі самолет неге ауада ұша алады, "махаббат қарсылығы" дегеніміз не деген сұрақтарға жауап бере алмады. Жұмыстың теориялық жағын түсінуге деген қажетілігін түсіндіретін ешқандай үгіт табыс әкелмеді, тіпті әйгілі авиаәдебиеттерді оқи отырып, балалар одан таза практикалық сипат беретін шектеулі мәлімет қана алады. Неге балалар теорияны меңгермеді? Ол оларды қызықтырмаған себебі, бұл білмеушілік оларға практикалық жұмысты жүргізуге кедергі болған жоқ және оларда ешқандай қиындық туғызған жоқ, яғни оларда мәселелік жағдай болған жоқ.

Ал тапсырманы µзгертіп, авиамоделисттер модельді жасап қана қоймай, оны олардың кµмегімен белгілі бір қашықтыққа ұшыру кезінде олар модельдің екі мертге жетпей құлайтынына кµз жеткізді. Неге бұл бұлай болды? Белгілеген жерге дейін қалай ұшыруға болады? Мәселелік жағдай пайда болды. Одан шығу жолын іздейді. Енді оқушыларға бұрын елемей келген ұшу теориясы туралы конструктордың консультациясы керек болады.


Инструктор "бұрыш шабуылының" маңыздылығын түсіндірді. Оптималды бұрыш шабуылын қалай таңдау керектігін кµрсетіп, ол "сызықтар сызады- векторлар алдыға, жоғары, тµмен; бір сызық тар µседі, басқалары тµмендейді. Түсінікті: осындай жағдайда самолет міндетті түрде құлайды. Бұл µте қызықты. Жас конструктор түсініп, сызықтар сәйкестігін тапқанда барып, ол самолетке керекті шабуыл бұрышын берді. "Осылай теория білімін білу мәселелік жағдайдан шығуға кµмектесіп, алдыға қойылған тапсырма мен мақсатты шешті.

Қиындықты бұлыңғыр түсініп, бірте- бірте мәселелік жағдайға айналуы жиі кездеседі және бұл әрекет субъектісінің бұдан шығу жолында жаңа білім, әрекеттің жаңа тәсілін ойлап табады, яғни бұл тұлғаның танымдық белсенділігін туғызып, ойлауды дамытады. Психологтар ертеден байқап, ойлау әдетте мәселеден немесе сұрақтан, таң қалудан немесе икемсіздіктен, қарама- қайшылықтан туындыйтынын айтқан. Мұндай меселелік жағдай субъектінің ойлау әрекетіне енуімен анықталады.

Айтылған бұл ойдан кез- келген проблема міндетті түрде ойлау белсенділігін арттырады деп ойламау керек. Жағдайды мәселелік сияқты жеткілікті деңгейде түсіну, субъектінің ойлау ізденісін бастау үшін білім қоры керек. Мысалы: "рефереттік топтың" не екенін білмей, студент әлеуметтік психологияның тапсырмаларына дұрыс жауап бере алмайды, егер оны былай құраса: "Бір топ немесе тура сол топ бір уақытта "референттік" "үлкен", "кіші", "кәсіби", " шынайға" жатқызыла ма? Бұл тапсырма тұлғада проблеме ретінде түсінікті болғандықтан оны шешуде жеткілікті соңғы білімі болмаса, бұл дұрыс бағытта ойлауды туғызбайды.

Оқутушыдан (оқытушы, оқулық авторы) білім білім алушыларда егер бұрын қалыптаспаса, мәселелік жағдайда мәселенің шешімін табу кезінде жағдайлар құру керек.

Мәселелік жағдайлар практикалық µмірде обьективті және жиі кездеседі және бұл субъектіден ойлау икемін, сондай-ақ жұмысына шығармашылық тұрғыда қарауды талап етеді. Бұл үшін жоғарғы оқу орнынан бастап оқу барысынан бастап ойлауға үйрену керек және әр түрлі мәселелік жағдайлардан шыға білу керек.

Оқу жағдайында мұндай жағдайлар оқытушы, методист, оқу құралының авторы тарапынан қойылады, яғни субъективті, µнерлі, арнайы оқу мақсатына сай. Алайда мәселелік жағдай оқу іс-әрекетінде кездейсоқ, жоспарсыз пайда болуы мүмкін. Мұндай стихиялық мәселелік жағдайлар пайда болуы мүмкін, мысалы: бүкіл топ болып бір қандай да бір құбылысты түсіндіре алмайды. Мысалы: әдебиет пәнінің семинар сабағында сµз петербургтік ақ түндер туралы сµз болады. А.С.Пушкиннің µлең жолдары келтірілген болатын: "Одна заря сменить другую спешит, дав ночи полчаса". Семинарға қатысып отырған проректор (мамандағы- географ) студенттердің ақ түн тек қана Петербургқа тән деген екендігі туралы айтқан ойларын аңғарды. Студенттердің біреуі: "Мүмкін Иркутскіде де ақ түндерді қарсы алып, шығарып салатын шығар? Ал мүмкін бұндай құбылыс басқа жерлерде де бар шығар?"- деп, µз ойын айтты. Қызу пікір-талас туындады. Алайда қатаң ойлау логикасының арқасында және Жер µз осімен айналу заңына сүйене отырып, дұрыс шешеім қабылдап, ақ түндер жоғарғы солтүстік және оңтүстік кеңістікте пайда болатынын анықтады.(60*-тан жоғары)