Файл: 1 дріс. Педагогикалы психология ылыми білімні пнаралы саласы ретінде (2 са).docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 252
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Бұл мысал тура мәселелік жағдайдың кездейсоқ туғаны туралы айтады және де оған шешім табу үшін студенттердің ойлау белсенділігін арттырды. Тәжірибелі ұстаздар бұндай стихиялы түрде пайда болған студенттердің дискуссиясын әдетте қолдайды, олар студенттердің оқулықтағы дайын, олардың µзіндік µз ойларының тууына әсер етпейтін фразаларды айтқаннан гµрі бұл дискуссия тақырыпқа сай болмаса да, ол олардың ойлау белсенділігін арттырады.
Ал "жеке тұлғалық мәселелік жағдайға" байланысты бұл түсінікті біз бұл жерде зиянды студенттік әдет -ол түсініксіз, бірақ µте маңызды сұрақ болса да оқытушыға сұрақ қоймау сияқты мәселелердің психологиялық себебін түсіндіруге тырысамыз. Бұл әдет қарапайым ұялшақтықпен байланысты: бұл студентті ештеңе білмейтін, ақылсыз, артта қалған деп түсінеді деген түсініктен туған. Осындай ұялшақтақтың нәтижесінде студент ойлаудың аз ғана бµлігін талап ететін қарапайым сұрақтарға жауап бере алмайды, яғни осыдан оның басында қандай да бір "вакуум" пайда болады. Неге? Себебі, олар µз уақытында лектордың түсіндіруі мен логикасын түсіне алмаған немесе кітап авторымен келтірілген аргументтерден "секіріп" кеткен. Сондықтан, оларда басқаларда жоқ мәселе пайда болады. (жеке тұлғалық)
Осылай, оқу іс-әрекетінің психологиясы ғылыми теория ретінде µз кезегінде студентті оқуға үйрету дегенді, яғни оқытушының студентті µзіндік танымдық іс -әрекетті қалыптастыруға үйрету дегенді білдіреді. Оқытушының міндеті -ол тек қана дайын ғылыми білімді түсіндіріп, есте сақтату емес, студенттің оқудағы іс-әрекетін қалыптастыруға кµмектесу, яғни бұл білімді меңгерудің обьективтік заңдарын талап етеді: оқу тапсырмасын ойлау күші арқылы шешу, нәтижесінде ойлауға үйрену және әр түрлі жағдайға мұндай тапсырмаларды меңгерген тәсілмен шешуге үйрету боп табылады.
Дұрыс оқу- оқу іс-әрекетінің талаптарына сай оқу болып табылады, бұл қорытындысында жай ғана білім мен икемді жинақтамайды, білімнің кµмегімен ойлауды үйретеді, яғни, интеллектуалдық қабілетті дамытады. Мұндай жетістікке жету үшін оқытушыға оқу іс-әрекетінің психологиялық теориясының және бұл әрекеттің студентте қалыптасу методикасы туралы жоғары білімі болу керек.
№7 Дәріс.
Дәрістің мақсаты: Жоғары оқу орны студенттеріне тәрбие психологиясының заңдылықтарының мәнін ашып күрсету.
Жоспары:
1.Тәрбие психологиясы туралы жалпы түсінік.
2.Тәрбие және оның заңдылықтары
Оқу процесінде адам үзі үшін жаңа іс-әрекет түрлеріне енуге дайындалса, ал тәрбие процесінде - әлі меңгерілмеген қоғамдық қатынастар жүйесіне енуге дайындалады.Білім беру мекемелерінде тұлғаның жақсатқа бағыттылығын және оның мотивациялық сферасын қалыптастыруға арналған тәрбие жұмыстары жүргізіледі.Бұл жағдайға тәрбие психологиясының пәні болып баланың, бала ұжымының әрекеттерінің мақсатқа бағыттылығын ұйымдастыру жағдайындағы тұлғаның дамуы болып табылады.
Тәрбие процесінде негізгі әсер ойды қалыптастырушы мотивтер мен адамның құндылық орентациясында болады.Құндылық ориентация – индивидтің үмір тәжірибесімен бекітілген тұлғаның ішкі құрылымының маңызды элементтері . Кез-келген қоғамдағы тұлғаның құндылық орентациясы тәрбиенің мақсатқа бағытталған әрекетінің объектісі болып табылады.Іс-әрекет механизмдері мен құндылық орентациясының дамуы мотивациялық сферадағы қарсыласу мен конфликтіні шешумен тығыз байланысты.
Тәрбиенің мәнін осылайша түсіну, оқушыларға тәрбие және басқару процестерінің әсерін ажыратуға күмектеседі.Неміс педагогы Гербарт тәрбие процесіндегі 3 сәтті, яғни басқару, оқыту және құлықтылық тәрбиесін шектеуді ұсынған.Гербарт бойынша басқару басты мәселеге баланың болашағын емес, тек берілген уақыттағы тәртіпті сақтауды қояды, яғни тәрбие процесіндегі.Басқарудың басты мақсаты- баланың уақытын үнемдеу, басты қортындысы – тәртіп.Басқаруға қарама-қарсы құлықтылық тәрбиесі баланың сезімдерін, тілектерін бағыттай отырып, оның жан дүниесіне әсер етеді.Бірақ, баланың ерік –жігері мен санасын басып тастайды.Ал тәрбиеші, тәрбиеленушінің тіпті ол бұзақы болса да, оның жақсы жақтарын да күруге білуге тиіс.Қазіргі жағдайға тәрбие жұмыстарының ерекшеліктерінің сипаты А.Г.Асмолов айтқандай, тұлғаның мотивациялық сферасына бағыттылығында.Оның ойынша тәрбиенің психологиялық объектісі құндылық орентациялары мағыналы ұстанымдар, проблемалы- конфликтілік жағдайлардағы іс-әрекеттерді қадағалау болып табылады.Тұлғаның құндылық орентациясының негізгі мазмұнын қоғамда туындайтын және сақталатын құндылықтар құрайды.:
Рухани;
Идеологиялық;
Архетиптік;
Тәрбиелеуде әсер ету тәсілі ретінде, адаммен жүзеге асатын қатынастардың сипаты мен мазмұнына эффективті әсер етуге қабілетті құндылықтарды қолданған тиімді.А.Инкельс пен А.Смиттің айтулары бойынша кез-келген дамыған мемлекеттердегі мына құндылықтар маңызды болып саналады: әлеуметтік үзгерістерге дайын болу, қоршағандардың ұстанымдары мен пікірлерінің жан-жақтылығын түсіну, әсер ету сезімдері және үзінің пікірін қалыптастыруға дайын болу.Білім беру мекемелеріндегі тәрбие, тәрбие жұмысының процесі ретінде жүзеге асады.Педагог іс-әрекетінің негізгі күрделігігі – нақты және тұлғаның маңызды құндылығына әсер ету тәсілдерін іздестіруде.Тәрбие жұмысының тәжірибесі берілген жағдайдарды жүзеге асыруды қамтамасыз ете алатындай құрылуы тиіс.А.Г.Асмолов психологиялық жағдайды жүзеге асыруға қабілетті мектеп тегі тәрбие жұмыстарының жүйесін құрастыруда бірқатар әдістемелік принциптерді қалыптастырған. Олар:
тәрбие процестерін құрастыруда тұлға ның жетекші мотивтерін есепке алу;
мағыналы іс-әрекетке тұлғаның араласуы;
топтағы тұлғаның әлеуметтік позитциясының ауысуы;
референттік топтар үшін тұлға қылықтарының салдарын демонстрациялау.
Л.С.Выготский «Педагогикалық психология» атты кітабында «тәрибе процесінің негізі- оқушының жеке әрекеті болуы тиіс, ал мұғалімнің шеберлігі осы іс-әрекетті бағыттау және қадағалау яғни мұғалім психологиялық жағынан тәрбиелік ортаны ұйымдастырушы, қадағалаушы және бақылаушы болып табылады» деп жазған.Осылайша тәрбие процесінің басты фугурасы үзіндік іс-әрекеттің субъектісі ретінде баланың үзі болып табылады.Мұғалім әлеуметтік ортаның үлкен мүмкіндіктерін пайдалана отырып, ары қарай дамыиу мақсатында баланың іс-әрекетін басқарып, бағыттап отырады.
Тәрбиенің жасанды құрылымы бала үзінің қандай жағдайда тұрғанын нақты сезінуін ұйғарады.
Осылайша тәрбие жүйесі – ол:
оқушылардың қызығушылықтары мен құштарлықтарының күрінуіне және қалыптасуына ықпал ету;
олардың қарым-қатынас пен іс-әрекеттінің жаңа түрлеріндегі белсенділіктері;
оқушылардың нақты мәртебелі- рүлдік позитцияларын ұйымдастыру және бекіту;
тәрбие процесіндегі жүзеге асатын сапалар мен қарым-қатынастарды бстан үткізудегі мүмкіндіктері.Осы талаптарға сай, мектептегі тәрбие жұмысының жүйесі болып табылады.
Сонымен, тәрбиелік ортаны қалыптастыру білім беру мекемелеріндегі тәрбиелік жұмыстарды ұйымдастыру мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін психологиялық – педагогикалық жағдайлардың бірі ретінде қарастырылады.
Пысықтау сұрақтары мен тапсырмалар:
Тәрбие психологиясының оқыту процесіне әсері.
Тәрбие психологиясындағы құндылық орентациясы.
Мектептегі тәрбие жұмыстарының әдістемелік принциптері.
Әдебиеттер тізімі:
Возрастная и педагогическая психология \ Под ред.А.В.Петровского.М., 1979
2. Л.С.Выготский Педагогическая психология М.., 1926
3. Л.В..Занков Обучение и развитие М., 1975.
4. А.В.Мудрик О воспитании старшеклассников М., 1981
5.Якунин В.А. Педагогическая психология Москва.., 1988.
№ 8 Дәріс. Оқытушы мен оқушы — білім процесінің субьектісі ретінде
Дәріс мақсаты: Студенттерге білім процесіндегі субьектілердің арнайы ерекшеліктерін, субьектінің дамуын, педагогтың субьективті қасиеттерінің құрылымын, оқытушы мен оқушының тұлғалық қасиеттерінің маңыздылығын қарастыру.
Дәріс жоспары:
Білім процесінің субьектісі, субьект категорияларының жалпы мінездемесі.
Білім беру іс-әрекетінің біріккен субьекті.
Педагогикалық іс-әрекет субьект құрылымындағы тұлғалық сапалар.
Студент оқу іс-әрекетінің субьекті ретінде.
1. Субьект категориясы философияда әсіресе онтологияда негізгі орын алатыны белгілі. Ол қазіргі кездегі психологияда да үзіне үлкен назар аудартуда.С.Л.Рубенштейнің айтуы бойынша «философияның негізгі мәні түрлі формалардағы субьектілерді тіршілік ету тәсілдерін қозғалыстың түрлі формаларын ашу. Білім беру іс-әрекетінің яғни үзіне оның екі үзара байланысты – педагогикалық және оқу формаларын қамтитын іс-әрекеттің субьектілерін талдау, жалпы философиялық және нақты педагогикалық міндеттер арнасында жатыр. Субьект сипаттамалары С.Л.Рубенштейн бойынша. Субьект категориясы әрқашан обьект категориясыменм сәйкестендіріледі. С.Л.Рубенштейн болмысты танып білуге, танылып отырған болмыстың таңып білуші адамға қатынасын қарастырады. А.Н.Леонтьивтің жалпы субьективтік пен обьективтік арасында қарама-қайшылық абсольютті емес деген қағидасын атап үту маңызды. Олардың қарама-қайшылықтары дамудан келіп туындайды. Қоғамдық субьект іс-әрекетте де нақты индивид болмысында да , тіршілік құрып жүзеге асады. Субьект саналы әрекеттенуші — оның үзіндік сана сезімі — бұл «үзін дүниені саналы түсінуші және оны үзгертуші тіршілік иесе ретінде түсіну, оның іс-әрекет процесінде әрекеттенуші субьект ретінде — практикалық және теоретикалық сондай-ақ саналы түсіну іс-әрекетінің субьектісі ретінде түсіну. Нақты субьект үзінің басқаға қатынасы арқылы таңылады.
Іс-әрекет субьекті осы іс-әрекеттің үзінде үзі қалыптасып жасылынатында болып табылады, оның пән мазмұнын ашуда субьектінің үзін айқындап және анықтау мүмкін. А.Н.Леонтьев пікірінше танымда шын бейнесінде үнемі белсенді субьект болады. Ол үзі орналасқан обьектімен байланыстарды моделдейді. Ж.Пиаже бойынша субьект үнемі қоршаған ортамен үзара әрекеттесуде болады. Оған бейнелеудің функционалды белсенділігі тән, оның күмегімен субьект үзіне әсер етуші ортаны құрылымдайды. Ж.Паже обьект пен субьект арасында қашанда субьектінің алдынғы үзара әрекеттесуі, алдынға реакциясы контексте жүретін үзара әрекеттесу бар екеніне қатысты педагогикалық психология үшін маңызды ойды атап күрсетті.
2. Педагогикалық және оқу іс-әрекетінің субьектілерін сипаттаған кезде, қоғамдық субьект бола отырып әр бір мұғалім мен оқушының бүкіл білім беру процесі субьект болады. Біріккен субьект қоғамдық құндылықтарды күрсете отырып әр білім беру жүйесінде, мекемелерде, әкімшілік пен оқытушылар ұжымымен,оқушылыр қауымдастығы мен (ректорат, кафедра, деканат) күрсетілген. Осы біріккен субьектілердің іс-әрекеттері нормативтік құқықтық және бағдарламалық бағытталады.
Біріккен субьектілерге жататын нақты субьектілердің әр қайсысы жеке үзінің бірақ келісілген біріқтірілген мақсаттарға ие. Олар белгілі бір нәтижелер формасында берілген, біріқ олардың функциялары мен рүлдері шектеулі, осыған орай, білім беру процесі күрделі полеморфты іс-әрекет болып табылады. Біріккен субьек іс -әрекеті ретіндегі біолім беру процесінің пән, яғни оның бағытталған нәрсесі, қоғамдық сананың білімдер жүйелеренің, іс-әрекет тәсілдерінің құндылықтар жиынтығы болып табылады. С.Л.Рубенштейн бойынша, іс-әрекет субьектісінің маңызды сипаттамасы — оның іс-әрекетте қалыптасуы және дамуы — бұл тек қана оқушының дамуына ғана емес, сондай-ақ педагогтың үзін-үзі дамытуына,жетілуіне қатысты. Білім беру процесінің идеялды бірккен субьектісі П.Ф.Каптерев тарапынан, білім беру аланы мен , оқу мен даму алатын мен күрсетілген күрсеткіші. Білім беру процесінің субьектілірі таңым, іс-әрекет, үмір субьектіліріне тән жалпы қасиеттермен де, сондай-ақ олардың ерекшеліктері айқындалатын олар үшін ерекше білім беру процесінің субьектілеріне тән қасиеттерімен сипатталады.
3. ХХІ ғасырдың соңында Отандық педагогикалық психологияда П.Ф.Каптерев күрсеткендей, педагогикалық іс-әрекеттің табысты болуының маңызды фактороларының бірі мұғалімнің «тұлғалық сапалары» болып табылды. Мақсатқа ұмтылу, табандылық, еңбек сүйгіштік, қарапайымдылық, бақылампаздық сияқты сапалардың міндетті болуы аталынып үтілді. Тапқырлықтың болуы, сонымен қатар шешенділік қабілеттер, артистік мінез ерекше апат күрсетіледі. Әсіресе, эмпатияға әзір болу маңызды, яғни оқушылардың психикалық күйлерін түсінуге, күңіл-күйге ортақтасуға әзір болу және әлеуметтік үзара әрекеттесуге қажеттілік маңызды. Педагогтың іс-әрекет субьектісі ретінде қарастыруда зерттеушілер кәсіби-педагогикалық сапаларды бүледі, олар қабілеттерге үте жақын және үзіндік тұлғалық болуы мүмкін. Маңызды кәсіби сапаларға А.К.Маркова: педагогикалық эрудиция, педагогикалық мақсатты ұйғару, педагогикалық (практикалық және диагностикалық) ойлау, педагогикалық түйсік, педагогикалық суырып салушылық, педагогикалық бақылампаздық, педагогикалық оптимизм, педагогикалық тапқырлық, педагогикалық болжау және педагогикалық рефлексияны жатқызыды. Осы сапалардың «қабілеттер» түсінігіне жақын болуын А.К.Маркованың үзі растап, олардың кейбіреуін дәл солай анықтайды. П.В.Кузьмина бойынша, тұлғалық бағыттылық кәсіби-педагогикалық іс-әрекет шыңдарына жетудің маңызды субьекьтивті факторларының бірі болып табылады. Жалпы психологиялық мағынада тұлға бағыттылығын «тұлға іс-әрекетін бағдарлаушы және бар ситуацияларға тәуелді емес тұрақты мотивтер жиынтығы ретінде анықтайды. Тұлғалық бағыттылық дүниетанымы күрінетін қызығушылықтарымен, бейімділіктермен, сенімділіктермен, идеалдар мен сипатталады» Шынайы педагогикалық іс-әрекеттің негізі мотиві педагогикалық іс-әрекет мазмұнына деген қызығушылық болып табылады (Н.В.Кузьмина мәліметері бойынша, ол 85 пайызды педагогикалық жоғары оқу орны студенттеріне тән). Педагогикалық бағыттылыққа оның жоғарғы деңгейі ретінде табиғи бейімділік қосылады, ол үзінің даму пройесінде таңдап алынған іс-әрекеттегі қажеттілікпен байланыстырылыда. Дамудың осы жоғарғы сатысында – табиғи бейімділік- «педагог үзін мектепсіз, үз оқушыларының іс-әрекетінсіз және үмірінсіз елестете алмайды» (Н.В.Кузьмина). Мұғалімнің тұлғалық мінездемесінде кәсіби педагогикалық үзіндік сана-сезім қомақты рүл атқарады, оның құрылымына А.К.Маркова бойынша, мұғалімнің педагогикалық мамандықтың нормаларын, ережелерін, модельдерін саналы түсінуі, кәсіби ұстанымның , мұғалім еңбегі тұжырымдамасының қалыптасуы, үзін кейбір кәсіби үлгілермен теңестіру, сәйкестендіру; үзін басқа референтті адамдармен бағалау т.б.кіреді. Мұғалімнің позитивті Мен тұжырымдамасы тек оның іс-әрекетіне ғана емес, сондай-ақ оқушылармен үзара әрекеттесудің жалпы климатына да әсер етеді. Тұлға құрылымында түсінік берілген педагогикалық іс-әрекет субьектісінің сапаларын қарастыру, индивидтік, туа берілген және үзіндік, үмір барысында жинақталған тұлғалық сапаларды педагогикалық іс-әрекет ерекшеліктерімен теңестіруге мүмкіндік береді.Осы мағынада теріс жұмыс істейтін К.К.Платонов ұсынған тұлға құрылымы болып табылады. К.К.Платонов бойынша, тұлға күрделі құрылым ретінде қарастыртырылады.