Файл: 1 дріс. Педагогикалы психология ылыми білімні пнаралы саласы ретінде (2 са).docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 245
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Сенсомоторлық функцияларды үлшеу саласында Ф.Гальтонның (19 ғ аяғы) зерттеулерді тенестіруге (Ф.Гальтон бірінші болып сауалнама, бағалау шкалаларын ұсынған); матеметикалық статистиканы пайдалануға бастау берген, А.Анастази күрсеткендей, Дж.Кэттелдің «ақыл-ой тестері» сол кездің типтік зерттеу әдісі деп санаған. Т.Симон мен А.Биненің (1904-1911) даралық және топтық тестілеу вариациясымен, интеллектуалды тестері, мұнда ең алғаш рет ақыл-ой жасының іс-жүзіндегі жасқа қатынасы ретінде интеллектуалды даму коэффиценті қолданылған. З.Фрейд,А.Адлер,К.Юнг,Э.Фромм,Э.Эриксонның психоанализі (19ғ.аяғынан 20 ғ.бойы) санасыздық, психологиялық қорғаныс, кешендер, «Меннің» кезеңдеп дамуы, еркіндік, экстраверсия-интроверсия категорияларын жетілдіріп, үндірген.
Гештальтпсихология. М.Вертгеймер, В.Келер, К.Кофка -19 ғ. Басы), К.Левиннің мінез-құлықтың динамикалық жүйесі тұжырымдамасы немесе алаң теориясы, Ж.Пиаженің генетикалық эпистемиологиясы немесе интеллектің кезеңдеп дамуы тұжырымдамасы, ол инсайт, мотивация, интеллектуалды даму сатылары, интериоризация, түсініктерінің қалыптасуына үлек қосқан (оларды сондай-ақ әлеуметтік бағытта жұмыс істейтін француз психологтары А.Валлон, П.Жане қарастырған.)
Ж.Пиаженің операционалды тұжырымдамасы ХХ ғасырдың 20 жылдарынан бастап ойлау мен интеллект дамуының негізгі дүниежүзілік теорияларының бірі болуда. Ж.пиаже ХХ ғасыр ғылымына (психиканы зерттеудегі синтетикалық ықпаолың» ерекше үкілдерінің бірі ретінде кірген. ХХ ғасырдың 60-80 жылдарындағы Г.У.Найссер, М.Бродбент, Д.Норман, Дж.Брунердің және басқалардың когнитивті психологиясы білмге, хабардар болуға, сематикалық есті ұйымдастыруға, болжаушылыққа, хабарды қабылдау және қайта үңдеуге, оқу және түсіну процесіне, когнитивтік стильдерге аса күңіл бүлген. А.Маслоу, К.Роджерстің ХХ ғасырдың 60-90 жылдарындағы гуманистік психологиясы «клиентке негізделіну» терапия тұжырымдамасын, үзін-үзі үзектендіру, адамзат қажеттіліктерінің пирамидасы (бағыныштылығы), фасилитация (жеңілдету нгемесе белсенділеу) категорияларын алға ұсынып,шәкіртке негізделген, оқытуға деген гуманистік күзқаарсты қалыптастырған. Л.С.Выготскийдің (1896-1943)
мәдени-тариъхи теориясы психиканың, тілдің, түсініктік ойлаудың даму теориясы, оқыту мен дамытудың байланысы. Педагогикалық психологияның дамуына үлкен ықпалын тигізгендер: үйренушілердің оқу материалдарын меңгеруінің нақты механизмдерін айқындау (С.Л.Рубинштейт, Е.Н.Кабанова-Меллер, Л.Б.Ительсон); есте сақтауды (П.И.Зинченко, А.А.Смирнов, В.Я.Ляудис); ойлауды (Ф.Н.Шемякин,А.М.Матюшкин, В.Н.Пушкин, Л.Л.Гурова); қабылдауды (В.П.Зинченко, Ю.Б.Гиппенрейтер ); баланың дамуын, соның ішінде тілдік дамуын ( М.И.Лисина, Л.А.Венгер, А.Г.Рузская, Ф.А.Сохин, Т.Н.Ушакова); тұлға дамуын ( А.Г.Ананьев, Л.И.Божович, М.С.Неймарк, В.С.Мухина): тілдік қарым-қатынас және тіл оқытуды (В.А.Артемов, Н.И.Жинкин, А.А.Леонтьев, В.А.Кан-Калик); жас ерекшелік дамудың дәуір, заман, фаза,кезеңдерін сатыларын (П.П.Блонский, Л.С.Выготский А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин, Б.Г.Ананьев, А.В.Петровский); мектеп оқушылырының ақыл-ой іс-әрекетінің және олардың ақыл-ой дарындылығы ерекшеліктерін анықтау (А.А.Бодалев,Н.С Лейтес, Н.Д.Левитов, В.А.Крутецкий). Педагогикалық психология үшін ересектерді оқыту психологиясы бойынша жұмыстар үлкен мәнге ие (Ю.Н.Кулюткин, Л.Н.Лесохина және т.б.)
3.Ғылыми білімнің күптеген салаларының қалыптасуы гетерогенді және гетерохронды, типті уақытқа қарай үзілген процесс болып табалады.
2.Педагогикалық психологияның даму кезеңдері:
Бірінші кезең. XVII ғасырдын ортасынан XIX ғасырдың аяғына дейін. Песталоцидің айтуы бойынша, «педагогиканы психологияландыруды сезіну қажеттілігіне» қарай жалпы дидактикалық деп атауға болады. Бұл кезең ең алдымен , Ян.Амос Коменскийдің (1592-1670), Жан-Жак Руссо (1712-1778), Иоганн Песталрцци (1746-1827), Иоганн Гербарт (1776-1841), Адольф Дистервег (1790-1866), К.Д.Ушинский (1824-1870), П.Ф.Каптеревтің (1849-1922) үзінің есімдерімен күрсетілуі мүмкін. Бұл ойшыл-педагогтардың педагогикалық психологияның дамуына қосқан үлестері үздері қарастырған мәселелермен анықталады.даму, оқу, және тәрбие байланысы; оқушының шығармашылық белсенділігі, баланың қабілеттілігі жіне оны дамыту, мұғалімнің рүлі, оқытуды ұйымдастыру және күптеген басқа мәселелер. Педагогикалық психология негіздерін құруда П.Ф.Каптеревтің үзінің қосқан үлесі орасан зор. Ол педагогикалық психологияның негізін қалаушы. Ол үмірде Пестолоццидің үсиеттерін- педагогиканы психологтандыруды енгізуге ұмтылды»Психологиялық педагогика» ұғымы зерттеушілердің айтуы бойынша, ғылыми айналымға 1877 жылы. Каптеревтің «Педагогикалық психология» атты кітабы шыққан соң кірді. Осылайша бірінші алғы шартты кезең, бір жағынан, И.Ньютонның механистикалық түсінігінің басымдылығымен, Ч.Дарвиннің эволюциялық идеяларымен, Дж. Локктың психикалық үмірді ассоциативтік түсіну- психикалық үмірдің негізін сезімдік әсерлену құрайды деген ежелден дамып келе жатқан ілім- сенсуализммен сипатталады. Басқа жағынан алғанда, бұл кезең педагогикалық болмысты байқау, талдау және баға беруге негізделген ойша жорытылған, қисынды құрылған жорытпалар кезеңі.
Екінші кезең. XIX ғасырдың аяғынан XX ғасырдың ортасына дейін созылған. Бұл кезеңде педагогикалық психология алдыңғы жүзжылдықтың педагогикалық ойларының жетістіктерін пайдаланып, психологиялық, психофизиологиялық эксперименталық зерттеулердің нәтижесінде бағытталып, дербес сала болып қалыптаса бастады. Педагогикалық психология эксперименталдық психологияның қарқынды дамуымен бірге дамып,қалыптаса бастады,нақты педагогикалық жүйелер құрып, жете зерттеумен болды,мысалы; М.Монтессори. жүйесі.Аталған кезең ерекше психологиялық-педагогикалық бағыт педологияның қалыптасуымен сипатталады, (Дж.М.Болдуин, Э.Киркпатрик, Э.Мейман, М.Я.Басов, П.П.Блонский, Л.С.Выготский және т.б.) онда психологиялық, физиологиялық, анатомиялық, психологиялық және әлеуметтік үлшемдердің жиынтығының негізінде кешенді түрде баланың дамуын айқындау мақсатында оның мінез-құлықының ерекшеліктері анықталды.Басқа сүзбен айтқанда, екі жақтан педагогикалық психологияға оны жаратылыстану ғылымдарымен жақындастырып,үлшемдердің объективтік әдістері енді.Педагогикалық психологияның құрылуының осы негізгі кезеңінде қалыптасқан ғылым ретінде дербестілігі туралы тек психодиагностиканы пайдалану, мектеп зертханаларының эксперименталдық- педагогикалық жүйелермен бағдарламалардың кеңінен таралуы,педологияның пайда болуы ғана емес,50 жылдардан бастап педагогикалық психология дамуының үшінші кезеңінде жүзеге асырыла бастаған, білім беру процесін ғылыми рефлекциялау талпыныстары, оны теоретикалық тұрғыдан түсіну мағыналығы дәлел бола алады.
Үшінші кезең. Айрықша атап үтуге оқытудың бірқатар психологиялық теорияларының құрылуы негіз бола алады, яғни педагогикалық психологияның теоретикалық негіздерін құру. Мысалы, 1954 жылы Б.Скиннер бағдармамаландырған оқыту идеясын ұсынды, ал 60 жылдары Л.Н.Оконь мен М.И.Махмутов проблемалық оқытудың біртұтас жүйесін құрды. Педагогикалық психологияда мүлдем жаңа бағыт – суггестопедияның, Г.К.Лозановтың суггестологиясының (60-70 жылдар) пайда болуына назар аударуы қажет етеді.Оның негізі болып педагогтың гипермнезия мен суггестия әсерін пайдаланып,оқушылардың үздері саналы түрде түсінбейтін қабылдау, есте сақтау сияқты психикалық процестерді басқару болып табылады.Осы кезеңде педагогикалық психологияның үз дамуында комьютерлік техниканы пайдаланып жаңа сатыға күшуінің алғы шарттарының қалыптасуы адамзаттың ХХІ ғасырға – Адам ғасыры, гуманитарлық дәуір ғасырына күшудің глобалды проблемаларын шешумен астарласып жатыр.Бұл жаңа дәуірде жаңа ақпараттық технологияларды құрушы, оны еркін пайдаланатын адамның дамуы оған жаңа индустриялық ақпараттық кеңістікте еркіндік береді.
Педагогикалық психологияның дамуының үшінші кезеңін айрықша атап үтуге оқытудың бірқатар психологиялық теорияларының құрылуы негіз бола алады. 1954 жылы Б.Скинер бағдарламандырылған оқыту идеясые ұсынды.Ал, 60 жылдары Л.Н.Ланда оны алгоритмдеу теориясын ұсынды.Содан кейін В.Оконь мен М.И.Махмутов проблемалық оқытудың бір тұтас жүйесін құрды. Бұл бір жағынан Дж.Дьюидің оқыту проблемалар шешу арқылы жүзеге асырылуы қажет деген жүйесінің әзірлемесін жалғастырды, ал басқа жағынан О.Зельс, К.Дункер, С.Л,Рубейнштейн, А.М.Матюшкин және т.б. ойлаудың проблемалық сипатын, оның кезеңінің, проблемалық жағдайда әрбір ойдын пайда болу мүмкіндігі туралы ережелермен ара-қатынаста болды. 50-жылдары П.Я.Гальпериннің соңынан Н.Ф.Тализинаның алғашқы басылымдары пайда бола бастады, онда педагогикалық психологияның негізгі жетістіктері мен болашағын бойына сіңірген, ой әрекетінің сатылап қалыптасу теориясының негізгі позитциялары берілді. Дәл осы уақытта Д.В.Эльконин мен В.В.Давыдовтың жұмыстарында айтылған, оқу қызметінің жалпы теориясының негізінде дамыта оқыту теориясы құрыла басталады.Осы кезеңде педагогикалық психологияның үз дамуында компьютерлік техниканы пайдаланып жаңа сатыға күшуінің алғы шарттарының қалыптасуы адамзаттың ХХІ ғасырға –Адам ғасыры, гуманитарлық дәуір ғасырына күшудің глобалды проблемаларын шешумен астарласып жатыр.Бұл жаңа дәуірде жаңа ақпараттық технологияларды құрушы, оны еркін пайдаланатын адамның дамуы оған жаңа индустриялық , ақпараттық кеңістікте еркіндік береді.
Пысықтау сұрақтары мен тапсырмалар:
Педагогикалық психологияның пайда болуы мен дамуына психология дамуының негізгі бағыттары қандай әсерін тигізеді.
Психологияның құрылымдық бүлінуінің үш негіздемесінің қайсысы бойынша педагогикалық психология саласы бүлінеді.
Педагогикалық психологияның тарихы қалыптасу кезеңі.
Әдебиеттер тізімі.
Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения М.., 19986
Подольский А.И. Планомерное формиравание умственной деятельности в практике профессинального обучения \\ Вестник МГУ, серия Психология № 14 М.., 1985
Социально- исторический подход в психологии обучения. М., 1988
Тальзина Н.Ф.Управление процессом усвоение знаний М.., 1983
Выготский Л.С Педагогика Соб.соч.вбт..,Т1 М., 1983