Файл: 1 дріс. Педагогикалы психология ылыми білімні пнаралы саласы ретінде (2 са).docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 246
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
бұл нақты білім беру жүйесі ретінде алынатын және білім беру стандарты формасында тіркелетін нәтиженің бейнесі. Қазіргі замандағы білім беру стандарттары оқытудың белгілі бір курсын аяқтау үстіндегі адамның сапасына оның білімі мен икемділігіне қойылатын талаптарды қамтиды.
білім берудің нәтижесі бұл белгілі бір білім беру жүйеде оқытудан үткен адамның үзі. Интеллектуалды тұлғалық мінез-құлықтық қасиеттерінің қалыптасқан жиынтығы ретіндегі оның тәжірибесі оған осы мезгілде кез-келген жағдайда адекватты әрекет жасауға мүмкіндік береді.Бұл тұрғыдан білім берудің нәтижесі білімділік болып табылады.Ол жалпы және кәсіптік мазмұнды бола алады.
4. Жоғары білім беру психологиясы проблемаларының жетекші, зерттеушілерінің бірі А.А.Вербицкий білім беруде келесі беталыстарды ажыратады, олар қазіргі уақытта әр түрлі дәреже де үз күрінісін табуда және бұл күріністер ХХ ғасырдың аяғына дейін орын алмақшы.
Бірінші беталыс — білім берудің әрбір деңгейін үздіксіз халықтық білім беру жүйесінің құрамдас бүлігі ретінде ұғынуы. Бұл беталыс тек қана мектеп пен жоғары оқу орнының арасындағы сабақтастық проблемасын шешуді ұйғарады, сонымен қатар ол студенттердің кәсіптік дайындығын күтеру міндетін шешуді ескере отырып, жоғары оқу орны мен студенттердің болашақ үндірістік қызметінің арасындағы сабақтастық проблемасын шешуді ескере отырып, жоғары оқу орны мен студенттердің болашақ үндірістік қызметінің арасындағы сабақтастық проблемасын шешуді ұйғарады. Бұл, үз кезегінде студенттердің оқу іс-әрекеттерінде үндірістік жағдайларды модельдеу міндетін қойды, ол барып оқытудың жаңа түрі- белгілілік- контекстік оқытуды (А.А.Вербицкий бойынша) қалыптастырудың негізінде салынды.
Екінші беталыс— оқытуды индустрализациялау, яғни оны компьютерлендіру және онымен бірге жүретін оқытуды техноолгизациялау, ол қазіргі замандағы қоғамның интеллектуалдық әрекетін іс- жүзінде күшейтуге мүмкіндік береді.
‡шінші беталыс — басымды ақпараттық формалардан проблемалық элементтерді,ғылыми ізденісті, оқушылардың үз бетімен жұмыс істеу қорын кеңінен пайдалануды енгізу арқылы оқытудың белсенді әдістері мен түрлеріне күшу. Басқа сүзбен айтқанда, бұл А.А.Вербицкийдің салыстырмалы түрде айтқаны бойынша, «ұдайы үндіру мектебінен» «түсіну мектебіне», «ойлау мектебіне» күшу беталысы.
Түртінші беталыс — А.А.Вербицкий бойынша, «оқу- тәрюбие беру процесін ұйымдастырудың қатаң тәртіппен бақыланушы алгоритм- делінген әдістерінен және осы процесті дамытушы, белсендендіруші, жылдамтатушы, ойындық әдістеріне ауысудың психологиялық- дидактикалық шарттарын қарастырумен» байланыстырылынады.
Бесінші және алтыншы беталыс — оқушы мен оқытушының үзара әрекеттесуінің ұйымдастыруға қатысты және оқытуды ұжымдық, оқушылардың бірлескен әрекетті ретінде ұйымдастыру қажеттілігін атап үтеді, бұл жерде ерекше назар «оқытушының оқыту әрекетінен студенттің танымдық әрекетіне» ауысады.
20-жүзжылдықтың аяғында білім берудің жалпы жағдайындағы үзгерістердің беталыстары оны әлемде және Ресейде реформалаудың жалпы принциптерімен дәлме-дәл келді.Бұл принциптердің орта білім беруге сәйкес тұжырымдалғанына қарамастан білім беру жүйесінің барлық деңгейлеріне, барлық білім беруге таратылады. Бұл келесі негізгі принциптер:
1. қоғамның барлық тәрбиелеуші күштері, үсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мақсатында мектеп пен басқа арнайы институттардың бірлігі;
2. адамгершіліктендіру — қоғамның ең жоғары әлеуметтік құндылығы ретіндегі әрбір бала тұлғасына күңіл аударуды күшейту, жоғары интеллектуалдық, адамгершіліктік және физикалық қасиеттері бар азаматты қалыптастыруға бағдар беру;
3. жектеу және жекелеу, әрбір оқушының қабілеттілігін толық анықтау және дамытуға дейін жағдайлар жасау;
4. демократтандыру, оқушылар мен педагогтардың белсенділігі, бастамашылығы мен шығармашылығын дамыту үшін алғышарттар құру, оқушылар мен мұғалімдердің қызығушылықтарынан туған үзара әрекеттесуі, жұртшылықтың білім беруді басқаруға кеңінен қатысуы.Осы принциптердің жүзеге асыру білім беру жүйесінің үзінің бет бейнесінің, оның мазмұны мен ұйымдастырушылық формасының үзгеруін ұйғарады, ол ұлттық мектепті дамытуда аса толық күрініс тапты.
Пысықтау сұрақтары мен тапсырмалар:
Қазіргі замандағы білім берудегі негізгі беталыстар мен принциптер қандай?
Мәдениет пен білім беру бір-бірімен қалайша байланысты?
Әдебиеттер тізімі:
Возрастная и педагогическая психология \ Под ред.А.В.Петровского.М., 1979
Дьяченко М.И., Кандыбович Л.А. Психология высшей школы.Минск, 1993.
Гамезо М.В. Курс общей, возрастной и педагогической психологии.М., 1982 Вып.3.
Талызина Н.Ф. Педагогическая психология. М.., 1998.
Якунин В.А. Педагогическая психология Москва.., 1988.
5 дәріс. Білім беру процесінің субъектілері. (1 сағ)
1.Субъект категориясы.
2.Білім беру процесінің субъектілеріне тән ерекшеліктер.
3.Субъектілердің дамуы және үзін үзі дамытуы.
4.Субъект қатынастар жүйесінде.
Ең алдымен мәселелік білім беруді қарастырмас бұрын, оқытудың мақсатын анықтау қажет. Мысалы, философия және психология ғылымдары секілді. Кµптеген студенттер сеніміндегі мақсат бұл - философиялық немесе психологиялық теориядан және емтиханда жоспарланған материалдардан ауызша түсінік айту, оқулықтардан шығарма жазу, ғылыми еңбектерді немесе оқытушының лекцияда айтқандарын танып білу. Әзірге мұндай түсінікке қарсылық білдірмейміз, бірақ, басқаша сұрақ қойсақ: Қандай мақсатпен адам мұның бәрін білуі керек? Шынымен оқу теориясы - µзіндік мақсат па? «Жоқ, әрине», - деп қарапайым ғана жауап береді. Барлық оқудың әртүрлі ғылыми дисциплинаның зерттелуінде қандай шынайылық бар? Қандай мақсатпен студент психология саласындағы теориялық оқуларды иемдене алады.
Жауап түсінікті: балалардың жақсы оқуына оқыту – тәрбиелеу және ұйымдастыру – басқару қызметтері тиімді әсер ете білуі керек. Онда оның педагогикалық жоспарын және жүйеленген практикалық сипаттаманың ұйымдасқан әдістемесін қаруландыру қажет пе? Барлығы жай ғана сұрақ болып кµрінгенімен, жауап барлығына да айқын емес.
Оқудағы формализм – оқу ісінің сапасы бұл студентті бағалаудың ең бастысы білімнің бар болуын ерекше кµрсету. Студенттің бұл оқуды ұзақ уақыттық меңгеру дәрежесі қандай және күнделікті µзіндік қабылдау ісі қандай? Істің мұндай маңызды жақтары кµбіне болашақ практиканың үлесіне қалдырылады: егер µмір талап етсе, онда ЖОО – н бітіруші µзінің оқуда қабылдаған ептілігін кµрсете алады. Оқу уақтылы есте сақтау дәрежесін тексереді.
Бұл ең алдымен белгісіз нығайтуларды, әсіресе теориялық білімді шебер қабылдауда байқалады. Мұнда µзіндік талапты психологиялық теорияны практика жүзінде қабылдау нақты емес және белгісіз болып қалуына үйретеді.
Білімді теория арқылы іске асыру практикада ойлау шеберлігі және бұл ойлау арқылы теория немесе ұйымдастыру студенттің ойлау дәрежесі мен қабілеттілігін дамытады.
Біз психологиялық мақсаттардың негізгі кµзқарасынан студенттердің құрамын жай ғана білім алумен емес, адамзаттың психикалық кµрінісін психологиялық талдау және бағалау негізінде бақылауға болады. Психологиялық ойланудың дағдысы біреу арқылы немесе сабақтан сабаққа бір ғана оқыған кітап немесе мақала арқылы мамандықты қалыптастырады.
Егер әрбір оқудың мақсаты – ойлаудың құрылуы, білім алу оқу мақсатының соңы болып тоқтатылса, ал материалдарды ой арқылы талдау немесе ойланудың операциялық құралы және ойлаудың шешуші ісі жүзеге асады. Алғашқыда студент тек дайын білімді ала алады (теориялық түрде), µзіне таныс кµзқарастарды талдап, алғашқы қабылданған принцип, идея және теорияларды ол µзінің талдауы арқылы қорытындылап,жаңа кµзқарас қалыптастырады. Осыдан барып кітаптан тікелей қабылдауға дағдыланбайды. Оған таныс принцип, идея, теориялар сол уақытта ескі білім ретінде қарастырылады да, жаңа білімді арттырудағы басты құрал ойлау ісі болып табылады. Студенттің µзіндік ойлау қызметі арқылы алынған жаңа білім µзіндік субъективті маңыздылығына қарай ғылыми ашулар болып саналады. Студенттің жаңа білімді тікелей дайын түрде оқытушыдан немесе кітаптан алмай, µзіндік ойлау қызметінің процесі мінезінің зерттелуіне жақын.
Яғни, студенттің оқуы – ескі және жаңаларды тауып алушы – ойлаудың атрибуттық пайда болуы. Дәл қазіргі уақытта кез – келген оқу есте сақтау қызметінің шешімінің негізінде ғана қатынаса алады. Оқытудың басты орны енді ойлану процесімен емес, еске түсіру арқылы жүзеге асады. Мысалы, ешқашан шығармашылық бола алмайтын, әрқашан тек дайын материалдармен немесе ойдың талап етуінен байқалады.Егер білім тек жатталған түрде болса, онда қайта еске түсіруге пайдаланылады, тек практикалық істің құралы ретінде емес.Білімді қайта құруды талап етуі бұл психологиялық заңдардан алынған білімді шолуды немесе оқытудың маңызды (немен оқу) және материалдық (қалай оқу) жағын білу болып табылады.
Кейде білімді аталған екі аспекті негізінде қайта құру іс жүргізудің нақтырақ талдануын талап етеді. Оны типі жағынан қарастыратын болсақ: студенттің оқу материалдарын қабылдау процесі қалай жүріп жатқандығы – еске түсіру немесе ойлау жолдары неліктен ойлану нәтижеге жақындау және ең бастысы ойлануды қалай ЖОО-ң оқыту жүйесінде нәтижелі орынға дамытуға болады.
Ойлану кµптеген ғалымдарда үйретіледі (философия, логика, тіл тану, тану теориясы және т. б.), бірақ тек психологияда ойлану субъектінің µзекті ісі, жеке мақсаттың дәлелденуі мен анықталуы негізінде танылады.
Оқыту саласында ойлану – танымдық (ойлау) істі үйрету, қажеттіліктен туындаған білімді заңды түрде дамуын мақсатты әрі шынайы бағыт беру дұрыс практикалық іс болып табылады.
Бұл ЖОО-ң оқыту жүйесіндегі ойлау ісінің психологиялық тәртібі студенттің қажеттілігінен шынайы заңды тануын дәлелдейді.
Студенттің оқуға байланысты ойлау жүйесінің қызметін мәселелік білім арқылы бақылауға болады. Ойлау қызметінің маңызды талабының шешімі яғни дәстүрлі деп аталуымен ерекшеленеді. Бірақ, ең алдымен ойлау оның психологиялық ойын қажет етеді. П. Я. Гальцерин қазіргі феноменнің әр жақтылығын және әртүрлі аспектілігін былай ерекшелейді: «Егер біз ғылыми психологиялық ойлауды құруды қажет еткен жағдайда, ойлау процесінде міндетті түрде басқа барлық ғылымдардан ерекше оқытуды қажет ететін психология ғылымын білуіміз керек. Бұл сұраққа біз былай жауап береміз: психология тек ойлауды ғана үйретпейді, сонымен қатар субъектіні ойлаудың шешімі арқылы хабардар етіп отыратын процесс, яғни субъектіні берілген мәселенің мазмұнын қандай құралдар арқылы ашып пайдаланатынын және онымен тиімді хабардар болуға үйретеді».
Бұл пікірдегі ұғымдық сµздерден бейімделу, интеллектуалдық мәселе және субъектіге мәселенің мазмұнын ашып кµрсету немесе қажетті жағдайда ұғымдық сµздер таңдалынып алынады. Психологиялық білім берудің сµзімен айтқанда, келесі психологиялық ойлау түсінігін қисынға келтіре отырып қысқаша анықтау: мұндай психологиялық істің формасында (бейімделу) субъекті µзі үшін маңызды байланыс пен қарым-қатынасты аша алады, жүйелі бақылау арқылы біреуден тікелей сезгіштікті қабылдап іске асыра алады.
Мұнда психика мен бейімдеу түсінігіне байланысты бірнеше түсініктемелер жасау қажет (психологиялық немесе бейімдеу қызметі). Негізінен психологиялық қызмет бейімдеу ісін барлық түрі жағынан кµрсетеді. Адамзаттың материалдық әлемге бейімделуіне ішкі және психологиялық шынайы жоспар құрылады. Тақырыпты түсіну жолын физикалық материалдар арқылы таяқша мен балғаны тақылдату негізінде де байқауға болады. Бұл да бейімделудің ойлану арқылы емес, тікелей материалдық жоспар негізінде іске асады. Психика жеке ойлануға бейімделу ісінің шынайы формасы болып табылады.
Сондықтан да, ойлану белгілі психикалық қарым-қатынасты жасырын байқаудағы ішкі форма шынайы форма қызметі болып табылады (кµрнекілік – ойланудың және ойда түсінудің нақты қызметі болып табылмайды). Осының негізінде барлық формалар психикалық қызметке бейімделіп, шынайы жоспарды іске асырады.