Файл: ЖОАРы оу орындарында студенттерді зіндік оу ісрекетін йымдастыру тжірибесін талдау.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 129

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


— Студент пен оқытушы арасындағы қатынасты студент белсенділігімен оның өз бетімен білім алуға ұмтылуы бағытына өзгерту жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ соған сәйкес студенттің өздік жұмысын ұйымдастырудың тиімді әдіс-терін, формаларын, түрлерін, құралдарын дұрыс таңдау және қолдану студенттің өздік жұмыс нәтижесіне ықпал жасайды. Студенттердің өздік жұмысының тиім-ділігін және оны орындауға студенттің ынтасын арттыруда дидактикалық құралдары мен жаңа ақпараттық технологияларды қолданудың маңызы зор. Әр өздік жұмыстың мақсаты айқын, түсінікті, оның көлемі мен мазмұны оқу мақсатына сай, студентті орындауға ынталандыратындай жасалып, оны орындауға студенттің жағдайы мен мүмкіндігі болуы тиіс. Студенттің өздік жұмысының тапсырмалары алған білімді жаңа жағдаятта қолдануды, жаңадан өздігінен білім алуды қажет ететіндей, студенттің танымдық қабілеттерін арттыратындай болуы қажет.

— Студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыруға, яғни оқу формасына (күндізгі, сырттай), білім деңгейіне, оқу курсына, мамандыққа, пәнге, орындалу орнына байланысты ерекшеліктерді ескеру.

— Студенттің өздік жұмыс мәселелерін шешуде білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ашуға, ой қабілеттерін дамытуға жағдайлар жасау. Мұның өзі студенттердің өздік жұмысын ұйымдастыру үлгісін жүзеге асырумен тікелей байланысты. Нәтижесінде өздігінен жұмыс жасау, өз бетінше білім алу, өз кәсіби әрекетінде ғылыми ізденіс жасау іскерлігі мен дағдысы, аналиткалық ойлауы қалыптасқан, өз әрекетін басқара алатын, өз жұмысының нәтижесінде өзіндік бақылау жасайтын студенттің шығар-машылық тұлғасы қалыптасады.[14]

Олай болатын болса, ғылыми негіздегі ұйымдастырылған студенттердің өздік жұмысы мен студенттердің оқу-танымдық әрекеттерін басқару жұмысы олардың саналы белсенділігін, жоғары оқу-кәсіби мотивациясын, оқу процесінің сапасын қамтамасыз етеді.

Қазіргі таңда ҚР-да білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес жоғарғы оқу орындарындағы оқыту мен тәрбиелеу маңызы түбегейлі өзгеріп, бірінші кезекке бұрынғыдай студентті пәндік білім, білік және дағдылардың белгілі бір жиынтығымен қаруландыру емес, студенттің оқу-танымдық іс-әрекетін дұрыс және тиімді ұйымдастырып, жаңа технологияларды пайдалана отырып жеке бас тұлғасын қалыптастыру мақсаты алға қойылып отыр. Қазіргі педагогикалық және психологиялық әдебиеттерде студенттердің танымдық іс-әрекетін сабақ уақытында, сабақтан тыс уақытта және отбасы арасында қалыптастыру мәселелері көптеп зерттелуде.


Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі саясатындағы мақсаттың бірі – жан-жақты, білімді, шығармашылық қабілетті, танымдық іс-әрекеті мен белсенділігі жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру. Білім беру мен оқыту теориясының әдіснамалық негізі – таным теориясы және студент тұлғасын жан-жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілімі болып табылады. Ендеше жоғары оқу орындарында студенттердің танымдық белсенділігін қалыптастыруды арнайы ұйымдастыру оқу үрдісін жетілдірудің негізгі шарты болып саналады.

Психология мен педагогика саласындағы ғалымдардың, мамандардың назарын аударып отырған мәселелердің бірі – жастардың жеке тұлғасының дамуы. Жеке тұлғаның дамуына студенттердің оқу-танымдық белсенділігін арттыру, қазіргі заман талабына сай оны оқу үрдісінде жетілдіру болып есептеледі. Белсенділік оқушының әрекеті және пәнімен қосылғандағы дәрежесін айқындайды. Студенттер алған білімдерін өмірде, тәжірибеде нәтижелі пайдалана алу керек және олардың танымдық іс-әрекеттер ұстанымдарына негізделіп қалыптасқаны жөн. Танымдық іс-әрекеттер оқыту үрдісінде қалыптасып, тұлғалардың бірлесе жұмыс жасау нәтижесінде одан әрі дамиды.[15]

Студенттердің танымдық іс-әрекеті оқу үрдісіне негізделе отырып дамиды. Яғни бұл іс-әрекеттер қарым-қатынас арқылы қалыптасады. Олардың ішінде ең маңыздысы – оқытушы мен студент арасындағы қарым-қатынас. Яғни студенттердің танымдық іс-әрекетінің дамуы оқытушының оқытуына да байланысты болып келеді екен. Дидактар бұны педагогикалық жағдай, оқу-тәрбие үрдісі жағынан қарастырған.

Пән бойынша өтілетін материалдарды игеруге қатысты танымдық іс-әрекеттерді негізге ала отырып қарастырып көрейік. Әр түрлі мамандықтағы студенттерге басты оқыту формаларын төмендегідей жинақтауға болады.

— дәріске байланысты әдебиеттер мен қажетті оқу құралдарын өз бетінше оқып талдау, ой елегінен өткізу;

— арнайы жаттығулар мен тапсырмаларды орындау;

— оқу-әдістемелік құралдармен жұмыс жасау;

— рефераттарды дайындап талдау;

— өзіндік жұмыстарды дайындау;

— ғылыми бағыттағы жұмыстарға қатысу, ғылыми зерттеулер жүргізу.

Оқытушы осы аталып өтілген факторлардың барлығын ой елегінен өткізіп, әр қайсысының тиімді пайдалану жолдарын білуі шарт. Осы оқыту формалары мен әдістерін дұрыс таңдау арқылы ғана пәнді жақсы игеруге болады, танымдық іс-әрекет пен қызығушылықты, пәнге деген құштарлықты арттыруға, студенттердің сабақтан тыс уақытта өзіндік жұмыстарын емін-еркін орындауына, әдебиеттерді тиімді пайдалануына септігін тигізеді. Жоғарыда аталған факторлардың ішінде студенттердің танымдықіс-әрекетінің қалыптасуна жазу жаттығуларын орындаудың қалай әсер ететіндігін байқап көрелік.



Жазу үйрету сабағы студенттерге білім берумен қатар, олардың ой-өрісінің, ақыл-парасатының, ес, зейіннің дұрыс қалыптасуын қамтамасыз етеді. Жазба жұмыстар студенттердің ойлау қабілетін арттырып, ойын сауатты да жүйелі беруге тәрбиелейді. Студенттерді жазба жұмыстарына дағдыландыру ісі бірінші класта әліппеден басталса, кейінгі кластар мен жоғарғы курстарда  әдебиеттік оқу мен грамматикамен ұштастырылады. Ойын түрікше дұрыс жеткізе біліп, сауатты жазуға студенттерді үйрету үшін әрбір оқытушы орфография мен грамматиканы тығыз байланыста оқыту қажет.

Студенттердің танымдық белсенділіктерінің деңгейлеріне тоқталатын болсақ, оның ең жоғары деңгейі танымдық міндеттерді өз бетінше қоюмен, тапсырмалардың шешімін табуда неғұрлым тиімді жолдарын  болжаумен және өз бетінше айқындаумен, өздігінен бағалаумен сипатталады. Ал орташа деңгей жоғары деңгейдің кейбір элементтерінің оқытушының көмегімен орындалатынымен сипатталады, мұнда оқытушы танымдық тапсырма беріп, оның шешілуін бақылауы немесе студентке шешу тәсілдерін көрсетуі тиіс. Төменгі деңгейде студентке белгілі бір әрекеттің үлгісі болғанда, оларды орындау тәсілдері туралы көмек болғанда ғана танымдық әрекетін ынталандыруға, белгілі тәсілдерге бағдарлануда көрініс табады.

Зерттеуші ғалымдар оқудағы танымдық белсенділікті қалыптастыру мәселелерін тәжірибеде шешудің түрлі жолдарын бөліп көрсеткен. Олар төмендегіше сипатталады:

  • оқу үрдісіне қатысушылардың екі жақты сипаты әсері негізінде оқытушы мен студенттің бірлескен әрекеті арқылы

  • танымдық іс-әрекеттің дербестігін қалыптастыратын өзіндік жұмысты ұйымдастыру мен оқу міндеттерін іріктеп шешу арқылы ;

  • танымдық іс-әрекеттің тәсілдерін қалыптастыру арқылы ;

  • оқытудағы әдістемелік білімдер элементтерін енгізу арқылы ;

  • іс-әрекеттің бағдарланушылық негізін құрайтын жалпылама білімдерді енгізу арқылы

  • оқу іс-әрекетін өздігінше бақылауды дамыту арқылы .[16]

Оқыту үрдісінде студенттің танымдық белсенділігін қалыптастыру үшін білімдер мен әрекет тәсілдерін алуды қажеттендіруді қалыптастыратын шарттарды, өзін-өзі бейімдеу шарттарын, мәселелерді шешудің түрлі нысандарын ұйымдастыру дағдыларын дамытудың шарттарын қамтамасыз етуі тиіс.

Сонымен өзіндік жұмыстың негізгі мақсаты – студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыру, оқуға, болашақ мамандықтарына деген құлшынысын арттыру, шығармашылық біліктілігі мен қызығуын дамыту болып табылады екен.


Танымдық іс-әрекет оқу-үрдісінің дамыта оқыту негізінде жүзеге асады. Дамыта оқыту – дәстүрлік білім беруге қарама-қарсы әдіс. Дәстүрлік оқыту оқытушының жеке түсіндіруі, студенттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруі, студенттердің үлгі бойынша жаттығу жұмыстарын орындауы, яғни дайын білім алуға негізделсе, дамыта оқыту студенттерге өз бетінше сұрақ қоя білуге және олардың пікірталастарымен, көзқарастарымен санасатын, жалпы ақылдаса, пікірлесе отырып шешім қабылдауға, жалпы ойлауын, танымын дамытуға негізделген (бағытталған) оқыту түрі.

Адам дүние тануында, өз қажеттілігін өтеу мақсатымен қабылдайды, оны ой елегінен өткізіп ойланады. Бұл процесс қабылдаудың, ойлаудың немесе түсінудің жемісі ғана емес, адамның ортамен санасының арасындағы процестерді жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекет нәтижесі. Ендеше барлық таным процестері (түсіну, қабылдау, ойлау, ес) танымдық іс-әрекеттер құрамындағы әрекет, іс-тәсілдер арқылы жүзеге асырылып отырады.

Танымдық іс-әрекет оқу-тәрбие үрдісінің барлық саласында көрініс табады. Қазіргі тәрбие, оқытудың ең көкейкесті мәселелерінің біріне танымдық қызығуды жатқызамыз. Танымдық әрекет – шәкірттің білімге деген өте белсенді ақыл-ой әрекеті. Танымдық әрекет танымдық қажеттіліктен, мақсат, танымдық уәж және әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады. Танымдық әрекеттің негізінде студенттерде танымдық қызығу, танымдық ізденімпаздық қалыптасады.

Адам дүние тануында, өз қажеттілігін өтеу мақсатымен қабылдайды, оны ой елегінен өткізіп ойланады. Бұл процесс қабылдаудың, ойлаудың немесе түсінудің жемісі ғана емес, адамның ортамен санасының арасындағы процестерді жүзеге асыруға бағытталған іс-әрекет нәтижесі. Ендеше барлық таным процестері (түсіну, қабылдау, ойлау, ес) танымдық іс-әрекеттер құрамындағы әрекет, іс-тәсілдер арқылы жүзеге асырылып отырады. Оқу процесінде қолдануда  басқару  оқытудың  берілген  нәтижелеріне  жету үшін оқытушының студенттер ұжымына және жекелей студентке  жүйелі,  мақсатты түрде ықпал етуін білдіреді.

Басқару – бұл процестің оның табиғатына кері ағымын тездету, не  басып тастау емес, керісінше, процестің табиғатын барынша  ескеру,  процеске  оның логикалық ағымымен әр ықпалды сәйкестендіру.

Оқу процесін басқаруды айрықша белгілері келесідей болады:

  • әрқашанда күрделі реттеумен өзгешеленетін саналы және жоспарлы ықпал ету;

  • басқаратын жүйе  бөлігі  (оқытушы)  мен  басқару  обьектісі   (студент)

  • арасындағы себеп-салдарлы байланыстардың болуы;

  • динамикалық немесе  басқаратын  жүйе  бөлігінің  бір  сапалық  қалыптан екіншісіне өтуге қабілеттілігі;

  • сенімділік, яғни, басқару жүйесінің берілген қызметтерді процесс ағымының белгілі бір жағдайларында орындау қабілеттілігі;

  • тұрақтылық – жүйенің түрлі сыртқы  және  ішкі  қарсылықтарға  қарамастан белгіленген траектория  (қозғалған  дененің  жүріп  өткен  жолы)  бойынша қозғалысын   сақтау,   қызмет   етудің   белгіленген   тәртібін    ұстану қабілеттілігі.


Басқару процесі басқарудың көптеген циклдерін бір  уақытта  бірізділікпен орындаудан туындайтын циклдық және үздіксіз ретінде  көрінеді.  Басқарушылық цикл мақсаттарды бекіту мен  міндеттерді  анықтаудан  басталады  да,  оларды шешумен, қойылған мақсаттарға жетумен  аяқталады.  Қандай  да  бір  мақсатқа жеткен соң жаңа мақсат қойылады да, басқарушылық цикл қайталанады. Мақсат  -әрекет – нәтиже – жаңа мақсат –  үздіксіз  басқарушылық  процестің  кестелік бейнесі осындай. Ол ғылыми және оқу-тәрбиелік процестерге қолданбалы.

Оқу процесін нәтижелі басқару белгілі бір талаптарды орындауда  мүмкін болады:

  1. оқыту мақсаттарын қалыптастыру;

  2. басқарылатын процестің бастапқы деңгейін (қалпын) орнату;

  3. оқыту процесінің негізгі   өтпелі   жағдайларын   қарастыратын әрекеттер бағдарламасын құру;

  4. оқыту процесінің жағдайы туралы  (кері  байланыс)  белгілі  бір өлшемдер бойынша ақпарат алу;

  5. кері байланыс каналы бойынша алынған ақпаратты қайта өңдеу, оқу процесіне түзету жұмыстарын енгізу және құру.

Басқару процесіндегі оқытушының міндеті басқарылатын процесс  жағдайын өзгерту мен оны алдын ала  белгіленіп  қойған  деңгейге  жеткізуден  тұрады. Қатаң түрде айтқанда, оқу процесін басқару осы  процестің  әр  қатысушысының орнын,  оның функцияларын,  құқығы  мен  міндеттерін  анықтауды,  оның   өз міндеттерін   барынша   жақсы   орындауына   жағымды   жағдайлар    туғызуды қарастырады.

 Оқу  процесінде  қолданылатын  кері  байланысты  жүзеге   асыру   екі мәселенің шешімін табады:

  1. кері байланыс мазмұнын анықтау  –  оқу  бағдарламаларын  құруда база үшін қабылданатын оқытудың  психологиялық  теориялары  мен оқыту   мақсаттарының   негізінде   бақыланатын    сипаттамалар жиынтығын анықтау.

  2. кері байланыс жиілігін анықтау.

Н.Ф.Талызина ерекше атап көрсеткендей, оқытудың басқару жүйесі ретінде өзіндік  ерекшелігі  негізінен  ең  алдымен  оқу,  меңгерудің   басқарылатын процесі — әрқашанда нақты  бір  тұлғамен  жүзеге  асырылатындығынан  тұрады. Өзіндік  факторлардың  көптүрлілігі  мен  күрделілігі  сондай,  негізгі  оқу бағдарламасын құруда олар әрқашан да есепке алына бермейді.  Жаппай  оқытуда ең жақсы жағдайда негізгі бағдарлама студенттердің  белгілі  бір  тобы  үшін типтік ерекшеліктердің тек  кейбір  жүйесіне  бейімделуі  мүмкін.  Ал  нақты студенттер тобын оқыту процесінде оларға қойылған  мақсатқа  тезірек  жетуге мүмкіндік беретін қандай да бір қосымша ерекшеліктер анықталуы мүмкін. Білімдерді  меңгеруді  басқару  процесінде  оқытушыға  студенттердің фактілерді   салыстырып   қорытындылауды,   қорытынды   шығаруды,    алынған мәліметтерді сыни тұрғыдан талдауды үйренді ме жоқ па анықтауы; олар  оқулық материалын қалай меңгергенін, олардың меңгеруге уақыттары  жете  ме  жоқ  па және т.б. білуі керек. Нәтижелі  оқыту  процесін  жүзеге  асыру  үшін  оқыту процесін оқушылардың танымдық  іс-әрекетінің  процесі  ретінде  қарастыратын теория қажет. [17]