Файл: Сахна жне актер маман Байсеркенов айта терген Есмакова Жанерке Алы сз.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 1137
Скачиваний: 25
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
— Келдің-ау, ақыры...— деді Трофим болар-болмас тыныс алып.
Бұлттан жарқ етіп күннің қиғаш сәулесі түсті. Сол сәулелер ұшырып әкеткендей Трофимнің маңдайындағы тердің майда шықтары ғайып болды да, жүзіне терең тыныштық ұялады» (Гр. Федосеев, Смерть меня подождет, Изд. ЦК ВЛКСМ «Молодая гвардия», 1969, с. 459 — 460—461).
Келтірілген үзінді де бірін-бірі қатты аңсаған екі асықтың әрі аянышты, әрі ауыр, адам төзбейтін трагедияға толы ақтық кездесуі айтылады. Солтүстік көктемінің бас кезінде Саян тауларының тұманды шыңдарынан кен іздеп жүрген геолог — зерттеуші Трофимнің төбесінен жай түсіп, түгелдей күйіп кетсе де жарты күн ұдайымен сүйікті Нинасын күтіп, адам төзбес ажалмен арпалысқан құдіретін немен түсіндіруге болады? Тасқа түссе бауырдай балқытатын найзағайдың дозақ оты қанын қатырып, тәнін қара қоңыздай қап-қара қылып өртеп жіберген адамның бойында ажалға төтеп берген қандай күш? Тәні өлсе де, жаны шықпауы қалай? Күл мен көмірге айналып шын мәнінде өлген адамның өмір сүруін тоқтатпай, ғұмыр кешіп жатуын қалай түсінуге, немен түсіндіруге болады? Тажалмен тайталасқан түскен күш-қуаттты қайдан алды? Асығыс келіп, алды-артыңа қаратпай ала жөнелетін ажал шіркінге, Трофимнің күл денесі алынбайтын қамалға айналуы қалай? Сонда оны ажалдан арашалап, ұстап тұрған не құдірет?!
Ол құдірет — ұзақ жылдар бойы жастық желікпен араларына түскен кикілжіңмен бет көріспей кеткен екі жастың хат арқылы қайта табысып, терістік өлкеге Трофимді сағынып іздеп келе жатқан Нинаны бір көру с е н і м і еді. Нина келеді, Нинаны көрем деген с е н і м ажалға тосқауыл болған ғой! Ендеше, сенім деген адам бойындағы ең асыл ең ұлы қасиет болар! Шынайы сенім — қамал бұзып, тосқауылды да талқандайды екен! Ажалмен арпалысқа түсіп, жеңіске де жете алатын болып шықты. Ілім мен білімді, әдебиет пен мәдениетті де сенім тудырады. Сенім жасампаздық бұлағы!
Әлемдік сахна өнерінің теориялық табалдырығын қалаған К. С. Станиславский ауыз екі айтыла беретін қатардағы қарапайым сөз — с е н і м ұғымын көркемдік биікке көтеріп, творчестволық мағынаға ие қылды. Сахна саласының санатына енгізіп, термин ретінде қалыптастырды. «Сенім мен шындық болмаған жерде —нағыз өнер де болмақ емес!»— деген ұран тастады. Сахнадағы көркемдік критерий көзі —«сенім әм шындықты сезіну» екенін теория жүзінде дәлелдеді. «Өмірде шындық пен сенім өздігінен пайда болатын процесс»— деп, оның сахнада жасалу жолдарын үйретті. Алайда, актердің творчестволық немесе сахналық сенімі туралы сөз еткенде «сенім» сөзін дәл мағынасында қабылдамай, шартты түрде профессионалдық термин деп түсінген абзал деп тұжырым айтады
К. С. Станиславский.
Мәселен, суретші салған тоғай көрінісін дәл мағынасында шын тоғайдың өзі деп қабылдау мүмкін емес қой. Немесе, Король Лирді ойнаған актерді корольдің нағыз өзі деуге бола ма? Әрине, болмайды. Трофим мен Нинаның басынан кешкендері — өмірде болатын шындық пен сенім де, суретші бояумен салған тоғай мен актер бейнелеген Лир — сахнадағы сенім мен шындық. Яғни шартты шындық пен шартты сенім.
Алайда декорациялық тоғай мен Лирді ойнаған актер жолдасты шындап қабылдауға болады. Актердің осындай профессионалдық наным қабілетінен тұратын қасиетін К. С. Станиславский — сахналық сенім деп атаған. Әсіресе, бар мәселе «шындап» (серьезно) деген сөздің мағынасына келіп тірелетінін ұққан абзал. Сахнаға аяқ салған актер, автордың ойдан шығарған дүниесіне нағыз шындықтың өзі деп қарауға тиіс.
Театр өнерінің күллі «киелі» қасиеті «егер де» мен «шындап» деген екі сөзге байланысты әрі тәуелді екенін ұмытпау керек. «Егер де» маған король Лир ролін тапсырса, мен оны «шындап» ойнауым керек деп кіріскен жөн. Аталмыш екі сөздің көркемдік мағынасы осы. Сахналық кейіпкер — өмір шындығының айнасы. Актер адамдардың өмірде бастан кешкен сан қилы оқиғалары мен қызықты тіршілігін ойын өрнегіне өрім етеді. Алайда, К. С. Станиславский айтқандай: «Өмірде шындық пен сенім өздігінен пайда болатын процесс болса, өмір мен өнер арасында айырмашылық бар. Өмірде — болмыс шындығы өктемдік етсе, өнерде — көркемдік шындық өктемдік етеді. Өмірде — табиғи шындық бар да, сахнада — ойын өрнегінің шындығы бар. Актер сахнадан болмыс шындығын қиял мен елестету процестері арқылы жеткізеді. Аталмыш элементтер онын көркемдік құралдарына жатады.
К. С. Станиславскийдің: «Егер сахна алаңында шындықтың орнына ойын өрнегі қожалық етсе, онда сенім мен шындықтың жасалуы алдын ала дайындықты қажет етеді. Оның мәнісі сенім мен шындық ең алдымен елестету арқылы тіршілік негізінде көркемдік тұрғыда ой ойлаудан пайда болады да, одан соң сахна алаңына көшіріледі» (К. С. Станиславский, сочинения, том 2, с. 189) деген сөздері ойымызға ортақ. Демек, шынайы шындық процесін тудырып, оны сахнаға алып шығу үшін елестету әлеміне сапар шегу керек. Шындық пен сенім «қоймасы»—елестету елегінен өткен ойын-өрнек процесі қиялда өмір шындығына суарылып барып, киелі күш «егер де» мен дұрыс түсінілген ұсынылған тосын жағдайдың жәрдемі арқылы сахнада еенім мен шындықты дәл сезініп, сомдалу бейнесін тудырады. Сөйтіп, «өмірдегі шындық деп — адам баласы білетін бар шындықты айтамыз. Ал, сахнадағы шындық деп — өмірде болмайтын, бірақ болуға тиіс шындықты айтамыз» (там же, с. 189) деп жазады К. С. Станиславский. Олай болса, сахналық шындық — елестету мен қиялда пайда болады екен де, киелі күш «егер де» мен «ұсынылған тосын жағдай» арқылы өзінің ойын кестесіне ие болады екен.
Осыған орай, Торцов-Станиславский мен шәкірті Говорковтың арасында болған оқиғаны келтіре кетейік...
«...Говорков:—Айыпқа бұйыра көрмеңіз, егер Шекспирдің пьесасынан бастап, Отеллоның қатырғы қағаздан жасалған қанжармен өзін-өзі өлтіретін жеріне дейін ойдан шығарылған өтірік болатын болса, театрда қандай шындық туралы сөз айтуға болады?
Торцов-Станиславский:— Егер сіз Отеллоның қанжары болаттан соғылмай, қатырғы қағаздан жасалғаны үшін ғана қысылғандыктан тым қораш бутафориялық жасанды затты сахнадағы жалғандық деп танып, сол үшін күллі өнерді иянаттап, сахна тіршілігінің шынайлығына сенуден қалсаңыз, онда сәл сабаңызға түсіңіз: театрда Отеллоның қанжарының қатырғы қағаздан немесе болаттан жасалғаны емес, Отеллоның өзін-өзі өлтіретінін дәлелдейтін актердің ішкі сезімінің шындығы мен шынайылығы маңыз атқарады. Егер Отеллоның өзін-өзі өлтіретін қанжары мен оқиғасы шын болған жағдайда актер-адамның (человек-актер) не істеп, не қоятыны ғана маңызды.
Сонымен бізге қайсысы қызықты әрі маңызды болып шықты, қайсысына сенгіңіз келеді: театр мен пьесада кездесетін материалдық дүниенің оқиғалары мен фактілерінің нағыз шындығына ма, жоқ, әлде өмірде кездеспейтін нәрсені артистің жан дүниесінде пайда болған сезім шындығы бойынша өмірге келген ойдан шығарылған сахналық шындық па, ол жағын өзіңіз шешіп алыңыз.
Ал, театрда, біз осындай сезім шындығы туралы айтамыз. Творчестволық сәтте актерге керегі сондай сахналық шындық. Мұндай шындық пен сенім болмаған жерде нағыз өмірдің өзі де жоқ! Сахнада сыртқы жағдай өмірге неғұрлым жақын болса, артист ролінің кейіпкержандылығы да соғұрлым табиғи өмірге жақын болмақ.
Өкінішке орай, сахнадан мүлде басқа нәрсені керіп жүрміз. Сахнада жасау-жабдық пен дүние-мүліктін шындыққа негізделген реалистік жиһаздары тігіледі де, есесіне роль ойнаушылардың сезім шынайылығы мен кейіпкержандылығы ескерілмейді. Осы сияқты дүние- мүлік шындығы мен сезім жалғандығы арасындағы үйлесімсіздік роль орындау сәтінде нағыз өмірді тудыра алмайтындығын аңғартады.
Мұндайларды болдырмау үшін, сахнада істеген істерің мен әрекеттеріңді өздеріңнің «егер де» мен ұсынылған тосын жағдайларың арқылы әрдайым дәлелдеуге тырысыңдар. Тек осындай творчестволықпен іс істегенде ғана сіздер өз сезім шындығыңызды қанағатка бөлеп, кейіпкержандылығыңыздың шынайылығына толық сенім арта аласыздар.
Говорков: Ал, театрдағы шындық дегеніміз не?
Торцов-Станиславский:— Партнеріміздің жан сарайы мен өзіміздің ішкі дүниемізге деген қалтқысыз сенімді сахналық шындық деп атаймыз.
Шындықтан — сенімді, сенімнен — шындықты бөліп тастауға болмайды. Олар бір-бірінсіз өмір сүре алмайды, ол екеуінсіз кейіпкержандылық пен творчествоның болуы да мүмкін емес.
Сахнада болып жатқандардың бәріне— көріп отырған көрермендер мен партнерлерден бастап, актердің өзі де сенуге тиіс. Сахнада өнер жасап жүрген артистің өз басынан өтіп, сыналған сипатына сай сезінудің шынайы тіршілігінің өмір сүру мүмкіндігінің күллісіне сенім қожа болу керек. Біздің сахнаға аяқ салған әр сәтіміз — кейіпкержандылық сезім шындығы мен атқарылған әрекет шындығын сенім арқылы қазықтап отыруға тиіс.
Сахна алаңында артистке осындай ішкі шындық пен сәруар сенім аса қажет» (там же, с. 189—191) деп сахна абызы шындықты сезіну мен сенім процесінің актер творчествосындағы белсенді ролін талдап түсіндіреді. Сахнада шындықпен ширатылып, сеніммен суарылған өнер үлгісі — шеберлік мұраты екенін, суреткерлік биікке тек шындық пен сенім арқылы қанат қағуға болатынын айтады.
Біз жоғарыда творчестволық процестегі шындық пеи сенімнің ролі және оның сахнадағы маңызы туралы сөз сабактадық. Алайда, сахнада шындықпен қатар жалғандық та өмір сүретінін ұмытпау керек. Қай кезең, қандай спектакль болмасын және қандай актер ойнамасын шындық пен жалғандық жағаласы қатар жүріп жатады. Күллі актер қауымы — жасынан жасамысына дейін өмір бойы әл-қадырлары жеткенше жалғандық кінәратымен күресіп өтеді. Әркімнің әр қилы тәсілдері болады. Базбіреулер — патетикалық қатқыл ырғақтарға сүйеніп, дыбыс қуатының «тасасына» жасырынса, базбіреулер — поэтикалық пафостың жалындаған жетегіне ілесіп, ереуілдеумен жалғандықты жеңгісі келеді. Енді кейбіреулер іш пыстыратын кідірістер жасап, сахнада дүрдиіп, күмпиіп, әуре-сарсаңға түсіп сенім мен шындықты сезіну процесін сөз астарынан, сөздің философиясынан іздеп әлек болады. Сайып келгенде, бар зейінін алдын ала әлі пайда бола қоймаған жалғандықпен күреске аударып, сахнаның негізгі заңы — әрекет етуді естерінен шығарып алады.
Сахнаға: «қайтсем жалғандыққа ұрынбаймын» деген ойдың жетегімен шығып, өнер жасауға болмайды. Сондай-ақ тек, шындықты ғана өмірге келтірем деп те сахнаға шығуға болмайды. Ондай ой мен шыққан адам жалғандықты көбірек айтатын болады» (там же, с. 195) деп жазады К. С. Станиславский.
Сонда сахнада жалғандықтан қалай арылуға болады?—деген сұраққа К. С. Станиславский: «Творчествоға бағыт сілтейтін қос сұрақ арқылы арылуға болады. Мәселен, жалғандық туралы ой біржола билеп-төстеп, қыр соңыңыздан қалмай қойған жағдайда өзіңді-өзің сынау үшін жарық лампаның алдына келіп:
«Мен әрекет етіп жүрмін бе, әлде жалғандықпен жағаласып жүрмін бе?»—деп өзіңізге сұрақ қойыңыз.
Әсілі, біз сахнаға өзіміздің кемістерімізбен күресу үшін ғана шықпаймыз, шынайы, жемісті әм мақсатқа сай әрекет ету үшін шығамыз. Егер сол мақсат іске асса, онда жалғандықты жеңдім дей беріңіздер. Өзіңнің дұрыс әрекет етіп жүргеніңді тексеру үшін: «Кім үшін әрекет етіп жүрмін: өзіме ме, әлде көрерменге ме, немесе қарсы алдымда тұрған адамға ма, яғни сахна алаңында қасымда жүрген партнеріме ме?» деген өзгеше сұрақ қойыңыз.
Өйткені, творчестволық сәтте артист өзіне-өзі қазылық ете алмайды. Ойын көріп отырған кезде көрермен де қазы бола алмайды. Қазың — партнерің. Егер артист партнеріне әсер етіп, қарым-катынасы мен сезіну шындығына сендіре алса — жалғандық жеңіліп, творчестволық мақсат орындалды деп есептеніздер» (там же, с. 195—196) деп жауап береді.
Демек, санадағы жалғандықпен күресудің бір жолы — әрекет арқылы партнердін ішкі дүниесіне белсенділікпен әсер етіп, сезім шындығына сендіре білу болып шықты. Сондай-ақ өзін-өзі тексеру (самопроверка) процесі бойынша да іс істей білу шарт.
Жалғандықпен күресудің басқадай да жолдары бар дейді К. С. Станиславский. Ол жол-жалғандықты түп тамырымен жұлып тастау (вырвать ложь) тәсілі.
«Сіздер шындықтың не екенін жете ұғынып, сол арқылы жалғандықты ығыстырып тастаудың маңызды әрі қажет екенін білгендеріңіз абзал. Таптаурындылық пен жалғандыкты жұлып тастау деп аталатын аталмыш процесс, елеусіз түрде, үйреншікті дағды бойынша ұдайы әрекет ету арқылы сахнадағы аттаған әр қадамымызды аңдып отыруға тиіс» деп айтып келеді де: «Естеріңізден шығармай ұстайтын айтар ақыл-кеңесім бар: сахна алаңында шындық пен жалғандық мағынасына асыра талап қоймаңыздар. Шындыққа шамадан тыс құмарлық — шындық — шындық үшін дейтін әсіреқызылдыққа ұрындырады. Бұл өтірік атаулының бәрінен де жаман. Ал, жалғандықтан өлердей қорқудың өзі де сахналық «өтіріктің» бір түрі болып табылады, өйткені ол да жасанды сақтык тудырады. Сондықтан сахна алаңында сахналық «өтірікке» де, шындыққа да күсталанбай, сабырлықпен, әділетпен қарау керек. Шындық театрға шындап сендіре алған жағдайда ғана, сахнада партнер мен өзіңді сенімге ие қылуға және алдына қойылған творчестволық мақсатты емін-еркін орындауға жәрдемдесе алған жағдайда ғана кажет.
Ақылын тапса — жалғандықтың өзінен де пайда табуға болады. Өйткені, жалғандык — актер істеуге болмайтын шаруаның камертоны» (там же, с. 196—197) деп тұжырымдайды К. С. Станиславский.