Файл: Сахна жне актер маман Байсеркенов айта терген Есмакова Жанерке Алы сз.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 1142
Скачиваний: 25
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ҮШІНШІ ЗАҢДЫЛЫҚ
Психикалық тіршіліктің қозғаушы күші
(Двигатели психической жизни)
Актердің сахна алаңындағы психикалық тіршілік әрекеті — жортуыл жорыққа жиналған жасақ сияқты жойқын құбылыс. Оның психотехникалық әдіс өрнектері мен күллі творчестволық ішкі аппараты сапқа тізілген сарбаздардай сақадай-сай күйге түсіп, әрекет шеруін шабуылға дайындайды. Аталмыш психикалық тіршілік — әскери әрекетке жорыққа аттанатын жасағымыз.
Ал, енді осы сарбаздарды шабуылға бастайтын сардар қажет. Ол сардар кім болу керек?
Мүмкін сезім болар! Өйткені, рольді сезу дегеннің өзі бүкіл рухани қуатыңды жасақтау деген сөз. Сөйтіп, аса маңызды сардардың бірі, творчествоның қозғаушы күші — сезім екендігіне дау жоқ. Алайда, сезімнің кінәмшіл, кірпияз болып келетінін, әмір-бұйрыққа көне бермейтінін, егер сахнада творчество жасау сәтінде өз-өзінен қозу процесі пайда болмаса, тағы бір сардарға тәуелді болатынын білеміз. Сонда ол кім?
Елестету ме? Бірақ, елестету арқылы күллі творчестволық аппаратыңды қозғалысқа салып, әрекетке жете алмайсың: Себебі, оның өзі басшылықты қажет етеді.
Әлде, мақсат, киелі күш «егер де» шығар.
Ол үшін бұлардың өздері қайдан шығатынын білген абзал. Сахна сардары деген ұғым — творчествоны әрі бастайтын, әрі бағыттайтын процесс. Ал, мақсат пен киелі күш «егер де» ондай роль атқармайды.
Сахналық зейін бе? Ең алдымен зейіннің атқаратын функциясын қарастырып көрейік. Зейін белгілі бір нысанаға өз сәулесін бағыттап, солар арқылы ой, сезім, зауық тудыратын элемент. Ал, зейінді нысанаға бағыттайтын — ақыл (ес). Демек, екінші сардар — ақыл болды.
Енді үшіншісі бар ма екен, соны іздеп көрейік.
Олай болса, сахналық мақсатты туғызатын зауық пен жігер. Өйткені, актердің күллі творчестволық аппараты мен жігерінің әрекет құлшынысын қоздырып, оның сахнадағы психикалық тіршілігін басшылыққа алатын да — жігер.
Ендеше, үшінші сардарымыз — жігер болмақ.
Сөйтіп, сахнадағы «психикалық тіршілігіміздің қозғаушы күші»:
А қ ы л, ж і г е р және с е з і м болып табылады.
Ақыл (парасат) — жігерді (әрекет) қимылға қосады, жігер — сахнадағы ең киелі қасиет — с е з і м д і (тебіреніс) тудырады. Ал, кейіпкержандылық өнері — сезім үшін күреседі. Басқа бағыттағы өнер мектептерінің басты кемшіліктерінің негізгісі — сезімді елеп-ескермеуінде. Соның нәтижесінде сахнада сезім мен тебіреністен жұрдай болған, тақылдап ақыл айтатын ақылгөй актерлер қаптап кетті. Осындай ақылгөй актерлердің арқасында театр алаңынан шынайы творчестволық тебіреніске толы сахна туындыларын өте сирек көретін болдық. Сондықтан болар К. С. Станиславский: барлық элементтер се
з і м д і тудыру үшін қызмет етуге тиіс, ал, сезім — актер творчествосының қазығы деп бағалаған. Сахнада сезімнің ролін арттырып, көркемдік қуатын күшейту мақсатымен
К. С. Станиславский актердің «психикалық тіршілігінің қозғаушы күші» функциясына елеулі іліми өзгеріс енгізіп, ішкі мағынасын тереңдете түсудің тағы басқа жолдарын іздестірді. Ақыл, жігер және сезімнің сипатын толық беретін әрі олардың творчестволық қабілет, мүмкіндігін тереңдей ашып, анықтайтын қосымша варианты:
ойын (представление), пайымдау (суждение) және жігер-сезім (воля-чувство) түрін ойлап тапты.
К. С. Станиславский: «Аталмыш анықтаманың ішкі мағынасы — сол баяғы психикалық тіршіліктің қозғаушы күші болып саналатын ақыл, қажыр және сезім қалпында қала береді. Айырмасы, кәзіргісі — бұрынғысын анықтай түседі. Оларды өзара салыстыра келіп, сіздер ойын мен пайымдаудың бірігуінен бұрынғы ақыл арқылы анықталған ішкі функциясын атқаратынын байқайтын боласыздар.
Психикалық тіршіліктің қозғаушы күшінің жаңа анықтамасына дендеп ене отырып, сіздер «жігер» мен «сезім» сөздерінің —«жігер-сезім» болып қосылып, құрышқа айналғанына көздеріңіз жетеді» (там же, с. 344) деп «ақыл, жігер және сезім» функциясының ішкі көркемдік мағынасы өзгермейтінін, ал «ойын, пайымдау және жігер-сезім» варианты актердің «психикалық тіршілігінің қозғаушы күшін» бұрынғыдан бетер күшейтіп, көркейте түсетінін дәлелдеуге ұмтылыс жасайды. Жаңа варианттың мағынасы — ақылдың қызметін реттік тәртіпке келтіру, яғни оның функциясының басты-басты екі творчестволық кезеңін анықтау болып табылады. Біріншісі: ойын тудыру процесіне түрткі болатын кезең десек; екіншісі, ойын тудыру процесінен ағыс алатын — пайымдау құбылысын туғызу кезеңі.
Сахна алаңында рольді өлшеп-пішіп, одан ой туғызып, оның іске асырылуын яғни пайымдау жоспарын жасайтын — ақыл. Ал, жігер мен сезім — ақыл жасаған жоспарды ілгерілетуші, іске асырушы, қуаттаушы элементтер. Айырмашылығы, жаңа вариантта — ойын мен пайымдау — ақыл ролін атқарады да, «жігер» мен «сезім» құрыш болып құйылып, жігер-сезім» қабырғасын қалайды. К. С. Станиславскийдің тілімен айтқанда: соңғы вариант — алғашқы варианттың ішкі мағынасын, көркемдік қуатын анықтап, артылдыра түседі.
Ақырына дейін түсінікті болу үшін ауызекі түрде анайы мысал келтірейік. Театр труппасындағы бір жас актер бір қызға өліп-өшіп ғашық болды дейік. Ал, қыз болса алыс қалалардың бірінде тұрады. Жігіт сағыныштан сарғайып, жанын қоярға жер таппай алас ұрады. Сөйтіп жүргенде қыздан хат алады. Ол да қатты сағынып жүрсе керек, жігітін «тез келіп кет» деп шақырыпты. Осы хатты оқыған сәтте жігіттің сағыныш сезімі от болып жалындайды. Тездеп қызға жетуге ынтығады. Алайда, қас қылғандай театр жана қойылымға кірісіп, әлгі жас актерге Ромеоның ролін жүктейді. Нәтижесінде, актердің лаулаған сезімі мен кейіпкердің сезімі үйлес келіп, рольдің ішкі дүниесі мен рухани сипатын айрықша оттылыққа иелік етеді. Солай десек, актер творчествосын бағыттап, басшылық ететін сардары кім?
Әрине, бірінші кезекте сезім екендігі дау тудырмайды.
Ал, екінші кезекте жігер тұр.
Сезім — жігерді жаныса, жігер — сезімді лаулатады.
Жігер мең сезім — ынтызар жігіттің сүйіктісіне деген іңкәрлігін оттай лаулатса, сол ыстық ықылас сахна алаңындағы Джульеттаға да шоғын шашады.
Демек, аталмыш кезеңде екеуі бір арнадан ағыс тауып, психикалық тіршіліктің қозғаушы күшінің жолбасшы — сардары ролін атқарады. К. С. Станиславскийдің «жігер-сезім» деп қосақтап айтуының мәнісі осында. Бұлар да бір-бірінен ажырамайтын, егіз элементтер.
«Құдіретің жетсе, екеуін бір-бірінен ажыратып ала ғой. Тіпті, оралымың келгендей болса, жігер мен сезімнің бір-бірінен оқшау өмір сүрген сәтін тауып, ара жігін анықтап, бірінің қай жерден басталып, екіншісінің қай жерден аяқталатынын көрсетіп бере қойыңдаршы. Бұл қолдарыңнан келе қоймас деп ойлаймын, өйткені менің де қолымнан келген жоқ» (там же, с. 345—346) деп К. С. Станиславский жігер мен сезімнің творчестволық қызметін бөле-жара қарауға болмайтынын үзілді-кесілді кесіп айтқан. Жалпы, сөз арасында «Станиславский жүйесі» ілімінің күллі элементтері жеке-дара өмір сүрмейтінін, қосақтаулы ғұмыр кешетінін тағы бір ескертіп кеткіміз келеді.
Сайып келгенде, ақыл, жігер мен сезім, немесе жаңа анықтама бойынша ойын, пайымдау мен жігер — сезім творчество процесінде жетекші роль атқарады. Оған талас жоқ. Тек бір нәрсені анықтап алуымыз керек. Практика жүзінде екі варианттың қайсысын пайдаланған қолайлы?
К. С. Станиславский: «Біздер, сахна өнерінің қайраткерлері, аталмыш жаңа анықтаманың шындығын мойындап, болашақта бізге практикалық пайда беретініне көз жеткізе аламыз, бірақ әл-әзір соған қалай жақындаудың жолдарын білмейміз. Оған әлі уақыт керек. Ал, әзірше практика жүзінде танылғандықтан жарым-жартылай жаңасын пайдалана тұруға тура келеді, қалғандарына келсек, уақытша сыннан мүдірмей өткен ескісімен қанағаттана тұрамыз.
Әзірге басқадай шығар жолды көре алмай тұрмын. Сондықтан, психикалық тіршіліктің қозғаушы күшінің ескі және жаңа іспеттес екі анықтамасымен де, яғни кез келген жеке жағдайда қайсысы меңгеріп кетуге жеңіл тисе, сонысын пайдалануға пейілмін. Егер маған не анасы, не мынасы ыңғайлы болса, ескі анықтама бойынша, яғни ақылдың функциясын бөлектемей, жігер мен сезімді бір-біріне қоспай-ақ істей берер едім» (там же, с. 346) деп қай вариант оңтайлы әрі қолайлы болса, сонымен жұмыс істеуге болатынын айтады. Өйткені, ақылды іске косу арқылы творчествоға жігер мен сезімді де қатыстыра аламыз. Сондай-ақ, ойын өрнегі де өзі туралы пайымдауды талап етеді.
Нәтижесінде алғашқысы да, соңғысы да жігер-сезімді жұмысқа жегеді.
Сөйтіп, психикалық тіршіліктің қозғаушы күштерінің күллісі жұмыла кірісіп әрекет еткенде ғана біз, органикалық түрде өз атымыздан өнер үлгісін тудыра аламыз.
Айтты айтпады, Гамлеттің «Не өлім, не өмір!» атты әлемдік атышулы монологын сахнадан айшықтаған кезде шынайы сахнампоз автордың ақыл-ойын жеткізудің орнына жалаң сөзін баяндап берумен шектелмейді ғой. Керісінше, рольдің сөзіне өзінің күллі жан дүниесін сиғызып, бүкіл жігері мен сезімін сарқып беруге, өмір туралы тұщынған ойын өрнегін жайма базардай жайып салуға кұлшынбай ма? Сол сәтте артист сахнадан өмірде жоқ Гамлеттің өзін емес, пьесаның ұсынылған тосын жағдайына тап болған өзінің аіртистік тіршілік әлемін ойнайды емес пе? Рольдің ой мен сезімін, ойын өрнегі мен пайымдауын өзінің басыбайлы рухани дүниесіне айналдырып алады ғой. Сонда олар (актерлер) көрермен қауым рольдің сөзін тыңдап, мағынасын ұқсын демейді, керісінше рольге деген өзінің актерлік көзқарасын танып, түсінсін деп әрекет етеді. Мәселе — жалаулаған жаттанды сөзде емес, мәселе — актердің
көзқарасында. Көзқарас — трактовка, шешім ролін атқарады. Ендеше, творчество сәтінде психикалық тіршіліктің қозғаушы күштері бір-біріне тәуелді жағдайда ұйымдасып іс атқарады. Аталмыш тәуелділік пен ортақ әрекет, творчестволық күштердің бір-бірімен тығыз байланысын өнерде өте маңызды роль атқарады десек, практикалық мақсат үшін оларды ұтымды пайдаланған абзал.
Психотехника үйлесімдігінің мағынасы осында жатыр.
Бұдан шығатын қорытынды: сахналық әрекет ошақтың үш бұтындай үш элемент — ақыл, жігер және сезім арқылы атқарылады. Бұл үшеуінің актер творчествосында айрықша бағаланатын себебі, осындай көркемдік қасиетіне байланысты.
Кей жағдайда психикалық тіршіліктін қозғаушы күштері санасыз түрде, еріктен тыс өз-өзінен пайда бола қалатын сәттері болады. Бірақ, бұл төтеннен төнген тасқын сияқты өте сирек кездесетін құбылыс. К. С. Станиславский мұндай табиғи сәттілікті кездейсоқтық деп бағалап, негізінен адамның психикалық шынайы табиғатында болатын заңдылықтарды ғана мойындаған. Көзқарақты көркемөнер қауым да осы жолды қабылдап, кұнт қылса — адаспайтындарына арымыз таразы.
Ал, кейде пьеса мен рольге басқа жолдармен, мәселен, қаншалықты кірпияз, тұрақсыз мінез көрсетсе де, сезім арқылы да келуге болады. Сезім сыңай танытқан жағдайда ойын өрнегі бой көрсетіп, пайымдау процесі өмірге келеді де, барлығы жігерге қозғау салып, оны қоздыруға мәжбүр етеді. Басқаша айтқанда,
сезім арқылы психикалық тіршіліктің қозғаушы күштерінің күллісі үйлесім тауып, ортақ іс аткарады.
Ал, егер с е з і м әрекетке ықылас білдірмеген жағдайда не істеуге болады деген сауал туады? Онда — жігерге құрық тастау керек.
Ал, жігерді қалай оятуға болады? Әрине, мақсат арқылы. Жігерге әсер етіп, оны әрекетке көгендейтін — мақсат. Алайда, кейбір көркемдік ерекшеліктерді назардан тыс қалдырмаған абзал. Егер психикалық тіршіліктің қозғаушы күштері — ақыл, жігер және сезім десек, дәл осы үшеуі даралық табиғатына байланысты актерлерді: сезімтал, қажырлы, парасатты сияқты индивидуалдық категорияларға жіктеп, типтік салаларға бөледі.
Бірінші типтегі артистер — ақыл мен жігерден гөрі сезімге бейім болады да, сезімталдықты қалайтын Отелло, Ромео сияқты рольдерге ыңғайлы келеді.
Екінші типтегі артистер — ақыл мен сезімнен жігерге бай болғандықтан қажыр мен қайрат тілейтін Макбет, Бранд сияқты кейіпкерлерді ойнауға икемді болмақ.
Үшінші типтегі артистер — жігер мен сезімге қарағанда ақылы басым болып, Гамлет, Натан Мудрый сияқты философиялық образды сомдауға бейімділік танытады.
Сайып келгенде, хас шебер бойында ошақтың үш бұтындай кіндіктес үш элементтің үшеуі де гармониялық үйлесім; көркемдік үндесік тапса — нұр үстіне нұр. Өйткені, өнер — парасатты, қажырлы, тебіреністі творчествоның тұтастығын қалайды. Ендеше — ақыл, жігер мен сезім жетекші роль атқарады. Психикалық тіршіліктің қозғаушы күшін басшылыққа алатын үш Сардарымыз осылар. Ал, қалған элементтер шоғыры жақсы жасақталған сарбаздар сапын түзейді. Саналы Сардарлар бастаған сарбаздар жасағы алмайтын көркемдік қамалдары болмақ емес!
Сонымен, сарбаздар сақадай-сай! Жасанған жасақ жорыққа дайын! Сардарлар қарауыл мұнарасында! Енді қиқу салып, шабуылға шығу керек!
Ал, шабуылды неден бастаған абзал?
Өйткені, пьеса қабылданған, рольдер бөлініп қойған.
Ойнау керек!
Алайда, спектакльді бірден ойнап кете алмайсың.
Әрине, әр актер өз әрекетін жасауға тырысады. Біреулері ролін ойлап толғанса, кейбіреулері алдын ала «сезінуге» қам қылады. Енді біреуі киелі күш «егер де» мен ұсынылған тосын жағдай» арқылы әрекет етуден бастаса, базбіреулер кейіпкер тіршілігінің ойын өрнек, үлгісін ойша пішіп, пайымдау жоспарын жасап,, жігер-сезімді еліктіру арқылы қимылға көшеді. Сөйтіп, әркім әр түрлі жолдар арқылы роліне тән «адамның рухани тіршілігінің» кілтін іздеуге атсалысады.
Ал, актердің ақыл, жігер және сезім сипаттары өте сирек жағдайда болмаса, тың шығарманың бүкіл нәрі мен құнарын бірден жарк еткізе алмайды.