Файл: Сахна жне актер маман Байсеркенов айта терген Есмакова Жанерке Алы сз.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 11.12.2023

Просмотров: 1113

Скачиваний: 25

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Әйтсе де сахна өнерінде әрекет пен сезімге байланысты басы ашылмай жүрген бір қиындық бар.

К. С. Станиславский сезім мен тебіреністі зорлап тудыруға немесе заказ беру арқылы иегерлік етуге болмайды деген. Тебіреніс пен сезімді әрекет ету арқылы өмірге әкелуге болатынын айтқан. Ал, енді үкідей үлбіреген сезім мен теңіздей терең тебіреністі әрекет тіліне қалай айналдыруға болады? Бұл жұмбақ. Сахна алаңында әрекет пен сезім бір-бірімен тікелей байланысты болғандықтан кейде сезім мен тебіреністі — әрекет тіліне, ал, әрекетті — сезім мен тебіреніс тіліне айналдырып, іс қылатын жағдайлар кездесіп қалады. Біз, осы нәзік процесс сезімді — сахнада әрекет тіліне көшірудің кілтін таба алмай жүрміз. Бір ғажабы К. С. Станиславскийдің еңбектерін сарыла сүзіп шыққанда да кездестіре алмадық. Ол кісінің осындай күрделі мәселеге мойын бұрмай өте шығуы шынында да таңғаларлык нәрсе...

Сайып келгенде, әрекет арқылы талдау тәсілі — қимыл-іс әрекетінің ең қарапайым партитурасы бойынша аса күрделі психологиялық комплекстен тұратын «адамның рухани тіршілігін» сомдау.

Аталмыш қарапайым корытындыға К. С. Стаинславский ұзақ ізденіс, ұшан-теңіз зерттеулер арқылы келген болатын.

VI
...Окончательно утверждаясь в мысли, что система Станиславского — великая вещь...

Е. Вахтангов.
К. С. Станиславский «жүйесінің» ең жарқын беттерінің бірі — қимыл-іс арқылы талдау (метод физических действий) тәсілі. Аталмыш творчестволық тәсілдің негізгі мағынасы—«егер адам бір мақсат жолында әрекет етсе, оның психологиясынан қимыл-іс туындайды да, ал, қимыл-іс әрекетінен психология туындайды» (Когда человек целесообразно действует, из психического рождается физическое, а из физического — психическое) — дейтін қағида. Психология мен физиология заңдылығының бір- тұтас бірлігіне сүйенген Станиславский тәсілінің мән- мағынасы осындай творчестволық критерий қайнарынан арна алады.

Актердің өзін-өзі іштей сезінуі (рухани) мен сырттай (қимыл-іс) сезінуінің бірге өмір сүру проблемасы о баста дербестік, жекелік роль атқарған болса, кейін К. С. Станиславский ол ойынан бас тартып, творчестволық процесс табиғатының рухани әм қимыл-іс процесінің бір-бірімен ажырамас бірлігі мен өзара байланыс тәуелдігіне (о неразрывной взаимосвязи и взаимозависимости духовной и физической природы в творческом процессе) біржола мойын ұсынды. Бұған К. С. Станиславский еңбегінің «Сенім әм шындықты сезіну» (Чувство правды и веры) дейтін соқталы тарауы куә.

Ал, идеалистік эстетика тұжырымына табан тіресек: олардың ұсынған идеясы творчестволық процестің қайнар көзі — рухани өмірдің дербестігі мен (независимость и самостоятельность духовной жизни) тәуелсіздігі еді. Адамның қимыл-іс табиғатын (физическая природа человека) рухани мазмұнның (духовного содержания) сипатына қарсы қойып, егіз процестің бірлігін жоққа шығарады. Яғни «жан» мен «тәннің» емшектестігіне шәк келтіріп, екеуін екі бөлек дүние деп қарады. Мұндай идеалистік кереғар көзқарас — тек «адам тәннің тіршілігін» (жизни человеческого тела) барынша дұрыс ұйымдастыра алған жағдайда ғана, актер «адамның рухани тіршілігін» (жизни человеческого духа) сахнада сомдай алады,— деген К. С. Станиславский іліміне мүлде жат. Ал, К. С. Станиславский, актер қызметін ішкі (психологиялык) және сыртқы (физикалық) әрекетке жіктеп, даралаудан ғылыми түрде бас тартты. Ал, идеалистік ағымдағы қайраткерлер — кеудеден жан шықса, тәннің де өлетінін, яғни «жан» мен «тәннің» бір-бірінсіз өмір сүре алмайтын қарапайым ережесін ескермеген ғой. Олай болса бұдан шығатын ғылыми қорытынды: сахналық творчество саласында рухани тіршілік пен қимыл-іс тіршілік заңдылықтары категориясы қатар өмір сүреді. Сөйтіп, «тән» мен «рух» сабақтастығын — роль талдауда «ақыл арқылы барлау» (разведка умом) мен «тән арқылы барлау» (разведка телом) процесіне байланыстыра шешу қажет екені айқын болды. Мәселен, «зейін» (внимание) элементі, сөз жоқ, психология категориясына енеді, әйткенмен ол, адам физиологиясымен тікелей байланысты бола тұра физикалық сезім органы арқылы іс атқарады. Сондай-ақ сезім шындығына келер болсақ, актер, бірыңғай сезім шындығы арқылы ғана емес, сыртқы қимыл-іс әрекетінің де шындығы арқылы іс істейді. Солай десек, К. С. Станиславский актер творчествосын түр мен мазмұнның (единство формы и содержания) тұтастық түп тамырынан, яғни психофизикалық процесс аспектісі аясынан өріп шығарған. Сөйтіп, біртұтас психо- физикалық процесс (единый психофизический процесс) деп аталатын органикалық әрі табиғи түрдегі бір мақсатқа бағытталған сахналық актер әрекеті — К. С. Станиславскийдің творчестволық әрі теориялық ересен еңбегінің ғылыми жаңалығына айналып, кейбір кіндік проблемалардың шиеленген түйінін шешуге мұрындық болды.



Қимыл-іс арқылы талдау тәсілі — Станиславскийдің ең соңғы қол жеткерген жемісті еңбегі бола тұра, аталмыш тың тәсіл атақты «жүйеден» бөлекше, оқшау туған ереже болып табылмайды, қайта оның көптеген даму зацдылықтарынан өріс алып, көш түзейді.

Айтты айтпады, егер, біз, актердің сыртқы техникалық қасиетіне жататын: ашық үн, әсем дауыс, көрікті кимыл, пластикалық өрнекті ым-ишарат белгілерінен айырсақ, адамның ішкі қазынасы «рухани тіршілік» функциясын сахна алаңынан көрермен қауымға жеткізе алар ма едік? Сондай-ақ ішкі дүние байлығы «жан сарайы» ұйықтап жатып, тек сыртқы техникалық белгілер, яғни жалаң қимыл-іс арқылы: қолымызды сермеп, көзімізді қысып, бет алды сахна кезіп кейіпкердің «рухани тіршілігін» айшықтай алар ма едік? Ол мүмкін емес. Ендеше, К. С. Станиславскийдің айтпағы да осы.

К. С. Станиславскийдің өзі айтқандай: «жүйе» ойдан шығарыла салған дүние емес. «Жүйе»—органикалық творчествоның табиғи заңдылықтарына арқа сүйей отырып, сахна алаңында тер төгіп жүрген актер өмірінің физикалық әм психикалық біртұтас бірлігінің негізін қалайды. «Жүйе» орыс актерлерінің тамаша табыстары мен реалистік театрлардың айтулы шеберлерінің мол тәжірибелерін сарқа жинақтап қорытқан іс үсті ұзақ практикасынан туған мұра. «Станиславский жүйесінің» тас табалдырығы мен көркемдік мән-мағынасы — актерге іс жүзінде көмек беру, оның органикалық, творчестволық іс-әрекет процесіне кең жол ашу. Жинақтай айтқанда, қимыл-іс әрекеті тәсілінің қысқаша ғылыми ерекшелік сипаты, осындай.
VII
Станиславский — обыкновенный гений и необыкновенный человек.

Человек. А не святой апостол.

Г. Товстоногов.
Жалпымемлекеттік сипаттамасы саласында еліміздің мәдени-ғылыми әрі рухани-көркемдік жедел өркендеуіне әлеуметтік зор үлес қосып, коғамдық тәлім-тәрбие ролін айта қалғандай асқақ абыроймен мүлтіксіз атқарып келе жатқан өнердің ең көне грек дәуірінен бастап, жиі жаңғырып (бүгінгі күн) ең кең тараған үлгілі түрі — драмалық театр өнері.

Көп ұлтты күрделі драма өнері қай кезеңде болса да (сонау Станиславский кезеңінен бастап санағанда), ауыз толтырып айтарлықтай жемісті жетістіктерге жеткені аян. Мұндай қауырт қарқынға театрларымыз бен драматургтеріміз, режиссерлеріміз бен актерлеріміз — замандастар мен бүгінгі буын талап-тілек проблемасына қоғами-әлеуметтік және тәлім-тәрбиелік талғам биігінен жіті назар салғандықтан ие болып отыр.

Өнеріміздің одан әрі қанат жайып биіктей беруі үшін ең алдымен театр, режиссер, актер творчествосын жетілдіре, кемелдендіре түсу парызы тұр. Себебі сахна мәдениеті—драмалық туындылардың құрыш болып құйылып шығатын от-ошағы, актер шеберлігінің ұйтқы- өнегесі, өнер өрісінің теориясы мен тәжірибесі, коллективтің саяси-тәрбиелік ауа райының баған-безбені, өнердің қоғамдық кескін-келбеті.


Біз бүгінгі театр өнерін қоғамға қызмет ететін саяси-әлеуметтік аудитория десек, аталмыш ауыр өнердің қазіргі хал-ахуалы мен болашағы туралы ойласатын жайлар да аз емес. Ол не дегенде, алдымен сахна санаткерлерінің творчествосын жетілдіріп, шеберліктерін шыңдап отыруға бірден-бір басшылық ететін теориялық құралдың болмауы. Өткені мен өткелі, тарихы мен теориясы болмаған елде нағыз өнер туындысын жасау мүмкін емес. Музыка өиері сияқты сахна өнеріне де ереже қажет. Театр өнерінен басқа көптеген өнер түрлерінің (сәулет, музыка, әдебиет, физика, математика, химия, бейнелеу өнері, т. б.) баяғыдан калыптасқан өз теориялары бар. Ал театр саласында «Станиславский жүйесі» өмірге келді. Бұл — сахна өнері туралы жазылған тұңғыш теория. Өзінің ғылыми-теориялық, саяси-әлеуметтік тұрғысынан тұтас бір дәуір іспеттес құбылыс. Бүгінгі таңда әлемдік театр, кино өнерінің даму сатысының тас бұлақ, қайнар көзі «Станиславский жүйесі» екені дәлелдеп жатуды қажет етпейді. Мемлекеттік шет шекарасына, коғамдық қайшылықтарына, ұлттық ерекшеліктеріне, салт-дәстүр айырмашылықтарына қарамастан бүкіл дүние жүзінің жоғары оқу орындары болашақ өнер иелерін «актердің органикалық творчество табиғаты» платформасы салып берген ең дұрыс бағыт — осы К. С. Станиславский мектебі арқылы баулып шығарады. Актердің өз бетімен жұмыс істеуі» атты екінші кітабының алғы сөзінде, К. С. Станиславский: «Но то, о чем я пишу в своей книге, относится не к отдельной эпохе и те людям, а к органической природе всех людей артистического склада, всех национальностей и всех эпох» (К. С. Станиславский. Работа актера над собой, т. 2, Искусство», Москва, 1954, стр. 7) деп жазса, өңделіп, түзетілген вариантында: «Моя система для всех наций. У всех людей природа одна, а приспособления — разные. Приспособления система не трогает» (там же, стр. 407) деп, «жүйенің» күллі адамзат баласының игілігі екенін көрегендікпен жазып кеткен болатын.

Станиславский жүйесінің, Станиславский ілімінің, Станиславский кейіпкержандылық мектебінің прогрестивтік реализм рухының патетикалық пафосының құдірет-күші — осындай әлемдік сахна өнеріне ортақ мұра мүдделілігінде жатыр.

«Станиславский жүйесін» кең түрде насихаттауды қызу қолға алып, ерекше тер төккен адамдар, әсіресе, оның өз шәкірт-ізбасарлары болды. Атап айтқанда, ұстаз ұлағатын практика саласында сынақтан өткізіп, «жүйенің» сахна алаңында мәуеленуіне ат салысқан: Е. Вахтангов, М. Чехов, В. Сахновский, Л. Сулержицкий, Вс. Мейерхольд (бұл кісі экспериментальдық көп ізденістерден, ірі-ірі адасулардан кейін «Станиславский жүйесін» біржолата мойындап шықты),К.Марджанов, А.Попов, М. Кедров, Н. Горчаков, В. Топорков, Н. Охлопков, А. Дикий, Н. Петров сияқты кеңес сахна өнерінің аса ірі, зиялы өкілдері еді. Ал, практика-теория саласында: П. Марков, М. Кнебель, Б. Захава,


Г. Кристи, В.Прокофьев, П. Румянцев, А. Анастасьев, М. Строева, Н. Эфрос, К.Рудницкий, И. Вишневская,

Ю. Калашников, Е. Полякова, Г. Товстоногов, О. Ефремов, М. Туманишвили, Н. Ковшов, О. Ремез,

А. Поламишевтер орасан іс істеді.

«Жүйені» кеңінен насихаттап, оның тәжірибесі мен теориясын қатар дамытқан сахна санаткерлерінің ішінде: Е. Вахтангов, М. Чехов, А. Попов, М. Кнебель,Б. Захава, Г. Кристи, Ю. Завадский, Г. Товстоноговтардың еңбегі мен қызметі телегей-теңіз.

К. С. Станиславскийдің өзі айтқандай: егер театр мәдениетінің өрлеу, өрістеу, ілгерілеу сияқты теориялық әм практикалық саясатына салғырттық, самарқаулық, керенаулық немесе саяз саналы сақтық жасалынып, «жүйенің» методологиялық дамуына үздіксіз үлес қосылмаса, уақыт талабынан кешеуілдеп сыны кеткен кейбір сахна заңдылықтарына бүгінгі сұраныс биігінен көркемдік әм санаткерлік корректура жасалып, соны лептегі творчестволық идеямен байытылып, молықтырылып отырмаса, мұндай тоқырау, тежегіш позиция — күллі Станиславский ілімінің саяси-эстетикалық рухына жат деградациялық кері құбылыс болып саналмақ.

Қоғамның даму зандылықтарынан көз жазбай үнемі ілгерілеу саясаты: Станиславский — новатор, Станиславский — реформатор, Станиславский — теоретик, Станиславский — практик, Станиславский — педагог, Станиславский — суреткердің әлеуметтік пафосы, қоғамдық кредосы, идеялық эстетикасы.

Солай десек, қазақ сахна мәдениетінің аяғына — тұсау, қолына — бұғау болып, күні бүгін қисынын таппай жүрген аса зәру тапшылық проблемаларымыз бар.

Ол — «Станиславский жүйесінің» әлі күн ана тілімізге аударылмай жүргені.

Аталмыш еңбектің қазақ тілінде жарық көрмеуі себебінен — кейіпкержандылық өнерінің ішкі қызыл өзегінен өріліп шыққан көптеген көркемдік элементтердің «он екі мүшесін» түбегейлі түрде терең талдауға мүмкіншіліктің болмауы қатты қынжылтады. Соның салдарынан қазақ сахнасының өз теориясының тумауы және қалыптаспауы орны толмас олқылық.

Рас, 1941 және елуінші жылдар ішінде М. Жанғалиннің аудармасымен К. С. Станиславскийдің «Менің өнердегі өмірім» (Моя жизнь в искусстве) атты автобиографиялық әм мемуарлық жанрда жазылған бірінші кітабы аз тиражбен ана тілімізде жарық көрді. Шығарманың асыл арқауы мен негізгі желісі — ұлы реформатордың