Файл: Сахна жне актер маман Байсеркенов айта терген Есмакова Жанерке Алы сз.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 11.12.2023
Просмотров: 1116
Скачиваний: 25
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
өнерге келуі, қара басының қалыптасуы, ізденістері турасында сыр шертетін-ді. Аударма ғылыми тұрғыдан гөрі әдеби тәржіма деңгейінде дүниеге келген болатын. Алайда «Станиславский жүйесін» танып-білуге бір қадам болса да істелген игі бастама еді. Ал, осы игілікті іс, баянды бастама ары қарай жалғасын таппады.
«Станиславский жүйесінің» табан жол танабы, тас қабырғасы —«адамның рухани тіршілігін» сомдауға негіз болатын іліми элементтер шоғыры 2, 3, 4-томдарда ірге тепкен. Сахна қызметін бүтіндей басшылыққа алатын да солар. Сондай-ақ өнер ордасының режиссер мен актер шеберлігіне арналған оқулық программасы да осы кітаптардың негізінде жүргізіледі.
ТЕАТР ӨНЕРІ САЛАСЫНДАҒЫ ӘР ҚИЛЫ АҒЫМДАР
(ИСКУССТВО РЕМЕСЛО)
«Бір кезеңде табылып, біржола қалыптасқан сахналық интерпретация (шешім) пішінінен ауытқымай роліңді сахна алаңынан баяндап беруге немесе сауатты түрде оқып шығуға болады.
Алайда, ол өнер емес, «кәсіпқойлық» болып табылады» (К. С. Станиславский, сочинения, т. 6, стр. 42) деп жазады К. С. Станиславский өнердің кең қанат жайған зиянды түрі «кәсіпқойлық» туралы.
Сахна өнері өмірге келіп, өріс ала бастаған көне дәуірмен бірге ілесе келген кәсіпқойлық актер өнері ұзақ кезең бойы өзгерместен өңдеусіз, түзетусіз күйде бір бағытта қарқындап өрістеумен келді. Күн асқан сайын дарынсыз кәсіпқой актерлер қатары құрттай құжынап, ал дарындылар саны күрт құлдырап азая берді, өйткені, кәсіпқойлық — нағыз өнердің өрісін тарылтып, тұншықтырып тастады.
Егер «кейіпкержандылық» (переживание) өнері актерден сахна алаңына аяқ салған сайын—тыңшешім, тың сезім, соны ойын-өрнегін, суырып салма (импровизация) немесе табан асты тауып кету (экспромт) сияқты ойын үлгісін талап етсе, «кәсіпқойлық» өнер актерден бір рет табылып әбден қасаң болып қалыптасқан спектакль ойнаған сайын қайта-қайта қайталана беретін, көрерменді ығыр қылатын таптаурынға ұшыраған дайын ойын үлгісін ұсынады.
«Кейіпкержандылық» және «кейіпкерсындылық» өнеріне тебіреніс, яғни сахнада өмір сүру процесі тән болса, «кәсіпқойлық» өнер үшін олар жат. «Кәсіпқойлық» өнер үлгісі кез келген рольді бұрын табылған үйреншікті дайын пішін мен таптаурын тәсіл тезіне салып ойнағанды қалыпқа құйып дағдыланғандықтан тебіреніс пен сезім процесін тудыра алмайды. Оның қайнар көзі мен тебіреніс тудыратын тәсілдерін де білмейді.
Кәсіпқой актер әр рольді өз бетінше жеке-дара сомдай алмайды. Сондықтан, олар ролін бұрыннан табылған таптаурын ойын бедері бойынша қалыпқа құйғандай етіп, жалаң сөздің өзін баяндап шыққанға мәз. Кәсіпқой актерлердің бір-біріне ұқсамайтын әр түрлі рольдерді бір үлгіден шыққандай етіп сомдауға, сондай-ақ, әр түрлі мінезді кейіпкерлерді де бір мінезбен өлшеп-пішуге, тіпті, сан қилы сезім иірімдерін бір қырлы сезіммен ғана өрнектеуге машықтанған арзан әдістері болады. Сол себепті олар сахнада шынайы толғаныс процесіне бара алмайды. Мұндай таптаурын (штамп), трафареттік оңай әдістер актер творчествосының ең арзан, ең жеңіл, ең жабайы үлгісі болып табылады.
«Әуелі өмірдің өзі дарынсыз адамдардың тіршілігін жеңілдететін әдістер мен сезім түрлерін әбден қалыптастырып тастаған ғой. Мәселен, сенімін жоғалтқандар үшін, әдет-ғұрып орын тепсе; ар-ұяттан айырылғандар үшін, сыпайылықты ойлап тапты; киім кие білмейтіндерге моданы шығарса; ұсқынсыздар үшін шарттылықты қолайлы көрді, ақыр соңында, өнер тудыра алмайтындар үшін кәсіпқойлық дүниеге келді. Сөйтіп, мемлекет адамдарының сән-салтанатты, діндарлардың — әдет- ғұрыпты, тоғышарлардың — салт-сананы, сәнқойлардың — моданы, ал, актерлердің таптаурындылық, трафарет сияқты арзан әдістерге толы сахналық кәсіпқойлықты ұнатудың көзі осындай өмір шарттылықтарында жатса керек» (там же, с. 43) дейді К. С. Станиславский. Олай болса, кәсіпқойлық іргетасы-толғаныс пен тебіреніс процесінен өріліп, өркен жаятын кейіпкерсындылық пен кейіпкержандылық өнеріне өнегесі жат, табиғаты туыс емес бөлек өнер.
Қәсіпқой — актер сахнада өмір сүре білмейді, өзінің айнымайтын ежелден қалыптасқан, қатып қалған сахналық таптаурын ойын-үлгісіне тән әдістері арқылы образ бітімін оның адамға сай қасиеті мен ізгі сезімдерін мазақ қылып, келемежге, тәлкекке айналдырады. Нәтижесінде, мінезсымақ, сезімсымақ сипаттары болады да, нағыз мінез, нағыз сезім сахнадан көрінбейді. Образ сомдауда да солай. Образдың өзі емес, образсымақ яғни соған сыртын ұқсастыру ғана.
Кәсіпқойлық өнердің бар болған әдістері мен тәсілдері, ойын-үлгісі мен өрнек-бедері міне, осындай. Тас табалдырығы мен табан-жол танабы осындай сырттай еліктеу сияқты арзан әдіс нұсқаларынан қаланған. Шықтай таза мөлдір сезім бұлағын сахнадан көрермендерге жеткізу үшін, алдымен сол сезім тасқынын өзің сезініп, өзің бастан кешуің керек қой. Олай етуге кәсіпқой актердің көркемдік күш-қуаты жетпейді. Олар кейіпкер табиғатын аша алмайды, тек сырттай еліктеп келемежге айналдырады, сезінбейді, сезген сыңай танытады. Сезім тебіренісін ұйқыға бөлеп тастап, бар жігерін қызу құштарлык пен ыстық іңкәрліктен тыс, тек сыртқы қимыл мен жалаң дене әрекетіне жұмсайды. Сөйтіп кәсіпқой-актер сезімінің өзін емес — нәтижесін, рухани толғанысын емес — сыртқы қимылын ғана ойын өрнегіне арқау етеді. Мұндайда сахнада көркемдік тілейтін рухани мазмұн емес, сыртқы пішін (внешняя форма) ғана өмір сүреді. Сезім емес, сезімнің бет пердесін жамылған жалаң сыртқы белгілер механикалық актерлік таптаурындылыққа жол береді. Сахнада өміршеңдігінен айырылып, ажары тозған таптаурындылық әдет — актердің қанына сіңіп, ойын үлгісіне еніп, оның сахнадан сылдыр сөз сөйлеуіне, бара-бара баяндамашыға айналып кетуіне әсер етеді.
Кәсіпқойлық өнердің шығу тегі — көне дәуірдің қойнауларынан тамыр тартады. Ол біздің заманымызға опера, балет, классикалық трагедия жанрлары арқылы келіп, барлық өнердің түрлерін жайлап алған. Актерлердің жүріс-тұрысы, қимыл-қозғалысы, үні мен сөз сөйлеу мәнері, ым мен ишарат белгілері — түгелдей таптаурын әдістеріне қалыптасып кеткен.
Өнерде —«дүрдию — ізгілік, әсемсымақ — әсемдік,театрлық эффект — бейнелілік болып танылып, елеусіз түрде орнығып алған» дей келе К. С. Станиславский: «әсемдік пен әсемсымақтың айырмасы, қара жерге шыққан табиғи гүл мен шеберханада қағаздан жасалған жасанды гүлдің айырмасындай» (там же, с. 45) деп шынайы өмір мен кәсіпқой өнердің қарама-қарсы айырмашылығын анықтайды.
Алтындай ардақты әсемдік — адамның ғажайып қиялын, асқақ арманын, сынаптай сезімін көркемдік ләззәтқа бөлесе, әсемсымақтық — солардың бәрін тәрк етіп, тәлкекке айналдырады.
Кәсіпқойлық өнер — тот тәріздес қатерлі құбылыс. Ол — жан мен тәнге, тіл мен үнге, қимыл мен қозғалысқа кетпестей қара таңба салатын кінәрат көзі. Соның бірі — сахнадан рольді жалаң баяндау әдісі немесе дауыста қалыптасқан таптаурын әдісі.
«Рольдің сөзін көрермен қауымға баяндап беру үшін, кәсіпқой актерлерге әлсін-әлсін айғайға апарып соғатын зор дауыс пен адамды ығыр қылатын нық дикция (анық сөйлеу) қажет. Кәсіпқой актерлерге күшті әрі айшықты тіл, тек театрдың бұрыш-бұрышына тегіс естілу үшін ғана смес, ондай қатқыл сөз ең бастысы көрермендерді желпіндіру үшін қажет.
Сөздің мағынасы мен қисындық екпінін бұзып, кейбір буындарға айғай араластырып, дауыссыз дыбыстарды күріл мен сатыр-сұтырға салып не болмаса ызылдатып, ысылдатып сөйлеп, ал, дауысты дыбыстарды жалпайтып таптап сөйлейтін немесе құлақ тұндыратын ащы дауысты бір сәт естеріңізге түсіріп көріңіздерші.
Немесе сөздің әр буынын жіпке тізген моншақтай қылып нақ-нағымен ерекше мөлдіретіп сөйлейтін актер дикциясын естеріңізге түсіріп көріңіздерші.
Сөйлеген сөзінің дикциясынан әйгілі сыған әндерінде жиі кездесетін жылымшы әуен сызғырып тұратын актерлерді естеріңізге түсіріп көріңіздерші.
Сонда осындай декламациялық ыңыл, дауысты жөнсіз құбылту мен актерлік жалған пафос қайдан шыққан? Кәсіпқойлықтың әрі-сәрі жаман талап-талғамы — рухани дүниенің сезімнен жұрдай болған ішкі мән-мазмұнын дыбыс немесе үн ырғақтары арқылы өзгертуге талпыныс қылып, қайдан болса содан: жасауылдар мен қыдырымпаздардың халықтан жұққан жекіріп сөйлеуінен, қатын-қалаштың дауыс салып сыңсуларынан, жоқтау айтушылардың зарлауынан, дьякондердің гүжілдеп сөйлеуінен, поптардың шіркеуде зікір салуынан, жыраулардың төкпе жырларынан, тағы сондай жарамды-жарамсыз әдет-ғұрып атаулының бәрінен сапсып ала берген (там же, с. 46) деп
К. С. Станиславский кәсіпқой актерлердің сөз сөйлеу мәнеріндегі талғамсыздық пен таптаурындылықтың, тек баяндауға құрылған жалаңдықтың шыққан төркінін терең зерттеулер арқылы дәлелдеп береді. Аталмыш тұрмыс-салттық әдет-ғұрыптан алынған үндік, ырғақтық дайын белгілердің бәрін актерлік тіл мәдениетінің негізі етіп алуға, көркемдік құрал көзіне көгендеуге болмайтынын айтады.
Кәсіпқойлық өнер өкілдері К. С. Станиславский айтқандай, тұрмыс-салт пен әдет-ғұрып қалыптастырған гүжілдеп сөйлеу, ыңырсып, ыңылдап сөйлеу, таптап, тақылдап сөйлеу сияқты дайын үндік ырғақтарды халықтан көшіріп алып, сол күйінде сахнаға алып шығады. Мәселен, сезімнің қуатты, қуатсыз касиетін дыбыс арқылы гүрілдеп немесе өлеусіреп сөйлеп, сөздің көркемдік үндік мағынасын дыбыстан іздейді. Ал, темпераментті сөйлемдер кездессе, өлшем-ырғакты қуалап, екпіндете сөйлеп, асықтырып, бастырмалатып, бытырлатып жібереді. Нәтижесінде тілдің төл табиғаты бұзылып, мағынасынан айрылады.
Кәсіпкой актерлердің роль ойнауда калыптасқан өз тәсілдері болады. Іңкәрлікті ойнаса — әндетіп сөйлеп, кұштарлықты ойнаса — жұлқынып сөйлейді. Қаһарман кейіпкердің сөзін зіркілдеп сөйлеп айғайға басса, лирикалық рольді өлеңдетіп, әндетіп айтады. Яғни жекеленген сөз бен сөйлемдерден бастап үндік, әуездік қасиеттер түгелдей таптаурындылыққа көгенделеді. Олар сөз бен сөйлемдердің астарын, ішкі дүниесін ашпайды, сыртқы жалаң сұлбасын ғана баяндап береді.
«Кәсіпқойлық өнер әркімнің жасы-құлқына орай таптаурынға түскен тіл ерекшеліктерін де туғызды. Мәселен бозбас жастар, әсіресе, аңғал бойжеткендер мен бикештер шыңғырып айтылатын биік регистрде сөйлейтін болса, мосқал жасқа келген еркектер мен әйелдер қою үнді төменгі дауыспен сөйлейтін болды» (там же, с. 48) деп жазады.
К. С. Станиславский кәсіпқой актерлердің таптаурындылыққа негізделген тіл мәдениеті жайында.
Кәсіпқойлық өнер, тек тілге ғана емес, актердіц пластикалық қасиеттеріне де зиянын тигізді. Олар шынайы сезімнен пайда болатын кейбір органикалық қимыл мен ишарат белгілерінің табиғи табиғатын бұзып, оны да таптаурындылықтың дайын, өрескел үлгісіне қазықтайды. Кәсіпқой актер, артистің сахнада өмір сүру процесінің аса күрделі ішкі рухани күйзелісін сырттай өрнектеуге көшірді. Сахнада өмір сүрудің ішкі мазмұнын емес, сыртқы нәтижелік үлгісін иемденумен шектелді. Өз сүйіспеншілігін өзгеге білдіру үшін оң қолының саусақтарын ерніне тигізіп, содан соң жүрегіне басатын жасанды ишарат белгілерін қалыптастырды. Әрине, от болып лаулаған ыстық махаббат—аталмыш жалаң ишарат арқылы өзінің іңкәрлік сипатын таппасы анық. Сондай-ақ, тебіреніс процесі — ары-бері алшаңдап жүру арқылы, қағаз жазған кезде қолды сумаңдатып, су ішкенде тісті сақылдату арқылы бейнеленетін болды. Қуанған, шаттанған шақты бас-аяғы жоқ қарқылдап күлу арқылы немесе би билеп, бет алды секіріп, қарғып, ал, жайбарақат кез болса есінеп, керіліп-созылып сезімнің әбден таптаурынға түскен сыртқы белгілерін тұрақты үлгіге айналдырды. Қайғы-қасіретке ұшыраған кезде қара жамылып, мұрнын тартып, жас шықпаған көзін орамалмен сүртіп, өтірік өксіп қазаға ұшыраған кейіп танытса, құпия айтқысы келгенде сұқ саусағын ерніне тақап, ұрлық істегенде жасайтын жымысқы жүріске салады. Күш көрсеткенде жұдырығын түйіп, әмір бергісі келсе — саусағын төмен сілкіп, тыйып тастағысы келсе — саусағын көкке көтеріп жаттанды ишараттар жасайды. Сахнадан сырқат адамның көңіл күйін бергісі келсе — өне бойын қалтыратып, тымауға тұншығып, басы айналған сыңай танытса, ажал сәтін — көйлегінің жағасын жыртып, басын сылқ еткізіп тастап жіберіп тып-тыныш бола қалып қарсы алады. Міне, кәсіпқойлық өнердің осындай таптаурынға түскен сыртқы жалаң белгілері туралы К. С. Станиславский: «Зіркілдеп сөйлейтін дауыс, таптап сөйлеу мен салтанатты түрде баяндау тіл мәнеріне сай сурет сияқты әсем қимыл (пластика), әсіресе әспеттелген ишарат (жест) пен эффектіге құрылған сән-салтанат пен ырғала басқан жүріс-тұрысын-ақ алайықшы. Олар сахнада жүріп-тұрудың орнына шеру тартады, отырудың орнына қонжия кетеді, жатудың орнына жантая кетеді, тұрудың орнына селтие қалады.
Жалпы актерлік әсем қимыл мен қимыл-қозғалыс осындай кінәраттарға душар болды.
Кәсіпқой актерлердің әсемдік қимылының түп атасы — антикалық (көне) сымбат (скульптура) үлгісі екендігіне еш күдік жоқ, алайда оны қазір сахнадан танып алу қиынның қиыны. Аполлонның бейнесіне опера әншілері түзету енгізсе, Венераның ишаратына балет бишілері өздерінше сипат енгізген» (там же, с. 48) дейтін анықтама айтады.
Алайда әсемдік қимыл актерлерге не үшін қажет?
Әсемдік қимыл — актер шеберлігінің сымбаттық сипаты. Ол сахнадан «актер рухының тіршілігін» әсем үлгіде сомдау үшін керек.
«Алайда кәсіпқойлық өнері мойындай қоймайтын кейіпкержандылықсыз рухани тіршілік те болмайды, онсыз кейіпкермәнділік те болмайды; кейіпкержандылық тумайынша рух тіршілігін бейнелейтін әсем қимыл үлгісі өз мәнісін жоғалтады, сөйтіп, ол өз бетінше өмір сүріп, сезімге емес сөзге ғана қызмет етеді. Сөздің мән- мағынасын ашпайтын, тікелей формальді қаулы түрінде өз бетінше оқшау тұрған акт ретінде әсем қимыл—әсем қимыл үшін ғана болып қала бермек. Бұл әсемдік қимыл ролін қарапайым театрлық әсемсымақ дәрежесіне дейін құлдыратып жібереді.
Ал, ақиқатына келсек, әсемдік қимыл ролінің маңызы аса зор. Әсемдік қимыл — артистің творчестволық сезімінің көркемдік пішінін сомдайтын тұлға сымбаты. Аталмыш сымбаттылық артиспен нық бірігіп, біте қайнасып кеткені абзал.
Былайша айтқанда, қарапайым әрі шынайы әсемдік қимыл актердің өмірлік табиғи қасиетіне әм екінші тұлғасына айналу керек.
Әсем қимыл гармониялық сазды кейіпкержандылықтың нәтижесі болып қалу керек. Ишарат сөзді емес, сезімді сүйемелдеу керек; ишарат — сезімнен тумақ.
Кейіпкержандылықтан кейіпкержандылыққа тек қана әсем қимылды сазды сезім арқылы арна ағызғанда ғана аталмыш әсемдік қимыл жан сарайының ажарын ашпақ; сонда барып әсемдік қимыл өз мағынасына ие болмақ.
Сөйтіп, әсемдік қимыл — әсемдік қимыл үшін дейтін қағида — жансыз нәрсе. Сөзге құрылған әсемдік қимыл — күлкі тудырады. Біздің өнерімізге тек қана жан сарайы мен сезімді әдемі бейнелейтін әсемдік қимыл қажет» (там же, с. 49) деп кәсіпқой өнерді мұрат тұтқан көркемдіктен алшақ әсемдік қимылдың сыртқы белгілерін сынайды. К. С. Станиславский.
Жалпы, кәсіпқойлық өнер — кейіпкержандылық өнер мектебін мойындамайтын ала бөтен ағым. Өйткені, ол — өнер мектебі емес, сырттай еліктеуші, көшірмеші өнерсымақ құбылыс. Онда толғаныс, тебіреніс процесі болмайды. Тебіреніс болмаған жерде шынайы сезім мен сөздің мағынасы да ашылмайды. Астары айқындалмаған сылдыр сөзден мөлдір сезім тумақ емес. Кәсіпқой актер сахнада өмір сүре білмейді, сондықтан ролін жалаң түрде баяндап беруден ары аса алмайды. Олар әсемдік (красота) пен әсемсымақтың (красивость) айырмашылығын ажырата білмейді. Себебі: әсем қимыл (пластика), сымбат (скульптура), ишарат (жест) заңдылықтарының негізін түсінбейді. Олар әрекет еткенде — сымбат өрнегі өз бетінше, ишарат өрнегі өз бетінше өмір сүреді. Сөз бен сезім де солай. Ал, оларды бір мақсатқа бағытталған органикалық заңдылыққа бағындырудың жолдарын кәсіпқой актер білмейді. Адамның барлық тіршілігі мен әрекеті—оның ішкі жан дүниесінен бастау алатынын ғылыми тұрғыдан білмегендіктен олар,қимыл-іс функциясына қатысты көркемдік құрал ою- өрнегін басқа біреулерден айнытпай көшіріп алып, соның өзін нағыз өнерге балайды. Нәтижесінде, бір өрнек бір үлгіде қайталана беретін қатып қалған қасаң таптаурындылық айнымастай болып әбден қалыптасады. Бір қызығы — сөздегі таптаурындылық пен әсемдік қимылдағы таптаурындылық бір-бірімен тығыз байланыста болып, өзара бірін-бірі толықтырып, «байытып» отырады. Бір жағдайда ишарат сөзге қызмет етсе, кей жағдайда сөз қимылға қызмет етіп тамырлана береді. Сөйтіп, «адам рухының тіршілігін» сомдайтын көркемдік құрал көзі — әсемдік қимыл үлгілерінің дайын түрін көшіріп алып әрекет ететін кәсіпқой актерлер, не заман бойы сахна өнерінің өркендеуіне бөгет болумен келді.

-
КӘСІПҚОЙЛЫҚ ӨНЕР