ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 318
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
ЕМТИХАН СҰРАҚТАРЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ ӘДІСТЕМЕСІ
Фонетиканы оқыту әдістемесі
Қазақ тілінің фонетикасын оқыту әдістемесі | Қазақ тілі фонетикасын оқытудың мақсаты мен міндеттері.Фонетиканы оқыту ұстанымдары мен әдіс-тәсілдері. Фонетикалық дағдыларды меңгерту. Қаза тілі фонетикасын оқытуда қойылатын талаптар. Фонетикалық талдау. Фонетикалық жаттығу және оның негізгі түрлері. |
Технология мен әдістің ерекшелігі неде?
Мектепте синтаксисті оқытудың маңызы, міндеттері, мазмұны.
Пунктуация бойынша жұмыс жүргізудің маңызы
Тіл ұстарту жұмысының салалары, олардың өзара байланысы.
Қазақ тілі сабағында білім алушының тілін дамыту. Олардың өзара байланысы.
Қазіргі қазақ тілі сабағына қойылатын талаптар.
Орфографияны оқытудың мазмұны неде?
Сын есімді оқыту әдістемесі.
Дыбыстардың ерекшелігін байқатуда қолданылатын тиімді әдістерді атаңыз.
Фонетика – тіл білімінің дыбыстық жүйесін зерттейтін сала екені мәлім. Тіл дыбыстарының қолданылуы, жасалу ерекшелігін білмей, әдеби тілдің айтылу, жазылу заңдылықтарын игеру мүмкін емес. Мектеп оқушылары 4-5 сыныптарда фонетиканы меңгеру арқылы әдеби тілдің жасалу нормасы мен айтылу нормасын игереді. Тіл дыбыстарының физиологиялық, акустикалық, қоғамдық ерекшеліктерін оқушыға жете түсіндіру қажет. Дыбыстарды дұрыс айта білу – түсінікті сөйлеудің ең негізгі шарты болып табылады. Тілді үйретуде, сөйлеуде фонетикалық дағдылардың алатын орны ерекше.
Фонетикалық дағдыларды меңгеру – сөйлеу кезінде сөздің құрамындағы дыбыстарды дұрыс айта білу және жазылған әріптік таңбаларды тілде дұрыс қолдану арқылы түсінікті сөйлеу тәжірибелерін жан-жақты игеру. Оқушы дыбыстарды дұрыс айтуға, оқуға дағдыланса, онда ол өз ойын еркін жеткізе алады. Тілді үйренуде фонетикалық дағдылар сөйлеуші үшін де, тыңдаушы үшін де бірдей болады. Әр тілдің дыбысталу заңдылықтары мен ерекшеліктері – тарихи тұрғыдан қалыптасқан, тұрақталған, табиғи қасиеті сақталған күрделі құбылыс.
Фонетикалық бөлшектерді: дыбыстарды, әріптерді, фонемаларды, буындарды дұрыс жазу мен дұрыс айтуға дағдыландыру алғашқы сабақтан басталады. Бірініші сабақта сөздің дыбысталуы дұрыс айтылмаса, не дұрыс үйретілмесе солай қалыптасып кетеді. Ол әдетке айналады да, оқушы басқаша айту нормасын қабылдамайды. Сонымен қатар фонетикалық дағдыларды игеру әдістері қанша жақсы нәтижеге жетсе де, үнемі қайталанып, іске асырылып отыруы керек. Мұғалім дыбыстардың жасалуын оқытқан кезде олардың жасалуына қатысатын дыбыстау мүшелері мен сөйлеу мүшесінің де қимыл-қозғалысын үйретеді. Сөйлесім әрекетінің тілдесім, айтылым, тыңдалым түрелері арқылы іске асуы дыбыстардың артикуляциялық базасына қатысты болады. Оқушы дыбыстардың жүйесін дұрыс игеру үшін, графикалық талдау дұрыс жүргізілуі қажет. Мұғалім оқушының жазбаша да, ауызша да сауатын арттыруға ерекше көңіл бөлгені дұрыс.
Оқушы дыбыс үндестігі мен түрлі дыбыстық ерекшеліктерді жаттанды қабылдамай, оны саналы түрде түсініп меңгеріп, іс жүзінде пайдалана білетіндей болуы қажет. Фонетикалық ерекшеліктерді меңгеру оқушының әдеби тілдің сөйлесу нормасын дұрыс меңгеруіне мүмкіндік жасайды. Көрнекі құралдарды ұтымды пайдалану да өз нәтижесін береді. Тіл дыбыстарының физиологиялық, акустикалық, қоғамдық аспектілерін негізге ала отырып, дыбыстарды оқытудың маңызы ерекше.
Оқушының сөйлеу дағдысын қалыптастыруда қандай тәсілді білесіз?
Қазақ мектебінде қазақ тілін оқыту әдістемесін алғаш жазған қандай ғалымдарды білесіз?
Күнтізбелік жоспарды жасауда сүйенетін негізі құжат және жасалу жүйесі туралы не айта аласыз?
Сөздердің тура және ауыспалы мағынасын өткенде тиімді саналатын әдістерді атаңыз.
Тілдің орфоэпиялық және орфографиялық нормаларын жете түсіну үшін әуелі нені білу керек деп есептейсіз?
1.Фонетиканы оқыту қазақ тілін оқыту әдістемесінің бір саласы.Тіліміздегі дыбыстарды,олардың жасалуын, қолдану ерекшелігін игертуді мектеп қабырғасында іске аысру шараларын көрсетесіздер. Фонетиканы оқытуда сөйлеу мүшелерінің рөлі қандай,қандай әдіс тәсілдерді қолданасыздар,қандай жаттығу қазіргі таңда тиімді болып саналады.Орфоэпиялық немесе орфографиялық сөздіктерді қалай қолдануға болады. Ондағы мақсат сауатты сөйлеу мен сауатты жазу. Соны қандай жолмен сіздер жетесіздер
Негізгі оқытылым түрі тындалым,оқылым,жазылым,тілдесім. Апроксимация принципы негіз ретінде қолдану.Яғни тіліміздің ерекшелігін,акцентін сақтай отырып әріпті,сөзді уйрету.
2. Оқыту прцесінде қандай технологияларымен таныссыздар. Технология бұл қандайда бір амалдардың жиынтығы. Қай жылдардан бастап білім беру Оқыту әдістемесі оқыту технологиясына қарағанда кең ұғымды білдіреді. Әлде қайда ауқымды.Технология әдістемені жүзеге асырады.Технология іс әрекетінің әдіс тәсілдері мен құралдарын іске асыру теориясы, Н.А.Оразахынова жалпы білім беретін орта мектепте қазақ тілі пәнін сатылай кешенді талдау технологиясының әдістемелік жүйесін жасады , қазіргі таңда дамыта оқыту жүйесі ТМД елдерінің бірқатарында негізгі оқыту технологиясы ретінде бекітілгені белгілі. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бақылаушы, бағалаушы ғана емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. сатылай кешенді талдау технологиясының ,дамыта оқыту технологиясының қарапайымнан күрделіге қарай, төменнен жоғары қарай, бастапқы сапалық жағдайдан жаңа жағжайға қарай қозғалатын күрделі үдеріс
Ә.Исабаевтың "Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері" деген 1993 жылғы еңбегінде қазақ тілінен білім беру әдістерін: практикалық жақтан үйрету әдістері, теориялық жақтан үйрету әдістері және теориялық-практикалық үйрету әдістері деп жіктеп, оларды ішінара бірнеше әдістерге топтастырады.
"Оқыту әдістері дегеніміз - мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің барысында білім алу жолдары",
Д.Әлімжанов, Ы.Маманов өз еңбектерінде: "...Қазақ тілін оқыту әдістемесі - казақ тілін оқытудағы мұғалімдердің озық тәжірибелерінің қорытындыларына негізделген оқыту әдістерінің жиынтығы туралы ғылыми пән", - деген.
Нұржанова Ж. өзінің «Қазақ тілін тиімді оқыту жолдары» атты әдістемелік құралында оқыту әдістерін бес түрге жіктейді:
1. Түсіндіру әдісі. Бұл әдіске ауызша баяндау - түсіндіру, әңгі¬ме, сұрақ-жауап, лекция түрлері жатады.
2. Кітаппен жұмыс істеу әдісі: Мұғалімнің түсіндіргенін кітаптан қарау - анықтама, түсініктер, жоспар, конспект, тезис, газет, журнал, сөздікпен, т.б. жұмыстар.
3. Көрнекілік әдіс, экскурсия, таблица, сурет, схема, карточка пайдалану т.б.
4. Техникалық құралмен жұмыс істеу әдісінің бірі - демонстрациялық әдіс: экран бейнесі арқылы диафильм, кино, фрагмент, т.б, техникалық құралмен жұмыс істеу әдісінің тағы бір түрі: кодоскоп, эпидоскоп, компьютермен жұмыс, т.б.
5. Жаттығу әдісі, ауызша, жазбаша және суретпен жұмыс, тақтамен жұмыс, өз бетінше жұмыс, қайталау, пысықтау кезінде ұлттық ойын элеметтерін пайдалану жұмысы.
Сабақ үстінде оқушының жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу, сабақтың тақырыбына сай нақтылы міндет қоя білу – ол әрбір мұғалімнің шеберлігіне байланысты.
Мектепте синтаксисті оқытудың маңызы, міндеттері, мазмұны
3. сөз тіркесі мен сөйлем – синтаксистің объектісі, Оқушылардың сөйлем туралы грамматикалық ұғымын қалыптастыру, онда сөйлемнің өзіндік белгілері қарастырылады. Сөйлемнің құрылымы, оның жасалу жолдары меңгертіледі. Сөйлем құрамындағы сөздер, сөз тіркестері, сөйлем мүшелері, жалаң, жайылма түрлері оқып үйреніледі.Айтылу мәніне және интонациясына қарай дұрыс құрастыра білу үйретіледі. Сөйлемдегі сөздерді дәл пайдалана білу дағдысы дамытылады. Сөйлемді жазбаша түрде дұрыс құру, оны бас әріптен бастап жазып, аяқталған жерде тиісті тыныс белгісін қою машығы меңгертіледі». 1. Теориялық білім мен соған қатысты біліктіліктер арнайы оқу тапсырмалары арқылы меңгертіледі. Мұндай оқу тапсырмалары синтаксис туралы жалпы ұғымдарын қалыптастырудың жолы мен әдістерін меңгертудің көзі болып табылады. Баланың оқу-танымдық әрекетінің белсенділігі, дербес әрекеті оқу тапсырмалары негізінде ұйымдасады.Бастауыш сынып оқушысының синтаксис туралы теориялық топтастырылған ұғымын қалыптастыруда таным нысаны оқушы тарапынан шығармашылық тұрғыдан меңгерілуі басты шарт. Сондықтан да бастауыш сынып оқушыларының синтаксисті терең теориялық әдістер арқылы танып білуде әдістерді былайша жіктедік: Қазақ тілінің синтаксис саласын дамыта оқыту арқылы оқушылардың зейінін, ойын, тілін дамытуға мүмкіндік туатынын, Барлық жұмысты басқарушы мұғалімнің өзі болады. «Кейбір сөз басқа сөзді я сөз тізбегін анықтап, толықтап, пысықтап немесе түрліше қиюласып, бірін-бірі керек ету жолымен байланысады. Мұндай байланыстарды сөйлемдегі сөздердің тіркесі дейміз» «..., бастауыш пен баяндауыш ара қатынасы – қиысу, толықтауыш пен толықтанатын сөз ара қатынасы – меңгерілу, меңгеру, анықтауыш пен анықталатын сөз ара қатысы – қабысу, пысықтауыш пен пысықталатын сөз ара қатысы – жанасу деуіміздің бәрі тілдің ішкі, сыртқы құрылысын талдап білуге қажет болғандықтан алынған шартты категориялар» Сөйлемді құрылысына қарай екі негізді және бір негізді сөйлемдер; айтылу мақсатына қарай хабарлы, сұраулы, бұйрықты, лепті; информативтік көлемге сай құрылуына қарай жалаң және жайылма; сөзді үнемді етіп құру талабына сай құрылысын ескеріп толымды, толымсыз деп бөлген. Оқушылардың сөйлем туралы грамматикалық ұғымын қалыптастыру, онда сөйлемнің өзіндік белгілері қарастырылады.
2. Сөйлемнің құрылымы, оның жасалу жолдары меңгертіледі. Сөйлем құрамындағы сөздер, сөз тіркестері, сөйлем мүшелері, жалаң, жайылма түрлері оқып үйреніледі.
3. Айтылу мәніне және интонациясына қарай дұрыс құрастыра білу үйретіледі.
4. Сөйлемдегі сөздерді дәл пайдалана білу дағдысы дамытылады.
5. Сөйлемді жазбаша түрде дұрыс құру, оны бас әріптен бастап жазып, аяқталған жерде тиісті тыныс белгісін қою машығы меңгертіледі». «Біріншіден, жаттығу материалдары мазмұнды болуы тиіс... Оқу материалына қойылатын басты талғам-тілек – оның тәрбиелік мәні басым болу керектігі естен шықпау керек... Екіншіден, әрбір мысал, үзінді, әңгіме, өлең, сөз, сөйлем, тіл (стиль) жағынан мүлтіксіз, әдеби норманы ұстануы тиіс...
Үшіншіден, алынған жаттығу, тағы басқа материалдар құрамынан керекті сөздер, дыбыстар, әріптер, грамматикалық тұлғалар, сөйлемдер... жиі кездесетін болсын. Жаттығу материалдарын таңдауда негізгі көз тігетініміз осы талап тұрғысынан болғанмен, алдыңғыларсыз бұның сапасын дұрыс бағалауға болмайды» дерексіз категорияларға деректілік, нақтылық беру мәселесін ойластыру грамматика сабақтарының басты міндеті болып саналады» [басты мақсатқа – олардың өз ойларын дұрыс, әсерлі баяндай білу қабілетін дамыту мақсатына бағындырылуы қажет. Бастауыш мектепте қазақ тілі синтаксисін меңгеруде оқушы үшін ең маңыздысы – орфографиялық және орфоэфиялық сауаттылық.
Синтаксисті теориялық деңгейде оқыту әдістері:
1. Байқау әдісі.
2. Түсіндіру әдісі.
3. Әңгіме әдісі. Әңгіме дегеніміз – бұл оқытудың сұрақ-жауап методы»
4. Жаттығу әдісі.
5. Кітапты пайдалану әдісі.
6. Грамматикалық талдау
Синтаксисті оқытқанда, оқушыларға сөйлем, сөйлемнің мағыналары мен құрылысы, сөздердің сөйлемге тіркесу жолдары түсіндіріледі. Синтаксисті оқыту жұмысы түрліше әдіс, жаттығу арқылы іске асырылады. Сабақтың құрылысына, материалдық ерекшелігіне қарай кей мағлұмат мұғалімнің түсінік сөзі арқылы, кейбірі оқулықпен жұмыс жасау жолымен меңгертіледі. Оқушының алған білімін жатығулар орындату және өз бетінше жұмыс істеуге ерекше ықылас қойған жөн.
Мұғалімнің әрекеті - оқыту, білім беру әдісі де, оқушының
әрекеті – үйрену, білім алу әрекеті болып табылады. Екеуінің бірлескен
әрекетінен оқыту әдісі туындайды. Оқыту әдісі тәсілмен тығыз байланысты.
Тәсіл – әдістің элементі, бөлігі, бір реттік әрекет. Әдіс тәсілдің жиынтығы. Мысалы, жаңа материалды түсіндіру әдісі: салыстыру, көрнекілік, сұрақ-
жауап т.б. тәсілдерден құралады.
Пунктуация бойынша жұмыс жүргізудің маңызы
Бастауыш сыныпта пунктуацияны оқытудың мақсаты – оқушылардың пунктуациялық саутаттылығын, жазуда, тыныс белгісін дұрыс қою іскерлігін қалыптастыру. Сауаттылық екі түрлі болады: толық және біршама сауаттылық. Толық сауаттылық – пунктуациялық норманы толық игеру, ал біршама сауаттылық – пунктуациялық ережелердің белгілі бір бөлігін игеру. Бастауыш сыныпта біршама сауаттылық қалыптасты. Біршама сауаттылық деңгейін оқылатын пунктуациялық ережелердің саны мен бағалау нормасының талабы айқындайды. Бастауыш сыныпта пунктуацияны оқытуда: танымдық және практикалық мақсат қойылады.
Танымдық мақсат. Пунктуациялық норманы меңгеру үшін пунктуациялық іскерлікті қалыптастыратын пунктуациялық білім қажет. Атап айтқанда:
– пунктуациялық, тыныс белгісінің қызметін ашу;
– пунктуацияның негізгі единицасымен таныстыру;
– тыныс белгілерінің қойылу себептерін білу;
– бағдарламадағы пунктуациялық ережелерді меңгеру.
Практикалық мақсат:
– оқушылардың пунктуациялық қырағылығын дамыту;
– оқылған ережелерге сай белгілерін қоя білуге үйрету;
– тыныс белгісін қойып, оны дәлелдеу;
– тыныс белгісінен кеткен қатені тауып, оны түзетуге үйрету.
Тыныс белгісі бір ережеге сай қойылады. Әрбір пунктуациялық ережеге тыныс белгісімен бөлінетін мағыналы бөлшек сай келеді. Тыныс белгісін қоюда позитивті және негативті жағдайлар болады. Мысалы: бірыңғай мүшелердің арасына үтір қойылу керек (позитив) егер олар шылаулармен (және) байланысса, (негатив) қойылмайды. Пунктуациялық ұғымдарға: тыныс белгілері, тыныс белгілерінің қызметі, пунктуациялық-мағыналық бөлшек, тыныс белгісін қоюдағы белгілер, пунктуациялық норма, пунктуациялық қате жатады.
Пунктуациялық норма – ережеге байланысты тыныс белгісін қою және қажет болмаса қоймау. Асан оқушы. Сызықшаның қойылуы пунктуациялық норма, егер қойылмаса нормадан ауытқу.
Тыныс белгісі – жазуда қолданылатын графикалық тәсіл.
Пунктуациялық қырағылық – сөйлемнен тыныс белгіні қажет ететін мағыналық бөлшекті таба білу: Ол үшін жаттығу жұмыстары жүргізіледі.
Пунктуациялық қате тыныс белгісінің дұрыс қойылмауы.
Бастауыш сыныпта пунктуациялық іскерліктің мынадай түрлері қалыптасуы қажет:
– коммуникативтік единицаны, мағыналық бөлшекті, (тыныс белгісін керек ететін) таба білу;