Файл: Таырып Алгоритмдi беру трлерi. Блоксхема. Масат.doc

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 202

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
өрнек деп аталады. Математикадағы формулалар, арифметикалық өрнектер, алгебрадағы көпмүшелер программалау тілінде тек осы өрнек ұғымы арқылы беріледі.

Программалау тілінің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөйлемі – оператор деп аталады.

Тіл объектілерін, яғни программада пайдаланылатын мәліметтердің құрылымы мен ұйымдастырылуын алдын ала анықтайтын сөйлемдер жиыны – программаның сипаттамасы болып табылады.

Мысал: радиусы r=5,5 см болатын берілген шеңбердің ұзындығын табу керек болсын. Шеңбер ұзындығын есептеу үшін l = 2πr формуласын пайдаланамыз.

Program bastau;{Программаның тақырыбы}

Const pi = 3.14159; {π тұрақтысының мәнін беру}

Var r, l : real;{r және l мәндерін нақты сан ретінде анықтау}

Begin{операторлар басы}

r:=5.5;{r мәнін беру}

l:= 2*pi*r;{шеңбер ұзындығын есептеу}

write (‘Радиусы 5,5 см болатын шеңбер ұзындығы =’, l);

{нәтижесін экранға шығару}

end.{программа соңы}

Сергіту жаттығулары (2 мин)

5)Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)

Тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Паскаль тіліндегі программаның бөліктері?

  2. Тілдің алфавитіне не жатады?

  3. Программалау тіліндегі «өрнек», «оператор» деген ұғымдар нені білдіреді?

  4. Программаның сипаттамасы дегеніміз не?

Тапсырма №1. Жұмыс дәптеріңе орында.

Үш натурал сан берілген. Олардың арасында тең сандар болмаса, «жоқ» деп, егер олардың біреуі бір-біріне тең болса, «иә» деп, ал үшеуі де бірдей сан болса, «бәрі тең» деген ақпаратты экранға шығаратын алгоритм (шартты) құрыңдар. Блок-схема және жазбаша түрде.

Тапсырма №2. Жұмыс дәптеріңе орында.

Үш натуралсан берілген. Осы сандардың қосындысын, көбейтіндісін және арифметикалық ортасын табу алгоритмін құрыңдар (сызықты алгоритм). Блок-схема және жазбаша түрде.

6)Сабақты қорытындылау және бағалау

Оқушыларға программалау тілі, тілдің алфавиті және алгоритмді жазу ережелері туралы нақты мағлұмат беру.


7) Үйге тапсырма §2.1, 2.2, бет. 34-40

Паскаль тілінің негізгі элементтері. Тілдің алфавиті.

Тақырып: Программа ұғымы және оның құрылымы.

Мақсаты: Оқушылардың программа және оның құрылымы туралы білімдерін қалыптастыру. Программалау жүйесінің мүмкіндіктерімен таныстыру.

Міндеттер:

Білімділік – Оқушыларды программа және оның құрылымымен таныстыру.

Дамытушылық –Оқушылардың программалау және алгоритм жазу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік – Оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын жан-жақты тәрбиелеу.
Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а) оқушылар тізімі;

ә) кабинет жағдайы;

б) сабақ барысымен таныстыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)

  1. Паскаль тіліндегі программаның бөліктері?

  2. Тілдің алфавитіне не жатады?

  3. Программалау тіліндегі «өрнек», «оператор» деген ұғымдар нені білдіреді?

  4. Программаның сипаттамасы дегеніміз не?

  1. Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

Паскаль тілінің программасы блоктардан тұрады. Қандай да бір блок ішінде басқа да кішігірім блоктар орналасуы мүмкін. Блоктар екі бөлімнен тұрады, олардың алғашқысы – мәліметтерді сипаттау бөлімі, ал екіншісі – сол мәліметтерді пайдаланып, әр түрлі іс-әрекеттерді атқару бөлімі.

М әліметтерді сипаттау бөлімінің болуы міндетті емес, ал екінші бөлімінің болуы міндетті. Басқа блокқа кірмейтін блок негізгі блок деп аталады. Ал блок ішіндегі блок жергілікті блок деп аталады.


Сипаттау бөлімі 7 бөліктен тұрады:

    1. программамен байланысатын кітапханалық модульдер атауларының тізімі (uses түйінді сөзімен басталады);

    2. белгілерді (label)сипаттау;

    3. тұрақтыларды (const) сипаттау;

    4. мәліметтер типтерін (type) анықтау;

    5. айнымалыларды (var) сипаттау;

    6. процедураларды (procedure) сипаттау;

    7. функцияларды (function) сипаттау.

Осы айтылғандарға байланысты программа құрылымы мынадай болуы қажет:



Сергіту жаттығулары (2 мин)

Program <программа аты> (Input, Output);

Uses <1-атау, 2-атау, 3-атау, ....>;

Label ….;

Const …..;

Type …..;

Var …….;

Procedure <процедура аты>;

<процедура тұлғасы>;

Function <функция аты>;

<функция тұлғасы>;

Begin

<1-оператор>;

<2-оператор>;

..

;

End.

Программаға енетін айнымалылар мен тұрақтыларды, сандарды пайдаланып түрлі әрекет (нұсқау, жарлық) орындай алатын сөйлемдерді Паскаль тілінде операторлар, ал алгоритмдік тілде командалар деп атайды. Операторларды қарапайым және күрделі деп екі топқа бөледі. Begin және end түйінді сөздері операторлық жақшалар деп аталады. Сәкесінше, Begin – ашылатын, end – жабылатын жақшалар.

Оператор дегеніміз – алгоритмді жүзеге асыру барысында орындалатын іс-әрекеттерді анықтайтын тілдің қарапайым сөйлемі. Олар жазылу ретіне қарай біртіндеп бірінен кейін бірі тізбектей орындалады. Операторлар бір-бірінен нүктелі үтір (;) арқылы бөлініп жазылады. Бір жолға ораналасатын операторларды құраушы символдар саны 256 символдан артпауы керек.

Қарапайым операторлар деп құрамына басқа операторлар енбейтін (меншіктеу, шартсыз көтеру, процедура шақыру) операторларды айтады. Құрама операторлар бірнеше операторлардан құралады, оларға: шартты операторлар, таңдау операторы, қайталау операторлары жатады.

5)Жаңа тақырыпты бекіту (10-15 мин)

Тапсырмалар мен сұрақтар:

  1. Паскаль тілінің программасының құрылымы неден тұрады?

  2. Сипаттау бөлім қандай бөліктерден тұрады?

  3. Программа құрылымын блок-схема түрінде және Паскаль тілінде жазылуын көрсет?

  4. Оператор дегеніміз не?

  5. Операторлардың жазылу тәртібі қандай?

  6. Операторлар түрлері?

  7. Операторлардың жіктелуі?

6)Сабақты қорытындылау және бағалау

Оқушыларға программа және оның құрылымы туралы жалпы мағлұмат беру.

7) Үйге тапсырма §3.1, 3.2, 3.3, бет. 56-60


Программа құрылымы. Шамаларды сипаттау бөлімі. Операторлар бөлімі.

19.11.2013 ж

Тақырып: Айнымалы типтер

Мақсат: Оқушылардың берілгендердің типі жайлы білімдерін қалыптастыру. Паскаль тілінің айнымалыларымен таныстыру. Стандартты функцияларды қолдануды үйрету.

Міндеттер:

Білімділік – Оқушыларды берілгендер типі және айнымалылар ұғымымен таныстыру.

Дамытушылық –Оқушылардың алгоритмдеу тәсілдері мен әдістерін қолдану қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік – Оқушылардың компьютерде дұрыс жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Сабақ түрі: лекция сабақ

Сабақ типі: аралас

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі – иллюстративті, көрнекілік, сұрақ -жауап
Сабақ барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин):

а) оқушылар тізімі;

ә) кабинет жағдайы;

б) сабақ барысымен таныстыру.

  1. Үй тапсырмасын тексеру.(3-5мин)

  1. Паскаль тілінің программасының құрылымы неден тұрады?

  2. Сипаттау бөлім қандай бөліктерден тұрады?

  3. Программа құрылымын блок-схема түрінде және Паскаль тілінде жазылуын көрсет?

  4. Оператор дегеніміз не?

  5. Операторлардың жазылу тәртібі қандай?

  6. Операторлар түрлері?

  7. Операторлардың жіктелуі?

  1. Жаңа тақырыпқа кіріспе (3-5 мин)

  2. Жаңа тақырыпты түсіндіру(3-5 мин)

Паскаль тілінің қарапайым объектілеріне «сан», «идентификатор», «тұрақты», «айнымалы», «функция» және «өрнек» ұғымдары кіреді. Атау – идентификатор программаны және программадағы тұрақтыларды, типтерді, айнымалыларды, функцияларды, файлдарды т.б белгілеп жазу үшін қажет. Идентификатор – міндетті түрде әріппен басталатын сандар мен әріптердің тізбегінен тұратын атау. Оның ұзындығын өте үлкен етудің қажеті жоқ, өйткені, атауларды теру және кейіннен есте сақтау біраз уақыт пен жады көлемін қажет етеді. Мысалы, x, X1, cymma, DT3.

Идентификатор стандартты және бейстандартты болып бөлінеді. Бейстандартты атауды тұтынушы өзі тағайындайды.

Тұрақты немесе константа деп программаның орындалу барысында мәндері өзгеріссіз қалатын шамаларды айтады. Тұрақтыға программаның орындалу барысында бірден сандық мән берсек те немесе оны программаның сипаттау бөлімінде идентификатор түрінде белгілеп алып мән берсек те болады. Олар сандық, символдық, логикалық және тіркестік мәндерді қабылдайды.


Тұрақтыларға бейстандарт идентификаторлар атау ретінде берілуі тиіс. Барлық тұрақтылар программаның сипаттау бөліміндегі const түйінді сөзінен басталатын бөлікте көрсетілуі тиіс. Оның жазылу пішімі келесідей:

Const Min=1000; Max=1000000;

Айнымалылар деп программаның орындалу барысында әр түрлі мәндерді қабылдай алатын шамаларды айтады. Олар идентификаторлармен белгіленіп, әр уақытта әр түрлі мәнге ие бола алады. Айнымалының атауы оның орындайтын міндетіне сәйкес түсінікті және қарапайым болғаны жөн. Оның жазылу пішімі:

Var <идентификатор> : <тип> ;

Мысалы:

Var a,b:integer;

Sum, baga: real;

Айнымалылар қарапайым және индексті болуы мүмкін. Қарапайым айнымалылар өз атаулары бойынша жазылады. Мысалы, delta, x, y, resultm, nuber_1. Индексті айнымалыларға массив элементтері жатады.

Программада пайдаланылатын мәліметтердің немесе шамалардың мәндері Паскаль тіліндегі алдын ала келісілген типтердің біріне тән болуы тиіс.

Сергіту жаттығулары (2 мин)

Мәліметтердің немесе шамалардың типі деп, олардың қабылдай алатын мәндерінің және олармен орындауға болатын амалдардың жиынын анықтауды айтады, яғни тип дегеніміз – шамалардың қабылдайтын мәндеріне берілетін сипаттама. Паскаль тілінде пайдаланылатын барлық типтер скалярлық және құрылымдық болып екі үлкен топқа бөлінеді.

Стандартты (скалярлық) типтер:

  • бүтін – INTEGER

  • нақты – REAL

  • логикалық – BOOLEAN

  • символдық – CHAR

  • тіркестік – STRING

Бүтін сан түріндегі типтер. Паскаль тілінде бүтін шамалар үшін бес стандартты тип пайдаланылады, олардың сипаттамасы келесідей:

Типі

Мәндерінің өзгеруі

BYTE

0 – 255

SHORTINT

-127 – +128

INTEGER

-32768 – +32767

WORD

0 – 65535

LONGINT

-2147483648 – +2147483647