ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 208
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Графа 1-8,19 – технологиялық бірізділіктен толтырылады,
Графа 9,10,11 – бағасы - әрбір операция бірізділігінің уақытын, сол операцияның разрядының секундты тарифті ставкасына көбейтеді tо СТС
Графа 12,13,14 – есептелген жұмысшы саны келесі формуламен анықтайды
tрА = tАорг/τа tрБ = tБорг/τб
Графа 15 – нақты жұмысшы саны есептелген жұмысшы санының жуық шамасы
Графа 16,17,18, - шығарылатын өнім келесі формуламен анықтайды
НвырА = ТАсм/tАорг Нвыр Б = ТБсм/tБорг
6,7,8,9,10,11,12,13,14,15, графа бойынша жиынтығын шығару қажет.
! Түйінді сөздер: үлгіні жіберу әдісі, технологиялық схема, разряд, секундты тарифтік ставка, нақты жұмысшы саны, шығарылатын өнім.
? Бақылау сұрақтары
1. Еңбекті бөлуде ағынның технологиялық схемасының негізінде қандай жұмыстың түрлері орындалады ?
2. Технологиялық схема есептелген жұмысшы саны қалай анықтайды ?
3. Технологиялық схемада жұмыс ақысын қалай анықтайды ?
4. Технологиялық схемада шығарылатын өнімді қалай анықтайды ?
Дәріс 9. Технологиялық ағынның негізгі типін ұйымдастыру ерекшеліктері мен қолданылу саласы
Мақсаты: Технологиялық ағынның негізгі типін ұйымдастыру ерекшеліктерін мен қолданылу саласын үйрену
Сұрақтар тізімі:1.Технологиялық ағынның негізгі типін ұйымдастыру
2. Технологиялық ағындардағы тасымалдау құралдары
3. Конвейерлі еркін ырғақты ағын сипаттамасы
Қолданылған әдебиеттер:
-
Мокеева Н.С., Жилисбаева Р. О. Проектирование швейных предприятий - Алматы: LEM, 2019. - 304 с. -
Кучарбаева К.Ж. Тігін кәсіпорындарын жобалау негіздері. ҚР Жоғарғы оқу орындарының қауымдастығы - 2015. - Алматы -188 б. -
Воронкова, Т.Ю. Проектирование швейных предприятий. Технологические процессы пошива одежды на предприятиях сервиса. - M. : ФОРУМ:ИНФРА-М, 2019. - 128 с.
Технологиялық ағынның негізгі типін ұйымдастыруда ағынның технологиялық көрсеткіштерін және нысандарын ұйымдастыру еркшеліктері, өндіріс шартымен танысу және оларды бағалау қосымша тізімнен құралады.
Модельдер тобының базалық үлгілерін есептеуді таңдауда бұйымның конструктивті және технологиялық көрсеткіштерін талдайды. Тігін ағынын жоспарлағанда, бұйымды өңдеудің технологиялық ұйымдасқан операциялары технологиялық схемада құрастырылып, кеңінен тасымалданатын құрылғылы технологиялық ағын қолданылады.
Тігін ағындарын ұйымдастырудың методологиялық, технологиялық, техникалық және жоспарлы түрде келесі сатылар бойынша жүргізіледі:
- Технологиялық ағынды ұйымдастыру. Бұл сатыда келесі сұрақтар қаралады: технологиялық ағынның негізгі көрсеткіштері мен ұйымдасатын нысандарының сипаттамасы; өндірістің шарттарымен танысу және олардың бағалануы; технологиялық ағынды құруға қажетті қосымша ақпараттардың дайындалуы.
- Техникалық тапсырманы ұйымдастыру. Ұйымдасқан ағынның сұраныстары қарастырылады; ғылыми жұмыстардың қорытындылары қаралады; кезеңдері бойынша жұмыс жоспары құралады; алдын ала экономикалық көрсеткіштер есептелінеді; техникалық тапсырма талданып және бекітіледі.
- Өңделу әдісі мен үлгіні таңдау. Ағында бір уақытта өнделетін үлгі коллекциясы таңдалады және оңтайлы технологиялық үдеріс жобаланады. Таңдалған өңдеу әдісінің техникалық-экономикалық көрсеткіші негізделеді. Технологиялық операциялар бірізділігінің өңдеу реттілігі шешіледі.
- Құрал-жабдықтарды таңдау. Бұйымның сапасын қамтамасыздандыратын жоғарғы жылдамдықтағы заманауи құрал-жабдықтар таңдалады. Технологиялық үдерістің шығындары қарастырылады. Сонымен қатар, құрал-жабдықтардың бірнеше нұсқаулары таңдалады. Технологиялық операциялардың әрбір бөлімдеріне қажетті құрал-жабдықтардың мәліметтері қарастырылады.
- Технологиялық үдерістің нормаланған мөлшері. Ұйымдасқан операциядағыжұмысшының разрядтары, технологиялық операция бірізділігінің техникалық нормалары анықталады.
- Есептеуге қажетті базалық үлгілерді таңдау. Үлгілердің конструкциялық және технологиялық бірыңғай белгілері талданады. Үлгілердің бөлшектерін өңдеу үдерісі таңдалады және технологиялық үдерісте модельді өңдеу шарттары қарастырылады. Есептеуге қажетті базалық үлгілер таңдалады және топтастырылады. Тігін ағынын технологиялық үдерісте жоспарлаудың құрастырма ақпараттық үлгісі 1- кестеде көрсетілген.
Тігін ағынын жоспарлаудың тапсырмасы болып мыналар саналады:
- ағында өңделетін бұйымның аталуы;
- бір ауысымға қажетті ағын қуаты М немесе ағындағы жұмысшы саны Кж;
- көп үлгілі ағын жобаланғанда үлгілердің өңделу сәйкестілігі;
- ағынға қажетті өндірістік аудан;
- берілген бұйымды дайындаудың технологиялық операциялар бірізділігі (реттілікпен);
- кесте түрінде технологиялық операция бірізділігінің бір-бірімен байланыс құрылымы.
Ағынға технологиялық үдеріс жүйесінде негізгі талап қойылады, яғни құрастыру жағдайын ескереді және ағындағы жұмыстың үлесін тұтастай анықтайды. Бұл талаптардың өзі ағында негізгі және қосымша болып бөлінеді.
Кесте 1 - Технологиялық үдерісте тігін бұйымдарын дайындауда жобаланатын ағындардағы үлгілердің ақпараттық құрылымы
№ | Жобалау сатылары | Жіберу ақпараттары | Шығару және аралық ақпараттар |
1 | Бастапқы ақпараттарды талдау -технологиялық үдерістердің мәліметтерін есептеу; - үлгілерді жіберу әдісін таңдау; - граф үдерісін құрастыру | Ағынды жобалау тапсырмасы: - бұйым түрі; - қуаты; - операция анықтамасы; -шығарылатын үлгілер қатынасы; - ағын ауданы | -Технологиялық үдерістің мәліметтерінің ақпараты; - үлгілерді жіберу әдісінің ақпараты; -тігін бұйымдарының технологиялық операциясының граф үдерісі |
2 | Жобалау шарттарын есептеу | | Ағынның негізгі мәліметтерінің ақпараттары |
3 | Ағынның ұйымдасқан операциясының компоновкасы | | Компоновка кестесі |
4 | Ағынның ұйымдасқан технологиялық схемасын құрастыру | Берілген бұйым түрін дайындаудың технолгиялық операциялар бірізділігі | Ағының ұйымдасқан технологиялық схемасы |
5 | Ағынның ұйымдасқан технологиялық схемасын талдау | Технологиялық операциялар байланысының құрылымын графикалық түріндегі талдау | Жұмыс күші, еңбек құралы мен құрал-жабдық туралы ақпараттар |
6 | Ағында ұйымдасқан операцияның технологиялық байланыс құрылымынқалыптастыру | | Ағын операциясының ұйымдасқан- технологиялық байланысының матрицасы |
7 | Ағынның ұйымдасқан технологиялық схемасын құрастыру, тасымалдау құрылғысын таңдау | Операция аралық еңбек құралдарын және жартылай фабрикаттарды тасымалдау құралдарын анықтау | Өндірістік бөлімдердің тасымалдау құралдары туралы ақпараттар |
8 | Жобаланатын модельдерді технологиялық үдеріске жіберу және қалыптастыру | Жұмысшы орнын орналастыру схемасының классификациялық қатары және матрицасы | Жобаланатын модельдердің ақпараттары |
9 | Жобаланатын модельдің компоновкасы мен технологиялық схемасы | | Тігін ағынының жоспарлық шешімі |
10 | Ағын типін қалыптастыру | | Ұйымдасқан ағын формасынның ақпараттары |
11 | Цех ауданында ағынды жоспарлау | | Тігін цехының жоспарлық шешімі |
12 | Ағынның техникалық-экономикалық көрсеткіштерін есептеу | | Ағынның техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің мәлімет кестесі |
13 | Шығару құжаттарын қалыптастыру | | Ағынның негізгі белгілері және технологиялық ерекшеліктерінің жобалық-техникалық төлқұжаты; Жобаның графикалық құжаты |
Негізгі талаптар жұмыс орындалу кезінде міндетті, бір талаптың орындалмауы ағындағы көрсеткіштер мен жұмыс ырғағына керісінше әсер етеді және технологиялық үдеріс тиімділігін төмендетеді. Қосымша талаптар, ағындағы жұмысты ұйымдастыруда өндірістің шектелуіне байланысты міндетті болмайды. Бірақ ағынды жобалауда бұл талаптарды орындау керек, себебі ол арқылы ағынының технологиялық үдерісіндегі жұмыс белсенділігі артады. Технологиялық схемадағы талаптардың негізгі түрлері:
-
Технологиялық операцияны ұйымдастыруда, бұйымды өңдеу операцияларының реттілігінде бөлшектерді дайындауда және жинауда, олардың байланыстарының бірыңғайлығын және тігін бұйымдарының технологиялық мен конструкциялық құрастырылуын қатаң бақылайды. -
Тігін бұйымдарын дайындаудағы технологиялық операция реттілігін, орындаушы арасында және оларды орындайтын жұмыс орындарын мамандандыруға қарай дәйектейді. -
Ұйымдастырылған операцияда орындалу уақытымен жартылай фабрикаттардың тасымалдану уақытындағы сейкестігін негіздейді.
Технологиялық үдерістегі қосымша талаптар:
-
Бұйымды дайындаудағы жұмысшы топтары мен бөлшектерді өңдеуге мамандандырылған жұмыс орындарын дәйектеу. -
Ағынның технологиялық схемасынада қысқа технологиялық операциялар санының тиімділігі мен оларды ұйымдастыру. -
Ағын құрылысын қалыптастыруда, технологиялық схемадағы ұйымдасқан технологиялық операция реттіліктерінің ең қысқа жолмен байланысы, жартылай фабрикаттарды тасымалдаудағы қосымша уақытты қысқарту. -
Арнайы жоғарғы жылдамдықтағы заманауи құрал-жабдықтарда орындалатын операцияларды орталықтандыру, жабдықтарда өндірілетін жоғарғы өнімділікті екі немесе одан көп ағындарға топтастырып жайластыру. -
Жартылай фабрикаттарды қайтаруға тыйым салынады және оларды ең қысқа жолмен тасымалдауды қалыптастыру.
Бірінші негізгі талапқа сәйкес ағында тігін бұйымдарын дайындауда секцияларға бөліну керек, яғни жұмысшылар мен жұмыс орындарын мамандандырылады, қосымша уақыт шығындары қысқарады және өңдеу сапасы жоғарылайды.
! Түйінді сөздер: технологиялық үдеріс, ақпарат, құрылым, өндіріс үдерісі, ағынды ұйымдастыру формасы, қуат, талдау.
? Бақылау сұрақтары
1. Технологиялық үдерісті ұйымдастыру қандай сатылардан тұрады?
2. Өндіріс үдерісін ұйымдастыру әдісіне қарай атап айтыңыз?
3.Тігін цехындағы ағынның қуатын таңдау әдісі қандай факторларға негізделеді?
Дәріс 10. Ағынның технологиялық схемасын құрастыру және аналитикалық талдау
Мақсаты: Ағынның технологиялық схемесын талдауды үйрену және аналитикалық талдай білу
Сұрақтар тізімі:1.Ағынның технологиялық схемесын талдау
2. Үйлесім коэффициенті бойынша талдау
3. Синхрон және монтаж графигін құрастыру
Қолданылған әдебиеттер:
-
Мокеева Н.С., Жилисбаева Р. О. Проектирование швейных предприятий - Алматы: LEM, 2019. - 304 с. -
Кучарбаева К.Ж. Тігін кәсіпорындарын жобалау негіздері. ҚР Жоғарғы оқу орындарының қауымдастығы - 2015. - Алматы -188 б. -
Воронкова, Т.Ю. Проектирование швейных предприятий. Технологические процессы пошива одежды на предприятиях сервиса. - M. : ФОРУМ:ИНФРА-М, 2019. - 128 с.
Ағынның технологиялық схемасын талдау келесі реттілікте жүргізіледі:
-
Ұйымдасқан технологиялық операцияның мазмұны, таңдалған ағын типінің шартына сәйкестігін анықтайды. -
Ұйымдасқан технологиялық операцияның өңдеу уақытын жұмысты бөлу есебімен және келісімшарт уақытымен дәлдейді. -
Ағын және секция бойынша технологиялық схемада үйлесімділігін тексереді. -
Ағын құрылымына сәйкес бұйымды өңдеудің технологиялық операция реттілігін тексереді.
Ағынның технологиялық схемасын талдау есептеу және графикалық әдіспен жүргізіледі. Технологиялық схеманы талдау есептеу әдісінде үйлесім коэффициенті бойынша және технологиялық операцияда өңдеу уақытын синхронды график, бөлшектерді тасымалдау монтаж графигі бойынша тексеріледі.
Үйлесім коэффициенті әрбір секция бойынша және бұйымды өңдеу уақытына келесі теңдікпен есептеледі:
Кс = Тбұй/ ·Кж.н
мұндағы: Тбұй. – бұйымды дайындау уақыты, сек;
Кж.н.– ағындағы нақты жұмысшы саны;
– ағын такті, сек.
Үйлесім коэффициенті ретті-ассортиментті жіберу ағынында әр модельге бөлек есептеледі, циклді жіберуде орташа өңдеу уақытымен есептеледі. Бұйымды өңдеу уақыты Тбұй. және нақты жұмысшы саны Kжүйлесім кестесінен алынады. Циклді жіберуде орташа өңдеу уақытымен жүргізіледі:
Кс = Тор / tор·Кж.н
Ретті-ассортиментті жіберуде үйлесім коэффициентін есептеу әрбір модельдің өңдеу уақытымен бөлек есептеледі: