Файл: Дріс Инклюзивті білім беруді даму тарихы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 757

Скачиваний: 11

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Барлық оқу пәндері бойынша оқыту мазмұнының практикалық бағыттылығы бар және ол оқушыларға олардың өзіндік заттық-практикалық әрекетіне, қоршаған өмірдің нысандары мен құбылыстарды бақылауларына сүйене отырып, ұсынылады.

Ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың өзіндік оқу-танымдық ісәрекеттері қиын болғандықтан, мұғалім оқушылардың танымдық ісәрекеттерін ұйымдастырады және бағыттайды, оқу тапсырмасының ойдағыдай орындалуын қамтамасыз ету үшін оқушы әрекетінің жетілмеген бөлігінің қызметтерін өзіне алады. Ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды оқыту процесін арнайы педагогикалық басшылыққа алудың психологиялық негізі П.Я. Гальпериннің ақыл-ой әрекеттерін кезең-кезеңімен қалыптастыру теориясы болып табылады.

Оқушылардың психофизикалық даму бұзылыстарын, өмірлік қажетті білім, білік, дағдыларды қалыптастыру қиындықтарын түзетудің арнайы міндеті арнайы түзету сабақтарында жүзеге асырылады:

1) «Түзету ырғағы». Бұл курс бойынша оқытудың мазмұны оқушылардың қозғалыс аясын жетілдіруге, олардың сөйлеуін дамытуға және эстетикалық сезімдерін қалыптастыруға бағытталған. Балалар музыка тыңдауды, ән айтуды, билеуді, белгілі бір ырғақпен қимылдарды орындауды үйренеді. Қарапайым музыкалық аспаптарда ойнауды үйренеді.

2) «Танымдық іс-әрекетін түзету». Осы курс бойынша сабақтар жеке және оқушылар тобымен жүргізілуі мүмкін. Олар ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың бұзылған функцияларын дамытуға, олардың оқу және практикалық қызметке дайындығын қалыптастыруға бағытталған.

3) «Сөйлеу тілі дамуының кемістіктерін түзеу». Логопед өткізетін сабақтар ақыл-ой кемістігі бар балалардың дамуындағы бұзылыстарды түзету процесінде маңызды орын алады. Бұл балаларда сөйлеу тілінің бұзылуы өте кең таралған болып табылады және тұрақты сипатқа ие. Бұл сөйлеу бұзылулары баланың психикалық дамуына, оны оқытудың тиімділігіне кері әсерін тигізеді. Ақыл-ой кемістігі бар оқушылармен жүргізілетін логопедиялық жұмыстың ерекшелігі жоғары жүйке қызметінің бұзылыстарының сипатына, ең алдымен аналитикалық-синтетикалық қызметінің төмендеуі деңгейіне негізделген. Логопедиялық жұмыс сөйлеу тілі дамуының жеке кемшіліктерін жоюға ғана емес, сондай-ақ ақыл-ойы кем оқушылардың жалпы сөйлеу тілін дамытуға, сауат ашу, ана тілі, математика және басқа пәндер бойынша бағдарламаларды меңгеруде сөйлеудің алғышарттарын қалыптастыруға бағытталған.

4) «Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау». Бұл сабақтарда оқушылардың өз бетінше өмір сүруіне практикалық дайындық, әлеуметтік нормалар мен ережелерге сәйкес өз тұрмысын құру дағдыларын, қоғамның әлеуметтік және мәдени өміріне араласу дағдыларын қалыптастыру жүзеге асырылады.


Әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау бойынша сабақтарда сынып 2 топқа бөлінеді.

5) «Психомоторика мен сенсорлық үдерістерді дамыту» (орташа ақылой кемістігі бар оқушылар үшін). Бұл сабақтарда оқушылардың сенсорлық аясын байыту және сенсорлық-естілім қызметін дамыту бойынша жұмыстар жүзеге асырылады: әр түрлі модальдық түйсінуді белсендіру; қабылдаудың барлық түрлерін дамыту; кеңістіктік-уақыттық бағдарлауларын қалыптастыру және графикалық дағдыларын дамыту; танымдық белсенділігін және дербестігін арттыру.

Білімді балдық бағалау түзету циклінің пәндері бойынша жүзеге асырылмайды. Оқушылардың жетістіктерін сипаттық бағалау пайдаланылады.

Ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың еңбек дайындығына ерекше мән беріледі. Еңбекке баулу баланың ақыл-ой дамуын және оның адамгершілік тәрбиесін түзетудің қуатты құралы ретінде қарастырылады. Еңбекке дайындау түлектерге мектеп бітіргеннен кейін өндіргіш еңбекке тікелей

кірісуге мүмкіндік береді. Бастауыш сыныптардағы еңбекке баулу балаларда қарапайым еңбек тәсілдерін, жалпы еңбектік іскерліктер мен дағдыларды қалыптастырады, өз беттілігін және еңбек қызметіне деген оң уәждемесін дамытады.

4-6-сыныптарда алдағы уақытта окытылатын кәсіптік-еңбектік оқыту үшін пропедевтикалық, кәсіптік диагностикалық және кәсіптік бағдарлық болып табылатын «Жалпы еңбектік дайындық» курсы енгізіледі. Бұл курс сондай-ақ табысты әлеуметтік бейімдеу мақсатында енгізіледі. Жалпы еңбектік дайындық процесінде оқушылар тұрмыста әрбір адамға қажетті еңбек әрекетінің әр түрін меңгереді.

7-сыныптан 9-сыныпқа дейін еңбекке баулу кәсіби бағыттылықпен жүзеге асырылады. Еңбекке оқытудың бейіндерін өңірдің ерекшеліктерін және түлектерді жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін ескере отырып, мектеп әкімшілігі анықтайды. Еңбекке баулу бойынша сабақтарда сынып оқушылары 2 топқа бөлінеді. Топтарды жинақтау оқушылардың танымдық және психофизикалық ерекшеліктерін ескере отырып, дәрігердің ұсынысы бойынша жүзеге асырылады. Еңбекке оқытудың бейіні баланың психофизикалық ерекшеліктерін, дәрігердің ұсынысын және мектептің мүмкіндіктерін ескере отырып, жеке анықталады. Қажет болған жағдайда еңбекке оқытудың бейіні өзгеруі мүмкін.

5-6-сыныптарда еңбек тәжірибесі мектеп базасында, 7-9-сыныптарда мектеп шеберханаларының базасында жүзеге асырылады. Еңбек тәжірибесін өтудің мерзімі мен тәртібін жергілікті жағдайларды негізге ала отырып, мектептің педагогикалық кеңесі белгілейді.



Мектепте оқыту еңбекке баулу бойынша емтиханмен аяқталады. Білім алушылар бітіру емтихандарынан белгіленген тәртіппен босатылуы мүмкін.

Еңбек дайындығы пәндері бойынша бітіру емтиханын орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушылар тапсырмайды.


13 – дәріс Жалпы білім беру ұйымдарында білім беруге ерекше қажеттілігі бар оқушыларды оқытуды әдістемелік ұйымдастыру(Көрмейтін және нашар көретін балаларды оқытуды ұйымдастыру)

Көрмейтін және нашар көретін балаларды оқытуды ұйымдастыру (Көрмейтін және нашар көретін) балалардың ерекшеліктері

Көрмейтін (зағиптар) деп көру көмегі арқылы зат формасының сұлбасы мен жарықты сезінуді қабылдау мүмкіндігі толықтай жоқ балалар есептеледі.

Мұндай екі көзінен толық айрылу (тотальді) болып саналады. Бұлардың қатарына көру аймағы 10% көретіндер де жатады.

Медициналық зағиптықтан практикалық зағиптықты ажырата білу қажет, жарықты сезгіштігі немесе қалдық көруі бар, жарықты, заттардың сұлбасын, түстерін қабылдай алуы, қалғандары медициналық зағиптыққа жатады. Практикалық зағиптық (қалдық көруі бар) кәдімгі түзету құралдарын (көзілдірік ) қолдануда көру ұшқырлығы жарықты сезінуі 0,05 сипатталады.

Тотальді көрмейтіндер қалдық көруі бар (нашар көретіндер) Брайл жүйесі бойынша жазатын және оқитын балалар. Қалдық көруі кеңістікте бағдарлауға және дыбысты естуі арқылы қабылдауға көмек береді.

Нашар көретін балалар, орталық көру көзі жақсы көретін,түзету арқылы жіті көретін(көзілдірік, байланыс линзалар) 0,05-ден 0,3-ке дейін, сонымен қатар, өте жіті көретін бірақ көру қызметінің басқа бұзылулары бар балалар (көру аймағының кішіреюі, бірінші, екінші - глаукома, көру жүйкелерінің аяқталмаған атрофиясы, пигменттік көздің тор қабығының бүлінуі, тор қабықтың ажырауы және т.б.). арнайы жағдайда оқытуды қажет етеді.

Балалардың біраз бөлігінің көруінің бұзылуын көру нашарлығы және қылилық құрайды. Аталған категориялардағы балаларды оқыту арнайы сыныпта және кәдімгі сыныптарда да ұйымдастырыла беруі мүмкін.

Зағип және нашар көретін балалардың даму процесі көретін балалар сияқты бір заңдылыққа бағынады. Алайда, көруден айрылу немесе қалдық көруі бар балаларды дамытудың кейбір ерекшелігін ескеруді талап етеді.

Олар заттар мен құбылыстарды көзбен шолу сипатындағы - жарықты, түсті т.б. бақылау мен қабылдаудың қиындығын сезінеді. Оларда кеңістік белгілерін, орналасуын, бағытталуын, қашықтығын, көлемін, нәрсенің бедерін т.б. бағалауда үлкен қиындық келтіреді. Мұның барлығы зағип балалардың сезу тәжірибесін азайтады, яғни кеңістікте бағдарлауын әсіресе қозғалыс барысын қиындатады, сенсорлық және интеллектуалдық қызметінің үйлесімді дамуы бұзылады.


Алайда, зағип балаларда қоршаған ортаны тануға негізделген қызмет жасайтын есту және сезу рецепторы сақталады. Естуді еріксіз пайдаланатын зағип балалар айналасындағы адамдармен қарым-қатынас барысында ауызша байланыстырып сөйлеуді үйренеді. Сөйлеу арқылы олар ақиқат шындығы, адамдардың іс-әрекеті мен амалы т.б. туралы ақпарат алады. Зағиптардың естуіне қарағанда сезімі нашар, сылбыр дамыған. Қоршаған ортадағы заттарды өз бетімен дұрыс бақылау әдістерін қолдана алмайды. Тәжірибе көрсетіп жүргендей, мектепке келген оқушылар сезгіштік қабілеті мен қолының ұсақ моторикасының дамуының төмен деңгейін байқатады. Бұл өз кезегінде, олардың жалпы психофизикалық дамуына қарсы әсер етеді, яғни қоршаған шынайы ақиқатпен дербес танысуына және Брайл жүйесі бойынша оқып және жазып үйренуін тежейді.

Нашар көретін балалардың көруінің төмендеуі танымдық іс-әрекетіне кері әсер етеді, қабылдау процесінде көзбен шолуының тарлығы, нақтылығының төмендеуі байқалады. Нашар көретін балалардың көру елестері нақты емес, бұрмаланып қалыптасқан. Оларда үнемі кеңстікте бағдарлауының қиындығын байқауға болады. Көру жұмыстары барысында оларды дамыту мен сақтау шаралары болмаса олардың жылдам шаршайтынын көрсетеді және көруінің нашарлауына әкеледі. Көруден шаршауы ақыл-ойы мен физикалық жұмыс жасау қабілетінің төмендеуіне әкеліп соғады.

Жалпы білім беретін мектептерде аталған санаттың оқушыларын оқыту барысында олардың жұмыс жасау қарқыны қалыпты көретін балалардан артта қалады. Бұл олардың үлгермеуіне немесе өз мүмкіндігінен төмен үлгерімге әкеледі. Нашар көретін балалар мұндай жағдайда ашуланшақ, ұжымнан тысқары, негативизмін көрсетеді, бұл мектептегі бейімсіздігінің бір көрінісі болып табылады.

Қалыпты көретіндер тәрізді нашар көретіндердің есту қабілеттері негізгі қабылдау талдауышы болып қала береді. Осыған байланысты нашар көретіндерді көзін сақтауға мүмкіндік беретін, көріп қабылдауын жеңілдететін, шаршауын болдырмайтын ерекше жағдайда жүзеге асырылуы қажет. Нашар көретін балалар үшін арнайы көрнекі құралдар, анық сызылған сызықтарымен дәптерлер, артық бөлшектерсіз суреттер, ірі әріптермен жазылған кітаптар қажет. Зағип және нашар көретін балалардың сенсорлық тәжірибесі процесін қалыптастыруда олардың танымдық іс-әрекетін, тұлға болып қалыптасуының өзіндік ерекшелігі бар: арнайы психологтікпедагогикалық түзету құралдарын, физикалық дамуын түзететін емдеу-дене шынықтыру шараларын пайдалануды талап етеді. Зағип және нашар көретін балалар үшін дұрыс ұйымдастырылған жүйе, мазмұн, әдістеме және оқыту, тәрбиелеу жағдайлары олардың дамуындағы кемшін тұстарынының маңызды өтем құралы болып табылады.