Файл: Блокты бталы сорапты станция (бкнс) сорап, тмен вольтті аппаратура, трмысты жне басарудан трады.doc
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 74
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Көлемі 600 м3 дейінгі сфералық резервуарларды жарты шарлармен Ð
2.1 Өндірілген және жағылған газдың көлемін есептеу
Өндірілген газдың жалпы көлемін есептеу мынадай формула бойынша жүргізіледі:
VІ = Q M * Гф
мұндағы:
VІ - өндірілген газ көлемі;
Q м — мұнайды тоннамен жылдық, айлық немесе тәуліктік өндіру;
Гф - газ факторы (алынған газ көлемінің м3/м3, м3/т-да шығарылған мұнайдың көлеміне қатынасы).
7. Өндірілген газдың жалпы көлемі жағылатын газдың және (немесе) өзіндік өндірістік қажеттіліктерге пайдаланылған газдың шекті жол берілетін көлемдерін белгілеу мақсатында анықталады және:
1) кейіннен мәлімделген көлемдерді мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган ведомствосының тексеруімен өздігімен бақылау-өлшеу аспаптары арқылы газ көлемдерін өлшеуге есеп жүргізу жүйесін пайдалана отырып, есептеу жолымен жер қойнауын пайдаланушы;
2) есептеу жолымен мұнай және газ саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
8. Осы Әдістеме негізінде есептелген өзіндік өндірістік қажеттіліктерге пайдаланылған газ көлемдеріне, сондай-ақ жер қойнауын пайдаланушылар көмірсутек шикізаты кен орындарын өңдеу кезінде өзге технологиялық үдерістерде пайдаланылған және кіріс алуды көздемейтін мақсаттарға бағытталмаған газ көлемдері кіреді.
9. Жағылатын газдың есептік көлемі өндірілген ілеспе газдың жалпы көлемі мен кәдеге жаратылатын оның ішінде қайта өңделетін газ көлемі арасындағы айырма ретінде мынадай формуламен анықталады:
VІІ = VІ - (VІ + V2 + Vі + V4 + V5)
мұндағы:
VІІ - жағылатын газдың есептік көлемі;
VІ - осы Әдістеменің 6-тармағына сәйкес есептелген өндірілген газ көлемі;
VІ - технологиялық өз қажеттіліктеріне пайдаланатын газ көлемі (сағалық жылытқыштарда, жылыту пештерінде, қазандық және өзге газды пайланатын қондырғыларда пайдаланылатын газ көлемі). Технологиялық өз қажеттіліктеріне пайдаланылатын есептелген газ көлемі қондырғының техникалық сипаттамасына және оны пайдалану ұзақтығына сүйене отырып анықталады;
V
2 - технологиялық шығындағы (газ жинау, дайындау және тасымалдау технологиялық үдерістері кезіндегі шығын) газ көлемі қолданылатын қондырғының техникалық сипаттамаларымен және жобалық шешімдермен анықталады;
V3 - электр энергиясын шығару үшін пайдаланылатын газ көлемі қолданылатын қондырғының паспорттық деректеріне сәйкес электр энергия бірлігіне шығарылған электр энергия мөлшерінен және меншікті газ шығынына сүйене отырып анықталады;
V4 - қабатқа қайта айдау көлемі, қондырғының техникалық сипаттамаларын және қондырғының іске асырылуы жалғасуын ескере отырып анықталады;
V5 - тауарлық және сұйытылған газ өндіру үшін немесе зауытта газ өңдеу қондырғысында өңдеу көлемін өткізілген тауарлық газ көлемін және өңдеу кезіндегі шығын, магистральдық газ құбырына дейін тасымалдаумен анықталады.
3. Ұңғымалар объектілерін сынау кезінде жағу көлемдерін есептеу
10. Ұңғыманың әрбір объектісін сынау кезінде газ жағу көлемдері жер қойнауын пайдаланушы бекіткен ұңғыманы сынау жоспарына сәйкес анықталады.
11. Ұңғымалардың объектілерін сынау кезіндегі жану көлемдері мынадай формула бойынша анықталады:
VІІІ = Д * ГФ * К, м3,
мұндағы:
VІІІ - ұңғымаларды сынау кезіндегі жағу көлемі, м3;
Д - ұңғымалардың орташа күтілетін дебиті (ұңғыманың дебиті - бір тәулік ішінде өндірілген мұнай көлемі, т/тәул.);
Гф - газ факторы, м3/т (алынған газ көлемінің өндірілген мұнай мөлшеріне қатынасы, м3/м3, м3/т.);
К - сынау күндерінің саны.
4. Сынамалық пайдалану кезіндегі жағу көлемдерін есептеу
12. Мұнай-газ кен орындарын өңдеу жөніндегі орталық комиссия мақұлдаған жобалық деректер негізінде анықталған сынамалық пайдалану кезеңінде газды жағу көлемі әрбір қолданылатын ұңғыма бойынша жағылатын газ көлемдерінің сомасын ескере отырып, мынадай формула бойынша есептеледі:
VІV = VІ + V2 + V3 + Vn
мұндағы:
VIV - сынамалық пайдалану кезінде газ жағудың жалпы көлемі;
VІ,2,3...n - сынамалық пайдаланудағы ұңғымалар.
13. Әрбір ұңғыма бойынша жағу көлемі мына формула бойынша есептеледі:
VІ,2,3...n = Д * Гф * Т, м3,
мұндағы:
VІ,2,3...n - бір ұңғыманың сынамалық пайдалану кезінде газды жағу көлемі;
Д - ұңғымалардың орташа күтілетін дебиті, т/күн. (ұңғыма дебиті - бір тәулікте өндірілген мұнай көлемі, т/тәул.);
Гф — газ факторы, м3/т (алынған газ көлемінің өндірілген мұнай мөлшеріне қатынасы, м3/м3, м3/т.);
Т — сынамалық пайдалану кезеңі (күн саны).
5. Газды технологиялық тұрғыдан болмай қоймайтын
жағу кезіндегі көлемдерді есептеу
14. Технологиялық тұрғыдан болмай қоймайтын жағу көлемі мынадай формула бойынша анықталады:
VV = V6 + V7 + V8
мұндағы:
VV - технологиялық тұрғыдан болмай қоймайтын жағу;
V6 - технологиялық жабдықты іске қосу-реттеу кезінде жағылатын газ көлемі (жабдықтың паспорттық, техникалық сипаттамаларымен және іске қосу-реттеу жұмыс жоспарымен анықталады);
V7 - технологиялық жабдықты пайдалану кезінде жағылатын газ көлемі (пайдалану режимі бойынша техникалық регламенттермен, жабдықтың паспорттық сипаттамасымен анықталады);
V8 - технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде жағылатын газ көлемі (жабдықты пайдалану кезіндегі техникалық регламенттермен және ағымдағы, толық жөндеу кестесімен анықталады).
6. Ұңғымалар объектілерін сынау кезінде жағу нормативтерін есептеу
Ұңғымаларды сынау кезінде жану нормативтерін есептеу мына формула бойынша анықталады:
Qұңғ.сын = Д * Гф * К, м3,
мұндағы:
Qұңғ.сын — ұңғымаларды сынау кезіндегі жағу көлемі, м3;
Д - ұңғымалардың орташа күтілетін дебиті, т/тәул. (ұңғыманың дебиті - бір тәулік ішінде өндірілген мұнай көлемі, т/тәул.);
Гф - газ факторы, м3/т (алынған газ көлемінің өндірілген мұнай мөлшеріне қатынасы, м3/м3, м3/т.);
К - сынау күндерінің саны.
VІІІ = Qұңғ.сын
Жалпы ұңғыма объектілерін сынау кезінде газ жағу көлемі - VІІІ ұңғыма объектілерін сынау кезінде газды жағу есептік нормативтік көлемінен - Qұңғ.сын аспауға тиіс.
7. Сынамалық пайдалану кезінде жағу нормативтерін есептеу
Сынамалық пайдалану кезінде газ жағу нормативтерін есептеу жағылатын газ көлемінің сомасынан әрбір қолданылатын ұңғыма үшін мына формула арқылы жүргізіледі:
Qсын.пайдалану = QІ + Q2 + Q3 +......Qn
мұндағы:
Qсын.пайдалану - сынамалық пайдалану кезінде газ жағудың жалпы көлемі;
Q1,2,3...n - сынамалық пайдаланылатын ұңғымалар.
Әрбір ұңғыма бойынша жағу көлемі мына формула бойынша есептеледі:
Q1,2,3...n = Д * Гф * Т, м3,
мұндағы:
Q1,2,3...n - бір ұңғыманың сынамалық пайдалану кезінде газды жағу көлемі;
Д - ұңғымалардың орташа күтілетін дебиті, т/тәул. (ұңғыманың дебиті - бір тәулік ішінде өндірілген мұнай көлемі, т/тәул.);
Гф - газ факторы, м3/т (алынған газ көлемінің өндірілген мұнай мөлшеріне қатынасы, м3/м3, м3/т.);
Т - сынамалық пайдалану кезеңі (күн саны).
VIV = Qсын.пайдалану
Жалпы сынамалық пайдалану кезінде газ жағу көлемі - VIV