Файл: Кіріспе зерттеуді зектілігі. Бгінде Елбасы Н.. Назарбаев ала ойан, дамыан отыз елді атарына кіру жніндегі лт жоспары100 наты адам.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 140

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс – тәсілдерді тиімді қолданудың маңызы өте зор. Ықшам сабақ, ҰМЖ, ОМЖ оқу бағдарламасына сүйене отырып дұрыс ҚМЖ құрудың пайдасы мол. Педагогикалық әдіс-тәсілдерді, тиімді оқу және оқыту тәсілдері, критериалды бағалау моделі: қалыптастырушы бағалау мен жиынтық бағалау түрлерімен жұмыс жасай отырып, педагогикалық білімді жетілдіріп отыру керек.

Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білуді үйрендім. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Спиральді қағидат бойынша құрылған білім беру бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» атты еңбегін де қарастырылған. Брунердің жұмысына негізделген спиральді білім беру бағдарламасының ерекше сипаттары: оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды; әрбір қайталап оқыған сайын оның күрделілігі арта түседі; жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаты - оқушылардың тілдік дағдыларын дамыту, қазақ тілін қадірлейтін қоғамдық мәнін түсінетін тұлға қалыптастыру, тіл нормаларын сақтап, дұрыс қолдана білуге, еркін сөйлесуге және сауатты жазуға үйрету.

Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады.

Жаңа технологияларды сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық. Соның бірі – «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясын сабақты жоспарлы қолданудың тиімділігі. Мұнда әр оқушының ойы шыңдалып, өз даму деңгейіне сай жетістіктерге жетуге болады.

Осы технологияны сабақта қолданудағы негізгі мақсат:

  • оқушыға ізгілік тұрғысынан қарау;

  • оқу мен тәрбиенің бірлігі;

  • оқушының танымдық және шығармашылық икемділігін дамыту;

  • оқушының танымдық күшін қалыптастыру және дамыту;

  • әр оқушының, оның қабілетімен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту;

  • барлық оқушының дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу.

Міндеті:

- оқушылардың ой-әрекетін белсенді ету;

- ойлаудың салдарын ойға түйіп, сол салдарды өз жауапкершілігіне алу;


- өз пікірлерін құрастыра білу;

- сын тұрғысынан және икемді ойлай білу.

Сын тұрғысынан ойлау жобасы мынандай үш құрылымнан тұрады:

- қызығушылықты ояту (ой қозғау).

- мағынаны тану;

- ой-толғаныс.

Бұл технологияда бұрынғы білім мен жаңа ұғым ұштастырылады. Ал, соңғы кезеңде оқушы өз шығармашылығынан қабілетін таныта алады. Мұнда оқушыға ойланып-толғануға уақыт берілуі керек, ойын айтуға оқушы шығармашылығын қалыптастыратынын атап өту керек.

Оқушылардың ғылыми ізденушілік жұмыстарын дамыту мақсатында "әдебиет үйірмесі" әдістерін қолдануға болады.

Топтағы оқушыларға мәтін таратып беріп, дайындалуына он минут уақыт беріледі. Оқушылар дайындалып болған соң әр топтағы оқушылар өз рөлдері бойынша мәтін туралы айтып шығады. Бұл стратегияны қолдану барысында топтағы оқушылар түгелдей сабаққа қатысып отырады. Осындай жұмыстар арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығы артады, бір-бірімен пікір алмасып, сөздік қоры молаяды, еркін сөйлеу, өз ойларын жеткізе алу дағдылары қалыптасады.

Сабақтың қай құрылымында болмасын оқушы осындай стратегияларды қолданғаны дұрыс «Мен не ұқтым?» және «Мен нені білгім келеді?» - деген сұрақтарды есінен шығармауы керек.

«Мағынаны тану» кезеңінде оқушыларды топқа бөлу арқылы сұрақтар дайындап, оны мазмұны, стратегиясы арқылы жүзеге асыруға болады. сұрақтар үш деңгейде әзірленеді. Дайындалған сұрақтарға оқушылар өз ойларымен жауап бере отырып, бұл сұрақтар студенттердің деңгейіне сай топтастырылады немесе сұрақтардың өзін сұрыптауда «Жуан және жіңішке сұрақтар» стратегиясын мұғалім жүзеге асырады.

Осы кезең бойынша жұмыстану арқылы қорытынды шығаруға болады.

Бұл технологияның келесі бір кезеңі – ой-толғаныс. Мұнда «Венн диаграммасын» қолдану арқылы тақырыптардың ұқсастығы мен айырмашылығын көрсетуге болады. осы кезеңде оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыру мақсатында сабақ тақырыбына байланысты яғни, пікір-сайыс өткізуге немесе «Бес жолды өлең» жаздыруға болады. Мұндағы мақсат – оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру. сол 5 жолдық өлеңді жазғанда сабаққа қабілеті төмен деген оқушылардың өзі 3,4 сөз тіркестерін құрастырып өз ойын жазса, соның өзі оқушыны сабаққа тарта білгеніміз деп білемін.

Инновациялық білім беру – іскерліктің жаңа түрі. Инновациялық қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін арттыруға басқа жаңа технологияларды енгізуге, пайдалануға және шығармашылық жұмыстар жүргізуге бағытталған. Мұндай технологияларды қолдану – мұғалім ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады. Педагогикалық жаңа технологиялардың барлығы жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуына, өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін және біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталған, алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуді көздейтін, берілген материалды жедел, әрі сапалы меңгертуге бағытталған.



Қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімдері отандық білім беру бағдарламаларын басшылыққа алып, кеңінен қолданады. Сабақта пайдаланатын электронды сандық жүйе білім беру бағыттары бойынша сан алуан инерактивті кестелерді, сызбаларды, қызықты мультимедиалық сабақтарды, ауызша-жазбага бақылау сұрақтар мен тест тапсырмаларын қамтиды. Алайда аталған ресурстарды бір пәннің, атап айтқанда, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің барлық сабағында бірдей қолдану мүмкіндігінің шектеулі екені баршаға аян. Интерактивті тақталар үшін неғұрлым тиімдісі – SMART – Note book типтегілері.

SMART – Note book типтегі файлда мұғалім сабаққа қажетті қосымша материалдарды ойластыра отырып көрнекі құралдарды дайындауға, оларды ұсыну қалпын өзгертуге, интерактивті тапсырмалар енгізуге мол мүмкіндік алады.

Интерактивті тақтаны пайдаланып сабақ жүргізу берілетін білімнің сапасын ғана арттырып қоймай, оқушылардың әр сабаққа деген қызығушылығын тудырып, олардың жалпы уақытын үнемдейді, ынта-ықыласын жақсартады, әрбір оқушыны ұжымдық жұмысқа тартуға көмектеседі, әрбір білімгердің жеке қабілетін жетілдіреді және олардың шығармашылық, зерттеушілік дағдылдарын дамытады. Осы мүмкіндіктерді ескерген тәжірибелі мұғалім әрқашан ақпараттық-қатынастық технологияны дұрыс таңдап, белгілі бір сабақтағы нақты педагогикалық мақсат-міндетті орындаудың оңтайлы әдісін таба біледі.

Қазіргі таңда еліміз мектепте білім сапасын арттыру үшін заманауи талаптарға сәйкес, әлемдік тәжірибенің озық үлгісі – жаңартылған білім беру мазмұнына кезең-кезеңмен көшуде. Мақсаты - оқушыларға алған білімдері мен үйренген дағдыларын кез-келген орта жағдайында, ресми/іскерлік ортада бәсекеге қабілетті болуға, қарым-қатынас үдерісінде тиімді қолдануға мүмкіндік беретін білім беру.

Аталған мақсатты жүзеге асыратын қазақ тілін оқытудың жаңартылған бағдарламасының негізгі ерекшеліктері:

•        Қазақ тілін функционалдық-коммуникативтік тұрғыдан оқытуға назар аударылып, тыңдалым, оқылым, жазылым, айтылым коммуникативтік дағдыларын жағдаятқа сай дұрыс қолдана білуді дамытады.

•        Оқу бағдарламасында коммуникативтік әрекеттер мен дағдыларды жүзеге асыратын оқу мақсаттары ұсынылған.  Оқу мақсаттары  әр сынып деңгейіне сәйкес  динамикалық даму бағытында жасалған.

•        Бағдарлама «спиральді оқыту» тәсіліне негізделе құрылған. Әр сынып сайын оқу мақсаттары қарапайымнан күрделіге қарай өсіп, қайталанып отырады.

•        Бағдарлама мазмұны  әдебиет, тарих, биология, география, физика сияқты өзге пәндермен тығыз байланысты.  Лексикалық тақырыптарды меңгерту осы пәндермен тығыз байланыста жүргізіледі.


•        Бағдарлама оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға, сыни тұрғыдан ойлау дағдысын дамытуға ықпал етеді.

•        Грамматиканы бөлек қарастырмай, функционалдық-коммуникативтік  мәнмәтінде  оқытуға негізделген.

•        Оқу бағдарламасында оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай оларға  қызықты болатын өмірмен байланысты лексикалық тақырыптар ұсынылған.

Оқу бағдарламасындағы коммуникативтік әрекеттер жыл сайын қайталанып, қарапайымнан күрделіге қарай өзгеріп отырады. Сол себепті де оқушылардың бойында дағды қалыптасады, пәннің мазмұнын меңгеру жеңіл әрі нәтижелі болады.

Оқу бағдарламасында көрсетілген  оқу мақсаттары оқушылардың айтылым, тыңдалым, жазылым, оқылым әрекеттерін қамти отырып, коммуникативтік дағдыларын сенімді қалыптастыруға,  сол негізде күтілетін нәтижеге қол жеткізуге бағытталған.

Жаңартылған бағдарламаға сәйкес бүгінде дәстүрлі сабақ жоспарын жаңа форматта құрылған жоспармен жаңарттық. Мұғалім сабақ жоспарын құруда лексикалық тақырыпты басшылыққа ала отырып, сынып деңгейіне, тақырып қажеттілігіне қарай бір академиялық сағатта барлық төрт дағдыны  қатар алмаған дұрыс.  Олардың бірі не екеуі негізгі болса, қалған екеуі жанама түрде дамытыла береді.

Сабақ барысында коммуникативтік әрекеттерді дамытуға бағытталған тапсырмалар өзіндік ерекшеліктеріне сәйкес белгілі бір  жүйемен жүзеге асады. Мысалы, тыңдалым дағдысын жүзеге асыру үшін тыңдалым алды, тыңдалым, тыңдалымнан кейінгі тапсырмалар ұйымдастырылуы тиіс. Оқылым мен жазылым дағдысын жүзеге асыру да дәл осы сипатта ұйымдастырылады. Қысқа мерзімді жоспарлау мұғалімнің сабақты тиімді құрылымдауына көмектеседі. Ол үшін мұғалім оқу материалы мен сабақтағы әрекетті мұқият іріктейді. Әр сабақтан кейін мұғалім оқушылар меңгере алмаған немесе түсінбеген жерлерін анықтау мақсатында сабақты талдап, рефлексия жасайды.

Қысқа мерзімді жоспар құрған кезде мұғалім төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алуына болады:

-        сабақты ұйымдастырғанда оқу бағдарламасы мен оқу жоспарында көрсетілген оқу мақсаттарын;

-        сабақтың мақсатын анық тұжырымдау, яғни нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы мақсаттар қою;

-        орта мерзімді жоспарда көрсетілген барлық жаттығуларды, әдістемелік кеңестерді, ресурстарды мұқият зерделеу;

-        мұғалімнің қалауы бойынша іс-әрекет түрі қажеттілігіне қарай толықтырады.

Мұғалім оқушылардың өздерінің оқу-танымдық қызметінің белсенді ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуі тиіс.


Сабақты жоспарлауды бастағанда мұғалім бұл сабақтың мақсаты қандай  болатынын шешеді. Сабақтың мақсаты оқу бағдарламасында қарастырылған оқу мақсатына сәйкес келуі керек, бірақ оқу мақсаттарының барлық тармақтарын қамтуы міндетті емес.

Сабақ мақсатын анықтаған соң, мұғалім осы мақсатқа қол жеткізу үшін сабақты қалай жоспарлау керек екендігін шешеді. Сабақ мақсатына жету үшін мұғалім бірқатар белсенді оқу тәсілдерін қолдана алады. Оқыту мен оқудың заманауи әдістері  оқушылардың жеке ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеру арқылы оқу үдерісін ұйымдастыруға аса мән береді және бұл бағыттағы мұғалімнің табыстылығы оқушылардың оқу үлгеріміне оң әсерін тигізеді. Мұғалімдер пән бойынша оқу бағдарламасының талаптарын орындау үшін, сабақты барынша тиімді жоспарлауы қажет. Оқытудың барлық аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлесім табуы шарт. Сындарлы оқыту тәсілдері  оқыту кезінде жоғары  нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді (Hattie, 2011).

Үлгі ретінде жоғарыда аталған қағидаттарға сәйкес құрастырылған           5 - сыныпқа арналған ұзақ мерзімді жоспардың «Адамның сырт келбеті мен мінезі» бөлімінің «Ұлыма хат» тақырыбындағы қысқа мерзімді жоспарымды  ұсынамын.  ҚМЖ құруда спиральділік ұстанымына негізделіп құрылған оқу бағдарламасын, оқу жоспары мен ҚБ арналған тапсырмалар жинағын басшылыққа алдым. Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаты: 5.Ж5 Оқылым мен тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, жинақы мәтін жазу. Оқу мақсатына сәйкес оқушының алдыңғы және кейінгі білімдерін ескере отырып,  сабағымның мақсатын SMART форматында құрдым: Барлық оқушылар Оқылым мен тыңдалым материалдары бойынша негізгі ақпараттарды сақтай отырып, мәтін жазады.

Көпшілігі: Мәтіннің мазмұнын түсініп, негізгі ақпараттарды анықтап, жинақы мәтін жазуда қолдана алады. Кейбірі: Жинақы мәтін жазуда мәтіндегі негізгі ақпаратты жүйелі қолданып, автор идеясын нақты бере алады.

Осы мақсаттарға жету үшін  бағалау критерийлерін оқушымен бірлесе отырып құрдым:

-         Негізгі ақпараттарды сақтап, мәтін жаза алады.

-         Оқылым материалы бойынша жинақы мәтін жаза алады.

Жинақы мәтін жазуда оқылым материалдары бойыншаорфографиялық, грамматикалық және пунктуациялық ережелерді сақтауынтілдік мақсатетіп алдым.

Сабақтың өн бойында Қазақстандық патриотизм, азаматтық жауапкершілік, өмір бойы білім алу құндылықтарына баулуды көздедім. Тақырып қажеттілігіне орай