ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 490
Скачиваний: 7
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Көлікті тоқтатып, босандыруға кірісу
35 жастағы әйел адам. Басының ауырсынуына, басынын айналуына, бір ретті құсуға, естең тануға шағымданады. 3-4 сағат бұрын биіктіктен құлағаннан кейін осы жағдай дамыған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлық жағдайда. Санасы шатысқан. Ромберг позасында тұрақсыз, саусақ-мұрын пробасын жасай алмайды. Өкпесінде тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ, ТАЖ 20 мин. Жүрек тоңдары анық, ритм дұрыс, ЖЖЖ 86мин. АҚ 110/70 мм.сын.бағ. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Осы жағдайдағы шұғыл көмек көлемі:
Дегидратационды терапия
Бала 6 жаста. Шағымдары: оң жақ құлағының ауырсынуына. Анасының айтуы бойынша жарты сағат бұрын ойнап жүргенде құлап құм жәшігінің шетіне соғып алған. Объективті: жалпы жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлық. Санасы айқын. Неврологиялық статус патологиясыз. Оң жақ құлағының есту түтігінен аздаған қан бөліністері бар. Осы жағдайда ауруханаға дейіңгі кезеңдегі көмекке жатады:
есту түтігін құрғақ стерильді дәкелік турундамен тампонада
Науқас 76 жаста. Шағымдары: іштің жоғарғы бөлігінде белдемелі қатты ауырсыну. Майлы тағам қабылдаған соң кенет ауырсыну пайда болған. Ауырсыну қатты, көп реттік жеңілдік әкелмейтін құсық, әлсіздік, көп көлемді тершеңдікпен көрінуде. Анамнезінде: ӨТА(ЖКБ), ЖИА. АГ. Объективті: жағдайы ауыр, суық тер басқан, дене температурасы 37,2. Пульс минутына 125 соққы, ырғақсыз, АҚ 140/90 мм.сын.бағ. Тынысы қалыпты. Тілі құрғақ, ақ жағындымен жабылған. Пальпациялағанда аздап іші кепкен, жұмсақ, эпигастрий аймағында ауырсынады. Ішастардың тітіркену симптомы теріс. Болжамды диагноз
жедел панкреатит
Жедел жәрдем бригадасы 1,5 жастағы балаға шақыртылды. Анасының айтуына қарағанда ауруы жедел басталған, дене температурасы 38,2 ºС ге дейін жоғарлаған, аздаған катаральды өзгерістер байқалады. Түнгі уақытта даусы өзгере бастаған, «ит үрген тәрізді» жөтел, тыныс алуы шулы. ТАЖ минутына 42 рет, ЖЖЖ минутына 140рет. Сіздің болжамды диагнозыңыз
ЖРВИ. Жедел ларинготрахеит. Көмей тарылуы І дәреже
Ер адам, 45 жаста. Шырышты-іріңді қақырығы бар жөтелге, ентігуге, ілсіздікке шағымданады. Анамнезінде: 30 жыл бойы темекі шегеді. 12-15 жыл бойы таңертеңгілік құрғақ жөтел мазалайды. Тексерістен өтпеген, ем қабылдамаған. Жоғарыда айтылған шағымдары сол күні, ұзақ уақыт тоңып қалғаннан кейін байқалған. Қарау барысында: мұрын-ерін үшбұрышында көгеру. Дене температурасы 37,5°С. ТАЖ – 26 тыныс мин. Аускультацияда қатаң тыныс, құрғақ және ылғалды үлкен көпіршікті сырылдар. Перкуссияда қорапты реңі бар өкпелік дыбыс. Сіздің болжамды диагнозыңыз
созылмалы обструкциялық бронхиттің асқынуы
Қыз бала 2 жаста. Анамнезінен турниктан құлаған. Қысқа уақытқа естен тану байқалған жəне 1 реттік құсу. АҚ 65/20 мм.сб, ЖЖЖ-140,ТАЖ-38,Т-36,7. Бұлшықеттік тонус жоғарлаған.Тері жамылғысы бозарған. Аускультацияда өкпеде патология жоқ, жүрек тоны анық. Шүйде аймағында 3х4 см гематома анықталады. Коньюктивальды рефлекс анықталмайды, құсу рефлексі сақталған. Оң жақ көз қарашығы кеңейген, жарыққа реакциясы төмендеген.Окулацефальды рефлекс оң. Брудзинский, Кернинг рефлекстері теріс. Бабинский рефлексі сол жақта оң. Сіздің болжамды диагнозыңыз
бас миынын соғылуы, неврологиялық бөлімшесіне тасымалдау
38 жастағы ер кісі. Жедел жәрдем шақыру себебі: автокөлік қағып кеткен. Есін жоғалтпаған. Жамбастың оң жақ жартысының өте қатты ауырсынуынан өз еркімен тұрып жүре алмаған.Объективті: жағдайы орташа ауырлық дәрежесінде, жамбастың оң жақ жартысының ауырсынуына байланысты. Тері жамылғылары қалыпты түстес, оң жақ мықын сүйек аймағында және оң жақ қасаға үстінде тері астылық қан құйылулар бар Ps– минутына 96 соққы, толуы қанағаттанарлық, АҚ 130/80 мм сын.бағ. Іші жұмсақ, лонның үстінде ауырсыну бар. Іші жұмсақ, қасаға үстінде ауырсыну. Перитонеальді симптомдары теріс. Кіші дәретке бармаған.Тасымалдау түрін көрсетіңіз
Арқасымен жатқызып, аяғын тізе буынында бүгіп қатты зеңбілде тасымалдау
Аяқтағы жарадан қан кету кезіңдегі бірінші ретті жүргізілетің көмек:
қан тоқтатқыш жгут салу
Ер адам, 35-жаста. Жедел жәрдем шақыру себебі,мұздан тайып құлап, қасағасымен соғылып жарақаттанған, жарақаттанған жері қатты ауырсынып мазалайды. Қарау кезінде, қасаға аймағының оң жағында ісіну және бірден қатты ауырсыну байқалады. Болжам диагнозыңыз
Қасаға сүйегінің сынуы
Жас әйелде ауыр түрдегі анафилактикалық шок кезіңде кеңірдектің айқын ісінуі байқалады. Науқасты ауруханаға тірі жеткізу үшін ең бірінші орында не жасауымыз керек:
коникотомияны жүргізу
Науқас 48 жаста. Шағымдары – аздаған физикалық күш түскенде аралас типті еңтігу, құрғақ жөтел, температура 38,8. Жоғарлауы. Анамнез – 2-і апта көлемінде ауырады, салқын тиюден кейін. Дәрігерге бармаған. Өзі емделген. Тексергенде: тері жамылғысы бозарған, мұрын-ерін ұшбұрыш цианозы. Кеуде клеткасы цилиндр тәрізді. Тыныс алғанда сол жақ қалып қояды. Перкуторлы сол жақтан төменгі бөлікте тұйықталу. Аускультация –тынысы қатқыл, алдыңғы бетте бірен-саран құрғақ сырылдар, сол жақта төменгі бөлікте тыныс естілмейді. ТАЖ – 24 минутына. АҚ – 110/70 мм.с.б. ЖЖЖ – 94минутына. Басқа мүшелер мен жүйелерде патология жоқ. Бірінші көмек көрсетініз:
Оксигенотерапия, антипиретиктер
Зақымдалушы адамда көптік жарақаттар:оң жақ сан сүйегінің және екі жақтық балтыр сүйектерінің сыныуы. Сүйек сынығының орналасу орнына байланысты, шамамен қан жоғалту көлемі
2000 мл
Ер адам, 46 жаста. Тез жаяу жүрсе, төс маңында қысып және қақсап ауырсынуға шағымданады. Анамнезде: 5 жыл бойы ЖИА-мен ауырады, 5-6 апта бұрын (жедел коронарлы синдром) ЖКС-мен ауырған. Объективті: жағдайы орташа, есі анық, тері қабаты қалыпты. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Жүрек тондары тұйық, дұрыс ырғақты. АҚ 130/90 сын.бағ. ЖЖЖ және пульс – 86 соғ. минутына. ЭКГ-да ырғағы дұрыс, синусты, дұрыс орналасқан ЖОС-і. I, aVL, V1-V2 тіркемелерінде патологиялық тісше Q және теріс T тісшесі. Бұл ауруда инфарктың қандай сатысы
жеделдеу
Ер адам, 28 жаста. Сол жақ қолындағы ауырсынуға шағымданады. Анамнезінде: Сол жақ йық үстінен ағаш кесіндісімен соққы алды. Объективті: сыртқы алақан беткейінде сол жақ йық үстінің төменгі 3/1 бөлігінде теріастылық гематома байқалады. Жарақаттанған жерді пальпациялағанда ауырсынады. Сүйектік жалғамаларда сықыр анықталады. Жүктеме кезінде йық үсті осінде жарақаттанған жерде ауырсыну пайда болады. Пронация және супинация қиындаған, бұл қозғалыстарды жасауға тырысқанда жылдам ауырсынуға алып келеді. Йық үстінің дистальды бөлігі және саусақтары пронация қалпында орналасқан. Сіздің болжам диагнозыңыз
сол жақ кәрі жілік сүйегінің төменгі 3/1 бөлігінде диафизінің сынуы
Аспазшы жаңа ғана пісірілген ботқаны өз үстіне төкті. Ауырсынудан айғайлап, мазасызданып қозу үстінде. Объективті: шалбарында тізеден табанға дейін теріде және сол жақ иықта жабысқан сұйық ботқа, кейбір жерлері қызарған, ісінген, мөлдір сұйықтығы бар көпіршіктер байқалады. Жарылған көпіршіктердің түбі – алқызыл, жылтыр, ауырсынады, кейбір жерлерінде құрғақ ақ дақтары бар. АҚ 110/75 сын. бағ, пульс 86 минутына, ырғақты. Термиялық күюдің қандай дә
ΙΙΙ А дәреже
Ер адам, 36 жаста. Туыстарының айтуынша 4 күн бойы ауырады, 7сағат бұрын еңтігу, жедел қалтырау, әлсіздік күшейген және кеуде қуысы ауырған, жедел дене температурасы 35,70 С төмендеген. Обьективті: жалпы жағдайы ауыр, тежелген, ТАЖ – 30мин, цианоз, жіп тәрізді пульс, минутына 104, АҚ – 60/40 мм.сын.бағ. Өкпеде тынысы қатқыл, барлық өкпе алаңында ылғалды сырылдар. Жүрек тоңдары тұйықталған, ЖЖЖ – 104 минутына. Диурез төмендеген. Жағдайының нашарлауы неңін дамуымен байланысты:
Инфекционды – токсикалық шок