Файл: Кеуде уысыны рентгенографиясы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 489

Скачиваний: 7

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Сульфасалазин

Науқас Д., 52 жаста, ауруханаға тамақ қабылдағаннан соң 20-30 минуттан кейін пайда болатын, төс астындағы ауырсынуға, ауамен кекіруге, дене салмағының соңғы айда 3 кг төмендеуіне шағымданып келді. ЭФГДС кезінде асқазанның кіші иінде, оның ортаңғы үштен бірінде қатпарлардың анық жанасуымен жұлдызшалы ақ тыртық байқалады, сол аймақта шеттері ісінген, қабынған, өлшемі 6х8 мм жаңа жара анықталды. Жараның түбінде қан ұйындысы бар. Биопсия жүргізілу Helicobacter pylori табылды. Қандай емдеу үлгісін тағайындаған жөн

Протонды помпа ингибиторы +ампициллин + кларитромицин

Науқас Р., 21 жаста, кіндік маңындағы күші әртүрлі сипаттағы ауырсынуға, ауырсыну үлкен дәреттен соң жойылатын, кезеңді түрде диареяның іш қатумен алмасуына, ішінің кебуіне шағымданады. Қарағанда: тоқ ішектің барлық бөлімдерінде ауырсынады. Нв-123 г/л, лейкоциттер – 8,0х109/л., ЭТЖ 14 мм/сағ. Рентгенологиялық зерттеуде: дискинезия белгілері; колоноскопияда: спазмға бейімділік бар. Берліген емдік шаралардың қайсысын тағайындаған жөн

Диета, күйзелісті төмендету, пробиотиктер

35 жастағы әйелді бетінің жіне аяқтарының ісінуі мазалайды. АҚ 180/100 мм.сын.бағ. Жалпы қан анализінде: Нв-76 г/л, эриттроцит-2,6 х1012/л, лейкоцит – 3,4 х109/л, тромбоцит - 158 х109/л, ЭТЖ – 43 мм/сағ. Қанның биохимиялық талдауы: жалпы ақуыз - 46 г/л, альбуминдер - 28%. Зәр талдауында: ақуыз-14,3 г/л, эпителий 6-7 к/а, эритроцит – 0-2 к/а. Гломерулонефритті емдеудің төрт компонентті терапиясы тағайындалады. Препараттардың қандай комбинациясы төрт компонентті терапияға сәйкес келеді

Цитостатиктер + кортикостероидтар + антиагреганттар + антикоагулянттар

Зәр шығару жолдарының инфекциясы кезінде тағайындалатын ең тиімді препарат

Амоксициллин

57 жастағы ер адам оң жақ табанының І-ші бақайында кенеттен пайда болған ауырсынуға және көкшіл-қызыл түске дейін терісінің қызаруына, ұстағанда ыстық; буын қозғалсының шектелуіне, дене температурасының 38-39°C дейін жоғарылауына, ұйқысының бұзылуына, әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданады. Қарағанда: сол жақ құлақ қалқанында және сол жақ шынтақ буынының ішкі бетінде тофустар байқалады. Подаграның жедел ұстамасын басу үшін қолданылады

Колхицин

Науқас К., 50 жаста жүрген кезде күшейетін тізе буындарының ауырсынуына шағымданады. Объективті: тізе буындары дефигурацияланған, периартикулярлық тіндердің тығыздалуы, крепитация. Дистальды фалангааралық буындарының аймағында тығыз түйіндер байқалады. ЖҚА: эр - 4,2х1012/л, лейк - 5,6х109/л, ЭТЖ – 15 мм/сағ, СРА – теріс. Көрсетілген диагноздардың қайсысы анағұрлым болуы мүмкін


Остеоартрит

Науқас О., 52 жаста, оң жақ шынтақ буынында кенеттен пайда болған ауырсынуға, қабынған буынының көкшіл-қызыл түске дейін терісінің қызаруына, жанасқанда ыстық, ісінуге, қозғалысының шектелуіне, дене температурасының 38-39°C дейін көтерілуіне, ұйқысының бұзылуына, әлсіздікке, тез шаршағыштыққа шағымданады. Ауру тарихынан: соңғы 2 жыл ішінде өзін сырқатпын деп санайды, сол кезде сол жақ табаның I-ші бақайының ауырсынуы, ісінуі және қызару пайда болған, бір айдан кейін осы белгілер сол жақ тізе буынында байқалған. Мұмкін болатын диагноз

Подагралық артрит

35 жастағы әйел адам ауыр ЖРВИ-дан кейін 5 жыл ішінде қайталамалы қызба, әлсіздік, артралгия және миалгия, Рейно феномені, пневония деп бағаланған, өкпесінде екі жақты патологиялық өзгерістер пайда болған. Кейінірек жүрек аймағында ауырсыну, дисфагия мазалаған. Объективті - терісінде тығыздалған және атрофияланған ошақтар байқалады. SCL70-ке антиденелер анықталды. Базисты терапияны жүргізу үшін көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындау қажет

Д-пеницилламин

30 жастағы әйел қабылдау бөлмінде жалпы әлсіздікке, дене температурасының 380С-қа дейін жоғарылауына, іштің төменгі бөліктеріне берілетін бел аймағындағы сыздап ауырсынуға шағымданды. Науқастың айтуынша, бұл шағымдар 5 жыл бойы мазалайды, өршу кезінде емделіп отырған. Қарағанда: беті ісіңкі, бел аймағын соққылау кезінде ауырсынады. Қан талдауында: Нв-120 г/л, эриттроцит-3,5х1012/л, ТК-1,0, лейкоцит-12х109/л, т/я – 6%, с/я - 60%, лимф - 28%, эоз - 1%, баз - 0%, мон - 6%, ЭТЖ 18 мм/сағ. ОАМ: реакциясы сілтілі, салыст.тығыздығы 1010, лейкоциттер 200 к/а, эритроциттер - 0-1 к/а., бактериялар++. Бүйректің УДЗ-де: тостағанша – түбекше жүйесі кеңейген. Мүмкін болатын диагноз

Зәр шығару жолдарының инфекциясы

Науқас В., 37 жаста, бел аймағындағы ауырсынуға, жиі зәр шығаруға шағымданады. 10 жыл бойы жылына 2-3 рет бел аймағындағы ауырсынуды, дизурияны байқаған. Терапевтте бақыланған, емделген, бір ай бойы ауырсыну күшейеген. Объективті: температура 370С, бел аймағын соққылау симптомы екі жағында оң. Қан талдауында: лейкоциттер – 6,1х109/л, ЭТЖ 25 мм/сағ. Зәр талдауында: салыст.тығыздығы - 1005, ақуыз - 1,0 г/л, лейкоциттер 200 көру аймағында. Нечипоренко сынамасы: эритроцит – 2/л, лейкоцит - 6000 /л. Көрсетілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін


Зәр шығару жолдарының инфекциясы

37 жастағы ер адам әлсіздікке, жүрек айнуына, тәбеттің төмендеуіне, арықтауға, аяқтарынның ісінуіне, артериялық қысымының жоғарылауына шағымданады. 20 жыл бойы қантты диабетпен сырқаттанады. Объективті: тәбеті төмен, терісі бозғылт, құрғақ. Беті ісіңкі, аяқтарының сирақтары мен табандары ісінген. Қан талдауында: Нв-87 г/л, эритроциттер - 3,2х1012/л, лейкоциттер - 9,71х109/л, ЭТЖ - 30 мм/сағ. Зәр талдауында: салыст.тығыздығы - 1012, ақуыз - 1,0 г/л, лейкоциттер 4-5 к/а, эриттроциттер - 0 к/а. Қанның биохимиялық талдауы: креатинин 235 мкмоль/л, несепнәр 12 ммоль/л. Науқасты тексеруде келесі қадам қандай

ШФЖ есептеу

52 жастағы науқас қолдың фалангааралық буындарындағы ауырсыну мен қозғалыстың шектелуіне шағымданады. Қарағанда: дистальды фалангааралық буындар аймағында көлемі 0,5 см-ге дейін тығыз түйіндер анықталды, пальпация кезінде шамалы ауырсынады. Буындар аздап деформацияланған, қозғалысы шектелген. Қол буындарының рентгенографиясында буын саңылауының тарылуы, остеопороз анықталды. Ең қолайлы емдеу тактикасы

СЕҚҚП + хондропротекторлар

Зәр шығару жолдарының инфекциясы бар науқастарда бірінші кезекте бұзылатын бүйректің қызметі

Концентрациялық

Пурпурлы-қызғылт эритемасы бар периорбиталдық ісіну, ентігу, құрғақ жөтел, үдемелі бұлшықеттік әлсіздік, иық және мықын белдеуі бұлшықеттеріндегі ауырсыну тән

Дерматомиозитке

37 жастағы ер адам айқын әлсіздікке, бас ауруына, тәбеттінің төмендеуіне, арықтауға, ісінуге шағымданады. Бүйрек ауруымен 5 жыл бойы зардап шегеді. Объективті: дене салмағы төмен, терісі сарғыш реңді бозарған. Беті ісіңкі, аяқтарында ісіну бар. АҚ 170/105 мм.сын.бағ. Қан талдауында: Нв-70 г/л, эpиттроциттер -2,0 млн., лeйкоциттер -5,7 мың., ЭТЖ 20 мм/сағ. Қанның биохимиялық талдауы: креатинин 0,19 ммоль/л (норма 0,053-0,095 ммоль/л), жалпы ақуыз 49 г/л, қандағы қант 5,4 ммоль/л. Зәр талдауында: салыст.тығыздығы - 1012, ақуыз - 4,5 к/а, лейкоцит -4-5 к/а, эпителий - 5-6 к/а, гиалинді цилиндрлер - 7 көру аймағында. Науқастағы нефротикалық синдромын диагностикалауда қандай симптомдардың қосарлауы тән

ісіну, гипопротеинемия, массивті протеинурия

24 жастағы ер адам әлсіздікке, тәбеттің төмендеуіне шағымдананды. 15 жыл бойы қантты диабетпен сырқатанады, инсулин қабылдайды. Объективті: терісі бозғылт, құрғақ, бел аймағының соққылау симптомы екі жағында теріс. АҚ 140/90 мм.сын.бағ. ЖСЖ минутына 80. ЖҚА-де: Нв–116 г/л, эритроциттер -2,8 х1012/л, лейкоциттер-8,2 х109/л, ЭТЖ-18 мм/сағ. Зәр талдауына: салыст.тығыздығы 1005, ақуыз – 0,5 г/л, лейкоциттер – 5-6 к/а, эритроциттер - 2 к/а. Қанның биохимиялық талдауы: креатинин 135 мкмоль/л, несепнәр 8,0 ммоль/л. Қай ем тиімді


ИАПФ нефропротекциясы

23 жастағы әйел адам 39 -қа дейін қызбаға, жөтелге, бетінің қызаруына шағымданады. Өз бетінше ампициллин, парацетамол қабылдаған, нәтижесіз болған. Қарағанда: бетінің гиперемиясы және ісінуі, кеудесі мен арқасында эритематозды-папулезді бөртпелер, лимфаденопатия, афтозды стоматит, шашының ошақты түсуі байқалады. Жүрек тоны тұйықталған, ырғағы дұрыс, ЖСЖ 110 минутына, АҚ 150/100 мм.сын.бағ.; гепатомегалия. Қан талдауында: эритроцитер 3,2х1012/л, Нв-100 г/л, лейкоциттер 2,5х109/л, ЭТЖ 40 мм/сағ. Зәр талдауында: ақуыз-1,9 г/л, лейкоциттер 6-8 к/а, эритроциттер 15-18 к/а. Мүмкін болатын диагноз

Жүйелі қызыл жегі

Науқас әйел адам Т., 30 жаста, проксимальды фаланга аралық, алақан сүйек –фалангалық буындардың, білезік, шынтақ буындарының қабыну сипаттағы, симметриялы ауырсыну мен ісінуіне шағымданады; зақымдалған буындардың қозғалысы шектелген; таңертеңгілік құрысу 2 сағат бойы. Қарағанда: алақан сүйектер –фалангалық буындардың шамалы ульнарлы девиациясы. Қанда: эр-4,5х1012/л, Нв-130 г/л, ЭТЖ-33 мм/сағ; РФ-32,2 UI/ml (5,5 UI/ml дейін), АЦЦП – 147 бірлік/мл (3 бірлік/мл дейін). Мүмкін болатын диагноз

Ревматоидті артрит

Әйел 45 жаста. 10 жыл бұрын білек, алақан сүйек –фалангалық буындардың ауырсыну, таңертеңгілік құрысу пайда болған. Объективті: алақан сүйек –фалангалық буындардың ульнарлық девиациясы. Қол басының бұлшықеттерінің гипотрофиясы, қозғалыс көлемі шектелген. ЖҚА: эритроциттер 4,5х1012/л, Нв-130 г/л, ЭТЖ-33 мм/сағ. Қанның БХА: РФ-32,2 UI / ml (5,5 UI /ml дейін), АЦЦП – 147 бірлік/мл (3 бірлік/мл дейін). Осы ауруды емдеу үшін базистік препарат қайсысы

Метотрексат

Инфекциядан кейін науқаста созылмалы гломерулонефрит диагнозы қойылған. Жедел гломерулонефриттің негізгі этиологиялық факторын атаңыз

А тобындағы В- гемолитикалық стрептококк

45 жастағы әйел адам оң жақ бел аймағының ауырсынуына, зәр шығаруының жиілеуіне (түнде 2-3 ретке дейін), кешкі уақыттағы субфебрильді температураға шағымданды. 20 жасында зәр шығару жолдарының инфекциясымен ауырған. Бүйректің УДЗ-де: оң жақ бүйректің тостағаншасы, түбекшесі кеңейген. Зәр шығару жолдарының инфекциясының өршуін нақтылау үшін ең тиімді әдіс

Зәрдің бактериологиялық себіндісі

38 жастағы әйел адам 10 жыл бойы суықта саусақтарының ағарып ауырсынуын байқаған. Соңғы жылдары үдей түскен, қол басы ұсақ буындарының және білектерінің артрит белгілері, қатты тағамды жұтынудың қиындауы пайда болған. Қан талдауында: ЭТЖ - 40 мм/сағ. Мүмкін болатын диагноз

Жүйелік склеродермия

Науқас 60 жаста, әлсіздікке, эпигастриядағы ауырсынуға шағымданады. Объективті: терісі және көзге көрінетін шырышты қабаттарының сарғыш түстес бозарған. Беті ісіңкі. Тілі «лакталған». Шамалы гепатоспленомегалия. Қанда: панцитопения, макроцитоз, нейтрофилдердің полисегментарлылығы. Билирубин - 38,5 мкмоль/л. Миелограммада: мегалобластты қан түзілу. Төмендегі көрсетілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін


В12-тапшылықты анемия

Науқас 34 жаста, әлсіздікке, басының айналуына, жүрегінің қағуына, ентігуге шағымданады. 2 жыл бойы геморроймен сырқат. Объективті: тері және шырышты қабаты бозғылт, койлонихиялар. Жүрек үндері тұйықталған, жүрек ұшында систолалық шу, тахикардия. Қанда: эритроциттер -3,7 млн., Нв-92 г/л, ТК -0,75, лейкоциттер -4,8 мың., тромбоциттер -200 мың., ЭТЖ-17 мм/сағ, анизоцитоз, пойкилоцитоз. Қан сарысуындағы темір - 6,4 мкмоль/л. Қандай ем жүргізу тәсілін таңдадаған жөн

темір сульфаты пероралды

Науқас В., 40 жаста, жалпы әлсіздікке, терлегіштікке, арықтауға, сол қабырғаастындағы тұйық ауырсынуға шағымданады. Объективті: тері жамылғысы бозғылт, ылғалды. Бауыр қабырға доғасынан 3 см шығыңқы, көкбауыр кіндік маңында, тығыз, ауырсынусыз. Қанда: эритроциттер - 3,0х1012/л, лейкоциттер - 96х109/л, миелобласттар - 2%, промиелоциттер-4%, метамиелоциттер-8%, таяқшаядролы - 12%, сегментядролы - 52%, эозинофилдер-5%, базоф-5%, лимф-12%, тромбоциттер - 200х109/л. ЭТЖ-56 мм/сағ. Қандай диагноз анағұрлым тән

созылмалы миелолейкоз

35 жастағы әйел адам, қабылдау бөлімшесіне жалпы әлсіздікпен, басының айналуымен, жүрегінің қағуына шағымданып түсті. 1 жыл бойы етеккірі 10 күннен, көп мөлшерде. Объективті: терісі мен шырышты қабаттары бозарған, тырнағының сынғыштығы мен сызықтығы анықталады, шашының түсуі, тахикардия 100 рет минутына. АҚ 110/60 мм.сын.бағ. Қанда: гемоглобин - 62 г/л, эритроцит - 2,6 х 1012/л, ТК - 0,7, ЭТЖ - 36 мм/сағ, лейкоциттер - 5,8х109/л, тромбоцит - 420 х 109/л. Гинекологқа қаралған: жатыр миомасы, 12 апта. Ота жасау ұсынылған. Аталғандардың ішінде науқасты жүргізудегі қандай әдіс ұтымды

темірдің парентералды препараттары

48 жастағы науқас, әлсіздікке, салмағының төмендеуіне, сол жақ қабырға астындағы ауырлық сезіміне шағымданады. Қарағанда: көкбауыр қабырға доғасынан 4 см шығыңқы. Қанда: Нв- 128г/л, эритроциттер 4,0∙1012/л, лейкоциттер – 47∙109/л, тромбоциттер 480∙109/л, формуласы: эоз-2%, баз-3%, бласты жасушалар 1%, промиелоциттер-2%, миелоциттер -4%, жас жасушалар -10%, т/я - 26%, с/я-34%, лимф-12, мон–6%, ЭТЖ 6 мм/сағ. Миелограммада: миелоидты өсінді жасушаларының гиперплазиясы. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісін тағайындау қажет

филадельфиялық хромосоманы анықтау

В12 тапшылықты анемияға тән миелограммадағы өзгерістер

мегалобласты қантүзілу түрі

Аймақтық дәрігерге 26 жастағы науқас тамағындағы ауырсынуға, жөтелге, тәбетінің төмендеуіне шағымданып қаралды. Қарағанда; бадамша бездерінің гиперплазиясы, мойын лимфа түйіндерінің ұлғаюы анықталды. Қанында: Нв-100 г/л, эритроциттер-4,2∙109/л, лейкоциттер - 15∙109/л, тромбоциттер - 120∙109/л, ЭТЖ – 25 мм/сағ, формула: эоз-1%, т/я-3%, с/я-60%, лимф-24%, моноциттер- 8%, бласты жасушалар - 4%. Дұрыс амалды таңдаңыз