Файл: Кеуде уысыны рентгенографиясы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 492

Скачиваний: 7

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


делириозды синдром

Науқас көп сөйлейді сырылға дейін,науқастардың кез келгенімен сөйлесуге тырысады, соңғысын тыңдамай тұрып басқа біреуге құштарлықпен өлең оқып кетеді. Санитарканың пол жуып жатқанын көріп, оған көмектескісі келеді, бірақ тез арада оны аяқтамай тастап, шахмат ойнап жатқандарға ақыл беруге кірісіп кетеді. Оның энергиясы тасып, жаңылтпашпен сөйлейді, көңіл күйі көтеріңкі. Негізгі синдром

Маниакальді

Жедел жәрдем бригадасының дәрігері науқастың треморын, қарашықтың кеңейгенін, мұрнынан су аққанын, жиі түшкіруді, жөтел және көптеп көз жас аққанды фиксациялады. Науқас мазасыз, үрейлі, аяқтарының бұлшық еттерін уқалауға талпынуда, аяқ-қол буындарының тартып ауыруына, үлкен дәретінің бұзылуына, ұйқысыздыққа шағымданады. Қарағанда шынтақ бүгілісінің аймағындағы көктамыр бойында көптеген тығыздалған және ұсақ қан құйылулар байқалады. Болжам диагноз қойыңыз

Абстинентті синдром

Науқас айнаға қарап: «Түсінбеймін! Бет менікі, бірақ менің жан-дүнием мүлдем бұрынғыдай емес» дейді

деперсонализация

Іс-қимылдың активтілігімен, алаңдаумен, кейде тремор, ішкі күйзеліспен, тахикардия, артериялық қан қысымның жоғарлауымен жүретін жағдай

Үрей

Науқас А., 32 жаста. Бірнеше апта бойы мүлдем қозғалыссыз,тізесі ішіне қарай бүгілген бірқалыпты қалыпта жатыр. Сөйлемейді,сұрақтарға жауап бермейді. Бетінде мимикасы жоқ және аузынан сілекей ағады. Науқасты кез-келген позаға тұрғысса, сол қалыпта 10-15 минутқа дейін тұра алады. Төсекке жатқанда ауалы жастықша симптомы байқалады. Бұндай жаздайда науқасқа қандай топтың препараттары жақсы көмектеседі

нейролептиктер

Науқас М., 68 жаста. Жаңа пәтер алғанан кейін аурып қалды. Жаңа ортаға үйрене аламайғандықтан, үрейлі, жаман жағдайларды күтті. ұйқы, асқа деген тәбетті нашарланды.Үй шаруасымен айналасуды тоқтатты. Үрей күннен-күнге үдей түсті, осыған байланысыты психиатриялық стациаонарға жатқызуға жолдама алды. Бөлмеде әрі-бері жүріп өзіне орын таба алмай жүр. Көңіл күйі төмен, Үнемі үйінде бір нәрсе болып қалғандай жағадайда жүрді. Синдромды атаңыз

үрейлі-депрессивті

Науқас М., 30 жаста. Психиатриялық стационарда жатыр.3 күн арасында әңгімеге мүлдем түскен жоқ,бөлімшеде ешкіммен араласпай өзімен өзі жүреді.Біраз уақыт өткеннен өзін басқа әлемде болғанын,ол әлемде әр адамның өзінің нақты нөмері болатынын айтады. Науқастың номері 1110 «Барлық адамдар және мен жатып қозғалдық барлығы сары тұманда болды». Бүкіл әлемнің адамдары теңіз тілінде сөйлейді.Қорқынышты болды, бірақ қызық. Өкінішті менің ол жақтан қайтып келгенім.Синдромды атаңыз


онейроидты синдром

Науқас 62 жаста, зейнеткер, психиатриялық стационарда емделіп жүр. Ешкіммен араласпайды, оңаша отырады, көңіл-күйі үнемі төмен. Уақытының көп бөлігін төсекте өткізеді, бірақ ұйықтамайды, жиі терең күрсінеді. Дәрігермен әңгіме барысында қатты қобалжиды, аздап қолдары дірілдейді. Жейдесінің етегін қолымен тартқылайды, көзі жасқа толы. Көңіл-күйінің жоқтығына, ұйқысыздыққа, әртүрлі мазасыз ойларға шағымданады. «Ешкімге қажет емеспін, жалғызбын, өмір сүрудің керегі жоқ» деп ойлайды. Кеше туған баласы кездесуге келсе де, жақындарының барлығы қаза болған деп есептейді». Науқасқа жақсы әсер ететін препарат

амитриттилин

Науқас жасыл шөптердің оның ойына әсер ететінін айтады. Ойын улап, науқас тән емес ойларды енгізеді»-, деп ойлайды. Бұндай жағдайда науқасқа қандай топтың препараттары жақсы көмектеседі

нейролептиктер

Науқас көршісінің видеокамераның көмегімен оның қозғалысы мен сөзін бақылап бағыттап отырады деп айтады. Көшеге шығудан қашады,оның айтуымен «сәулелер жылдам жетеді». Науқасқа жақсы әсер ететін препарат

трифтазин

Әйел, 30 жаста. Жүректің соғуына, жүрек жұмысының тоқтап қалу сезіміне, ентігуге, әлсіздікке шағымданады. Объективті: жағдайы орташа, есі анық. Тері қабаты ақшыл. Өкпеде қалыпты тыныс, сырылдар жоқ. ТАЖ– минутына 18 рет. Жүрек тондары тұйық, аритмиялы. Пульсі әлсіз толыққан, ырғағы дұрыс емес, минутына 68-90 соққы. АҚ 90/60 сын.бағ ЭКГ-да: ырғағы дұрыс емес, құлақшаның фибрилляциясы, АВ –ның толық блокадасы бар. Осы ЭКГ өзгерістері қай синдромға тән

Фредерик

Ер адам, 26 жаста. Жүрек айнуға, құсұға, үдемелі бас ауырсынуына шағымданады. Анамнезде: абайсыздықтан бірнеше сағат бұрын жүк арту кезінде ағаштың басына құлауына байланысты жарақат алған. Есін жоғалтқан жоқ, көмекке шақырмады. Жағдайы 5 сағаттан кейін нашарлай бастады, яғни жоғарыда аталған шағымдармен, сондықтанда ЖМК шақырған. Объективті: жағдайы ауыр, мазасыз, басының қатты ауырсынуына байланысты өзін қоярға жер таппай ыңылдап аунайды. Қалтырап, тырысу байқалады. Дем алу қорылдап, үзіліспен. Жүрек тондары тұйықталған, брадикардия. АҚ 90/60 сын.бағ. Патологиялық рефлекстер байқалады. Қандай диагноз коясы

БМЖЖ. Бассүйек ішілік қанкету. Бас миының жаншылуы

Ер адам, 58 жаста. Ауа жетпейтін сезімге, ентігуге, ақшыл қызыл түсті көпірген қақырықты жөтелге, мазасыздыққа әлсіздікке шағымданады. Анамнезде: 10 жыл бойы артериялық гипертензиямен ауырады, гипотензиялық дәрілер ішпейді. Жағдайының нашарлауы 3 сағат көлемінде болған. Жалпы жағдайы ауыр, есі анық, қозу үстінде. Беті қызарған. Өкпеде анық өкпелік дыбыс, аускультативті – барлық өкпе аймағында ылғалды ірі және ұсақ көпіршікті сырылдар. ТАЖ- минутына 30 рет. Жүрек тондары тұйық, ырғағы дұрыс, ЖЖЖ-100 1 мин. АҚ 210/100 сын.бағ. Іші жұмсақ, ауырсынбайды, бауыр ұлғаймаған. ЭКГ-да: ырғағы дұрыс, синусты. Сол жақ қарыншаның гипертрофиясы. Сіздің диагнозыныз



Артериялық гипертензия III дәреже. Қауіп 3. Гипертониялық криз I типі. Өкпе ісінуі

Ер адам, 42 жаста. Жүрек қағуына, еңтігуге, басының айналуына шағымданады. Анамнезіңде: 10 жыл көлеміңде ЖИА ауырады, БӨМИ (ПИМ 3 жыл бұрын). 30 мин бұрын физикалық күш түсуден кейін дамыған. Объективті: орташа ауырлық жағдайда, санасы айқын, тері жамылғысы бозарған, акроцианоз. Өкпеде тынысы везикулярлы, сырылдар жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, аритмиялық, тахикардия, ЖЖЖ 140 мин., пульс 140 мин. АҚ 90/50 мм.сын.бағ. ЭКГ-да суправентрикулярлы тахикарлия. Жедел жәрдем бригадасымен изоптин жасалынды, бірақ ұстама басылмады. Жедел жәрдем бригадасынын ары қарай тактикасы:

изоптинді қайталап еңгізу

Ер адам, 38 жаста. Шағымдары: ас қабылдағаннан кейін эпигастрий аймақта сыздап, басып ауырсыну пайда болады, жүрек айнуына, жеңілдік әкелетін асқазан ішіндегі тағам құрамымен құсуына, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Нәжісі күнделікті, патологиялық қоспаларсыз, қалыпты. Екі күн бойы сырқаттанған. Екі күн бұрын, алкоголь мен майлы тамақ қабылдағаннан соң ауырсыну күшейіп, құсу қосылған. Болжамды диагноз

асқазанның ойық жарасы

Науқас 39 жаста. Шағымдары – тыныс шығарумен қиындаған еңтігу, ұстама тәрізді құрғақ жөтел, мұрыннан су ағу. Анамнезінде –автобуста келе жатқан, аяқ астынан әтір иіс пайда болып еңтігу басталған. ЖЖ бригадасы келгенге дейін дәрі қолданбаған (бітіп қалған). Тексерген: ортопноэ, мұрын-ерің ұшбұрыш цианозы, мұрыннан шырышты бөліністер. Кеуде клеткасы эмфизематозды. Перкуссияда –қорабты дыбыс. Өкпе экскурсиясы төмендеген. Аускультация – қатқыл тыныс фонында көптеген құрғақ ысқырықты сырылдар. ТАЖ – 32 минутына. АҚ – 120/80 мм.с.б. ЖЖЖ – 102 минутына. Осы науқасқа қарсы көрсетілген:

Наркотикалық анальгетиктер

Әйел адам, 28 жаста. Іштің төменгі бөлігінде пайда болған, тік ішекке берілетін жедел ауырсынуға шағымданады, ауырсыну, ауыр суға толы бакты көтергеннен кейін пайда болған. Объективті: бозарған, суық жабысқақ тер басқан, құсу мен нәжіс шығарудың бұзылысы пайда болды. Аналық без апоплексиясы кезінде, түтіктік жүктіліктің жыртылуы кезінде қандай белгі болмайды

жатырдан қанды бөлінділер

Әйел, 25 жаста. Құрсақтың төменгі бөлігіндегі артқы өтіске берілетін жедел ауырсынуға, жалпы әлсіздікке, бас айналуға шағымданады. 30 мин алдын жедел ауырған. Анамнезінде: ретсіз етек кір циклі. Соңғы етек кірі - 2 ай бұрын. Объективті: науқастың түрі бозғылт, әлсіз. Пульс минутына 120 рет, ЖЖЖ минутына 120 рет, АД 85/50 мм сын.бағ. Гипогастральді аймақта іші ауырсынбайды. Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Жыныс жолынан қан аралас бөлінді анықталды. Болжамды диагнозыңыз


гинекологиялық бөлімшесіне тасымалдау

Ауру, 58 жаста. Бел аймағында ұстама тәрізді ауырсыну, зәрі қан аралас. Анамнезі: кенеттен бүйректің шаншуы басталды. Кішкенеден соң макрогематурия көрінді. Объективті: жағдайы орташа. Өкпе мен жүректе патологиялық өзгеріс жоқ. Қандай патология жайында ойлануға болады

тостағаншада тас

Әйел адам, 32 жаста, жүктілік 38апта+3күн – екінші жүктілік, екінші босану. Қарау кезінде: ретті, ырғақты, үдемелі сипатты толғақ анықталады, ұрық маңы суы кеткен. Тасымалдау кезінде, ЖМК көлігінде босанушыда күшену басталып, ұрықтың қолы бірінші болып түсті. Осы жағдайдағы ЖМК бригадасының тактикасы

аралыққа салфетка салып жақын жердегі босану үйіне жеткізу

Ер адам, 69 жас. Кеудедегі қатты ауырсынуға, ентігуге, жедел әлсіздікке шағымданады. Анамнезінде: физикалық жүктеме кезінде кенеттен ентігу және кеудеде ауырсыну пайда болған. Анамнезінде оң жақ аяғының декомпенсациялық тромбофлебиті анықталған. Қарау барысында: жағдайы ауыр, есі анық, қозған, диффузды цианоз. Оң жақ өкпеде жауырын деңгейінде сырылдар естіледі. ТАЖ – минутына 26 рет. Жүрек тондары тұйықталған, дұрыс ырғақты. ЖЖЖ- минутына 120 рет. АҚ 110/80 мм.сын. бағ. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. ЭКГ-да: ырғағы дұрыс, синусты, II, III, AVF-те P-Pulmonale, Гисс шоғырының оң аяқшасының блокадасы. Сіздің диагнозыңыз

өкпе артериясының тромбоэмболиясы

Көміртегі тотығынан улануды емдеудің ең тиімді әдісі:

гипербариялық оксигенация

Бала 6 жаста. Анасының айтуы бойынша 3 күннен бері ауырады, тұмау болған, температурасы субфебрильді. Күні бұрын жөтел пайда болған, дем шығаруы қиындаған. Жалпы қарағанда: бала мазасыз, температурасы-37,2,ТАЖ-36, пульс-128. Аңқасы гиперемияланған. Перкуторлы өкпеде қорабтық дыбыс естіледі. Аускультацияда тынысы қатқыл,тыныс шығаруы ұзарған, өкпенің барлық аймағында құрғақ ысқырықты сырыл естіледі. Жүрек тоны анық, ырғақты. Іші жұмсақ. Үлкен дәреті жəне диурез қалыпты. Сіздің тактиканыз:

аэрозоль сальбутамол, аминофиллин ерт. 2,4% 0,6мл б/е, балалар ауруханасына тасымалдау

Науқас 35 жаста. Шағымдары: жалпы әлсіздік, тез шаршағыштық, тәбетінің төмендеуі, салмағының түсуі, куннің екінші жартысында температурасы 37,4, периодты құрғақ жөтел, тыныштықта аралас типті еңтігу. Анамнез – жарты жыл көлемінде басқа мемлекетте болған. Келгеннен кейін (10 күннен кейін) жоғарыдағы шағымдар мазалаған. Дәрігерге бармаған. Өзі емделген. Жағдайынын нашарлауы кешке басталған. Тексергенде – нормостеникалық тип, ас қабылдау төмен. Тері жамылғысы құрғақ. Т-36,9. Перкуссияда – өкпелік дыбыс. Аускультация – везикулярлы тыныс, өкпенің жоғарғы бөлігінде бірен-саран құрғақ сырылдар. ТАЖ – 22 минутына. АҚ – 100/60 мм.с.б. ЖЖЖ – 92 минутына. Бірінші көмек көрсетініз:


Оксигенотерапия, инфузионды терапия

Ер бала көшеде ес-түссіз жағдайда табылған. Тексергенде соққан соғылған белгілер жоқ. Тері жамылғысы айқын цианозбен, қолында вена бойында иньекция ізі анықталады. Тынысы сирек, беткей апное белгілерімен, 8 – 10 1 минутта. Жүрек тоңдары тұйықталған, ЖЖЖ - 60 1 минутта. Науқасқа қандай препарат еңгізу керек:

налоксон

Әйел адам 30 жаста, жүктілік 36 апта. Басының ауырсынуына, басының айналуына, жүрек айнуына, құсуға, аяқтың ісінуіне шағымданады. Объективті: жалпы жағдайы ауыр, санасы тежелген, клонико-тоникалық тырысулар анықталады. Өкпесінде тынысы әлсіреген, сырылдар жоқ, ТАЖ 32 мин. Жүрек тоңдары тұйықталған, ритм дқрыс, ЖЖЖ 100мин. АҚ 170/110 мм.сын.бағ. Ұрықтың жүрек соғысы сақталған. Емдеу жоспарынан қандай дәрілік затты толықтай алып тастайсыз:

полиглюкин

Егде жастағы науқаста төс артында кенет ауырсыну, кейін құрғақ жөтел, бас айналуы пайда болды. Сәл кейінірек инспираторлық ентігу және терінің бозаруымен қосарласқан цианоз пайда болды. Визуалді эпигастралдық аймақта патологиялық пульсация анықталады. Перкуторлық – жүректің оң жақ бөлігінің кеңеюі, аускультативті- ІІ тонның акценті және оның өкпе артериясының үстінде екіеселенуі байқалады. Болжамды диагноз

өкпе артериясының тромбоэмболиясы

Әйел, 45 жаста. Бас ауруына, айналуға, жүрек соғысына, тұла бойының дірілдеуіне мазасыздануға әлсіздікке шағымданады. Анамнезде: 6 жыл бойы артериальді гипертензиямен, АҚ 200/120 сын.бағ. дейін көтеріледі, арифон ішеді, капотен тұрақты емес. Жоғарыда аталған шағымдар 2-3 сағат көлемінде психоэмоциональды күйзелістен кейін басталды. Жалпы жағдайы орташа, есі анық. Тері қабаты қызарған, құрғақ. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. ТАЖ 20 соғыс 1 минутта. Жүрек тондары тұйық, қолқада II тонның күшеюі, ырғағы дұрыс, ЖЖЖ 110 1 мин, пульс қатты. АҚ 220/120 сын.бағ. Ошақты неврологиялық симптоматикасы жоқ. ЭКГ-да: ырғағы дұрыс, синусты. Сол жақ қарыншаның гипертрофиясы. Сіздің диагнозыныз