ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 12.12.2023
Просмотров: 94
Скачиваний: 2
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Қысқа мерзімді жоспар-1
Бөлім: | 7.4 XIХ ғасыр -XX ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті | |
Педагогтің аты-жөні | | |
Күні: | | |
Сынып:7 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | XIX ғасырдағы мәдениеттің дамуы. Зерттеу сұрағы: Неге XIX ғасыр қазақ халқының дәстүрлі музыка өнерінің гүлденген дәуірі деп саналады? | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 7.2.1.1 салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың құндылықтары мен маңыздылығын анықтау; | |
Сабақтың мақсаты | XIXғ. өнер туындыларының қоғамдағы саяси-әлеуметтік жағдайды танып білудегі орнын анықтау |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдасты ру кезеңі | Ұйымдастыру сәті. Оқушылардың болжам жауаптары арқылы зерттелетін мәселе анықталады. -Салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптардың құндылықтар қандай? Сабақ тақырыбы пысықталып, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері оқушыларға таныстырылады. | Оқушылар өз жауаптарын ұсынады | мадақтау | Мұғалім презентациясы http://www.youtube.com/watch?v=2gWZeee4rO8 |
Жаңа сабақ | Мәтінмен жұмыс Зерттеу сұрағы: Неге XIX ғасыр қазақ халқының музыка өнерінің гүлденген дәуірі деп саналады? Зерттеу мен талдау Тапсырма. «Сұхбат беру» Оқушыларға қазақтың салт-дәстүрлерінен мәтін таратылады. Сұхбат сұрақтары слайдтан көрсетіліп немесе карточкаға жазылып ұсынылады. 1.Бесік той 2.Шілдехана 3.Сүндет той 4.Тұсау кесер 5.Қыз ұзату ЕББҚ: оқушыға тапсырманың нақты бір бөлігін ерекшелеп көрсетіп беріледі. Тапсырма «Сұхбат беру» -Салт-дәстүр қалай өткізіледі? -Салт-дәстүрлерге көзқарасыңыз туралы ой бөліссеңіз. -Салт-дәстүрлердің қандай ерекшеліктері бар? Неліктен? -Бүгінгі ұрпақ XIX ғасыр қазақ халқының музыка өнерінің гүлденген дәуірі деп санайды. Сіз осы пікірмен келісесіз бе? Өз ой-пікіріңізді түсіндірсеңіз. Интерпретация Сабақ соңында«Неге XIX ғасыр қазақ халқының музыка өнерінің гүлденген дәуірі деп саналады?» деген зерттеу сұрағына қайта оралу. Зерттеу сұрағының жауабын алу үшін төмендегі тапсырманы ұйымдастырылады. XIX ғ. өнер тұлғалары, олар ........... XIX ғ. өнер тұлғаларының туындыларындағы негізгі ой... Шығармаларындағы ақпараттан қоғамдағы саяси-әлеуметтік жағдайдың... болғанын байқаймыз. Қазақ қоғамында өнер иелерінің орны..........болды. ЕББҚ: оқушыға жеке жұмыс кезінде қасындағы сыныптастары және мұғалім диалог арқылы қолдау жасайды | Дескриптор: - Өнер иелері өмір сүрген кезең мен қоғамда қалыптасқан саяси-әлеуметтік жағдайды сипаттайды; -Өнер тұлғаларының шығармалардағы негізі идеяны талдайды; -Өнер саңлақтарының қоғамдағы орнына баға береді. Дескриптор: -Берілген тұжырымды дәйекпен дәлелдейді | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады «Ең үздік жауап» «Алақан-жұдырық» «Жұлдызшалар» «Бармақпен» | Тақырыптық ақпараттық мәтіндер Ақпараттық карточкалар Қосымша-2 Сұхбат үлгісі "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Алматы, "Қазақ энциклопедиясы", 1998 ж. 4-том Қосымша-3 Таратпа-мәтіндер |
Қорытынды | Кері байланыс «Жемістер» Сабақ өте қызықты өтті.Маған бәрі ұнады. Маған сабақ ұнады. Бірақ мәлімет аздау болды. Тапсырма түсінікті болмады, маған сабақ қызықты болған жоқ. | Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | ҚБ – сабақтағы өз әрекетіне рефлексия жасау; | А4, конспект |
Үй тапсырмасы | «Қазақтың өнері өшпес асыл мұра» Эссе | | | |
Қысқа мерзімді жоспар-2
Бөлім: | 7.4 XIХ ғасыр -XX ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті | |
Педагогтің аты-жөні | | |
Күні: | | |
Сынып:7 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | XIX ғасырдағы мәдениеттің дамуы. Зерттеу сұрағы: Неге XIX ғасыр қазақ халқының дәстүрлі музыка өнерінің гүлденген дәуірі деп саналады? | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 7.2.2.1 халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау; | |
Сабақтың мақсаты | XIXғ. өнер туындыларының қоғамдағы саяси-әлеуметтік жағдайды танып білудегі орнын анықтау |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдастыру кезеңі | Ой шақыру: Сынып бөлмесіндегі мәліметтерге сүйене отырып, оқушылардан сабақ тақырыбы қандай болуы мүмкіндігі сұралады.
-Суреттер мен мәтіндер мазмұнына қарап бүгінгі сабақтың тақырыбы қалай аталуы мүмкін? Оқушылардың болжам жауаптары арқылы сабақ тақырыбы анықталады. Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. | Оқушылар суреттер бойынша өз жауаптарын ұсынады | мадақтау | Мұғалім презентациясы XIX ғ . өмір сүрген өнер тұлғаларының суреттері |
Жаңа сабақ | Зерттеу сұрағы: Неге XIX ғасыр қазақ халқының музыка өнерінің гүлденген дәуірі деп саналады? Зерттеу мен талдау 1-тапсырма. Ұғымдармен жұмыс. 1.Күй 2. Терме 3. Ән 4. Айтыс 5. Күйші 6. Сал-сері A)Қазақ халқының аспапта ойналатын музыкалық жанры B)Ақылымен нақылы бар өлеңді әуен.Термеде күнделікті тұрмыс-тіршілікке қатысты жайттар, ата-бабасының өсиетін, өмірлік қағидасын қадір тұтуға үйретеді. C)Музыка және поэзия өнерлерінің ортақ туындысы D)ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Е)домбырада, қобызда, сыбызғыда күй орындаушы - музыкант. Күйшіні домбырашы, сыбызшы, қобызшы деп те атайды F) Дәстүрлі қазақ қоғамында өлең мен әнді серік еткен, жүріс-тұрысы мен киімімен ерекшеленіп той-думан мен той-топырдың көркіне айналған өнер иесі. ЕББҚ: оқушы шығарылып берілген тапсырманы орындайды 2-тапсырма.Мәтінмен жұмыс. «Зерттеуді жариялау» 1.Құрманғазы Сағырбайұлы 2.Тәттімбет Қазанғапұлы 3.Ақан сері Қорамсаұлы 4..Мұса Байжанұлы 5.Дәулеткерей Шығайұлы 6. Мұхит Мералыұлы Еркін жазу Өнер - таусылмас азық, сарқылмас байлық! «Кластер» әдісі бойыншатірек-сызбамен жұмыс. сазгер ЕББоқушыға тапсырма шығарылып беріледі. | Дескрипторлар: -сөздердің мағынасын анықтайды; -сөздердің мағынасымен берілген жауаптарды сәйкестеніреді; Дескриптор: -XIX ғ өнер туындыларынансол кезеңде қоғамда қалыптасқан саяси-әлеуметтік жағдайдың кемінде 1-уін сипаттайды; -XIX ғасырдағы өнер тұлғаларының өмірлерін және кемінде 1 туындысының шығу тарихын, оның негізгі идеясын талдайды; -Өнер саңлақтарының қоғамдағы орнын нақтылайды Дескриптор: - XIX ғ. өнер тұлғаларыныңтарихи кезеңдегі ролін көрсетеді; - XIX ғ. қоғам көріністерінен мысал келтіру арқылы өнер иелерінің туындыларын тарихи дереккөз ретінде бағалайды | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады «Ең үздік жауап» «Алақан-жұдырық» «Жұлдызшалар» «Екі жұлдыз,бір ұсыныс» «Бармақпен» | Қосымша-2 Таратпа-мәтіндер (Сынып қабырғалар- ындағы) Оқулық Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т. Қазақстан тарихы Жалпы бiлiм беретiн мектептiң 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2012. Қосымша-3 Тірек-сызба таратпа |
Қорытынды | Кері байланыс «Бағдаршам» -Мен барлығын түсіндім-жасыл -Мен орташа түсіндім-сары -Ешнәрсе түсінбедім-қызыл | Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | ҚБ – сабақтағы өз әрекетіне рефлексия жасау; | А4, конспект |
Үй тапсырмасы | XIX ғасырдағы мәдениеттің дамуы. | | | |
Қысқа мерзімді жоспар-3
Бөлім: | 7.4 XIХ ғасыр -XX ғасырдың басындағыҚазақстанның мәдениеті | |
Педагогтің аты-жөні | | |
Күні: | | |
Сынып:7 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | XIX ғасырдағы мәдениеттің дамуы. Зерттеу сұрағы: Неге XIX ғасыр қазақ халқының дәстүрлі музыка өнерінің гүлденген дәуірі деп саналады? | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 7.2.2.3 ұлттық музыкалық аспаптардың қолдану ерекшеліктерін сипаттау | |
Сабақтың мақсаты | Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспаптарын қолдану ерекшеліктеріне сай ажырату; XІХ ғасырдағы халық ауыз әдебиеті мен музыка өнері туындыларының тарихи дереккөзі ретінде құндылығын бағалау. |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||||||||||||||||||||
Ұйымдастыру кезеңі | Миға шабуыл Б Мұғалім жаңа тақырыпты зерттеу үшін қажетті бар білімді өзектілендіру үшін оқушыларға Ұлытау тобына қатысты суреттер топтамасын ұсынып, олардың орындауындағы «Адай» күйін тындатып, сұрақтар қояды. Мұғалім оқушыларға келесі сұрақтарды талқылауды ұсынады:
Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру. | Оқушылар «Адай» күйін тындап,сұрақтарға өз жауаптарын ұсынады | мадақтау | «Ұлытау» тобының суреттері. «Ұлытау» тобының орындауындағы «Адай» күйі | |||||||||||||||||||||
Жаңа сабақ | Кестемен жұмыс. Оқушыларға қазақ халқының дәстүрлі музыкалық аспаптары бейнеленген сурет ұсынылады. Оқушылар сол суреттегі дәстүрлі музыкалық аспаптарды дыбыс ерекшеліктеріне қарай алты топқа жіктеледі.
ЕББҚ оқушыны өзін сыныптан шеттетілгендей сезінбеуі үшін мұғалімнің үстеліне жақын, мінез-құлқы жайлы балалардың тобына орналастыру. Зерттеу мен талдау тапсырмасы Оқушылар белгілі бір күйші-сазгер туралы ақпарат жинап, зерттеуі қажет.
ЕББҚ оқушыға қолдау көрсету мақсатында суреттің үлкен нұсқасын ұсынамын. | Дескриптор: Соқпалы-шулы қазақ халқының дәстүрлі музыкалық аспаптарының кем дегенде 1-2-уін дұрыс ажыратады және жіктейді; Дескриптор: - ХІХ ғ. күйші-сазгерді атайды; -Күйші-сазгердің туындыларындағы негізгі идеяны анықтайды; -Тарихи дереккөз ретінде күйші-сазгердің туындыларының құндылығын бағалайды. | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады «Жұлдызшалар» «Екі жұлдыз,бір ұсыныс» | дәстүрлі музыкалық аспаптары бейнеленген сурет (Қосымша 1) ұлттық аспаптар суреттері Тақырыптық кестелер Күйшілер суреттері | |||||||||||||||||||||
Қорытынды | « Білімді стикер». Мына сұрақтар бойынша жауап береді. - Не білдім? - Не білемін? - Не білгім келеді? | Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | ҚБ – сабақтағы өз әрекетіне рефлексия жасау; | А4, конспект | |||||||||||||||||||||
Үй тапсырмасы | Күйшелер туралы реферат дайындау | | | |
Қысқа мерзімді жоспар-4
Бөлім: | 7.4 XIХ ғасыр -XX ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті | |
Педагогтің аты-жөні | | |
Күні: | | |
Сынып:7 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы | XIX ғасырдағы білім беру мен ағарту ісі. Зерттеу сұрағы: XIX ғасырда Қазақстанда оқу-ағартушылық мекемелер қандай түрде дамыды? | |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары | 7.2.3.2 XIX ғасырдың екінші жартысындағы білім беру мен ағарту ісінің даму ерекшеліктерін түсіндіру | |
Сабақтың мақсаты | XIXғ. ІІ жартысындағы Қазақстанның білім беру мен ағарту ісінің ерекшеліктері мен мақсат-міндеттерін талдайды |
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі/ уақыт | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар |
Ұйымдастыру кезеңі | Ұйымдастыру сәті. Ой шақыру. Жаңа тақырыпты ашу үшін тірек сөздер ұсынып, сыныптық талқылау ұйымдастырыңыз. Тірек сөздер: - Мектеп, білім, мамандық, сауатсыздық қараңғылық Оқушылар жауаптары тыңдалып болған соң, жаңа сабақ тақырыбы анықталады. Сабақ мақсаты мен бағалау критерийлері таныстырылады. | Оқушылар мектеп, білім, мамандық, сауатсыздық қараңғылық сөздердің мағынасын ашып, өз жауаптарын ұсынады | мадақтау | Презентация Жәңгір хан портреті |
Жаңа сабақ | Зерттеу сұрағы:«XIX ғасырда Қазақстанда оқу-ағартушылық мекемелер қандай түрде дамыды?» Жаңа ұғымдармен жұмыс. Медресе,Ғақлия,Жадидтік мектептер Ағартусаласы,Зайырлы мектеп,Интернат Училище XIX ғасырда Қазақстандағы оқу-ағартушылық мекемелердің жай-куйі туралы қысқаша шолу жасалынады. Зерттеу мен талдау 1-тапсырма. Суретпен жұмыс. С уретті зерттеңіз; Суреттен алған жалпы әсерді сипаттаңыз; Суреттегі адамдар, нысандар және іс-әрекеттерді анықтап, суреттен қорытынды жасаңыз. 2-тапсырма. Мәтінмен жұмыс Оқушыларға тақырып мазмұнын ашатын ықшамдалған мәтін ұсынылып тапсырма беріледі. XIX ғасырдағы қазақдаласындағы діни мектептер; XIX ғасырдағы Қазақстандағы зайырлы мектептер; XIX ғасырдағы Қазақстандағы кәсіптік мектептер Интерпретация «XIX ғасырда Қазақстанда оқу-ағартушылық мекемелер қандай түрде дамыды?»деген сұраққа кері оралып, сұрақ төңірегінде талқылау ұйымдастырыңыз. ЕББҚ оқушыға мадақтау арқылы қолдау көрсетіледі. «ПТМС» талдау. Қолдануға қажетті кілт сөздер:орыс қазақ мектептері, приход мектептері, реалдық училишелер, қыздар мен ер балалар гимназиясы, ауыл шаруашылық мектептері, малдәрігерлік мектеп, қолөнер мектебі, теңізде жүзу мектебі, әскери гимназия, Омбы мұғалімдер институты, Ташкент мұғалімдер институты т б «ПОПС» формуласы бойынша төрт сөйлеммен сабақты қорытындылайды.
ЕББҚ маңызды кездесетін термин сөздерді атайды не жазып көрсетеді | Дескриптор: Суреттегі нысандарды бір-бірімен байланыстырып, тарихи әңгіме құрастырады; Тарихи кезеңнің басты ерекшелігін түсіндіреді; Тақырыпқа қатысты нақты білімді кемінде 2 дәйек беру арқылы қорытындылайды. Дескрипторлар: XIX ғасырдағы қазақ даласындағы кәсіптік мектептердің атауын атайды; -Қазақ қоғамындағы кәсіптікмектептер әкелген өзгерістердің жағымды және жағымсыз жақтарын талдайды. Дескриптор: -Жауап құрылымын сауатты құрайды; -Дәйекпен дәлелденген жауапты береді; | ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады «Ең үздік жауап» «Алақан-жұдырық» «Жұлдызшалар» Кері байланыс. Мұғалімнің бағалауы. «Екі жұлдыз,бір ұсыныс» «Бармақпен» | . Қосымша-1 Кесте-таратпалар, Суреттер топтамасы Қосымша-2 Мәтін таратпаларhttps://kk.wikipedia.org/wiki/Қазақстанның_ХХ_ғасырдың_бас_кезіндегі_оқу-ағарту_ісі Қосымша-3 «ПОПС» тапсырмасы және кілт сөздер жазылған карточка |
Қорытынды | Кері байланыс Бүгінгі сабақтан мен не білдім? Сабақ барысында қандай қиындыққа кездестің? Сабақ барысында қандай сұрақ туындады? | Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады | ҚБ – сабақтағы өз әрекетіне рефлексия жасау; | А4, конспект |
Үй тапсырмасы | XIX ғасырдағы білім беру мен ағарту ісі | | | |