Файл: ыса мерзімді жоспар1.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 12.12.2023

Просмотров: 97

Скачиваний: 2

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.

Бекітемін: Пұсырманова.Г

     Кадет корпусын 1853 жылы он жеті жасында бітірген Шоқан Батыс Сібір генерал губернаторының кеңсесінде қызметке қалдырылады. Бір жылдан кейін Батыс Сібір мен Қазақстанның солтүстік шығыс аудандарын басқаратын генерал губернатор Гасфорттың адьютанты болып тағайындалады. Осы қызметті атқара жүріп, ол Орта Азия халықтарының тарихын, этнографиясы мен жағрафиясын зерттеуге белсене араласады. 1854 жылы кадет корпусындағы ұстазы Костылецкийдің өтініші бойынша көрнекті шығыстанушы, Қазан университетінің профессоры Н.И.Березиннің тапсырмаларын орындайды. Березин Шоқан жинаған қазақтың ауыз әдебиеті нұсқалары, «Қозы Көрпеш Баян сұлу» жырымен таныс еді. Жас ғалым әйгілі профессор Березин бастырып шығарған "Тоқтамыс ханның жарлығы мен басқа да хан жарлықтары туралы еңбектерге тыңғылықты талдау жасайды. Бұл оның алғашқы ғылыми зерттеулерінің бірі еді. Жастығына қарамай, оның білімдарлығын, әсіресе, шығыс әдебиеті мен тарихын жақсы білетіндігін сол кездегі орыс ғалымдары да жоғары бағалап, мойындай бастайды.Өсімдіктер әлемінің қолайлы жағдайды талап ететіні сияқты қоғам да өзінің кедергісіз дамуы үшін қолайлы жағдайды талап етеді. Алайда ғалым табиғат зандары мен қоғам арасындағы айырмашылықты ажыратып көрсетеді. Табиғаттың дамуы физикалық зандарға негізделсе, қоғамда олар әлеуметтік зандардың күшімен, яғни қоғамдық өмірдің әртұрлі жақтарымен, тайпалық организм өмірінің шарттарымен толығады.

1855 жылы Батыс Сібір генерал-губернаторымен бірге СемейАягөз, Қапал арқылы Алматыға дейін келіп қайтады. Осы сапарында қазақ, қырғыз, ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихы мен этнографиясының материалдарын жинай жүреді. Бұл материалдар негізінде кейін ол «Тәңірі (құдай)», «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» деген еңбектер жазады. Сол сапардан кейін оның әскери лауазымы бір сатыға жоғарылап, поручик шенін алады.

1856 жылы полковник М.М. Хоментовский басқарған әскери-ғылыми Ыстықкөл экспедициясына қатысып, қырғыз елін жете зерттейді. Қырғыздар мен Ұлы жүз қазақтарының тарихы, этнографиясы жайлы мәліметтер жинайды, ауыз әдебиетінің нұсқаларын жазып алады. Әлем ғалымдары арасында тұңғыш рет "Манас" эпосының ең шұрайлы бөлігі "Көкетай ханның ертегісі" жырын жазып алады. Манас - халық даналығының туындысы, барша халық ертегілерінің, хикаялары мен аңыздарының, география, дін және салт-сана, әдет-ғұрпы жөніндегі түсініктерінің энциклопедиялық жинағы - дала Илиадасы" деп бағалады. Қырғыздардың көне тарихы жөнінде жазған К.Риттердің, А. Гумбольттің, шығыстанушы ғалымдар Шотт пен Клапроттың еңбектеріне сын айтады, Бұдан кейін 
Құлжа қаласында болып, оның қорытындысында Шығыс Түркістанның өткені мен бүгіні туралы зерттеулер жазады.

Осы сапарларда жинаған материалдарды ол «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Қазақтың халық поэзиясының түрлері туралы», «Ыстықкөл сапарының күнделігі», «Қытай империясының батыс өлкесі және Құлжа қаласы» атты еңбектерін жазуға пайдаланады. Табиғатты және ел тұрмысын Шоқан жазушылық шеберлікпен суреттейді. Осыдан барып оны орыс достары «Қазақ тақырыбына жазатын орыс жазушысы» деп атаған. Тарих, география саласындаы даңқы Петербург ғалымдарына да жетіп, жиырмадан жаңа асқан жас Шоқанды Орыс География қоғамының толық мүшесі етіп сайлайды.

Тамаша білім алып шыққан жас ғалым түрлі ғылыми экспедицияларға белсене қатысты. Бұл жөнінде ол Омбыда оқып жүрген жылдарында армандайтын. Қазақ даласын және онымен шекаралас жатқан елдердің аумағын, ондағы халықтардың тарихы мен жағдайын жаксы білетін Шоқанға орыс зерттеушілері де қатты қызығып, оның көмегіне мұқтаж болатын. 1855 жылы Шоқан Батыс Сібір генерал-губернаторы Г.Х. Гасфорттың Орталық Қазақстан, Тарбағатай мен Жетісу жеріне жасаған сапарына қатысады. Бұл сапарда қарапайым халықтың өмірімен танысып, қырғыздардын тарихи аңыз-әңгімелері мен жырларын жазып алды


Бөлім:

7.4 XIХ ғасыр -XX ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті


Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:7

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Шоқан Уәлиханов – алғашқы қазақ ғалымы.

Зерттеу сұрағы: Неге С. Мұқанов Шоқан Уәлихановқа арналған шығармасын «Аққан жұлдыз» деп атады?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.2.3.1 Шоқан Уәлихановтың ғылыми зерттеулерінің тарихи құндылығын анықтау

Сабақтың мақсаты

Ш.Уәлихановтың қазақ ғылымындағы ролін зерттейді

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

кезеңі


Ой шақыру:



-Шоқанның тұлғалық қасиеттерін атаңыз

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Оқушылар өз жауаптарын ұсынады

мадақтау

Мұғалім презентациясы

Жаңа сабақ

1-тапсырма. ТАЛДА

  1. Ш. Уәлихановтың өскен ортасы, білімі қандай болды?

  2. Қандай тұлғалық ерекшеліктері болған?

ЕББҚ оқушыларына (есту, көру, қабылдау деңгейі төмен)қосымша қолдау көрсету мақсатында үлестірме материал беріледі.

2-тапсырма. АНЫҚТА

Зеректігі, дарындылығы


Бірнеше тілдерді білуі


Терең тарихи білімділігі

Шешендігі













Деректі тарихи ақпарат ретінде бағала:


Ғалымдар

Пікір

Бағала

Г.И. Потанин

«Еуропаға ашқан терезе» секілді болды




С.Л. Капустин

Шоқан көрікті, аса сымбатты болды...




П.П. Семенов- Тянь-Шанский

әсіресе, көңілімді аударған екінші бір адамым – Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов болды.




ЕББҚ оқушылар негізгі термин сөздерді мәтіннен анықтайды;

3-тапсырма. ТАЛДА.

Ғылым салалары

Уақыты

Ғылымдағы жолы

Тарих







Этнография







География







СЕН БІЛЕСІҢ БЕ? (3 минут)

Қашғар сапары туралы Шоқанның ғылыми еңбегі көп кешікпей Англия мен Германия да жарыққа шыққан. 1859–61 жж. Петербургте тұрып, орыс ұлтының зиялы қауымымен жақын араласты. Өзін ғалым ретінде танытып, Орта Азия мен Шығыс Түркістан картасын жасады. Шығыстану университетінің тыңдаушысы болды. Өзі түркі тілдері бойынша курстар жүргізеді. 1861 жылы науқастанып, еліне оралды. 1864 жылы генерал Черняев экспедициясының құрамынан Әулиеата қамалын алу кезінде көрсеткен жауыздықтарына наразылық танытып шығып кетті

ДЕРЕКТЕРМЕН ЖҰМЫС

1. Еңбектері қандай тақырыптар мен мәселелерге арналды?

2. Ол неліктен саяси билікке араласқысы келді?

3. Оның еңбектерінің құндылығы неде

ЕББҚ маңызды кездесетін термин сөздерді атайды не жазып көрсетеді

Дескриптор: мәтінді оқып, Ш. Уәлихановтың өскен ортасы, білімі, тұлғалық ерекшеліктерін түсіндіре алады.
Дескриптор: Деректердің мазмұнымен танысып, Шоқанның ғылыммен айналысуына оның тұлғалық ерекшеліктерінің қайсысы көбірек әсер еткенін анықтай алады.

Дескриптор: Мәтінді оқып, Шоқанның қандай ғылым салаларымен айналысқанын талдай алады.
Дескриптор: Ш. Уәлихановтың еңбектерінен үзінділерді оқып, мәнін анықтай алады.


ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

«Ең үздік жауап»

«Алақан-жұдырық»
«Жұлдызшалар»

«Екі жұлдыз,бір ұсыныс»

«Бармақпен»



      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

кезеңі


Оқушыларға ұлы ағылшын жазушысы У.Шекспир мен Ұлы Абайдың портреттерін көрсету

Суреттерде кімдер бейнеленген?

Осы тұлғалар туралы небілесіңдер?

Қандай еңбектері үшін әлемге танымал болды?

Еңбектердің бүгінгі күні қандай маңызы бар?

«Ұлы», «Танымал» ұғымдарын қалайтүсінесіңдер? Бүгінгі күні ұлы, танымал болуы үшін қандай қасиеттерге ие болу қажет?

Оқушылар өз жауаптарын ұсынады

мадақтау

Абайдың суреті:

Шекспирдің суреті:


Жаңа сабақ

Зерттеу (Қара сөздер, оқулықпен жұмыс)

Абайдың қарасөздерінің бүгінгі күнгі өзектілігі мен маңыздылығын анықтау үшін зерттеу тапсырма беру

Қарасөздерді келесі бағыттар бойынша талдады ұсыну

Венн диаграммасы


Абай заманы

Бүгінгі заман


Абайдың қарасөздеріне негізделе отырып, жағдаятқа талдау жасайды \.

Сұрақ:

  1. Қазіргі жастардың жалпы адами құндылықтарға көзқарасы қандай және қандай баға береді?

  2. Өмірде өзінің лайықты орнын тауып, нәтижелі өмір сүру үшін адамға қандай қасиеттер керек?

ЕББҚ оқушы (есту, көру, ойлау қабілеті) тапсырманы саралау арқылы орындайды.

Деректермен жұмыс. Оқушыларға Абай туралы жазылған пікірлер мен естеліктерді ұсыну және кесте бойынша жұмыс жасату

Не білемін?

Не білгім келеді?

Қандай жолмен (қалай) білуіме, анықтауыма болады?










«Анықта»

Абайға қатыстылығын, байланысын анықтайды

  1. Александр Македонский (Абай «Ескендір» поэмасын жазды)

  2. Жаз («Жаз» өлеңі)

  3. Қарға мен түлкі (Абай И.Крыловтың «Қарға мен түлкі» мысалын аударды)

  4. Шәкәрім Құдайбердіұлы (Шәкәрім Абайдың шәкірті)

  5. А.С. Пушкин (Абай А.С. Пушкиннің шығармаларын аударды)

  6. М.Әуезов (М. Әуезов «Абай» романын жазды)

ЕББҚ оқушыларына (есту, көру, қабылдау деңгейі төмен)қосымша қолдау көрсету мақсатында үлестірме материал беріледі.

Дескрипторлар:

Қарасөздердің негізгі ойын анықтау. Қарасөздердің құндылықтарын анықтау.

Бүгінгі күнмен байланысын анықтау.

Дескрипторлар:

Абайдың қарасөздерінің қазіргі таңдағы маңыздылығына талдау жасайды;

Абай туралы жазылған пікірлер мен естеліктердегі негізгі идеяны анықтайды;


Дескрипторлар:

Абай тұлғасының өзге тұлғалармен байланысын анықтайды;

ҚБ Мұғалім оқушылар жауабын мұқият тыңдап кері байланыс беріп отырады

«Ең үздік жауап»

«Алақан-жұдырық»
«Жұлдызшалар»

«Екі жұлдыз,бір ұсыныс»

«Бармақпен»


Абайдың еңбектері.


Абай Құнанбаев (өмірбаяны,

еңбектері)

http://abai-inst.kz/
http://www.abay.nabrk.kz/index.php?page=content&id=76
http://www.zharar.com/kz/biography/1289-abay.html
Абай шығармалары

http://abai-inst.kz/?cat=3


Қорытынды


«Білім ағашы». Ағашқа сұрақтар жазылады/ ілінеді (стикер), оқушылар берілген сұрақтарға жауап береді

  1. Абайдың балалық кезі туралы не білесің?

  2. Абайдың дүниеге көзқарасын қалыптастыруға қандай факторлар әсер етті?

  3. Абайдың орыстың зиялы қауым өкілдерімен қарым қатынасы қандай болды?

  4. Абайдың аудармашылық қызметі туралы не білесің?

  5. Абайдың халық ағарту ісіне қосқан үлесі қандай болды?

  6. Ақынның шығармаларын ата

  7. Абайдың өлеңін жатқа үзінді оқы

  8. Абай жайлы роман жазып шығарған автор кім?

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады

ҚБ – сабақтағы өз әрекетіне рефлексия жасау;

А4, конспект


Үй тапсырмасы

Абай-ұлы ойшыл











Қысқа мерзімді жоспар-11

     

Бөлім:

7.4 XIХ ғасыр -XX ғасырдың басындағы Қазақстанның мәдениеті


Педагогтің аты-жөні




Күні:




Сынып:7

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Абай Құнанбаев – ұлы ойшыл.

Зерттеу сұрағы: Неліктен Абай Құнанбайұлын «Хәкім Абай» деп атады?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.2.2.2 Абай Құнанбаевтың ақын, ойшыл, қоғам қайраткері ретіндегі қызметіне баға беру

Сабақтың мақсаты

Абай Құнанбаевтың ақын, ойшыл, қоғам қайраткері ретіндегі қызметіне баға беру

      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру

кезеңі


Миға шабуыл.

«Түйінді сөздер» әдісі бойынша «қазақ қоғамы», «хәкім», «қарасөз» деген термин сөздердің мағынасын ашып, түсіндіреді.

«Аталған терминдерді байланыстырушы тұлға кім?» деген сұрақ арқылы жаңа сабақтың тақырыбы «Абай Құнанбаев – ұлы ойшыл» екенін білім алушылар анықтайды.

Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Оқушылар өз жауаптарын ұсынады

ҚБ: «Жарайсыздар! Пікірлерің керемет!» деп мадақтау

Мұғалім презентациясы

Жаңа сабақ

«БББ» кестесін оқушылар дәптерге толтырады.

Білемін

Білгім келеді

Білдім

1.Ақын.

2.Әкесі – Құнанбай, анасы - Ұлжан, әжесі – Зере.

3.Әдебиеттен білетін өлеңдерін жазады.

1.Ақынның аудармашылық қызметі.

2.«Хәкім Абай» атануының себебі.

3. Ақынның Қазақстан тарихындағы рөлі.




«Stop-кадр» әдісі. Мұғалім оқушы назарын Абай Құнанбаев туралы бейнебаянға аудартады. 1.Абайдың бейнесі бейнебаянда қалай берілген?

2.Әкесі Құнанбайдың Абайды тәрбиелеу ерекшелігі қандай болды?

3.Қарапайым халықтың сый-құрметіне Абай қалай ие болды?

4.Үзінді сізде қандай ой туғызды?

Оқушылар бейнебаянға болжам жасаған соң бейнебаян қайта жалғастырылады.

ЕББҚ оқушы (есту, көру, ойлау қабілеті) тапсырманы саралау арқылы орындайды.

Мәтінмен жұмыс.



  1. Ақынның балалық шағы, озық ойлы орыс зиялы қауымының өкілдерімен араласуы.

  2. Абай – ұлы ақын әрі ойшыл, Абай және халық ағарту ісі.

  3. Абайдың аудармашылық қызметі, оның Қазақстан тарихында алатын орны.

ЕББҚ оқушыға қолдау көрсету мақсатында суреттің үлкен нұсқасын ұсынамын.

«5 R» маңыздылық кестесі

Тапсырма: Ақынның балалық шағын, озық ойлы орыс зиялы қауымының өкілдерімен араласуын «5 R» маңыздылық кестесіне толтырады.


Есте қалатыны

- Бұл оқиғаны есте сақтайды ма?

- Кім?

- Қайда?

Нәтижелелігі

-Бұл оқиға қандай нәтижеге алып келді?

Айрықша мәнділігі

-Бұл оқиға нақты сол уақытта қандай көрініс тапты?

-Бұл оқиғаны маңызды немесе бірегей деп санады ма?

Жаңғырығы

-Біздің мәдениетте бұл оқиға көрініс табады ма?

-Қазіргі қоғамның қалыптасуына бұл оқиға өзінің әсерін тигізді ме?

-Адамдар бұл оқиғадан сабақ алды ма?

Айқындайтын басқа да қырларды түсінуге жол ашатындығы

-Бұл оқиға сол уақыттағы адамдардың ой-пікірі мен әрекеттері туралы қандай ақпарат бере алады?

ЕББҚ оқушы (көру және есту қабілеті төмен) сұрақтарға жауапты жазбаша ұсынады.

Дескриптор:

1.Оқушылар Абай туралы бұрыннан білетін 3 ойды жазады.

2. Оқушылар Абай туралы білгісі келетін 3 ойды жазады.
Дескриптор:

Абай Құнанбаевтың ақын, ойшыл, қоғам қайраткері ретіндегі қызметін бағалайды

Абай Құнанбаевтың ақын, ойшыл, қоғам қайраткері ретіндегі қызметін анықтайды.

Дескриптор:

- А.Құнанбаевтың балалық шағының есте қалатын оқиғасы мен орыс зиялы қауымының өкілдерімен араласуын талдайды;

- А.Құнанбаевтың балалық шағының есте қалатын оқиғасы мен орыс зиялы қауымының өкілдерімен араласуының нәтижелелігін саралайды;

А.Құнанбаевтың орыс зиялы қауымының өкілдерімен араласуы қазіргі қоғамның қалыптасуына тигізген әсерін айтады;

ҚБ: «Үш шапалақ» әдісі


ҚБ«Ең үздік жауап»
ҚБ«Алақан-жұдырық»

«Жұлдызшалар»


ҚБ«Екі жұлдыз,бір ұсыныс»

«Бармақпен»


З.Е.Қабылданов, Ж.Н.Қалиев, А.Т.Бейсембаева

«Қазақстан тарихы» оқулығы, «Атамұра»,

227-234 беттер


Ақпараттық карточкалар

«5 R» маңыздылық кестесі


Үлестірмелі қағаздар

кесте


Қорытынды

Кері байланыс

« Білімді стикер». Мына сұрақтар бойынша жауап береді.

- Не білдім?

- Не білемін?

- Не білгім келеді?

Тақырып бойынша не білетінін, не білгісі келетінін, не білгенін жазады

ҚБ – сабақтағы өз әрекетіне рефлексия жасау;

А4, конспект


Үй тапсырмасы

Абай Құнанбаев – ұлы ойшыл.