Файл: 178 орта мектебі ыса мерзімді жоспар 9 саба Сабаты таырыбы Сыырсыыр оырауым.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 109
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Оқу ісінің меңгерушісі: Оразымбетов Б. | |||||||
Бөлімі: | Мектеп: «Қосағаш» жоббм | ||||||
Педагогтің аты жөні: | Мамырова Аширкул | ||||||
Күні: | 27.01.2022ж. | ||||||
Сынып: | 2 « а,ә» | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Қызықты ойын | ||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: | 2.1.2 1 - түрлі сипатты әндерді жеке, ансамбль және хор құрамындаән айту ережесін сақтап орындау; 2.1.1.1 - музыкалық көркемдеуші құралдарың көмегімен музыканың сипатын анықтау; | ||||||
Сабақтың мақсаты: | Музыкалық көркемдеуші құралдарың көмегімен музыканың сипатын анықтайды Түрлі сипатты әндерді жеке, ансамбль және хор құрамындаән айту ережесін сақтап орындайды | ||||||
Сабақтың барысы: | |||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) | Педагог әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы | Амандасу. 1-тапсырма. Әңгімелесу. «Пазл» әдісі бойынша мәтінді құрайды. Қысқы спорт Қысқы спорттың адам өмірінде алатын орны ерекше. Қысқы спорт түрлері өте көп. Олар: конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, шорт-трек, шаңғы жарысы, фристайл, тау шаңғысы, шаңғымен тұғырдан секіру, допты хоккей, биатлон т.б . Қысқы спорт түрінен жаттығулар мен жарыстар ашық аспан астында, таза ауада өтетіндіктен адамның денсаулығына өте пайдалы.«Спорт білімпазы» ойыны. Сабақ тақырыбына сай жұмбақты шешіңіздер. Сұраққа жауап беріңіздер: - Қандай қысқы спорттық ойын түрлерін білесіздер? - Бүгінгі сабақта не туралы айтылады? -Музыканы қысқы спорттық ойындармен қалай байланыстыруға болады? 2-тапсырма. Тыңдау. Түрлі дыбыстарды тыңдаңыздар. Сұрақтарға жауап беріңіз: - Бұл дыбыстарды қайдан естуге болады? - Дыбыстарды қандай сөз біріктіреді? - Бұл дыбыстарды спорттың қай түрінен тыңдауға болады? -Дыбыстарға сәйкес келетін суреттерді таңдаңыздар. 3-тапсырма. Орындау. Өлеңін жазған: Н.Әлімқұлов Сөзіне жазған: М.Сағатов «Спорт біздің досымыз» әнін үйреніңіздер. 1.Жүйрік болса,кім Күлімдейді күн, Жарыстарда жүгір алға,ұш! Қәне сапқа тұр, Допты дәлдеп ұр, Оң жақтан да, сол жақтан, Бізде бар мол күш! Қайырмасы: Спорт біздің досымыз, Күш қайрат сыналған, Спорт біздің досымыз, Бала кезден шыңдалған. Бағалау. Әр оқушы өз тапсырмаларын таныстырады және бағалайды Рефлексия -Мен не білдім? -Бүгін мен не үйрендім? -Мен үшін қандай тапсырма қиын болды? -Ал қай тапсырманы мен оңай орындадым. | 1-тапсырма. Мұғалім тақырыпқа сай келетін спорт жайлы кезкелген жұмбақтарды дайындай алады. Бұл тапсырма сабақ тақырыбын өзгеше тәсілмен ашуға көмектеседі. Сабақты ойын түрінде өткізу ұсынылады. 2-тапсырма. Мұғалімге қысқы спорт түрлері бейнеленген әртүрлі суреттер дайындау қажет. Мұғалім оқушыларға тыңдалым ретінде келесі дыбыстарды ұсына алады: хоккей матчынан дабылдар, конькиде сырғанау дыбысы, шаңғыда, шанада сырғанау дыбысы. Оқушыларға осы дыбыстарды анықтауды және тыңдалған дыбыстарды суреттермен сәйкестендіруді ұсыныңыз. Операдан үзінді тыңдап, өз ойларын айтады. Өз тапсырмаларын таныстырады және бағалайды. | Платформа жүйесінің пайыздық есептеу нәтижесі Платформа жүйесінің пайыздық есептеу нәтижесі | hhtp/mpp.aytis/youtube.com «Тұран» этнофольклорлық топ https://www.youtub e.com/watch?v=IyA Tq_6ussE- «Ғажайып музыка. Әнұран» Сөзі А. Естенов, әні Е. Өміров (әндердің клавирі, минус және плюс фонограммалары келесі сайтта hhtp/mpp.aytis/youtube.com «Тұран» этнофольклорлық топ https://www.youtub e.com/watch?v=IyA Tq_6ussE- Рефлексия тақтайшасы | |||
Сабақтың соңы |
Оқу ісінің меңгерушісі: | | ||||||||
Бөлімі: | Мектеп: «Қосағаш» жоббм | | |||||||
Педагогтің аты жөні: | Мамырова Аширкул | ||||||||
Күні: | | ||||||||
Сынып: | 2 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||||
Сабақтың тақырыбы: | Пайдалы тағам – денсаулық кепілі | ||||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: | 2.1.2 1 - түрлі сипатты әндерді жеке, ансамбль және хор құрамындаән айту ережесін сақтап орындау; 2.2.1.2 - қарапайым музыкалықшығармашылық жұмыстарды шығару үшін музыкалық көркемдеуші құралдарды қолдану; | ||||||||
Сабақтың мақсаты: | Түрлі сипатты әндерді жеке, ансамбль және хор құрамындаән айту ережесін сақтап орындайды қарапайым музыкалықшығармашылық жұмыстарды шығару үшін музыкалық көркемдеуші құралдарды қолданады | ||||||||
Сабақтың барысы: | |||||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) | Педагог әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы | Сәлемдесу. 1 – тапсырма: Мәтінді түсініп оқып, мазмұндап беріңдер.Ас-адамның арқауы Адам әр уақытта тамақ ішпей тұрмайды. Ол алуан түрлі болады.Тамақ арқылы ағза қажетті мөлшерде ақуызбен, маймен, көмірсутегімен, минералды заттармен, дәрумендермен, сумен қамтамасыз етіледі. Әдетте тауық жұмыртқасы, ірімшік пен сүзбе таза ақуыздан тұрады. Ет пен балықта да ақуыз көп болады. Майлар да әртүрлі болады.Өсімдіктен алынатын сұйық майлар да аз емес. Қант пен крахмалда, ботқада, нанда, картопта, жеміс жидектердің құрамында көмірсутек көп болады.Адамға тәулік сайын күніне жүз грамм ақуыз, сексен бес грамм май, төрт жүз грамм көмірсутек қажет. 2-тапсырма. Орындау. «Дастархан» Әнін жазған: К.Дүйсекеев Өлеңін жазған:А.Нысаналин 1.Ей, халайық, халайық, Бар өнерге салайық, Ас ұсынып бас тартқан, Жайылып тұр дастархан. Қайырмасы: Дастархан ау, дастархан, Берекелі дастархан, Мерекелі дастархан. 2. Айналайын ағайын, Үміт отын жағайын, Уайым қайғы жоқ болсын, Қуанышың көп болсын. Қайырмасы: 3-тапсырма. Суырыпсалма. Тағамдар (әуенді ырғақты ойын) Үштілділік: тағам- еда – food, сусын- напиток – drink. 4-тапсырма. Ән тыңдау: «Ақ дастархан» (З. Байделдинова - Бейімбетова) Ән әдемі сазды, көңілді орташа екпінмен орындалады. Ән мазмұны мен әуені әдемі үйлесіп, ұлттық дастархан туралы түсінік береді. «Ойлан, тап» айдарымен оқулықтағы тапсырманы орындаймыз. Қазақтың дастарханы - ..... Ай - ....., Күн - ..... , Қазақтың шаңырағы - ..... т,б. Балалар өз ойларымен бөліседі.) Шығармашылық жұмыс Апам менің пісірген, Қызылкүрең бауырсақ, Шықпай қояр түсіңнен, Быраз жемей сағынсақ. Өлең жолдарына әуен шығарайық. Бірге қосылып орындап, бағалаймыз. Жоғарғы және төменгі ноталарды ажыратамыз.Жоғарғы және төменгі ноталарды анықтауға арналған ойын ұйымдастыру. Мұғалім жоғарғы және төменгі ноталарды орындайды , ал оқушылар қолдарын көтеру, түсіру арқылы дауыс биіктігін ажыратады. Бағалау. Әр оқушы өз тапсырмаларын таныстырады және бағалайды Үйге тапсырма: «Дастархан» Әнін жазған: К.Дүйсекеев Өлеңін жазған:А.Нысаналин Әнін жаттау. Рефлексия -Мен не білдім? -Бүгін мен не үйрендім? -Мен үшін қандай тапсырма қиын болды? -Ал қай тапсырманы мен оңай орындадым. | Оқушылар өз ойларын ауызша жеткізеді. 1-тапсырма. Тапсырманы ұйымдастыру үшін алдын-ала ақпарат қағаздары мен иллюстрациялартаратылады. Ақпараттық қағаздарды кесте, сурет, сызба т.б. түрде оқушыларға ұсынылады. Операдан үзінді тыңдап, өз ойларын айтады. Ән орындау Әнді біргелікте орындайды Өз тапсырмаларын таныстырады және бағалайды. Шығармашылық жұмысты орындайды | Платформа жүйесінің пайыздық есептеу нәтижесі Платформа жүйесінің пайыздық есептеу нәтижесі | hhtp/mpp.aytis/youtube.com «Тұран» этнофольклорлық топ https://www.youtub e.com/watch?v=IyA Tq_6ussE- «Ғажайып музыка. Әнұран» Сөзі А. Естенов, әні Е. Өміров (әндердің клавирі, минус және плюс фонограммалары келесі сайтта hhtp/mpp.aytis/youtube.com «Тұран» этнофольклор-лық топ https://www.youtub e.com/watch?v=IyA Tq_6ussE- Рефлексия тақтайшасы | |||||
Сабақтың соңы |
Оқу ісінің меңгерушісі : | | ||||||
Бөлімі: | | ||||||
Педагогтің аты жөні: | | ||||||
Күні: | | ||||||
Сынып: | 2 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Спорт және музыка | ||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: | 2.1.2 1 - түрлі сипатты әндерді жеке, ансамбль және хор құрамындаән айту ережесін сақтап орындау; 2.2.1.2 - қарапайым музыкалықшығармашылық жұмыстарды шығару үшін музыкалық көркемдеуші құралдарды қолдану; | ||||||
Сабақтың мақсаты: | Түрлі сипатты әндерді жеке, ансамбль және хор құрамындаән айту ережесін сақтап орындайды Қарапайым музыкалықшығармашылық жұмыстарды шығару үшін музыкалық көркемдеуші құралдарды қолданады | ||||||
Сабақтың барысы: | |||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) | Педагог әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы | Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Көрші» Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау. Нұсқаулық: Көршіңді оң жақтан құшақта, Көршіңді сол жақтан құшақта. Оң жақтағы көршіңе бір жымиып, Сол жақтағы көршіңе бір жымиып, Бүгінгі тренинг барысы, Біз үлкен отбасы. 1-тапсырма. Тыңдау және талдау.
Үстел теннисі әрқашан жылдамдыққа бағытталған қатал сайыс екені рас. Алғашында ХІХ ғасырда оны түстен кейінгі ойын ретінде ермек қылған. Ойыншылар ас үстелінің үстіне тор-дың орнына кітаптарды қойып, шыл-ымның қорабымен шампаның тығынын соғып ойнаған. Теннис ойнау үшін диаметрі 40 миллиметр және салмағы 2,7 грамм болатын доп қол-данылады. Доп целлулоид немесе ұқсас пластиктен жасалған болуы керек. Түсі сарғыш немесе ақ шарды қолдануға рұқсат етілген. 2-тапсырма. Орындау. М.Сағатовтың «Спорт біздің досымыз» әнін қайталап, талапқа сай мәнерлеп орында. Спорт туралы қандай тақпақтар білесің? 3-тапсырма. Суырыпсалма. «Пинг понг» ойыны. «Спорт біздің досымыз» әнін «Пинг понг» ойынының ережесіне сәйкес орында. Бағалау Әр оқушы өз тапсырмаларын таныстырады және бағалайды Рефлексия -Мен не білдім? -Бүгін мен не үйрендім? -Мен үшін қандай тапсырма қиын болды? -Ал қай тапсырманы мен оңай орындадым. | Оқушылар өз ойларын ауызша жеткізеді. 1-тапсырма. Тапсырманы ұйымдастыру үшін алдын-ала ақпарат қағаздары мен иллюстрациялартаратылады. Ақпараттық қағаздарды кесте, сурет, сызба т.б. түрде оқушыларға ұсынылады. Ән орындау Өздерін бағалайды. М.Сағатовтың «Спорт – біздің досымыз» әнін орындау. | Платформа жүйесінің пайыздық есептеу нәтижесі | hhtp/mpp.aytis/youtube.com «Тұран» этнофольклорлық топ https://www.youtub e.com/watch?v=IyA Tq_6ussE- Әндердің клавирі, минус және плюс фонограммалары келесі сайтта Интернет ресурстары | |||
Сабақтың соңы |
Оқу ісінің меңгерушісі: | | ||||||
Пәні: музыка Бөлімі: | Мектеп: | ||||||
Педагогтің аты жөні: | | ||||||
Күні: | | ||||||
Сынып: | 2 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Дәстүрлі әуендер | ||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: | 2.1.3.3 - негізгі музыкалық ұғымдарды анықтау және ажырату; 2.1.2.2. – әнді негізгі дирижерлық қимылдар көмегімен орындау; | ||||||
Сабақтың мақсаты: | Негізгі музыкалық ұғымдарды анықтайды және ажыратады; әнді негізгі дирижерлық қимылдар көмегімен орындайды | ||||||
Сабақтың барысы: | |||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) | Педагог әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы | 1-тапсырма. Музыка тыңдау және талдау «Бесік жыры» халық әнін тыңдаңыздар. Талқылаңыздар: - Әннің сипаты қандай? - Әннің екпіні қандай? - Әннің әуені қандай? - Қандай әндерді халық әні деп - атайды? - Орындаушы деген кім? 2-тапсырма. Орындау. Халық әні «Бесік жыры» әнін үйреніңіз және орындаңыздар; «Бесік жыры» әні Әлди, әлди бөпешім, Әлдилейді анашың, Тербетейін жата ғой, Тәтті ұйқыға бата ғой. Менің балам, бал екен, Кіп кішкентай балашым, Тап тәтті өзі балапан, Әлдиленген баладан. 3-тапсырма. Импровизация. «Бесік жыры» әніне ырғақтың сүйемелдеу жасаңыз. Қазақтың ұрмалы аспаптарын немесе қолда бар заттарды қолданыңыз. 4-тапсырма.Талдау. «Ыстық орындық» орындық әдісі (Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады. Жаттығудың сипаттамасы: Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады. Бағалау. Әр оқушы өз тапсырмаларын таныстырады және бағалайды Рефлексия -Мен не білдім? -Бүгін мен не үйрендім? -Мен үшін қандай тапсырма қиын болды? -Ал қай тапсырманы мен оңай орындадым. | 1-тапсырма. Мұғалім «Үкілім-ай» әнінің аудио немесе бейнежазбасын, әннің сөзін, сонымен қатар халық әнін орындап жатқан ұлттық киімдегі халық әншілерінің суреттеріен тұратын слайд дайындап алады. 2-тапсырма Әнді үйретпес бұрын оқушылармен әннің сөзін оқып, мағынасын түсіндіріңіз. Қазақ тілінде сөздердің дұрыс айтылуына назар аударыңыз. Әнді ереже бойынша үйрету ұсынылады. 3-тапсырма. Мұғалім оқушыларды «Үкілімай» әніне сәйкес келетін түрлі ырғақтық суреттер бойынша үйретеді. Оқушыларды топқа немесе жұпқа бөліңіз. Алдын ала түрлі ырғақтық суреттер және түрлі музыкалық аспаптар (қазақ халық немесе ұрмалы, музыкалық-шулы аспаптар) бейнеленген үлестірме парақшаларды дайындап алыңыз. | Платформа жүйесінің пайыздық есептеу нәтижесі Платформа жүйесінің пайыздық есептеу нәтижесі | hhtp/mpp.aytis/youtube.com «Тұран» этнофольклорлық топ https://www.youtub e.com/watch?v=IyA Tq_6ussE- «Ғажайып музыка. Әнұран» Сөзі А. Естенов, әні Е. Өміров (әндердің клавирі, минус және плюс фонограмма-лары келесі сайтта hhtp/mpp.aytis/youtube.com «Тұран» этнофольклорлық топ https://www.youtub e.com/watch?v=IyA Tq_6ussE- Рефлексия | |||
Сабақтың соңы |
Оқу ісінің меңгерушісі: | | ||||||
Бөлімі: | Мектеп: | ||||||
Педагогтің аты жөні: | | ||||||
Күні: | | ||||||
Сынып: | 2 | Қатысқандар саны: | Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы: | Ортеке | ||||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары: | 2.1.1.1 - музыкалық көркемдеуші құралдарың көмегімен музыканың сипатын анықтау; 2.2.1.1 - музыкалық шығармашылық жұмыс арқылы шығарманың сипатын жеткізу; | ||||||
Сабақтың мақсаты: | Музыкалық көркемдеуші құралдарың көмегімен музыканың сипатын анықтайды Музыкалық шығармашылық жұмыс арқылы шығарманың сипатын жетгізеді. | ||||||
Сабақтың барысы: | |||||||
Сабақтың кезеңі (уақыты) | Педагог әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | |||
Сабақтың басы Сабақтың ортасы | 1-тапсырма. Музыка тыңдау және талдау. «Ортеке» күйінің бейнебаянын қараңыздар. Сыныппен талқылаңыздар: - Сіздер не тыңдадыңыздар? - Музыка қандай жанрға жатады? - «Ортеке», «ор» және «теке» сөздерінің мағынасын талқылау. - Ортеке мүсін ойыншығы қалай қозғалады? - Қуыршақтардың қимыл, екпіні неге байланысты? - «Ортеке» күйіне билеуге бола ма? Күйдің ырғағын шапалақтап соғыңыздар. 2-тапсырма. Импровизация. «Ортеке» күйіне ырғақтық-би қимылдар ойлап құрастырыңыздар. Өз нұсқаңызда орындаңыз және өзіңізге, өзгелерге баға беріңіздер. 3-тапсырма.Зерттеңіз: - Шертер қандай аспапқа ұқсайды? - Шертердің үні қандай? - Шертердің дыбысы домбыраның дыбысынан өзгеше ме? 4-тапсырма. Суырыпсалма. «Ортеке» Өлеңін жазған:Ш.Смаханұлы Әнін жазған: Ә.Еспаев Аты шыққан биімен, Мен боламын ортеке, Ойқастағаң ортеке Қой бастаған ер теке. Мен бір билеп берейін, Тұяқтары сыртылдап Мен бір билеп берейін, Буындарым былқылдап. 2. Қоныр тоқты көк тұсақ Сен де биле мен құсап. Қарап тұрмай бекерге, Серік болып текеге. Қобыз мойын түйелер, Шудаларың желкілдеп, Өркештерің селкілдеп Тайраңдап бір билеңдер. Бағалау. Әр оқушы өз тапсырмаларын таныстырады және бағалайды Үй тапсырмасы: «Ортеке» әнін әуенімен жаттап келу. Рефлексия -Мен не білдім? -Бүгін мен не үйрендім? -Мен үшін қандай тапсырма қиын болды? -Ал қай тапсырманы мен оңай орындадым. | 1-тапсырма. Мұғалім «Ортеке» күйінің бейне материалын дайындайды. Күй туралы әңгімелеп беріңіз. 2-тапсырма. Оқушыларды бірнеше топқа бөліңіз. Әр топ күйге ырғақтықби қимылдар ойлап құрастырады. Мұғалімге орындалған жұмыстарға өзіндік және өзара бағалау жүргізу ұсынылады. 3-тапсырма. Мұғалім шертер аспабын және оның дыбысы жазылған аудио тыңдатады «Ортеке» әнін орындау. | Платформа жүйесінің пайыздық есептеу нәтижесі Платформа жүйесінің пайыздық есептеу нәтижесі | hhtp/mpp.aytis/youtube.com «Тұран» этнофольклорлық топ https://www.youtub e.com/watch?v=IyA Tq_6ussE- «Ғажайып музыка. Әнұран» Сөзі А. Естенов, әні Е. Өміров (әндердің клавирі, минус және плюс фонограммалары келесі сайтта hhtp/mpp.aytis/youtube.com «Тұран» этнофольклорлық топ https://www.youtub e.com/watch?v=IyA Tq_6ussE- Рефлексия | |||
Сабақтың соңы |