ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 1034
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Наркотикалық, психотропты дәрі-дәрмектерге рецепт 07.04.2005ж. шыққан №173 бұйрық «ҚР бақылауда тұратын, наркотикалық, психотропты дәрілік заттарды және оның прекурсорларын медициналық мақсатта қолдану ережелерін бекіту туралы» ережесіне сәйкес жазылады.
Наркотикалық дәрілерге рецепт амбулаториялық науқастарға емдеу мекемесінің штампы қойылған ҚР ДСМ департаменті бекіткен арнайы рецептуралық бланкта жазылуы тиіс. Наркотикалық дәрілерге рецепті дәрігер өз қолымен жазып, қолын қойып, жеке мөрімен куәландыруы тиіс. Сонымен қатар рецептегі дәріні тағайындауға, жауапты мекемесінің бас дәрігері немесе оның орынбасары қол қойып, емдеу мекемесінің дөңгелек мөрімен куәландырылады. Улы және наркотикалық дәрілерге ҚР ДСМ бекіткен үлгісіндегі арнайы қызғылт бланкте науқастың ауру тарихының диагнозы, нөмірі мен аурудың мекен-жайы көрсетіледі.
Рецепт №__________ Код_______________ __________________ Денсаулық сақтау ұйымының штампы ___________________ Рецептің жазылған күні «__»_______200__ж. Аурудың аты-жөні, жасы____ ________________________ Мекен жайы______________ Аймақтың №______________ Аурудың медициналық құжатының №__________________________ Дәрігердің аты-жөні____________ ____________________________ Rp.:_________________________ __________________________ __________________________ _____________________________ Дәрігердің қолы мен өзінің мөрі | | Рецепт №__________ Код_______________ __________________ Денсаулық сақтау ұйымының штампы ___________________ Рецептің жазылған күні «__»_______200__ж. Аурудың аты-жөні, жасы____ ________________________ Мекен жайы______________ Аймақтың №______________ Аурудың медициналық құжатының №__________________________ Дәрігердің аты-жөні____________ ____________________________ Rp.:_________________________ __________________________ __________________________ _____________________________ Дәрігердің қолы мен өзінің мөрі |
Қателіктерді түзетуге рұқсат етілмейді Түбіршек денсаулық сақтау ұйымында қалады Бланк нөмірі | | Қателіктерді түзетуге рұқсат етілмейді Түбіршек денсаулық сақтау ұйымында қалады Бланк нөмірі |
Құрамына «А» тізімінің улы дәрі-дәрмектері, кодеин, кодеин фосфат, этилморфин гидрохлориді, басқа дәрілік препараттар қоспасымен этаминал-натрий; клофелин таблетка түрінде, ұйықтататын дәрі-дәрмектер, психозға қарсы (нейролептиктер), антидепрессанттар, стериодты гормондар, транквилизаторлар, астматин және астматол, құрамында 8-оксихинолин
туындылары бар препараттар, заманиха тұндырмасы кіретін дәрі-дәрмектер арнайы рецептуралық бланкіде жазылып, емдеу-сауықтыру мекемесінің «Рецептер үшін» деген мөрімен, штампымен, дәрігердің жеке қолы және мөрімен куәландырылады. Рецептің бұл соңғы бөлімінің заңдық мәні бар. Дәрігер рецептке қол қоя отырып, берілген дәрілік препараттың науқасқа дұрыс белгіленгендігіне жауапты болады. Егер рецепте дәрілік заттың мөлшері МФ-да көрсетілген мөлшерден артық жазылса, улы және күшті әсер ететін дәрілік заттар дәріханадан жарты мөлшерде босатылады.
Құрамында улы, наркотикалық дәрілік заттары, этанолы бар экстемпоральды дайындалған дәрілік түрлерді босатқан кезде, рецепт орнына науқасқа сары сызығы бар «Сигнатура» (рецепт көшірмесі) беріледі.
Наркотикалық заттарға рецепт жазылған күннен бастап 3 күнге дейін жарамды.
Этилморфин гидрохлоридінің көз тамшылары мен жағылмаларына, дәрігердің «Арнайы тағайындауы бойынша» нұсқауы болғанда, 1г-ға дейінгі мөлшерде жазылуы мүмкін.
Инкурабельді онкологиялық ауруларды емдеу үшін бір рецепте наркотикалық және ұйықтататын дәрілік заттардың мөлшері 2 есе артық жазылуы мүмкін. Бұл жағдайда онкологиялық науқасты наркотикалық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету үшін емдеу-сауықтыру мекемесінің мөрімен куәландырылған, мекеме басшысының жазбаша түрдегі шешімімен тұрғылықты мекен-жайы бойынша дәріханада бекітіледі. Созылмалы ауруларға берілетін дәрі-дәрмектерге рецепт жазған кезде, оның ішінде катаракта мен глаукоманы емдеу үшін дәрігер рецептің жарамдылық мерзімін (1 жылдан артық емес) және дәріханадан дәрінің босату мерзімін (апта сайын, ай сайын және т.б.) көрсетіп, жеке мөрі және қолымен куәландырады.
Емдеу-сауықтыру ұйымдарынан ұзақ қашықтықта орналасқан ФАБ-ң меңгерушілері, фельдшерлер дәрігерлік қабылдауымен барлық қажетті дәрі-дәрмектерге (есірткі заттардан басқа), сонымен бірге тегін немесе жеңілдікпен босатылатын дәрі-дәрмектерге рецепт жазуға құқылы.
Дәрігер, тіс дәрігері, фельдшер, акушер өзінің жазған рецептеріне жеке жауапты болады. Рецепт аталған талаптардың кемінде біреуіне жауап бермесе немесе құрамында сиымсыз дәрілік заттар бар болса, жарамсыз деп саналады. Бұл жағдайда дәріхана қызметкері рецепт жазған дәрігермен немесе басқа қызметкерлермен байланысып, препараттың атын, оның бір реттік мөлшерін, фармакологиялық сиымдылығын анықтап, содан кейін ғана науқасқа дәріні босатуға міндетті. Барлық
дұрыс жазылмаған рецепттер дәріханада қалып, «Рецепт жарамсыз» деген штампымен күші жойылады, арнайы журналға тіркеліп, ол туралы ақпарат тиісті емдеу-сауықтыру ұйымының басшысына 3 күн аралығында хабарлануы тиіс.
Құрамында улы және наркотикалық дәрілік заттары бар дәрі-дәрмектерді, сондай-ақ этил спиртін дәріханадан алуға емдеу-сауықтыру ұйымдарының талабы латын тілінде жазылады.
Емдеу-сауықтыру ұйымдарының улы және наркотикалық дәрі-дәрмектерге, этил спиртіне талаптары ұйым басшысының немесе оның емдеу бөлімі бойынша орынбасарының қолы мен мөрі, штампы бар бөлек бланкіге жазылуы тиіс. Тапсырыста бөлменің немесе бөлімнің атауы, спирттің концентрациясы (егу үшін, сыртқа қолдану үшін, ішке пайдалану үшін, көз тамшылары және т.б.) міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
Тіс дәрігерлері стоматологиялық бөлмеде қолданылатын, тек қана төменде көрсетілген улы және күшті әсер ететін заттарға өзі қол қойып, талаптар жаза алады (оларды емделушінің қолына беруге құқығы жоқ);
- адреналиннің 0,1% ерітіндісі (ампулада, түп нұсқауы бар орамда);
- амилнитрат (ампулада);
- йодоформ (ұнтақ, паста, эмульсия түрінде);
- кокаин (паста түрінде);
- мышьякты ангидриді (құрамы 50% дейін паста түрінде);
- новокаин (таза түрінде, құрамы 4% дейін ерітінді түрінде, ампулада);
- күміс нитраты (кристалл және ерітінді түрінде);
- үш хлорлы сірке қышқылы (таза түрінде)
- фенол (таза және басқа заттармен қоспа түрінде);
- хлороформ (ампулада);
- хлорэтил (ампулада);
- диэтилді эфир (таза түрінде);
Кокаинге (паста түрінде), мышьякты ангидридке (құрамы 50% дейін паста түрінде) және күміс нитратына (кристалл және ерітінді түрінде) тапсырыстар тіс дәрігерінен басқа мекеме (бөлім) басшысының немесе оның орынбасарының қолымен куәландырылуы қажет.
4.Рецептураға қатысты қысқа грамматикалық ескертулер
Латын тілінде 5 септеу бар (кестеде көрсетілген).
І және ІІ септеуге көптеген дәрілік заттардың атауы жатады. ІІІ септеу сирек, ал IV мен V септеу аз пайдаланылады.
І септеуге атау септігінің жекеше түрінде «а», ал ілік септігінің жекеше түрінде «ае» жалғауымен аяқталатын (Tinctura, Pilula, Belladonna, Aqua) (f) зат есімдер жатады.
ІІ – септеуге атау септігінің жекеше түрінде «us», “er”, “um”, ал ілік септігінің жекеше түрінде «і» жалғауымен аяқталатын (m,n) зат есімдер жатады. (Hyoscyamus, Numerus), (Oleum, Acidum, Linimentum, Infusum, Opium).
III-септеуге атау септігінің жекеше түрінде жалғауы әртүрлі, ал ілік септігінің жекеше түрінде «
is» жалғауымен аяқталатын зат есімдер жатады. Мысалы: Carbo, onis (m); Solutio, onis (f); “os” – Flos, oris (m); “or”-Liquor, oris (m); “is” – Dosis, is (f); Pulfis, eris (m); Adonis, idis (m); “x” –Radix, icis (f); Cortex, icis (m); “n” –Alumen, inis (n); Semen, inis (n); “ur” –Sulfur, s (n).
IV-септеуіне атау септігінің жекеше түрінде «us», “u”, ал ілік септігінің жекеше түрінде “us” жалғауымен аяқталатын зат есімдер жатады.
V- септеуге атау септігінің жекеше түрінде “es” ал ілік септігінің жекеше түрінде «еі» жалғауымен аяқталатын зат есімдер жатады.
Ескерту: m-genus masculinum (ер тегі); f-genus femininum (әйел тегі); n-genus neutrum (орта тегі).
Латын септеуінің септік жалғаулары
Септіктер | Септеулер | ||||
І | ІІ | ІІІ | IV | V | |
NOMERUS SINGULARIS (жекеше түрінде) | |||||
| f. | m.n. | m.f.n. | m.n. | f. |
Nom. (атау септігі) Кім? Не? | -a | -us; -er; -um | әртүрлі жалғаулар | -us, -u | -es |
Gen. (ілік септігі) кімнің? ненің? | -ae | -i | -is | -us | -ei |
Dat. (барыс септігі) кімге? неге? | -ae | -o | -i | -ui, -u | -ei |
Acc. (табыс септігі) кімді? нені? | -am | -um | -em (im)-m, f, n=Nom | um, -u | -em |
Abl. (жатыс септігі) кімде? неде? | -a | -o | e (i) | -u, -u | -e |
NUMERUS PLURALIS (көпше түрінде) | |||||
Nom. | -ae | -i, -a | -es, -a (ia) | -us, -ua | -es |
Gen. | arum | orum | -um (ium) | uum | erum |
Dat. | -is | -is | -ibus | ibus | ebus |
Acc. | -as | -os, -a | -es, -a (ia) | -us, -ua | -es |
Abl. | -is | -is | -ibus | ibus | ebus |
Nom. sing.-Атау септігінің жекеше түрі
Gen. sing. – Ілік септігінің жекеше түрі
Б. ДӘРІЛІК ТҮРЛЕРДІҢ ЖАЗЫЛУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
1. Қатты дәрілік түрлер
Қатты дәрілік түрлерге: таблеткалар, драже, ұнтақтар, гранулалар, капсулалар, пилюлдер жатады.
Таблеткалар – Tabuletta
(Таблетка-Nom.sing.Tabuletta,
Acc.sing.Tabulettam,
Acc.pl.Tabulettas,
Abl.pl. in tabulettis)
Таблеткалар деп дәрілік зат пен қосымша заттарды нығыздау тәсілімен алынатын, ішке қолданылатын мөлшерге бөлінген қатты дәрілік түр. Олардың кейбір түрлерін сыртқа (алдын ала еріткеннен кейін) қолданады. Таблеткалар ыңғайлы дәрілік түр болып табылады: олар ұзақ мерзім сақталып, препараттардың жағымсыз дәмін жасыратын портативті қасиеті бар. Таблеткаларды фармацевтиалық өндірістерде арнайы машиналардың көмегімен дайындайды. Қосымша зат ретінде қант, крахмал, натрий гидрокарбонаты, натрий хлориді, какао, желатин ерітіндісі, су, спирт және т.б. қолданылады. Ұзақ мерзім сақталған таблеткаларды қабылдау алдында олардың ыдырағыштығын тексеру қажет.
Таблеткалардағы дәрілік заттарға рецепт жазғанда жазылымның екі түрін қолдануға болады. Кеңірек таралған түрінде дәрілік заттың аты және оның бір реттік мөлшері көрсетіліп, тағайындалатын таблеткалардың саны жазылады, D.t.d. N…in tabulettis. (Осындай мөлшерде таблеткаларды ... номерімен босат) және сигнатурасы көрсетіледі.
Рецепт үлгісі
0,00025 дигоксиннің (Digoxinum) 12 таблеткасына рецепт жазыңыз.
Күніне 1 таблеткадан 2 рет белгілеу үшін.
1- ші нұсқа
Rp.: Digoxini 0,00025
D.t.d. N.12 in tabulettis
S. 1 таблеткадан күніне 2 рет.
Жазылымның екінші нұсқасында дәрілік түрдің атауы табыс септігінің жекеше түрінде (Tabulettam Acc.sing.) сөзімен басталып, дәрілік заттың аты және оның бір реттік мөлшері жазылады. Таблеткалардың саны – D.t.d.N… (Осындай мөлшерлерді ... номерімен бер) және сигнатурасы көрсетілед.
2-ші нұсқа
Rp.: Tabulettam Digoxini 0,00025
D.t.d. N.12
S. 1 таблеткадан күніне 2 рет