ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 1036
Скачиваний: 4
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Filgrastim-филграстим (нейпоген): 0,3 және 0,48 құрғақ зат амп. шығарылып, 20-50 мл 5% глюкоза еріт. ерітіп, 20-50 мл – ден к/т тәулігіне 1рет белгіленеді.
Molgramostim-молграмостим (лейкомакс): 0,00005; 0,00015; 0,0004; 0,0005 және 0,0007 құрғақ зат флаконда шығарылып, нұсқауы бойынща тәулігіне 1 рет т/а, к/т енгізіледі.
Лейкопоэзды тежейтін дәрілер лейкозда қолданылатын, ісікке қарсы дәрілер болып табылады. Мысалы: меркаптопурин,цитарабин және т.б.
ІІІ. Гемостаз жүйесіне әсер ететін дәрілер.
Гемостаз (hema-қан, stasis-тоқталу) жүйесі тромб түзгіш (фибринолитикалық) жүйемен тығыз байланысты болып, тромбоциттердің агрегациясы мен қанныі ұюын қамтамасыз етеді. Ағзада бұл екі жүйелер динамикалық тепе теңдікте болады. Егер қан тамыры зақымдалып кетсе, тамыр спазмға (қысылуы) ұшырап, тромбоциттердің агрегациясы мен қанның ұюы күшейіп, тромб түзіліп, қан тоқталады. Сонан соң фибринолитикалық жүйе біртіндеп тромбтың еруін және қан тамыр өткізгіштігінің қалпына келуін қамтамасыз етеді. Тромб түзілу және фибринолиз арасында тепе теңдік бұзылған жағдайда қатты қан ағу немесе тромбоз пайда болуы мүмкін. Екі жағдайдада дәрілік препараттарды арнайы таңдауды қажет етеді.
А. Тромбоциттердің агрегациясына әсер ететін дәрілер.
1. тромбоциттердің агрегациясын және адгезиясын күшейтетін дәрілер:
Adroxonum-адроксон (Б): 0,025% 1 мл еріт. амп. шығарылып, т/а, б/е, салфетканы ылғалдандырып-жергілікті белгіленеді.
Aethamsylatum (Dicinon) –этамзилат (дицинон) (Б): 0,25 таб. шығарылып, 1 таб. тәулігіне (тәулігіне 8 таб. дейін) 3 рет; 12,5% 2 мл еріт. амп. шығарылып, 2-4 мл-ден к/т, б/е енгізіледі.
Екі препарат та капилляр (қылтамыр) қабырғасының күшті өткізгіштігіне байланысты, паренхиматозды және капиллярлы қан кетудетиімді. Этамзилат тамыр эндотелияларында түзілген простациклиндердің әсерінтежеп, тромбоциттердңі агрегациясына кедергі жасайды, тамырдың жарылғыштығы мен өткізгіштігін төмендетеді. Адроксон тромбоциттерде түзілетін тромбоксан А2 синтезіне қатысып, томбоциттердің агрегациясын тудыратын табиғи зат болып табылады.
Кальций препараттары. Кальций иондары тромбоциттердің агрегациясын белсендіріп, протромбиннен тромбинге, фибриногеннен фибринге айналуын, тромбопластин түзілуіне, сонымен қатар қан ұюының ретракциясына (тартылуы) қатысады, гипокальциемияда қолданған тиімді. Өкпе, асқазан-ішек, мұрын, жатырдан қан кетуде қан тоқтататын препарат ретінде, геморрагиялық васкулитте тамыр өткізгіштігін төмендету мақсатында белгілейді. Қабыну процестерінде және аллергиялық реакцияларда
қолданылады.
Calcii chloridum –кальций хлориді: 10% 5 және 10 мл еріт. амп. шығарылып, тек к/е! (б/е, т/а енгізуге болмайды, себебі ұлпа некрозы пайда болуы мүмкін); 5-10% еріт. ішке 1 ас, орта немесе шай қасықтан тәуігіне 2-3 рет тамақтан соң қабылдау қажет.
Calcii glukonas-кальций глюконаты: 0,5 таб. - 2-6 таб. тәулігіне 2-3 рет тамақтан алдын; 10% 10 мл еріт. амп. шығарылып, б/е, к/т енгізіледі.
2. тромбоциттcalcердің агрегациясын төмендететін дәрілер(антиагреганттар) ацетилсалицил қышқылы: индобуфеен,тиклопидин, дипиридамол, ксантинол никотинаты, пармидин. Тромбоциттердің ішіндегі циклооксигеназаны ингибирлейді, тромбоксанның синтезін тежейді, гликопептидтермен әсерлесу арқылы фибриногеннің белсенді тромбоциттермен байланысуын төмендетеді. Тромбоциттер мен эритроциттердің адгезиясын тежеп, қанның реологиялық қасиеттерін қалпына келтіре отырып, мидың, миокардтың және көздің торлы қабығының микроциркуляциясын жақсартады. Жүректің ишемиялық ауруындағы тромб түзілуді алдын алу және емдеу мақсатында, тамырлардың атеросклероздық зақымдалуында жіне күре тамыр тромбозында қолданылады. Геморрагиялық бұзылыстарда, жара ауруларында, жүктілікпен лактацияда қолдануға болмайды.
Б. Қанның ұюына әсер ететін дәрілер.
1. қан ұйытатын дәрілер (гемостатиктер прокоагулянттар)- қан кетуді тоқтату үшін қолданылады.
А. әсері тікелей емес: тірі ағзада in vivo белсенділік көрсетеді. К витаминнің синтетикалық аналогтары:. (викасол,фитоменадион)
Б. әсері тікелей: in vivo және vitroағзада және одан тыс жерде түтікшеде белсенділік көрсетеді.
Донор-(қан беруші)қанының препараттары:
Thrombinum – тромбин: 125 ӘБ тромбині бар флаконда шығарылады, қолданар алдында 10 мл 0,9% NaCl еріт. ерітеді. Тромбин фибриногенді фибринге айналдыратын, қан ұю жүйесінің табиғи компоненті болып табылады. Майда капиялрлардан және паренхиматозды мүшелерден қан кетуді тоқтатау үшін тек жергілікті қолданылады! К/т және б/е енгізуге болмайды (тромбоэмболия).
Фибриноген тромбиннің әсерінен фибринге айналады. Қандағы фибриноген құрамының төмендеуімен байланысты, қан кетуде (нұсқау бойынша күре тамырға) қолданылады.
Өсімдіктекті дәрілік препараттары: жұмыршақ (пастушья сумка,), қалақай, мыңжапырақ, айланшөп таран (қымыздық), , т.б.
2.Қанның ұюына төмендететін дәрілер. (Антикоагулянттар).
А. әсері тікелей : (тек қан ұю факторына әсер етеді.)
Heparinum-гепарин (Б): 5 мл флаконда (1 мл-де - 5000, 10 000 және 20 000 ӘБ бар) – к/т, б/е, т/а енгізіледі. Ung. Heparini 25,0-зақымдалған тері аймағына абайлап жағуға арналған. Ung. «Heparoid» 30,0 шығарылады.
Гепарин – протромбинді тромбинге айналуын төмендетеді,ондағы тромбиннің белсенділігін төмендететін қанның ұюына қарсы жүйенің факторы. Күре тамырға енгізгенде қан ұюының төмендеуіне тез әсер етіп, әсері 4-5 сағ. созылады. Натрий және кальций тұздары түрінде шығарылады. Кальций тұзы көбінесе жергілікті гематоманы сирек тудырады. Құрамында гепарині бар препараттарының бірі лиотон 1000 флебитте, тромбофлебитте, варикозда сыртқа қолданылады.
Төмен молекулалы гепариндерде (гепаиноидтар): эноксапарин, фраксипарин жатады.
Flaxiparin-фраксипарин: 0,3 мл шприц-тюбигін бел деңгейінен іштің қабырғасының т/а енгізіледі. Антитромботикалық әсері ұзағырақ.
Гепарин және гепариноидтарды әртүрлі тромбоэмболиялық ауруларды алдын алуда, асқынуларында, миокард инфарктында, қан құю кезіндегі қан ұюын алдын алу үшін қолданылады.
Протамин сульфаты гепариннің антагонисті болып табылады.
Жанама әсері: әртүрлі асқазан-ішектен қан кетулер,гематурия,гемартрозлар және т.б аллергиялық реакциялар байқалуы мүмкін. Қан кетуге бейімділікте,тромбоцитопенияда,лейкозда, жүктілікте қолдануға болмайды.
Б. Әсері тікелей емес: in vivo белсенділік көрсетеді. Бұл препараттар бауырда протромбиннің синтезін тежейтін К витам-ң антогонисті болып табылады. Қанның ұюын баяулатады, тамырлардың өткізгіштігін жоғарлатып, қандағы липидтерді азайтады. Неодикумариннің әсері 12-14 сағ, ал фенилин мен синкумарда 8-10 сағ соң басталады. әсері 3-4 күнге созылады. Тромбоз және тромбоэмболияның ұзақ уақыт емдеуде, тромбофлебит, инсульт, коронарлы жеткіліксіздігін емдеу және алдын алуда қолданылады. Емдеу кезінде қан ұю жүйесінің кқрсеткіштерін міндетті түрде бақылап отыру қажет.
Жанама әсері: геморрагиялар. Ойық жара ауруларында, қан ұюының төмендеуінде,бауыр, бүйрек ауруларында және жүктілікте қолдануға болмайды.
Neodicumarinum(Pelentan)-неодикумарин (пелентан) (А) 0,05 0,1 таб шыгарылып, тәулігіне 1-2 таб белгіленеді.
В. Фибринолизге әсер ететін дәрілер.
1. Фибринолитикалық дәрілер-жаңа түзілген тромбты ерітеді. Фибринолизинді белсенді фибринолизге айналдырады. Плазминогеннің плазминге айналуын катализдейді, ұйыған қандағы фибринді ерітеді.
А тікелей: фибринолизин \плазмин\ фибринді ерітетін протеолитикалық фермент болып табылатын қан ұюын төмендететін жүйенің бір компоненті.
Б. Тікелей емес: актилизе, стрептокиназа, целиаза, стрептодеказа, урокиназа.
Стрептокиназада және оның аналогтары целиаза және урокиназа профибринолизиннің фибринолизинге өтуін күшейтеді. Жіті эмболияда және тромб түзілу қаупінде қолданылады. Стрептодеказа- стрептокиназаның әсері ұзартылған (48-72сағ дейін сақталады ) препараты.
........................218 бет
Жанама әсері: аллергиялық реакциялар.
2.Антифибринолитикалық дәрілер-фибринолизинге кедергі жасайды.фибринолиздің ингибиторлары плазминогеннің активаторларын бөгейді және плазминнің әсерін тежейді, фибринолиздің белсенділігін және кининдік жүйені тежейді. Гемостатиктер-ұю жүйесінің табиғи компоненттері тромбопластиннің түзілуін белсендіреді.
Бұл препарттар фибринолизиннің түзілуін тежейді. Қанның фибринолинді белсенділігі жоғарлауымен байланысты қан кетулерде \бауыр ауруларында, жіті панкреатитте\, хирургиялық операциядағы қан кетулерді алдын алу үшін, жаппай қан құюда және фибринолитикалық дәрілердің мөлшерін асырғанда қолданылады. Тромбозға, эмболияға бейімділікте, бауыр қызметінің бұзылуында және жүктілікте қолдануға болмайды.
Фибринолиздің синтетикалық ингибиторлары: аминокапрон қышқылы, транексам қышқылы (циклокапрон), амбен (памба).
Acidum aminocapronicum-аминокапрон қышқылы: 5% 100 мл еріт флаконда шығарылып, к\т; 2,0-3,0 ұнт. ішке тәулігіне 3-5 рет белгіленеді.
Антиферментті препараттары: контрикал,гордокс-фибринолизиннің белсенділігін тежейді.
Conthrycal- контрикал;10 000 ӘБ флаконда шығарылып, нұсқауы бойынша к\т тамшылатып белгіленеді.
ЗАТ АЛМАСУ ПРОЦЕСІН РЕТТЕЙТІН ДӘРІЛЕР
Гормонды және олардың синетикалық алмастырғыш және антагонисті препараттары
Гормондар ішкі секреция бездер бөлетін биологиялық белсенді заттар. Олар геостазды қалыпты жағдайда ұстауда, ағзаның әр түрлі қызметінің гормондық реттелуінде маңызды қызмет атқарады. Гормонды дәрілер негізінен ішкі секреция бездерінің жеткіліксіздігімен байланысты емес әртүрлі патологиялық жағдайларда (глюкокортикоидтарды, қабынуға және аллергияға қарсы дәрілер ретінде) белгіленеді. Сонымен, бездердің гипофункциясында гормонды, ал гиперфункциясында антигормонды (антагонист) дәрілер белгіленеді. Гормонды препараттарды сондай-ақ эндокринді емес ауруларда да қолданылады.
-
Гипофиз гормондарының препараттары
а) Гипофиздің алдынғы бөлігінің гормондарының препараттары
Гипофиздің алдыңғы бөлігінің өнімін күшейтеді. Шеткерлі эндокриндік бездерді қуаттандырады. Қабынуға қарсы, аллергияға қарсы және иммунодепрессивті әсері бар.
Corticotropinum-кортикотропин (Б): 10; 20; 30; және 40 ӘБ құрғақ зат- 2 мл инъекцияға арналған суда ерітіп, 1мл-ден тәулігіне 3-4 рет б /е; 0,9% 500 мл NaCl еріт. бірге тамшылатып к/т енгізіледі. Әсері, жанама әсері, қолдануға қарсы көрсеткіштері глюкокортикоидтарға ұқсас. АКТГ-ң өнімінің жетіспеушілігінде, бүйрек үсті безінің гипофункциясында, глюкокортикоидтарды доғарғаннан кейін қолданылады.
Somatotropinum-соматотропин: 2-4 ӘБ құрғақ зат флаконды шығарылып, 0,25% 2 мл новокан еріт. ерітіп, б/е; 1-2 мл аптасына 2-3 рет т/а енгізіледі. СТГ-ға (соматотропты гормон) сәйкес келеді. Дене салмағы мен бойды өсіреді. Гипофизарлы ергежейлік (карликовость) пен гипофизарлы ергежейлілікте (нанизм) қолданылады. Қатерлі ісікте қолдануға болмайды.
Өсу гормоны (СТГ)секрециясының ингибиторы гипоталамус гормоны сомастостатин болып табылады. Оның синтетикалық аналогы октреотид (сандостатин) акромегалия мен карциноидты ісікте қолданылады.
Octreotidum-октреотид: 0,00005 және 0,0001амп. т/а енгізіледі.
Гонадотропты гормондарының препараттары:
Gonadotropinum menopausticum- менопаузалы гонадотропин (Б): 75 ӘБ флаконда-1 мл 0,9% NaCl ерітіп, тәулігіне 1-2 мл-ден б/е енге енгізіледі.
Conadotropinum – хорионды гонадотропин (Б): 500; 1 000 және 2 000 ӘБ флакон құрамын еріткіште ерітіп, б/е енгізіледі. лютеинді (ЛГ) гормонға сәйкес келеді. Фолликулалардың жетілдіріп,сперматогенезді күшейтеді.
Екі препарат та әйелдердің, ерлердің жыныс бездерінің қызметі төмендеуінде, бедеулікте және жыныс ағзалары кеш дамуында қолданылады.
ФҚГ және ЛГ секрециясының ингибиторы даназол (дановал, данол) болып табылады. Акромегалиямен ауыратын науқастардың аденогипофизі жасушаларынан өсу гормондарының бөлініп шығуын тежеп, асқазан сөлі мен инсулиннің бөлінуін азайтады. Гонадотропты гормондарының бөлінуін азайтады. Бедеулікке алып келетін эндометриозды емдеуде, сүт бездерінің қатерсіз ісігінде және етеккір алды белгісінде қолданылады.
Lactinum-лактин; 100 және 200 ӘБ флакон құрамын 2-4 мл инъекцияға арналған суда ерітіп, тәулігіне 1-2 мл-ден б/т енгізіледі. ЛТГ-ға (лактотропты гормон, пролактин) сәйкес келеді. Босанғаннан кейінгі лактацияны күшейту үшін және гипогалактияда (сүт бөлінуінің азаюы)