Файл: Презентация аза лтты сндік олданбалы нер лтты бйымдар 16 22 3 4.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 09.01.2024

Просмотров: 134

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Дағдының психологиялық тұрғыдан мынадай түрлері бар:

-                    қимыл дағдысы;

-                    ойлау дағдысы;

-                    сезім дағдысы.

Қимыл дағдыларында  - оқушылар еңбек қимылдарын дәл, нақ және аз күш жұмсай отырып тиімді үйлестіру әрекетін қалыптастырады.

Ойлау дағдылары жұмыс барысында стандарты қалыптасқан, арнайы ойлау процесін қажет ететін дағдылар.

Сезімдік дағдылар  оқушылардың іс - әрекетті атқару кезінде сезім мүшелері арқылы қалыптасқан технологиялық процестер мен материалды сұрыптауларда пайда болады. Сондай – ақ бұл әрекет әсіресе, технологиялық процестерді ұйымдастыру мен бұйым сапасын бақылау кезінде байқалады. Ақ киізден бұйым дайындау жолдарын қарастыруда  жас жеткіншектерге оқытудың психологиялық негізінің арнайы ерекшеліктерін білу керек. Олар:

-  бірінші кезең еңбектік  ерекшелігі, оның сипаты мен психофизиологиялық ерекшеліктері жөніндегі қажетті ақпараттарды қабылдаумен аяқталады. Мәселен, ақ киізді соны тәсілмен өңдеуде оқушылар еңбек міндеттерін обьектіні бақылау немесе еңбек үрдісімен алдын – ала танысу негізінде айқындайды;

-  екінші кезеңде еңбек іс - әрекетінің негізінде жатқан негізгі ережелерді ұғыну іске асады. Оқушылар ақ киізден бұйым жасауда еңбек үрдісін түсінеді, еңбек жөніндегі жаңа білімдер алады;

-  үшінші кезеңде алған білімдерді жаттығулар, өзіндік жұмыс жасау, қосымша түсіндірулер жүйесі арқылы бекіту  жүреді;

-  төртінші кезеңде алынған білім біртіндеп практикалық іс - әрекетке ұштасады. Еңбектік білім, іскерлік және дағдыларды қалыптастырудың барлық  кезеңдерінде, олар бақылануы және тексерілуі қажет, бұлар түзетуді енгізуге мүмкіндік береді.

Оқушыларға сәндік бұйым жасау барысында өзіне өзі сұрақ қоя білу іскерлігін қалыптастыру өз жұмысын жоспарлауды жетілдірудің неғұрлым тиімді әдісі болып табылады. Мысалы, бұйым жасауды неден бастау керек? Жүннен бұйым жасау барысында негізгі бөлігі, басқа бөлшектерді қандай материалдан жасауға болады? Қандай ою – өрнекті салуға болады, оюды қандай тәртіппен құрастыру керек? Киіздің бетіне сюжетті композицияны орналастыруда өңдеудің қандай жолдарын таңдау керек? Оқушылар бірте бірте жұмыстың ең негізгісін көре білетін болады, оны әр кезеңге бөліп, қандай әдіспен орындау керектігін белгілейді. Еңбек әрекетін жоспарлауды жетілдіру объектіні графикалық құжат бойынша жасаған кезде тиімді өтеді. Бұйымның суреті, сызбасы немесе схемасы жұмыс сатыларын, оның орындалу тәртібін көрсетіп тұрады. Жүннен бұйым жасауды жаңа үйрене бастағанның өзінде – ақ оқушыларды мақсатты түрде практикалық жұмысты неғұрлым кең көлемде жоспарлай білуге үйрете бастау керек, яғни  үлгі, сызба, сурет бойынша бұйымның құрылымымен танысу; бұйым құрастыру жолдарын таңдау; бұйымның жасалу мақсатын анықтау; негізгі бөліктің қалай құралатынын анықтап киіз дайындау; қажетті құрал – жабдықтарды дайындап іріктеу; құрастыру әдістерін таңдау, жекелеген бөлшектерді жасау; жекелеген комплектілерді біріктіру; алдын ала тексеру және ақауды жою; бұйымды безендіру. Іскер мұғалімдердің оқушыларға кішкентайынан бастап жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру іскерлігі мен дағдысын үйретуі олардың іскер, бар іске жауапкершілікпен қарауына көмектесетінін көрсетіп отыр. Оқушыларға жұмыс істеу үшін міндетті түрде дұрыс ұйымдастырушылық  қажет екенін саналы түрде түйсінгенше ыждағатпен үйрете беру керек. Осы арқылы мұғалім тағы бір мақсатты орындайды – оқушылар құрал – жабдықтармен жұмыс істей білуге, орнымен пайдалануға үйренеді. Оқушылар іс - әрекет барысында технологиялық өңдеудің түрлі әдістерін пайдалана отырып жұмысты қаншалықты жеңілдетуге болатынына және жасалар заттың сапасын қалай жақсартуға болатынына көз жеткізеді. Ал құрал –жабдықты дұрыс әрі орнымен пайдалану оларға еңбекті неғұрлым ұнамды етіп көрсетеді.  Құрал-жабдықтарды,  мәселен ақ киізді қазіргі жаңа технологиямен жасауда  құралдарды мейлінше еркін пайдалану барысында жұмыс орнын ұтымды ұйымдастырғанда ғана еңбек дағдыларын қалыптастыру жүзеге асады. Бұйым жасауда өз ісіңді жоспарлай білуді жетілдіре түсудің де мәні аз емес. Мұндай іскерлік әр тапсырманы орындау барысында қалыптасады.


 Бүгінгі мектеп оқушыларының ой - қиялы, ғылыми техникалық прогрестің дамуымен бірге күн санап даму үстінде. Олардың ой-қиялының дамуымен білім мен біліктілік, дағдыларын қалыптастыруда қазіргі кездегі күнделікті өмірдегі техникалық ағымдық ақпараттық құралдар-телевизор, радио, компьютермен газет журналдардың өзіндік үлестері мол. Білім беру жүйесін дамыту мақсатындағы реформаның негізгі бағыттарында оқу мен тәрбие сапасын арттыру, әр пәнді оқытудың ғылыми дәрежесінің жоғары болуын және ғылым негіздерінің  берік игерілуін талап етіп, еңбек тәрбиесі, адамгершілік тәрбиесі, эстетикалық тәрбие мен дене тәрбиесінің оқушылардың бойында дұрыс қалыптасуына ықпал ету. Негізгісі оқу мен тәрбие жұмысын қазіргі қоғам талаптарына сай оқытудың озық әдіс- тәсілдері мен оқытудың жаңаша жолдарын қолға алуды атап көрсеткен. Қазіргі кезеңде жалпы білім беретін орта мектептердегі білім мазмұнын түбегейлі өзгетіп жаңа оқулықтармен жұмыстар атқарылып жатқаны белгілі.

Мектеп оқушыларын қолөнеріне үйретудің жалпы міндеттері бірнеше  жеке міндеттерді орындау арқылы іске асырылады:

- оқушыларды тәрбиелеуде қазақ ұлттық өнерін  пайдаланудың педагогикалық шарттарын анықтау;

-          өз халқының ғасырлар бойы қол жеткізген  табыстарына ұмтылуға тәрбиелеу;

-          оқушылар тәрбиесінде қазақ ұлттық қолөнерін пайдалануға даярлық  деңгейін жетілдіруде психологиялық және практикалық тұрғыда даярлау.

Оқушылар оқу үдерісінде ғылыми-техникалық прогресстің талабымен    сәйкес келетін жаңа технологиялар мен техникаларды  меңгеруі тиіс.

Қазақ тіліндегі мектептердің өзінің даму тарихында, әлеуметтік-экономикалық оқу-әдістемелік проблемеларды бүгінгі күн талабына сай, мектеп қабырғасында, келе жатқан салт-дәстүр, сәндік-қолданбалы өнердің қыр - сырлары мен таныстырудың әдіс–тәсілдерін орынды пайдалану арқылы оқушылардың икемділігі мен дағдысын, шеберлігін арттыру, өнерге деген қызығушылығын арттыру, сәндік-қолданбалы өнердің дидактикалық негіздерін үйрету, олардың өздерінің туған жеріне, еліне, өнеріне, халқына деген сүйіспеншілігін қалаптастыруға эстетикалық сезімен әсер ететін, әсемдік және көркемдік  тұлғасын жетілдіреді. Оның үстіне шеберлік пен оның  элементтері дағдыға айналады. Осыған жетуде оқушының жеке басының тәрбиесіне де байланысты. Тұлғаның түсінігі, нанымдары емес, істеген ісі, қылығы оның тәрбиелілігін сипаттайды. Сол себепті қоғамдық қылық тәжірибесін қалыптастыру және іс-әрекет ұйымдастыру тәрие үдерісініңтүбірі деп қарастырылады.



Технология пән сабақтарында оқушылардың білімді игеруі мен оларда  еңбектік  іскерліктер  мен  дағдыларды  қалыптастыру  оңай болып  көрінгенімен, нақтылы жағдайда жүзеге асыру үшін оларға берілген анықтамалар мазмұны мен психологиялық және педагогикалық негіздерін білу, соған сәйкес  оқыту әдістері мен тәсілдерін дұрыс таңдап, қолдана білу керек.   Оқыту барысында ғылыми теорияны практикалық  тәжірибе негізі арқылы мұғалімдер оқушылардың біліктілігін арттыруға жол ашады. Практикалық біліктілік – еңбек қызметтерін сапалы, мақсатты, тиімді тәсілдермен атқара алу қабілеттілігі, белгілі бір ережеге және оны нақты міндеттерді шешу барысында лайықты пайдалануға негізделген жаңа әрекетті меңгерудің нәтижесі.

Оқытудың  әдістері  мен  оқушылар  тарапынан  жүзеге  асырылатын  оқу  әдістері  еңбектік  іскерліктер  мен  дағдыларды  қалыптастырудың  кепілі  болып  табылады.


3.1 Қолөнер арқылы технология сабағында оқушылардың іскерлігін қалыптастыру Қазіргі кезде заман талабына сай, мектептің, ұстаздардың алдына қойған мақсаты – мектеп қабырғасында тәрбиеленіп келе жатқан жас ұрпақты ұлтымыздың көнеден келе жатқан салт – дәстүрімен таныстыру, еңбекке деген шеберлігі мен икемділігін, өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Бұл тек ұстаздың ғана емес, сонымен қатар қазақтың көне салт – дәстүрін, әдет – ғұрпын, тұрмыс – тірліктерін, қолөнерін жадымызда ұстау, келешек ұрпаққа үйрету, жөн сілтеу, ата – бабаларымыздың дәстүрін ұмыт қалдырмау – баршамыздың парызымыз. Бүгінгі таңда қолөнерді оқыту үрдісінде көшіріп салу, дайын жобалық нобайлармен жұмыс жасау орын алып келеді. Әрбір оқушының қоршаған ортадан алған әсері, көркем дүниені қабылдауы, жүрегімен сезінуі, түсінуі әр алуан. Сондықтан оқушының жеке – дара қабілетін ескеріп, өз бетімен ізденуге жағдай туғызу керек және өз ойын еркін жеткізіп бейнелеуге, шығармашылық жұмыс жасауға жұмылдыру – біздің басты парызымыз. Осыған орай қазақ қолданбалы қолөнеріндегі кеңінен тараған қолөнер түрлерін оқушыларға еңбек сабағында таныстыру, осы бағытта баули отырып, эстетикалық тәрбие беру, жастарды халық қолөнерінің көп ғасырлық үрдісіне негіздеу қалыптастырылады. Егеменді қазақ мемлекетінің болашақ ұрпақтарының сана – сезімін, ұлттық психологиясын, оны сонау ерте замандағы ата – бабалар салт – дәстүрімен, мәдениетімен сабақтастыра отырып, халықтық қолөнерін сақтап қалуға тәрбиелеу – ұлтжанды ұлағатты ұстаздардың абройлы ісі. Қазақ қолөнерінің тарихы мен теориялық маңызын жете түсінуіміз керек Ұлттық мәдениетке негізделген қазақ мектебінің қайта түлеуі қазіргі таңдағы көкейтесті мәселе болып отыр. Өйткені оқушылардың көркемдік білім алуын арттыру және рухани деңгейін дамыту, шығармашылыққа тәрбиелеу – қазіргі білім беруде көзделіп отырған мәселе. Осы тұрғыдан келгенде оқушылардың жұмыс істеу әдет – дағдыларын көркем шығармашылық іскерлікпен жалғастырып дамыту мәселесі қарастырылды. Оқушыларды әсемдікті сезініп, түсініп, қадірлей білуге баулу эстетикалық тәрбие беру арқылы іске асырылады.

Бұл міндет – адам өзі ынта қойған еңбекпен шұғылданып, оның бейімділігі мен мүдесіне сай келетін және адамгершілік қанағат беретін іспен шұғылданған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Сондықтан да бұл міндеттерді шешу еңбекті дұрыс таңдап алумен аса тығыз байланысты. Технология сабағы – мектеп оқушыларын рухани байытып, дүниетанымын қалыптастыратын пәндердің бірі. Технология пәнінде ұлттық қолөнерді, тәрбиені үйрету арқылы мынадай дағдыларды немесе іскерлікті қалыптастырамыз. * Еңбекқорлық ; * Ұлтжандылық ; * Рухани мәдениет ; * Іскерлік ; * Шыдамдылық ; * Ізденімпаздылық. Оқушыларды еңбек қызметіне іс жүзінде даярлау міндетінің де маңызы бұдан кем емес, өйткені адам белгілі бір еңбек ете алмайды, әрі бұдан басқа еңбек үрдісінде ғана, оқушыларды мектептегі сарамандық еңбек қызметіне тарту жолымен еңбекке қатынастық негізін қалауға болады. Халық қолөнерінің бай мұраларын жинап, сұрыптай отырып, заманымызға сай лайықты сапа, түр беру әдісімен оларды ілгері дамыта беруіміз керек. Халық өнерін оқып, оны өмірмен ұштастыра білген адамның жан дүниесі кеңейеді, ой алғырлығы артады, шеберлігі кемелденеді. Ол адамның мәдени, рухани және шығармашылық дәрежелерінің көрсеткіші ретінде адамның күш – қуатының даму үрдісін іске асырады, кісіні сауаттылыққа жетелейді. Оқушы өзін қоршаған ортаның дүниенің салт – дәстүріміздің, қолөнеріміздің адам айтқысыз қымбат, замандар бойы тарих жасап қалдырған асыл мұра екендігін жете түсінуі керек. Технология пәнінде ұлттық қолөнерді, тәрбиені үйрету арқылы игі қасиеттерді қалыптастыруға болады. Ұстаздық қызметтегі басты мақсатым – халқымыздың қолөнерінен туған асыл мұраларын әр оқушыға саналы түрде жеткізу, оның сырын ұқтыру, түсіндіру, терең зерттеу, заман талабына сай көркем шығармашылықты дамыту. Бәсекеге қабілетті ұлттық құндылықтарды меңгерген құзыретті тұлға қалыптастыру. Технология сабағында іс жүзінде жұмыс нақты жүргізілгендіктен, оны меңгеру үшін ерінбей еңбек ететіндей төзімді және жинақы болу керек. Бұл іске барлық оқушылардың шамасы жете бермейді. Сондықтан оқушының қызығушылығын арттырып, сабақты түрлендіріп өткізуге тырысамын. Ең басты мақсат – ұлдардың сабақтан шет қалмауы, берілген тапсырманы орындауын қадағалаймын. Технология пәнінде ер балалардың іске икемділігін, жинақы, әрі тиянақты болып, өз ойын дәл, дәйекті етіп, айқын көрсетуін талап етемін. Қазір ағаш ұқсату шеберлігімен шұғылданатын мамандықтардың түрлері көп. Әдетте қазақ халқы ағаш ұқсатумен айналысатындарды үйші, оймашы, балташы, тоқушы деп шартты түрде төртке бөлген. Үйші деп негізінен киіз үйдің сүйегін, кереге, уық, шаңырақ жасайтын қолөнершілерді атаса, міндетті түрде бетіне өрнек салатын жастық ағаш, кебеже тәрізді үй іші мүлкі мен аяқ табақ оятын іскерлерді оймашы деп таныған. Ағаш құраумен, қайық, арба, шана жасаумен кәсіпетушілерді балташы десе, балық ұстау үшін түрлі шаруа қажетін өтеу мақсатымен себет, мынта, шарбақ өрушілерді тоқушы деп атаған. Алайда бұл бөліністің тиянақты шегі жоқ, себебі өмірде балташы үйшілікпен, ал үйші тоқумен немесе тоқушы оймашылықпен қатар айналыса берген. Сондықтан ежелгі ұғымда ағаш ұстау ісімен шұғылданатын шеберлерді ұста деп атаған, ал ұсталар айналысатын кәсібінің басты ерекшеліктеріне орай темір ұстасы, ағаш ұстасы болып бөлінген. Оқушының мектептегі алғашқы күнен бастап өнерді практикалық, эстетикалық қабылдау іс – әрекеттері бірізділікпен жүйелі ұйымдастырылуы қажет. Елбасының халыққа жолдауында айтылғандай, дамыған елдер қатарына талпыну кезеңі барысында оқушылардың танымын ұлғайтып, жан – жақты іскер азамат етіп шығаруда технология пәнінің орны ерекше деуге болады. Қолөнер ұрпақ үшін бүгін де ертең де керек. Технология пәнінде оқушылар кейде бірлесіп топтық, жұптық кейде жеке – жеке жұмыс істейді. Еңбек әрекетінің бұлайша ұйымдастырылуы оқушыларды өзіне берік сеніммен, жауапкершілік, шығармашылық қызығушылығын дамытып қана қоймайды, өзара достық қарым – қатынасты, ұжымдық ортақ еңбек арқылы ұйымшылдыққа, тәртіптілікке баулиды. Өз қолынан шыққан бұйымға деген қызығушылығы артып, эстетикалық талғамы оянады. Өз ісіне мақтанады, сенімділік туады, іске деген құлшыныс болады. Осындай істер нәтижесінде. - оқушылардың қолөнерге деген қызығушылығы пайда болады; - өз қиялы, өзіндік пікірі, өз көқарасы қалыптасады; - ең соңында кәсіби шеберлігі өседі; - қиындықтарды шеше алатындай қабілет қалыптасады. «Өнер көзі халықта», «Халықсыз өнер, өнерсіз халық жоқ», оны оқушыларға үйретіп, іске асыру біздің парызымыз. Бұл болашақ оқушыны өмірге бейімдеп, кәсіптік мамандық меңгерудің алғы бастамасы деп білеміз.


Технология сабақтарында бейнелі ойлауды дамыту
Қазақ халқы өнерлі халық болғандықтан, өнерін жоғалтпай өзінің ісін, өмірін жалғастыратын шеберлі өнерлі ұрпақ тәрбиелеп өсірген. Ал қазіргі күнде жастарды өнерге, шеберлікке үйрету, ұлттық тәрбие беру технология пән мұғалімдеріне жүктелген.

Халқымыздың сарқылмас бай қазынасы, рухани мұрасы болып табылатын қазақ қолданбалы өнеріне деген алғашқы негізі, ұлттық мәдени құндылықтарға баулу ісі мектептегі бейнелеу өнері пәнінен басталатыны белгілі.Осы тұрғыдан бейнелеу өнері пәнін мектепте оқытудың негізгі мақсаты қоршаған орта әсемдігін көру, сезіну, қабылдау қасиеттерін қалыптастыру, эстетикалық талғамын, шығармашылық қабілетін жетілдіру, көркемдік қаракеттерді өз бетімен орындауға үйрету болып табылады.

Қазіргі таңда мектеп оқушыларын еңбекке тәрбиесіне баулу арқылы өз ұлтымыздың ұлттық қолөнеріне үйрету – оқу тәрбие үрдісінің өзекті мәселелерінің бірі болып келеді. Қолөнерге оқушыларды баулу өз елін, жерін, халқын сүю, салт-дәстүрін бағалай білуге үйретеді. Қай халықтың болмасын қолөнері, оның тарихынан, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімен қатар өркендеп, дамиды. Сондықтан жас жеткіншектерді халқымыздың мазмұнға бай тәрбиесі негізінде өсіруге, ой-өрісін, жоғары эстетикалық тағлымын, биік адамгершілік тұлғасын қалыптастыруға көп көңіл бөлінеді.Қолөнерді жасап байыту арқылы адамның жан дүниесі, ақыл-ойы, қиялы, іскерлігі, шеберлігі, тапқырлығы, талаптылығы, ұқыптылығы және байқағыштығы артып, дағдыландырады.Қолөнерді оқыту әдісі дегеніміз — мұғалімнің технология сабақтарында оқушылардың шығармашылық іс-әрекетіне басшылық ету тәсілдерінің жүйесі.Қазақ халқының ұлттық өнерін, тарихын көптеген ғалымдарымыз Ә.Марғұлан, Ө.Жәнібеков, Х.Арғынбаев, С.Қасиманов, Ғ.Иляев, А.Ғалымбаева, А.Мұқанов және т.б. зерттеп көптеген еңбектерін жарыққа шығарған.Еңбек сабақтарында оқушыларды қолөнеріне баулу және сәндік қолданбалы өнер негіздері бойынша М.Қозыбақов, Ш.Әбдуалиева, С.Жолдасбекова, Б.Ортаев, т.б. зерттеу жұмыстарын жүргізген.Технология сабақтарында халқымыздың қолөнерін үйрету арқылы оқушыларға ұлттық дәстүрге тәрбие берудің артықшылығы көп. Қолөнерге баулу, шығармашылықпен ұштастырып білім беру, еңбек етуге баулумен қатар ата-бабаларымыздан қалған салт-дәстүрге тәрбиелеу қазіргі заманның талабы. Қолөнерге қызықтыру үшін кез келген бұйымның, туындының жасалу құпиясын, тарихын ашып көрсетсек, қосымша әдебиеттерден мағлұматтар берсек қайталанбас ерекшеліктерге толы жасалу технологиясымен таныстырсақ оқушы шығармашылықпен іске кіріседі. Қазақ қолөнер көркем мәдениеттің бір бөлігі болып табылады.Бұл өнер ежелгі дәуірден бастап бүгінгі күнге дейін тұрмыста қолданып келеді.Қазақтың ұлттық өнерімен таныстыру негізінде бала айналадағы дүниенің қимыл-қозғалыстарының алуан түрлі реңін түсінеді.Балалардың өнер туындыларымен бірге үнемі байланыста болуы рухани-өнегелік,эмоционалдық-сезімдік дамуының және шығармашылық мүмкіндіктерінің қалыптасуының негізгі тірегі болып келеді. Оқушылар бейнелеу өнері, ән-күй; құрастыру және қол еңбегі,көркем әдебиет сабағында және ертеңгілік-тер мен ойын-сауықтар барысында халқымыздың ұлттық өнерімен танысып,көркем талғамын,өзіндік дүниетанымын қалыптастырады.