Файл: Презентация аза лтты сндік олданбалы нер лтты бйымдар 16 22 3 4.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 137
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
аңа мазмұнға ие болды.
Қоғамның дамуы адамдардың ой-санасының, мінез-құлқынын өзгеруімен қоса сыртқы сымбат, келбетінің де жаңаруына ыкпал етуде. Қазір киім, бұйымдарда ою-өрнектерді шығармашылықпен қолдану заман талаптарынан туындап отырған мәселелердің бірі деуге болады.
Ежелден келе жатқан кәсіп қол өнер халықтың өмірімен, тұрмысымен бірге дамып, ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырады. Қолөнер шеберлері оюмен танылады. Орнамент-әсемдеу, сәндеу деген ұғымды білдіретін латын сөзі казақ тіліңде ою-өрнек болып алынып жүр. Бұл сөздің ұғымы бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағынаны білдіреді. Ою-өрнек, әшекей жасау шеберлігі бейнелеу өнерінің бір түрі. Ою-өрнектің бір түрі — ою, белгілі бір затты ою ( тас, темір, ағаш) кесу (ағаш, сүйек) тілу (былғары, тері) қию (қағаз, мата) тәсілдері арқылы жүзеге
асады. Сурет-1 Әртүрлі үлгідегі ою түрлері
Ою-өрнек түрлері бүгінгі күнге дейін түбегейлі жүйеленген жоқ. Қол-өнер шеберлері ертеден ою-өрнек атауларын екі топқа бөліп қарастырады, бірінші топ ою-өрнектердің тікелей өзіне, түріне катысты негізгі атаулар, екінші топқа жалпы ою-өрнекті теориялық жағынан негіздеу. Ою-өрнек тарихы, халық тарихымен бірге жасасып келе жатқаны белгілі.
Ою-ернек табиғаты бойынша поэзияға ұқсамайтын өнер түрі, соған қарамастан ырғак зандылықтарына бағынады. Ою-өрнек ісі ерте заманнан бастап-ақ қоленердің барлық түріне ортақ, әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келеді. Қолөнер саласында ою-өрнек негізгі рөл атқарады.
Ғылымда ою-өрнекті хайуанаттық, көгөріс, геометриялық деп үш топқа бөлу немесе бұған ғарыштык деп төртінші топты косуға болады. Келесі бір ғалымдар тобы барлық ою-өрнек түрлерін физикоморфтық және биоморфтық деп екі топқа бөліп қарастырады. Қола дәуірінде саз балшықтан жасалған құмыраларда геометриялық ою-өрнектермен әрлеген. Қола дәуірінде аң аулаумен айналысқандықтан ою түрлері андарға байланысты болған. Андрон, сақ мәдениеті дәуіріңцегі бұйымдарда бейнеленген жуан, жіңішке жолақтар мидаи жазық даладағы шексіздікке ұласқан жолдар символы. Мұңдай сызықтарды түңде аспаннан жұлдыздар ағып түскенде байкауға болады Алғашқы оюлардың көпшілігі ғарыш әлемі жөніндегі түсініктерден туады. Мысалы, арқардың мүйізіне қарап қошқар мүйіз оюын бейнелеген. Жануарлар, андар стилі зооморфтық тәсілі бойынша қолданылған. Осы деректерге қарағаңда біздің ата-бабаларымыздың қолөнерінің ішіңдегі ою-өрнек дамып, бізге жеткені дәлел.
Қошқар мүйіз ою туралы халқымыздың сүйікті ақын қызы Ф. Оңғарсынова былай деп жазыпты:
Түрін-ай текеметтің, асыл қандай/
Үңілдім үнсіз ғана басымды алмай.
Келе ғой қошақаным өзіме деп,
Әжем кеп сыйпагандай шашымнан жәй.
Күйімді кешсеңдер-ау сол беттегі,
Тұрғандай ана көңіл тербепмені.
Жан бітіп жайраңдады жан-жағымнан,
Қазақтың қошқар мүйіз өрнектері.
О ю-өрнектер өзіндік ерекшелігін сақтай отырып, белгілі бір тәртіппен орналасқанын көреміз. Оюлардың ежелден келе жатқан нұсқаларында элементтер құстың, гүлдің, жануарлардың түрін тұспалдап тұратыны белгілі. Ою-өрнектің мағынасын, логикалық күшін түсіне отырып, оюдың әр элементін көркем туынды ретіңде қабырғаға әсемдік үшін ілетін болған. Әр оюдың өзіңдік мән-мағынасы бар, өйткені ғасырлар бойы «тұмар», «ұмай», «кошқар мүйіз», ою-өрнегінің магиялық күші бар деп сенген ата-баба дәстүрінің әлі де ашылмай жатқан құпия сыры бар.
Сурет-2 Космогондық ою түрлері
Сонымен қатар әр оюдың мазмұны бар. Мысалы: ай, күн, жұлдыз, аспан — аспан әлеміне байланысты; малдың дене мүшелеріне, ізіне байланысты ою-өрнектер — аңнын ізіне, түр-тұрпатына байланысты, есімдіктерге, қару-құралдарға байланысты болып бөлінеді. Оюлардың бояуларының да өз сыры болады. Мысалы ол ашық, анық емес бояумен жазылса онда ол құпия жазу. Ою - өрнектің жасырын тілін түсіну қиын емес, ою-өрнек өнері бір елдің тілімен жазылған мәдени шежіре десе де болады. Қолданбалы өнер түрлерінің ішінде бір жүйеге келтірілгені де ою-өрнек. Өрнектің жай немесе күрделі элементтері бірнеше рет қайталанса да симметрия заңы берік сақталады. Көне дәуірдегі қолөнершілер «егіз» өрнегін егіз анды жануарды бейнелегенде өмірде бейбітшілік пен тепе-тендікті сақтау ұғымын білдірген. Ою-өрнек өнерінің белгілі бір халыққа ғана тән тума ерекшеліктері сол халықтың бейнелеу, әсемдікті қабылдау мәдениетінің басты белгілерімен, ұлттық қолтаңбамен тікелей сабақтасып жатады. Ежелгі адамдар геометриялық ою-өрнектердің магиялық және символдық мәні бар деп сенген. Қазақта торсықтың бірнеше түрлері бар, торсық өзімен бірге алып жүретін ең қажетті бұйымның бірі, торсық бетіндегі бедерленген ою-өрнектер жолаушыға қатысты күн ашық болсын, береке болсын деген ниетпен тілек ұғымын білдіреді.
О
ю-өрнек үлгілерін жасаушы шеберлер өз өрнектерінде ойлаған затының не сюжетінің сыр-сипатын өзінше танып, оның көркем, әшекейлі болу жағына баса назар аударып отырған. Мәселен, кошқар мүйіз, сыңар мүйіз, өсімдік тектес, ұшқан құс бейнесіне ұксас оюларды сүйектен ойып, сәндеп, үй жиһазының бетгеріне керкемдеп, әшекейлеген. Оюшы да шебер ісмерлермен қатар аталып, құрметтелетін, өнерде өзіндік орны бар адам. Ол өзіне дейінгі ою-өнерінің бүкіл сырын толық меңгеріп, оны одан әрі дамытушы, сондай-ақ ол барлық оюды өз бетінше қия алғаңда және өз тарапынан қиялынан халықтың нұсқаларымен өзектес, салалас, сабақтас ою түрлерін ұсынғанда сөйтіп ою-өнерінің дамуына өз үлесін қосқанда ғана оюшы атала алады. Нағыз оюшы өзін қоршаған ортаны үнемі бақылап, табиғат сырларын тануға, жан-жануарлар әлемін, есімдіктер дүниесін терең білуге ұмтылады. Оның байқағыштығы, сезімталдығы, талғампаздығы, ісмерлігі қатар жетілсе ғана шеберлік шыңына көтеріле алады. Әбден машықтанған оюшы текпе ақын секілді табан астында мағынасы мен құрылымы сәтті үйлескен ою үлгісін өз ойынан шығарып сол сәтте қиып бере алады.
Сурет- 3 Геометриялық ою түрлері
Халқымыздың бізге жеткен ою-өрнек үлгілері бай мұра, сарқылмас қазына. Ғылымдар ою-өрнектердің әзірше 200-дей түрін ғана анықтады. Шеберлер жаңа ою-өрнектерін тұрмыс тіршілігіне, өз дәуіріндегі заман ағымына қарай лайықтап отырған. Мысалы, халқымыздың көне бұйымдарындағы ою-өрнектер сәнділігімен қатар, сол бұйымдардың жеңіл әрі берік болу жағын қарастырған. Оның үстіне әрбір жануар мен заттың өз бойындағы қасиеттеріне қарай тақырыптың мағынасы, композициясы, симметриясы мен ассиметриясы, колориты мен ритмі, сондай-ақ оған арналған философиялық мәні де байқалады.
Ою-өрнектің қолданылу орнына, заттың материалы мен түр-түсіне қарай түрленіп отырады. Мысалы, басты белгісіне қарай гүлді өрнек, торлы өрнек, өрнекті таспа болып үшке бөлінеді. Сан ғасырлар бойы халық арасында аталған өрнектің элементтері өзгеріп немесе түп нұсқасы пайдаланылып келеді. Кейде ою-өрнектердің бай мазмұнға ие болып шарықтау шегін байқасақ, енді бірде тоқырау кезеңдерін көруге болады. Қалай болғанда да ою-өрнек халық өмірінен мүлдем жоғалып кетпеген, ғасырдан-ғасырға жалғасып отыр.
Композиция дегеніміз латынның ою-өрнекті бір заттың бетіне реттеп орналастыру деген сөзі, ою-өрнек кесеге салынатын болса ол үлкен де, кіші де болмай, асқан дәлдікпен жарасым табуы керек. Өрнек үшін симметрияның да маңызы зор, оның екі жағының бірдей болуы-симметрия заңы. Ою-өрнектердегі бояу түрлерінің бір-бірімен үндесіп, жарасым табуын колорит дейді. Колорит көп болуы ою-өрнектерде жиі кездеседі.
Ендігі міндет ұлттық дүниетаным ерекшелігін танытатын осы өнер саласын заман талабына сай жетілдіріп көркем, рухани қазына ретіңде пайдалана білу. Казақ қолөнерінің күрделі саласы ою-өрнекті әлі де ғылыми тұрғыдан тереңірек зерттей түсу қажет. Өйткені ою-өрнек өнері осы уақытқа дейін белгілі бір жүйеге келтірілген жоқ.
Қорыта айтқанда ою-өрнек дегеніміз-дәлдік, есеп, тендік, теңдеу, үйлесім, жарасым, сәндік, көркемдік, парасаттылық, жылылық, сұлулық, ойлылық, ақылдылық, зеректік, көңілге шабыт, шаттық ұялатады, ептілікке, іскерлікке, шеберлікке, икемділікке, дәлдікке баулиды, тәрбиелейді.
Ою-өрнек өнерге деген махаббат, сұлулыкқа деген құштарлық жиынтығы. Ою ойған адамның жүрегі жылы, нәзік болады.
Тұрмыстық бұйымдардағы ою-өрнектер
Қай халықта және қашан да болса мұқтаждықты жою, баршылықты молайта беру, халықтың тұрмысын жақсарту, киiм-кешектi, үй жићаздарын тиiмдi, қолайлы, сәндi де ұнасымды етiп пайдалану халықтардың бәрiне бiрдей ортақ мүдде, ортақ арман едi. Соның нәтижесiнде бiздiң бабаларымыз бен аналарымыз кейiнгi ұрпақтар үшiн көптеген өнер мұраларын қалдырды. Олар бiздiң өмiрiмiздiң зейнеттi болуы үшiн күрескенде неше түрлi азапты - от пен судың, тар жол, тайғақ кешулерiнен өттi. Жоқшылық, қараңғылық, теңсiздiк азаптарын тартты. Сөйтiп жүрiп өз елiнiң тарихында мәңгiлiк өнер өрнектерiнiң мұрасын қалдырды. ''Әр елдiң тiлiн, өнерiн бiлген кiсi онымен бiрдей деңгейде пiкiрлесе алады, аса арсыздана жалынбайды'' деп тiл мен өнердi жоғары бағалаған Абай. Ал, Ш.Уалиханов ою-өрнек өнерi қазақ халқының өмiрiнде айрықша өнер екендiгiн, оның ерекшелiктерi мен қыр-сырының молдығы қаншама бiлiмдарлықты талап ететiндiгiн айтқан. Жалпы ою өнерi дүние жүзiнiң көп халықтарына тән. Дегенмен де қазақ халқының ою өнерiнiң өзiндiк ерекшелiктерiн атап өтпеуге, сiрә болмас. Ою-өрнекпен безендiрiлген киіз бұйымдар, кестелер, тоқыма бұйымдар және қыз-келiншектер мен ерлер киiмдерi, қыз-келiншектердiң мойнына тағатын алқасы, шашына жалғайтын шашбауы т.б. бұйымдар ою-өрнекпен безендiрiлiп отырған. Демек, ою өнерi қазақтың тарихымен бiрге жасап, бiрге дамып келе жатқан көне өнер. Халқымыздың ою өнерi өз бастауларын тарихтың тереңiнен алатын, теориясы мен жасалу технологиясы да күрделi, әсемдiк-бейнелеу дүниесiнiң бiр түрi.
1.3 Ұлттық ою-өрнек өнерінің тәрбиелік мәні
Ою-өрнектің өркендеуіне ата-бабаларымыздың сезімдік-талғампаздық дүниесі, қоршаған табиғат аясы, өскен ұясы, туған жердің қасиетті топырағының ықпалы зор. Әр халыққа, ұлтқа тән өзіндік ою-өрнек негіздері қалыптасып дәстүр алды. Кілемге, тұскиізге, басқұрға, киімге, ыдысқа, қару-жараққа, үй жиһаздарына арналған ою түрлері қалыптасты. Мәселен, кілемге салынған ою-өрнектерге тоқталсақ. «Поднос» кілемінің ою-өрнектері көбінесе екі қатар орналастырылған көпбұрыштардан тұрады. Олардың арасы қос мүйіз сарынымен безендірілуі мүмкін. Түсі әдетте қызыл болып келетін кілемнің бетінде орналасқан өрнектер бір-бірімен аралары жеткілікті алшақ болып, қараған адамға байсалды, жайбарақат әсер береді. Кілемнің бұрыштары қошқар мүйіз нақышымен орындалған үшұрышты фигуралармен әшекейленеді. Осы тектес кілемдердің ою-өрнектерінде квадрат кесінді поднос өрнектері жиі кездеседі. Олар қошқар мүйіз, балдақ сияқты ірі өрнектермен безендіріледі.
Сонымен қатар, арабы кілеміне қатысты «бұл VІІ-Х ғ.ғ. арабтардың жаулап алуы және араб халифаты кезеңінде енген, ал қазақтардың түркмендерден алып пайдалануы мүмкін»[12]. Шаршы кілемнің орталық алаңы ішіне әр түрлі өрнектер орналастырылған және бір-бірінен бөлінген квадрат розеткалар (жапырақ формалы әшекей) өрнектеледі. Көбінесе «қошқар мүйіз», «қос мүйіз», «сыңар мүйіз» сияқты элементтер қолданылады. Кілемнің бейнесі көбінесе қызыл түсті болып келеді. Көмкермелері қоңыр немесе жасыл түсті болып, оған сары түсті өрнектер орналастырылады. Негізінен ол көршілес шығыс халықтарындағыдай бөлменің төріне ілінеді.
Тақта кілемнің орталық алаңында жолақтар тігінен орналастырылады, оның түсі қызыл, көк, ақ болуы мүмкін. Осы жолақтардың үстінен горизонталь бағытта әр түрлі өрнектер, мысалы созылыңқы келген ромб салынады. Аталған төртбұрыштардың бұрыштары қос мүйіз немесе қарға тұяқ стильді өрнектермен безендіріледі. Төртбұрыштардың ішіне бота көз немесе жұлдызшалар орналастырылуы мүмкін. Кілемнің көмкермесі қарға тұяқ, сынық мүйіз, балдақ секілді өрнектермен безендіріледі. Мұндай кілемдер үйдің төріне төселетін немесе қабырғаға ілінетін бағалы бұйым болып есептеледі.
Жоғарыда келтірілген барлық кілемдерді жүйелеп баяндай отырып, олар тек тақыр кілем жасалатын аймақтарда таралғанын айта кету керек. Ал, түкті кілем тоқылатын аймақтарда тақыр кілем аз жасалып, оған көбінесе түкті кілемнің оюы салынған. Тағы бір айырмашылығы, бұл аймақта тақыр кілем де, түкті кілем де көлденең станокта тоқылған.