Файл: Ежелгі жне ортаасыр ркениетіндегі мдениет ымыны алыптасуы жне оны аналогы (вэнь, дхарма, пайдейя).docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 358
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Готика (гр. γοτθικο) — Еуропа (әсіресе, Батыс Еуропа) елдерінің сәулет өнерінде 12 ғ-дың 2-жартысында пайда болып, 16 ғ-да кең өріс алған стиль.
Шартты түрде герман тайпалары - готтардың есімімен аталып кеткен. Готиканы орта ғасырлардағы қалалық және сарайлық мәдениет тудырады. Ол роман стилінің орнын басты. Готика стилі шіркеу сәулет өнерінде кең қолданылды. Сондай-ақ, ақсүйектер қауымы құрылыстарын (ратушалар, сауда орындары), қамалдар, тұрғын үйлер салуда да маңызды орын алды. Готика стилінде салынған ғимараттар зәулім биіктігімен, әсем нақыш, асқан сән-салтанатымен көз тартады. Олар бағана қатарына иек артқан сүйір арқалы, ғимараттың ішкі төбесін шатырлауда (күмбездеуде) үлкен үйлесім тапқан айқыш уықта (нервюра) болып келеді. Бүйір қабырғаларға жанастыра салынған тұғыр бағаналар (контрфорс) шатырмен жартылай арқа (аркбутан) арқылы байланысады.
Бұл конструкция жаңа әдіс ғимараттың әрі еңселі, әрі бүйірлі бола түсуіне жол ашып, тұғыр бағаналардың арасын түгелдей шынылауға мүмкіндік туғызды. Түрлі-түсті шыныларды әсем қиоластыра отырып өрнек салу готика стиліндегі өнерле кең өріс алды. Сән өнері (витраждау, сан алуан ескертқіштер тұрғызу) және қосалқы өнер (тас қашау, сүйек қырнау, темір қақтау, т.б.) де биік сатыға қөтерілді. Өнердің бұл түрлері, әсіресе, ғибадатханалар салуда кең қолданады. Оларға діни нышандар тын және ойып жасалатын нұсқа болып екіге бөлінеді: бедерлі нұсқала бояу сурет бетіне жағылады (ксилография, линогравюра). Ойма нұсқала бояу ойылған сурет сызықтарына толтырылады (офорт, акватинта, мещотинто, лавис, т.б.). Готиканың жасалуы бірнеше қезеңнен тұрады: алдымен қағазға салынған эскиз тақтаның бетіне көшіріледі.
Содан соң арнаулы металл аспаптармен (штихель, қашау, гравирлейтін инелер, арнаулы пышақтар) немесе хим. әдістермен (қышқылмен күйдіру, т.б.) бұл сусын өзгеріссіз, айнытпай шығаруға болатындығы - Готиканың ерекшелігі.
Қондырғылы Готикамен (эстамптар) қатар кітап Готикасы да кең тараған. Алғашқы Г. 6 - 7 ғ-ларда 868 ж. Қытайда жасалғаны анықталған. Готика өнері 14-15 ғ-да Бат. Еуропада, 17- 18 ғ-дар да ағаштағы Готика- ксилография Жапонияда дамыды. Ресейде 16 ғ-дан белгілі. 18 - 19 ғ-ларда Готика кең таралды. Қазақстанның бейнелеу өнерінде Готика өнердің өркендеген түрлерінің біріне айналды. Республиканың жетекші графикашылары В.И.Антощенко-Оленев, мен пропорц. шарттылық тән, сондай-ақ әмірге деген құштарлық, асқақ рух та аңғарылып тұрады. Г. Францияда (Париждегі, Реймстегі, Аменъедегі ғибадатханалар), Германияда, Нидерландта, Англия мен Испанияда, Скандинавия елдерінде, Италияда дамыды.
Бірқатар Готикалық маңызды есқерткіштер Чехияда, Словакияда, Польшада, Венгрия мен Хорватияда, Словенияда, т.б. жерлерде сақталған. 15 - 16 ғ-ларда Бат. Еуропа елдерінің көпшілігінде Готиканы Қайта әркендеу дәуірінің өнері ығыстырыл шығарды. гравюра (франц. дгауиге - бедер сурет) - графика өнерінің бір түрі; тақтаға бедерлен салған суреттің қағазға түсірілген көшірмесі (эстамп) Готика деп аталады.
Өңдеу әдісіне байланысты Готика бедерленіп жасаларет тактаның бетіне әйылып немесе бедерленіп түсіріледі. Одан кейін тақтаның бетіне бояу жағылып, қолмен немесе арнаулы станокпен қағазға басылады. Готикалар бедерлену әдісіне қарай бірнеше түрге бөлінеді: мысқа ойылып жасалатын Готика, ағаштағы Готика - ксилография, линолеумдегі Готика - линогравюра, офорт, меццотинто, т.б. Г. жасалатын негізгі заттар: металл (мыс, мырыш, болат), ағаш (шамшат, пальма, алмұрт ағашы), линолеум, т.б. Г. көбінесе ақ және қара болып келеді. Алайда әрқайсысына әр түсті бояу жағылған бірнеше тақталан басылатын түрлі-түсті Готика да кездеседі. Готика график, өнерге тән сан түрлі бейнелеу құралдарын пайдаланады. Қаттылығы әр түрлі нөрселерден жасалуына орай қалыптасқан стильдік өзгешелік, авторлық бір нүсқаның көп дана.
-
Святой, Рыцарь, Бюргер ортағасыр Еуропа мәдени тптерінің негізі ретінде
Орта ғасырлар тарихта сұрғылт түсті атанған дәуір, дәл осы кезде «әлем жарығы» атауын алған рыцарьлар мәдениеті ерекше көзге түседі. Рыцарь мәдениеті бүгінгі күні үлгі болатын «мінсіз ердің» келбеті ретінде танылады. Анықтамада: «Рыцарь – христиан дінін ұстанатын елді жаудан қорғаушылар, христиан дінін таратуға үлес қосқан жауынгерлер деп көрсетеді. Кез-келген адам рыцарь атағын иелене алмайтын, ол үшін арнайы шарттар мен кодекстер бекітілген. Алдымен діни рәсім негізінде обет беріп, шіркеу әкейіне әлсіздерге қол ұшын созып, жетім мен жесірлерге көмек береміз», -деп ант етеді.
1) Рыцарь атану үшін алдымен шыққан тегің текті болуы тиіс.
2) Міндетті түрде шоқынып, христиан дінін қабылдауың керек.
3) Өз басшысына берілгендік, опасыздық жасамауға ант бересің.
4) Денесі шымыр болу керек, алып болмаса, 60 кг тұратын
сауыттарын көтере алмайтын.
6) Саятқа шығып, аң аулауға епті болуы керек.
7) Қылыштаса алу.
8) Суда жүзе алу.
9) Қоғамда өзін-өзі дұрыс ұстау.
10) Әйелдердің алдында ілтипат таныту, ізетпен өлең жолдар оқи алуға міндеттелетін[1,212б.].
Халқымыздың батырын рыцарьмен салыстырсақ, Абылай заманында да рыцарьға ұқсас ер жігітке он талап қойылған. Күресте жеңу, аударыспақта басым түсу, садақ тартқанда құралай көзіне ату, құрықпен, шоқпармен өнер көрсету, асау атты үйрету, бүркітпен түлкі алу, ат жарыста мәреге жету, қылыштасу, найзаласу. Қазақ жігіттеріне қойылатын талаптың ішінде «әйелдердің алдында өлең жолдар оқи алу» деген көлгірсу жоқ. Қазақ батырларын Батыстың батырларымен теңестіруге келмейтін сияқты. Қазақ батырларының деңгейі олардан әлдеқайда биікте тұр дегім келеді. Рыцарьларға неке деген жат ұғым, оларға ұшқынмен бір жалт еткен жалған махаббат тән. Аттың қомында, өлім мен өмірдің екі ортасында жүрген рыцарьлар «Мөлдір махаббат» дегенді жадыларынан шығарып тастаған. Рыцарьларға қатысты жағымсыз деректер де кездеседі. «Шындығына келгенде, бірнеше айға созылған соғыстарда сауыттарын шешпей жүргендіктен үстерінен жағымсыз иіс шығып тұратын. Рыцарьлар үсті-бастарын жуынуға әркез ыңғайы келмегендіктен биттеп те кететін, сақал-дарына жабысқан тамақ қалдықтары Рыцарьларды ұсқынсыз көрсететін. Тағы бір жерде Рыцарлар жаулаған жерінен пәктігін жоғалтпаған қызға тиісетін осыдан өздерін еркектің мықтысы екенін сезінген деседі[2]. Иман мен ибаны білген қазақ жігіттері жаудың қызы болса да әйел затының арын
жоғары қойған, ғашық болып жатса жаудың қызына үйленіп алып қалуға тырысатын. Жалпы қазақ қоғамында қыздың абыройы әулеттің, бүкіл елдің абыройына баланған. Жігіттеріміз әйел затын қастерлеген, қыз ретінде аялау, жар ретінде сүю сияқты құндылықтарды саналарына сіңірген.
Орта ғасыр тарихына шолу жасасақ, мұсылмандардың Рыцарьлар орденінің құрылуына себепші болғаны рас. Өйткені, селжүктер бір жағынан, екінші жағынан арабтар Испанияны жаулап алғаннан бастап Еуропалықтар аяқтарынан тік тұрады. Батыс Таяу Шығыстан қатты қауіптенген бұл кездері Араб халифаты Шығыста Қытайға, батыстағы Франктерге, Солтүстік Африкаға өз үстемдігін жүргізген еді. Иерусалим VII ғасырдың 40 жылдарынан бастап мұсылмандардың қолында болатын. 1088 жылы Рим папалығына сайланған Урбон ІІ Клермон соборында 1095 жылы христиан шіркеуінің жиынын өткізіп, өз сөзінде қол астындағыларына: «мұсылман-дарға қарсы крест жорығын жариялады. Жорыққа баратындардың барлық күнәсі кешіріліп, шайқаста қаза тапқан болса о дүниеге жұмаққа түсіп, жандары рахатқа бөленетінін хабарлады...» [3,140б.]. Папаның жарлығын қабыл алған рыцарьлар атақ пен даңққа бөленудің кезегі келгенін сезініп, күштерін біріктіріп шығысқа бет алды. Шіркеудегілер жорықтың мақсатын мұсылмандардың қол астындағы Палестинада Иса пайғамбардың мүрдесін дінсіздерден босату үшін ұйымдастырылып отырған жорықтар деп жариялады. Крест жорығы аталған саясаттың астарында шіркеу байлығын арттырумен қатар жер иелігін ұлғайту жатқан еді.
Кейбір деректерде Тамплиерлер шынымен де эзотерикалық ілімге қызыққан, алхимия, мұсылман суфизімінен де хабардар еді делінген. 1307 жылы король көрікті Филипп тамплиерлерді қолға түсіру туралы жарлық шығарады, оларға қарасты барлық дүние мүлкін тәрк етіп, иеліктерін тартып алады. Инквизитор Гойома тамплиерлер ұйымына түрлі жала жауып тергеуге алады. Тамплиерлерді мұсылмандармен байланысы бар деп те айыптаған, алайда оған ешқандай да негіз жоқ. Трамплиерлерге христиан дініне қарсы келген деп айып тағылады. Өйткені тергеуде: «Орденге қабылданған кезде Исус таңылған крестке түкірдік, ол жай ғана адам, құдай емес дегенбіз» – деп жауап бергендері болған. Бұл орденнің өздеріне тиісті «Бафометтің» басы бейнеленген рәміздері болған. Ол рәмізді ібілістің басы деп түсінген. Түнек, қара әлемнің бейнесі ешкінің басымен байланысты қарастырылатын. Астары тек тамплдарға мәлім. «Однако вряд ли можно сомневаться в том что в предъявленных тамплиерам обвинениях была известная доля преувели-чения.... в полне возможно, что отдельные тамплиеры действительно были виновны в упомянутых преступлениях, но у нас нет оснований утверждать, что весь орден был охвачен дьяволщиной. Преследование тамплиеров, как и травля евреев, было затеяно королевской властью; ловко сыграв на религиозной ненависти и страхе народа, она расправилась с богатым и влятельным оппонентом»[6,332б.] Тамплиерлер Батыстың дамуына елеулі үлес қосқан. Екі жүз жылды қамтитын орден 200 жүзге жуық романдық, готикалық стильде шіркеулер тұрғызған. Орта ғасырлар корольдер бейбітшілік мәмлеге келгенде, жеңіс тойланғанда рыцарлық турнирлер өткізіп тұратын. Бұндай турнирлерге рыцарьлар жан-жақтан, тіпті алыс-жақын Германиядан, Франциядан келіп қатысып жататын. Нағыз азаматтың болмысы қисса, ертегілерде көрініс тапқан десек, рыцарьдың болуға тиіс бейнесі поэмаларда бейнеленген. Атақты рыцарьларды жырға қосқан трубадорлардың бүгінгі күнге жеткен жырлары әлем әдебиетінің ең үздік серияларына кіреді. Батырлар жыры сансыз болса, рыцарьға арналған жырлар саусақпен санарлық екен солардың қатарында: «Тристан романы», француздардың «Роланд жыры», немістің «Небелунг жыры».
-
Ортағасыр әлеміндегі антикалық мәдениетегі Византияның негізгі орны «сақтаушы» ретінде.
Шығыс Рим Империясының ерте христиандық өнер кезеңі VVI ғасырларды қамтиды. Тарихқа Византия деп енген шығыс христиандық жерлерде кең тараған өнер, Vші ғасырдан бастап эллиндік дәстүрді жалғастырушы. Ол кейінгі өнерде жалғасын тауып жаңа стильді қалыптастырды. Шығыс Римге Балкан түбегі, Эгей теңізіндегі құрылықтар, Сирия, Палестина, Қосөзеннің бір бөлігі, Армения, Мысыр, Кипр, Аравия районы, Кавказдағы Қырым жерлері кірді. Жалпы Византияның алғашқы даму кезеңіндегі жаңа бағыттың пайда болу себебін перғам кодексі деп аталатын кітаптың пайда болуымен байланыстырады. Мысырдың патшасы Птоломей, Пергамда кітап көшірмелерінің көбейіп кетуі, Александрияның беделін түсіреді деп, пергамға папирус жіберуге тыйым салады. Сондықтан оларға өз жазба құралын ойлап табуға тура келеді – бұл пергамент кітапшасы болды. Пергамент қозы мен бұзаудың терісінен иленген жұмсақ тері. Ол бояуды өзіне өте жақсы сіңіріп алатындықтан, мәтінді бояу түрлерімен бай сәндеуге ыңғайлы болатын. Суретші кітапты безендіруге көбіне қызыл түсті көп пайдаланғандықтан – миниум (лат.), кітап иллюстрациясы миниатюра деп аталып кетті. Өнерде жаңа формалардың пайда болған түрінің бірі – сәулет өнері. Алғашқы кездегі сәулет төртбұрышты жобалы грек сәулет өнерін қайталау болатын. Бұл кездегі діни рәсімдерге арналған құрылыс ғимараттар, ертеректе салынғанына қарамастан сақталған. Алғашқы кездегі ең кең тараған құрылыс типтері – базилика. Оларға мысал ретінде, Вифлеемдегі Рождества, Римдегі Санта – Мария Маджор шіркеуін келтіруге болады. Дегенмен, V ғасырда орталық құрылыстар кең тарай бастайды, оның туылуына сириялық мектептің ықпалы болды. Бұл кезде діни рәсімдерді жүргізу қалыптасқан болатын, рәсім кезінде оны хормен орындалатын өлеңдермен қостайтын, өлең айтушыларды арнайы басқаларынан жоғарырақ орналастыру храмның орталық бөлігін айқындап тұрды, ал бұл болашақтағы амвонаның (восхожу) алғашқы образын бекітті. Бұндай белгі орталық күмбезді шіркеу түрінің қалыптасуына әсер етті. Және бұндай құрылыстардың пайда болуына Кіші Азия мәдениетінің әсері мол еді. Мысалы, Равеннадағы равенналық ханымға арналған мавзолей. Шіркеудегі жоралғы рәсімдер мавзолейдің ішкі интерьерін көркем сәндеуді де өз қолына алды. Христиандық дәстүрге байланысты,адам сүріп жатқан шын дүние мен келесі өмірдегі дүниені байланыстырып тұруы керек. Шіркеуде бейнелеу өнерінің көмегімен Құдай образын суреттеу маңызды еді. Бұл мақсаттарға жету мынадай әдістәсілдерді жетілдірді, олар: симметрия принципі, жазық композиция, фигуралардың әртүрлі масштабтылығы және ежелгі египеттіктерден алған фигураларды фронтальды орналастыру 26 . Бейнелеуде асқақ және ирреальды Құдай образын сомдауға неғұрлым жақын келетін мозаика ерекше оптикалы әсер беретін, «керемет жалтылдаған кескіндеме» (мерцающая драгоценная живопись) тәсілін дамытты. Дөңес қисық сызықтың сфераның бетін мозаикамен қаптаған, Равенналық шеберлер, ақ түсті өрнектер мен фигуралар адамдарға алға қарай шығып тұрғандай көрінетінін байқады. Бұндай әсер тереңдігі жоқ алтын түсті фонды пайдалану арқылы күшейе түсті. Дөңес шығыңқы көрінетін фигура мен алтын түсті фон, қасиеттілердің бейнесін алға қарай шығып тұрғандай әсер беруі, құдайлар мен қасиеттілерді мінәжәт етушілермен бір кеңістікте теңестіргендей етіп жіберді. Сондай ақ, көздері бақырайа, қозғалыссыз қарап тұрған қасиеттілер бейнесі мінәжәт етуші адамдарға қатты әсер етті. Бұндай бейнелеу өнердегі бастау Равеннадағы сегіз қырлы храмда жалғасын табады. Юстиниан тұсындағы Византия өнері. Италияның соғыс – администрациясының орталығы болған, Равеннада – базиликалы, Канстантинопольде – күмбездікресті құрылыстар Византияның барлық территориясында салынып жатты. Юстиниан тұсында жаңа храм – күмбезді базиликалы құрылыс түрлері салына бастады. Мысалы, София храмы. Бұл үлкен шіркеу маңында бірнеше аңыздар пайда болды. Аңыз бойынша, Юстиниан бұл шіркеудің планын түсінде көрген дейді. Түсінде періштелер қиын инженерлік сұрақтарды түсіндіріп, тіпті шіркеуді тұрғызуға қаржыны қай жерден табудың жолын да айтып берген деседі. Храмды тұрғызуға ежелгі дүние өнерінің ескерткіштерінен ең әдемі материалдарды алдырған: мәрмәрдан жасалған бағаналардың бір бөлігі Афинадан алынған, жанындағы портиктерді әшекейлеп тұрған бағаналар сириялық қаладағы Баалбектің күн құдайына арналған ғибадатханасынан әкелінген, коринифтік стильде жасалған сегіз бағана Эфестегі Артемида храмынан алынған. Ғибадатхананың салтанатты ашылуына Юстиниан төрт атты арбасымен келеді. Ғибадатханаға кіре «құдайға шүкір, Саламон мен сені жеңдім» деп айқай салыпты. Юстиниан тұсында ғибадатхананы сәндеудегі өнердің бір түрі икона болды. Тақтайға жазылған иконалардың шыға бастауды VI ғасырдағы осы кезеңмен байланысты. Иконаның ең алғышқысы, біздің э.д. IV ғасырларда Мысырда пайда болған фаюм портреттері деп саналады. Бұл уақыттарда мумиялар бұрынғы мәнін жоғалтады, олар тірі кезінде ағаш тақтайшаға энкаустика (воскке араласқан бояу) немесе темпера (жұмыртқаның сары уызымен) әдісімен салынған бейнелерді қайтыс болғаннан кейін адамның бетіне қойған, ондағысы өлген адамның жаны ұшып кетпестен өлі денеге қайта қонсын дегені еді. Бұндай түрлер Фаюм жерінен алғаш табылғандықтан ваюмдік деп аталып кеткен. Иконаны құдайдың бейнесі деп қарастыруға болмайды, оны құдай образы деп түсіну керек, сондықтан онда оның бет бейнесі емес келбет образы бейнеленді.