Файл: Ежелгі жне ортаасыр ркениетіндегі мдениет ымыны алыптасуы жне оны аналогы (вэнь, дхарма, пайдейя).docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 365
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Оған дәлел, Қос өзеннің ең көне мәдениеті Шумер-аккад мәдениеті. В.В. Струве, В.И. Авуев, В.А. Тураев, Б.И. Грозный сияқты аса көрнекті шығыстанушы ғалымдардың пікірінше, шумерлер бүкіл Вавилон мәдениетінің негізін қалаушылар бо¬лып саналады. Ал шумерліктердің өздері, олардың ата-бабаларын Қос өзен өңіріне сонау таудың ар жағынан, солтүстіктен, яғни солтүстік-шығыстан келген.
Шумер мемлекетінің мәдени жетістіктері орасан зор болды. Адамзат тарихындағы алғашқы «алтын ғасыр туралы» поэмасы шумер елінің топырағында жарық көрді, шумерліктер алғашқы элегияларды жазды, дүние жүзінде бірінші рет кітапханалық каталогтар жасауды игерді. Осы орайда ғалымдар «Месопотамия — архивтер отаны» деп тегіннен-тегін атамағанын атап өткіміз келеді, өйткені мүнда мемлекеттік архивтермен қатар жеке адамдардың да архивтері болған. Сонымен қатар шумерлер — ең көне медициналық еңбектердің, дәрі-дәрмек рецептері жинақтарының авторлары, диқаншының түңғыш күнтізбегін жа¬саған да осы шумерліктер.
Өз заманында іргелі мемлекет құрған шумерлер айналасы тас дуалды әдемі қалалар салудың тамаша үлгісін көрсете білді. Қалада патша сарайы, дін ордалары, қалалық әкімшілік, шеберхана, мектеп, базар, түрғын үйлер тәртіппен түзіліп, шаһардың сәулетіне сәулет қосты.
-
Веда ариялық мәдениеттің ескерткіші ретінде
Үнді пәлсапасы б.з.д. II және I мыңжылдықтың бас кезінде, арийлердің (малшы тайпалардың) солтүстік-батыстан енуі, олардың елді басып алуы, алғашқы қауымдық құрылыстың құлдырауы ежелгі Үндістанда таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуымен дүниеге келді. Мемлекеттік биліктің басында раджа тұрды, оның билігі егін шаруашылығымен айналысушы ақсүйектердің билігіне және рулық абыздық билікке тірелді. Ежелгі Үндістан қоғамының әлеуметтік стратификациялануын төмендегідей сипаттауға болады:
Варналар - топтар Варналардың өкілдері
-
Брахмандар Абыздық варна -
Кшатрийлер Әскери ақсүйектер тобының варналары -
Вайшьялар Егінші-варналар -
Шудралар Төменгі варна
Варналарға бөліну дінмен ерекше қасиетті сипатқа келтірілді. Текті абыздық жанұялар қоғамға айтарлықтай ықпал етті және білімділік пен арнайы білімдерді иеленушілер болды, діни идеологияның дамуына ықпал етті. Варналардың тіршілік етуі (варналарға бөліну) құрбандық шалу формулаларымен, атаулармен, дұғалармен сакрализацияланған еді. Ежелгі үнділіктер ой-толғамдарының алғашқы ескерткіші Ведалар болды. Б.з.д. II және I мыңжылдықтар аралығында пайда болған, және адамзаттың әдеби ескерткіштерінің ең ежелгілерінің бірі болып табылатын ведалар ежелгі үнді қоғамының рухани мәдениетінің дамуына, оның ішінде философиялық ойдың дамуында үлкен анықтаушы рөлге ие болды. «Веда» сөзі санскриттен аударғанда «білім» деген мағынаны береді. Бірақ бұл жай білім емес, ерекше білім. Ведалар әнұрандардан, дұғалардан, дуалардан, құрбандық шалу формулаларынан тұрады. Ведалардың образдық көркем тілімен аса ежелгі діни дүниетаным, адамның өмірі және адамгершілік туралы алғашқы философиялық түсінігі берілген. Ведалар құрамына мына бөлімдер кірді:
-
Ригведа - Діни әнұрандар жинағы. (Б.з.д. 1,5 мың жыл шамасында). Көптеген құдайларға арналған құрбандық әндері, дуалар мен дұғалар. Ригведада Ежелгі Үндістан ойшылдары болмыстың алғашқы бастамасы туралы, әлемнің пайда болуы туралы, оны басқаратын заңдылықтар мен әлеуметтік айырмашылықтардың себептері туралы ой толғай бастайды. -
Брахмандар - Жол-жора мәтіндер жинағы. Оларға буддизмнің пайда болуына дейін үстем болған брахманизм діні негізделді.
-
Араньяктар - Орман тақуаларының кітаптары.
-
Упанишадтар Б.з.д. I мыңжылдық шамасында пайда болды. Мағынасы - «жанында отыру», яғни өсиет-нақыл тыңдап, ұстаздың аяғының қасында отыру мағынасында; немесе «құпия тылсым білім». Бұл мәтіндерде ең бірінші себептілік мәселесі, болмыстың бастауы мәселесі басым келеді, оның көмегімен барлық табиғат құбылыстарының және адамның пайда болуы түсіндіріледі. Упанишадтарда басты орынға болмыстың ең басты себебі мен алғашқы негізі ретінде рухани бастау - брахман немесе атманды алатын ілімдер ие болады. Упанишадтар мәтіндерінің көпшілігінде брахман және атман рухани абсолют, табиғат пен адамның денесіз ең бастапқы себебі ретінде түсіндіріледі. Упанишадтардағы таным теориясының басты мәселесі білімді екі түрге: жоғарғысына және төменгісіне бөлу. Төменгі білім - эмпирикалық шындық туралы білім. Жоғарғысы - рухани абсолют туралы білім, оған тек мистикалық интуиция, йогтык тәжірибенің көмегімен ғана қол жеткізуге болады. Нақ осы білім әлемге билік ету мүмкіндігін береді.
«Славян-арийлік ведалар» – бұл қозғалыстың жақтаушылары рунамен жазылған ежелгі «славян-арий» жазбаларының аудармасы ретінде қарастыратын славяндық неопаганизмнің бағыттарының бірі инглизмнің жаңа діни ағымының қасиетті мәтіндері. алтын пластиналарда[3], оның ең көне бөлігі 40 мың жыл бұрын жасалған[4]. Олар инглизм ілімдерін түсіндіреді және дүниежүзілік тарихқа жалған тарихи шолуды қамтиды. Қозғалыстың негізін қалаушы және жетекшісі Александр Хиневич жазған.
-
Конфуцишілдік Ежелгі Қытай мәдениетінің ядросы ретінде
Конфуцийлік-даосистік мәдениет. Қытай этносы қытай халқының басқа халықтардан өзгеше мәдениетінің қалыптасуына ерекше ықпал жасады. Қытайлықтар болмыс құпиялары мен өмір мен өлім мәселелерінен гөрі жарылқаушыларға бас иіп, оларға еліктеуді өздерінің қасиетгі парызы деп санады. Қытай елінде о дүниедегі рахат өмірді уағыздаушылардан гөрі, осы нақты өмірдің мән-мағьнасын терең түсіне отырып «өмір үшін өмір сүруге» үйретушілерді ұлылар қатарына жатқызып, олардың даналық қағидаларына бас иген. Дәстүрлі қытай мәдениетінің өзіндік бет-бейнесінің қалыптасуына діннен гөрі, салттық этиканың ерекше әсер етуі де осы жағдайға тікелей байланысты болса керек.A."Конфуций"
Қытай қоғамында орын алған мұндай жағдайлардың бәрі де адамзатты қоршаған дүниенің бейнесі жайындағы нақты үғымдардың қалыптасуына да, оның эволюциялық сипатына да өз ықпалын тигізбей қойған жоқ. Мысалы, Қытайдың діни құрылымында дін адамдарының рөлі алғашқы кездерде онша жоғары бола қойған жоқ. Оған дәлел ретінде Аспан құрметіне бай-ланысты өткізілетін діни рәсімдерді ғалым адамдардың емін-еркін атқара беретіндігін атап көрсетуге болады. Өйткені, Қытайда сол заманның өзінде-ақ ғалымдарға ерекше құрмет көрсетіліп, оларды жоғары сословиеге жатқызған, бірақ олар мұндай абыздық қызметтерден гөрі мемлекеттік істерге өте жақын тұрды. Қытайдың діни құрылымының бұл ерекшелігі сонау көне заманда, атап айтқанда, б.з.б. екінші ғасырдан бастап-ақ қалыптаса бастаған болатын.
Қытайлар да дүние жүзінің басқа халықтары сияқты құдайлар мен рухтардың құрметтеріне құрбандықтар шалды (кей жағдайларда қанды құрбандықтар да берілетін болған). Бірақ, уақыт өткен сайын көп құдайлар мен рухтардың ішінен Ұлы Құдай дәрежесіне жетіп, аты аңызға айналған Шанди басты орынға шықты. Әрине, діннің даму тарихындағы мұндай дара тұлғалар әлемдік басқа діндерде де жиі кездеседі (мысалы, Египетте). Бірақ, Қытайда Ұлы Құдай Шандиді өз халқының мұңын жоқтап, жағдайын ойлайтын, оған барынша қамқорлық жасайтын қамқоршы және арғы ата-бабаларының, ата-тектерінің негізін қалаушы ретінде де қабылдаған. Сондықтан да болар, қытай халқының тұрмыс-тіршілігіндегі барлық мәселелердің түйінін шешу — Шанди құдайға табынумен, оған жалбарынумен тығыз байланысты болған.
Қытайдың қоғамдық-саяси өмірінде орын алған түбегейлі өзгерістерге байланысты, кейіннен, яғни Чжоу династиясы кезеңінде (б.з.б. XI ғ.) Шанди құдайға табынушылықтың орнын Аспанға табынушылық басты. Сонымен қатар Чжоу династиясының билеушісі Аспан тәңірінің ұлы деп, ал Қытай империясы Аспан аясындағы қасиетті империя деп жарияланды. Бүл атақ пен қытай елінің бұл аты XX ғасырға дейін сақталып отыр. Қытайлықтардың ел билеушілерін осыншама дәріптеп, оларға жоғары атақ бергеніне қарағанда, олар ел басшылары құдайлармен генетикалық байланыста деп түсінгендігін айқын аңғаруға болады. Чжоу дәуірінен бастап Аспан қытайлықтардың басты құдайына айналды. Аспанға табынушылықта моральдық-этикалық сарын басым болды. Қытайлықтар Аспан қайырымдыларды, рахымшылдарды жарылқап, ал мейірімсіз қатыгез адамдарды аяусыз жазалайды деп түсінген. Адамгершілік, қайырымдылық және т.б. ұғымдар Аспанның космостық күштерінен қуат алған, онымен ұдайы байланыста болған, халықтың қамын ойлаушы ел билеушісінің бойындағы ізгі қасиеттермен байланыстырылып қарастырылады. Қайырымды, дана билеуші ғана өз елін, өз халқын басқара алады, ал бұл қасиеттерден ада бол- ғандар ел басқару құқысынан айырылады. Ежелгі қытайлықтар өмірдің мәнін адамдардың космос кеңістігімен дұрыс қарым- қатынастар орната білуімен де байланыстырады.
Олай болса, қытай халқының салт-дәстүрінде, әдет-ғүрыптарында және т.б. дін этикалық нормаларға айналды. Аспанға табынуда моральдық және адамгершілік жақтарға баса назар аударылды. Ерекше атап өтетін бір жайт, Қытайда халық Аспан еркінің жаршысы деп жарияланып, рухтарға қарағанда халықтың жағдайына ерекше мән берілді, ал бұл жағдай Қытай мәдениетінің дамуына өз әсерін тигізбей қалған жоқ. Мәдениет тарихына тереңірек үңіліп қарасақ, табиғат дүниесімен етене байланыста болып, оған ерекше сезіммен, әрі сеніммен қарау 88 қытай халқының бойында қалыптасқан табиғи қасиет екендігін аңғарамыз. Табиғат пен адам жанының үндестігі, табиғатты аялау, оған деген сәбилік махаббат сезімі халықтық мәдени туындыларды одан әрі нәрлендіре түсті. Табиғатқа табыну және оның өзіндік табиғи қасиеттерін бағалаудың арқасында қытайлықтар жан-жақты жетілген, ізгілікке толы дүниенің бейнесін жасады. Олардың ұғымынша, дүние — қарама-қайшылықтардың абсолютті үйлесімділігі үстемдік еткен шым-шытырық дүние, бірақ мұнда қандай жағдай болса да, олар бірін-бірі еш уақытта да жоққа шығармайды, қайта бірін-бірі толықтырып өзара үйлесімділік тауып отырады. Табиғаттың әрбір құбылысы — табиғат атаулының, бүкіл тіршілік атаулының жалынды жаршысы. Әрбір табиғи құбылыстың өзіндік құпиясы, өзіндік сыры бар — олардан даналық лебі еседі. Демек, Қытай халқының түсінігіндегі дүние бейнесі өзінің тұтастығымен, өзара үйлесімділігімен таң қалдырады. Қытай халқы табиғаттың бес қайнар бұлағын бес қасиетпен байланыстырады. Олар: адамгершілік (жень), парыз сезімі (и), әдепті қылық (ли), ізгілік (синь) және даналық (чжи).
Қытай мәдениеті космостық ырғаққа, оның ырқына байланысты іс-әрекетке шақырады, өйткені адамның әрбір іс-әрекеті, тіпті оның шығармашылық қасиеттері де Аспанға, оның құдіретіне тікелей байланысты. Мұндай тәңірілік көңіл күйді қытайлықтар былайша білдіреді: «Мен сөйлеп түрған жоқпын, мен баяндап тұрмын». Ұлы уағызгер Конфуцийдің көзқарасынша, адам бойындағы қасиеттердің барлығы да табиғатпен тығыз байланысты. Табиғат адамға дарын береді, ал дарындылық — табиғаттағы шығармашылық процестердің заңды нәтижесі болып табылады. Демек, қоғам мен табиғаттың өзара үйлесімділігі негізінде Аспан әлемімен, оның табиғи іс-әрекеттерімен байланыстырыла қарастырылатын әлеуметтік-этикалық мазмұндағы идеялар жатыр. Бұл идеялар даосизм және Конфуций ілімінде одан әрі түрленіп, толықтырыла түсті. Халық тарапынан қолдау тапқан бұл идеяны Қытай мәдениетінің рухани өзегіне айналған будда діні де кеңінен пайдаланып, одан әрі дамыта түсті. Соның нәтижесінде будда діні даосизм мен Конфуций ілімдерімен қосыла отырып философиялық-діни үштікті (Сань цзяо) құрады.
-
Ежелгі Грекия мәдениетінің кезеңдері және ерекшеліктері. Адамның мәдени-тарихи дамуында Ежелгі Грек мәдениетінің мағынасы.
Ежелгі Грекия немес Эллада гр. Ελλάδα) — б.з.б. III мыңжылдықтан б.з.б. I ғасырына дейін болған ежелгі грек мемлекеттері жерінің жалпы аты; Балкан түбегінің оңтүстігін, Эгей теңіздегі аралдарды, Фракия жағалауын, Кіші Азияның батыс өңірін ала орналасқан.
Грек отаршылдығы дәуірінде (б.з.б. 8-6 ғ. бұл мемлекеттер өз ықпалын Италия, Шығыс Сицилия, Оңтүстік Франция жеріне, Африканың солтүстік жағалауына (Киренаикаға), Қара теңіз бен Азов Теңізінің бұғаздары мен жағалауларына дейін таратып, сол жерлерде грек отарлары ашылған.
Тарихшылардың көбісі Ежелгі Грекияны батыс өркениетінің негізін салушысы ретінде қарастырады[1][2][3]. Ежелгі Грекия өркениеті әлемдік демократияның отаны ретінде[4], батыс философияның[5], архитектураның, мүсіндеменің, поэзияның, театрдың және ғылымдардың негізгі принциптерінің негіздеуші[6], Олимпиады ойындардың бастаушысы болып есептеледі. Грек мәдениеті Рим империясының мәдениетінің дамуына, яғни жалпы еуропалық мәдениетінің дамуына үлкен әсер еткен.
Археологиялық қазба деректеріне қарағанда, Македониядан Элидаға дейінгі Ежелгі Грекия жерін адам орта палеолит дәуірінде (100-40 мыңыншы ж.ш.) мекендей бастаған. Неолит дәуірінде (7 мыңжылдықтың орта кез шамасы - 2800 ж.ш.) Грекияның халқы егіншілікті игеріп, мал шаруашылығымен айналысқан, отырықшы өмір сүрген. Орта палеолит дәуірінде қалыптасқан ру құрылысы неолит дәуірінде әбден кемеліне келді. Грекияның солтүстігінде Сескло, Димини және Лариса мәдениеті дамыды. 5-4 мың жылдықтарды құрлықтағы Грекияда Эгей теңізінің аралдарында, әсіресе Критте неолит мәдениетінің жергілікті нұсқалары қалыптаса бастады.
Ежелгі Грекия тарихында тарихшылар келесі кезеңдерді белгілейді::
-
Эгей мәдениеті (б.з.б. III мыңжылдықтың соңы — II мыңжылдық). Миной және Микен өркениеті.-
Миной өркениеті (Крит):-
Ерте миной кезеңі (б.з.б. XXX—XXIII ғғ.). -
Орта неминой кезеңі (б.з.б. XXII—XVIII ғғ.). -
Кейінгі миной кезеңі (б.з.б. XVII—XII ғғ.).
-
-
Эллада өркениеті (Балкан Грекиясы):-
Ерте эллада кезеңі ( б.з.б. XXX—XXI ғғ.). -
Орта эллада кезеңі (б.з.б. XX—XVII ғғ.). -
Кейінгі эллада кезеңі (б.з.б. XVI—XII ғғ.) немесе Микен өркениеті.
-
-
-
Полистер кезеңі (б.з.б. XI—IV ғғ.).-
Гомер кезеңі немесе «қараңғы ғасырлар» (б.з.б. XI—IX ғғ.). -
Көне Грекия (б.з.б. VIII—VI ғғ.).
-
-
Эллинистік Грекия (б.з.б. IV—I ғғэ.).-
Бірінші эллинистік кезені (б.з.б. 334—281 ж.). -
Екінші эллинистік кезені (б.з.б. 281—150 ж.). -
Үшінші эллинистік кезені (б.з.б.150—30 ж.).
-