Файл: Ежелгі жне ортаасыр ркениетіндегі мдениет ымыны алыптасуы жне оны аналогы (вэнь, дхарма, пайдейя).docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 09.01.2024
Просмотров: 364
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Полис - қала-мемлекеті. Полис — қала-мемлекет, Ежелгі Грекия мен Римге тән қоғамның әлеуметтік-экономикалық, саяси ұйымдарының ерекше түрі. Полис жері қала аумағынан, оның айналасындағы халқы егіншілікпен шұғылданатын мекендерден құралды. Мемлекеттік аппараты халық жиналысынан, кеңестен және сайланып қойылатын түрлі қызмет адамдарынан (магистраттардан) тұрды. Халық жиналысы билеушінің мемлекетті басқару құқын қамтамасыз етіп отырды. Полистер олигарх. (мыс., Спарта) немесе демократиялық (мыс., Афины) түрінде болды. Спарта егіншілік Полиске, Коринф сауда-қолөнері Полисіне жатты. П. Грекияда б.з.б. 4 ғасырдың басында, Римде б.з.б. 3 — 1 ғасырларда дағдарысқа ұшырап, жойылды.
Гректерде діни нанымдар б.з.б XI-IX ғасырларда пайда болған.Халық ауа райының тосын және ауыр жағдайларын құдайлардың ісі деп есептеген. Құдайлар бірдей мейірімсіз, мейірімді бола алады деп сенген-мыс. Олар 46 - ға жуық құдайларға сенген. Халық оларды Олимп тауының шыңында, өз сарайларында тұрады деп сенген. Гректер құдайларға құрбандық шалған, храмдар тұрғызған, олар жайлы аңыздар шығарған. Табиғаттан тыс тіршілік иелері мен таңғажайып құбылыстар, оқиғалар туралы аңыз әңгімелерді мифтер деп атаған. Грек мифтері түрлі ғажайып құбылыстарды, батырлардың қаһармандығы туралы болды. ежелгі мифтерді жыршы ақындар ұрпақтан - ұрпаққа жеткізіп отырған. Ежелгі Гректердің танымал мифі "Аргоновтар туралы миф".
-
Ортағасыр араб-мұсылмандық өнері(архитектура, каллиграфия)
Үндістанда мұсылмандық насихат, яғни үгіт іс-шаралары 711 — 713 жылдары жүргізілді. Үндістанды толық бағындырып, елдің мәдениетіне жаңаша бетбұрыс жасауға ықпал ету үшін халықты мұсылман дініне толықтай енгізу қажет болды. Бірақ мұсылмандар үнді мәдениет өнеріне айрықша әсер ете алмады. Сондықтан үнді-ислам өнеріндегі осы кезең, мұсылман халықтары мәдениетінің тарихында кездейсоқ құбылыс болып калды.
Тұтас алғанда, ерте Ислам кезеңі, оған өкшелес Моғолдар кезеңі сияқты, үнді тарихының біртұтас құрамды бөлігі болып, сол кездегі мәдени дамуға ықпал жасады. Қалай болғанда да өнер саласында үнді-исламдық өзара ықпал өз жемістерін берді. Бұл кезде сәулет өнері біраз елеулі жетістікке жетті. Қолөнері өркендеп, гүлденді.
Махмұд Газневи[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Махмұд Газневи (парсы: محمود غزنوی) (998—1030) сұлтан ауғанның астанасы Кабулдан шығып, Солтүстік Үндістанға басып кірді, үнділік көркем ескерткіштерді құртып жіберді. Ғаламат діни құрылыстарды қиратты.
XI ғасырдағы тонаушылық пен талқандаулар, жаулап алушылардың шектен тыс қаталдық көрсетуі әйгілі әл-Бируни жазбаларынан мәлім болып отыр.
Сұлтанахмед мешіті, Стамбул. Самарканнан шыққан Темір 1398 жылы Үндістанға баса көктеп кіріп, Делиді жаулап алды. XV—XVI ғасырлары Үндістанда Кашмир, Дели, т.б. ұсақ мұсылман мемлекеттері құрылды. Ерте ислам кезеңінде Моғол өкіметін Ақбар билеген тұста салынған индуистік және джайндық сәулет өнерінің көптеген ескерткіштері талқандалды, мүсіндер құрып кетті. Қазіргі мұражайларда сол дәуірдегі өнер үлгілері ретінде қойылған заттар — сол кездің шағын елді мекендерінде сақталып қалған жекелеген тас мүсіндері ғана.
Ертеде ислам әкімдері билеген кезде көптеген діни ғимараттар — мешіттер мен мұнаралар, исламдық діни оқу орындары, керемет көрікті ескерткіш бейіттер, кесенелер салынды. Бұл кезде біртұтас қалалар пайда болды. Делиде көлемімен, маңыздылығымен ерекше есептелетін сәулет кешені сақталған. Делидегі биік күмбез Кутб-Минар (алып мұнарасы табанының диаметрі 16 м, биіктігі 70 м) 1794 жылы салынған. Сонымен қатар Кутб-уд-дин Айбектіц үлкен мешіті, Ала- уд-дин Хилъджаның мазары мен медресесі, (1215 ж.) Илтутмыштың кесенесі көтерілген.
Кутб-Минар мұнарасы қызыл құм тастан салынған. Мұнараның негізгі тұрқы ою-өрнекті жиырма төрт шығыңқы кернеумен бөлектенген. Олардың біреулері кырланып, шаршыланып келсе, екінші қабаты — тұтастай дөңгелек, үшінші қабаты — кілең тік төртбұрыш. Ислам сәулетінде бұдан кейінгі биігірек мұнара — Каирдегі Хасан мешітінің мұнарасы болып саналады.
Үндістандық мұсылман өнерінде тек сәулет өнері дамып қойған жоқ, сонымен бірге кескіндемеге көңіл бөлінді. Үндістандағы мұсылман кескіндемесіндегі миниатюраның даму барысы исламдық пуританизмді үнділік рух
біржолата жеңгендігін көрсетті.
Ислам сәулетінің көне ескерткіштері қатарына Аджмердегі (Риджастхан) меіиітті жатқызуға болады. Ислам сәулет өнеріне тән қабыр басындағы ескерткіштер, күмбездер өзіндік ерекшеліктерге ие. Үнділік ислам сәулет өнеріне тән негізгі белгі — қоршаған табиғатпен жарасып тұратындығы. Сондықтан да бақтардағы мешіт жанында орналасқан исламға тән мұнаралар сәулет құрылысында пайдалаланылды, оның құрылымы өте жақсы дамыды. Үнді сәулеті мен оның сәндік бейнелеу өнері мұсылмандық ұлыстарға ықпал жасады. Ахмадабадтағы көркемдік көзқарас тұрғысынан аса елеулі сәулет ескерткіші Джами-Мазджид мешіті (1424 жылы салынған). Үндістандағы ерте ислам сәулет өнерінің інжу-маржаны— 1514 жылы салынған Рани Сепари мешіті, сонымен қатар Ахмад-шаһ ( 1414 жылы) мешіті. Сасарамдағы Шер-шаһ кесенесі мейлінше әсем және жақсы салынған (1540—1543). Бұл — иундар құмтасынан салынған сегіз қабырғалы кесене болатын.[1]
-
Ислам араб мәдениетінің стержені ретінде: пайда болуы, таралуы, бағыттары.
Ислам (араб.: إسلام) — әлемдік монотеисттік-ибраһимдік дін. Христиандықтан кейін дүниеде көп таралған дін. «Ислам» сөзі «бейбітшілік», (Алланың заңдарына)[1] «мойынсыну, бағыну» болып табылады. Ал шариғат терминологиясында «ислам» — толық мойынсыну, Алланың алдында парыздарды орындау, одан басқа құдайларға табынбау болып есептеледі. Ислам дінін ұстанушы жан мұсылман деп аталады. Исламның ортақ тұлғасы — Мұхаммед пайғамбар. Мұсылмандардың негізгі діни кітабы — Құран Кәрім (араб.: القرآن الكريم) — классикалық әдеби араб тілінде (араб.: الفصحى) Алла тарапынан түсірілген деп сеніледі.
Исламдық көзқарас бойынша, жаратушы Алла әрдайым адамзат баласын тура жолға салып тұру үшін әр түрлі пайғамбарлар жіберіп отырған. Олардың ішінде Ибраһим (Авраам), Мұса (Моисей), Иса (Иисус) т.б. бар.[2]. Мұсылмандардың сенімі бойынша соңғы пайғамбар — Алланың елшісі Мұхаммед ﷺ.
Ғылыми зерттеулерге сәйкес, исламның негізі қаланған орын; Ислам тарихын зерттеушілер исламның отаны мен уақыт өте келе құбыла құбылысын зерттеді.
Патриция Крон, Майкл Кук және басқа да көптеген зерттеушілер мәтін мен археологиялық зерттеулерге сүйене отырып, «әл-Харам мешітін» Араб түбегінің солтүстік-батысында орналасқан деп есептеді. (әңгімелеу мәдениетіне негізделген шығармаларда айтылған Меккеде емес)[3][4][5][6] Дэн Гибсон алғашқы исламдық мешіттер мен зираттардың бағыттары Петра көрсеткенін, Мұхаммед алғашқы аяндарын осы жерде қабылдағанын және ислам осында құрылғанын мәлімдеді.[7]
Араб тайпаларының бірігуіне жаңа дін - ислам діні жәрдемін тигізді. Ислам дінінің негізін қалаушы - Мекке қаласының тұрғыны Мұхаммед пайғамбар. Жетімдік тауқыметін көп тартқан Мұхаммед пайғамбар өз талабының арқасында іс басқарушы қызметіне ілігеді. Өздігінен біркатар діни және саяси ілімдермен танысады. Меккедегі бай саудагер әйел Қадишаға (Хадиджа) үйлену аркылы өзінің түпкі арманы - діни-этикалық мәселелермен айналысуға мүмкіндік алады.
Аңызда көп уақытын Хира тауында (Мекке маңы) өткізіп жүрген Мұхаммед пайғамбарке көктен Алла тағала бүкіл адам баласына тура жол көрсету үшін Құран түсіреді. Құранды Мұхаммед пайғамбарке табыс еткен Жебірейіл періште оған Алла атынан өз отандастарына жаратушының әмірін жеткізуді жүктейді. Мұхаммед пайғамбар бір ғана құдіретті Алладан басқа кұдай жоқ деп пайымдады, ал өзін «құдайдың өкілі» - пайғамбармын деп атады. Ол арабтарды өзара жауласуды қойып, бір дінді қабылдап, бірлікте өмір сүруге шақырды. Ислам дінін уағыздады.
630 жылы араб тайпаларының көпшілігі ислам дінін қабылдап, Мұхаммед пайғамбар билігін мойындады. Арабтар жаулап алушылығының нәтижесінде ислам діні әлемдік дінге айналды. Халықтың көбі Меккені ислам дінінің орталығы деп таныды. Қағба тасы тұрған жер исламның қасиетті орнына айналды. Сауд Арабиясы еліндегі ислам дінінің орталығы Мекке қаласына барып қайтқандар Алланың құлы «қажы» атағын алады. Ислам деген сөз құдайға бағыну дегенді білдіреді. Мусылмандардың қасиетті кітабы - Құран (арабшадан аударғанда «оку» деген сөз).
-
Қазақстан территориясындағы палеолит және неолит ескерткіштері
Қазақстан аумағында сегізжүзге жуық неолиттік ескерткіштер табылған. Әдетте өзендік тұрақтарда, сондай-ақ көлдік үлгідегі тұрақтарда едәуір көп заттар табылады. Мұның өзі бұл жерде адамның тұрақты немесе ұзақ уақыт тұрғанын көрсетеді. Мұндай тұрақтардан негізгі құрал-саймандар – пышақ тәрізді қалақтар және қырғыштар.
Қазақстанда шөл далаларындағы неолиттік ескерткіштердің бір ерекшілігі, олардың көпшілігі-ашық үлгідегі тұрақтар. Олар: Шығыс Қазақстандағы Усть-Нарын, Орталық Қазақстандағы Қарағанды, Зеленая Балка, Солтүстік Қазақстандағы Пеньки т.б. тұрақтар. Бұлар Сарыарқаның солтүстігінде, Ертістен Есілге дейінгі аралықта орналысқан. Олар жаңа тас ғасырының ерте кезіне, яғни б.з.б. 5 мыңжылдыққа жатады.
Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай
-
бұлақтық, -
өзендік, -
көлдік, -
үнгірлік тұрақ деп төрт түрге бөлінеді.
Неолит кезеңінің ең көне б.з.б. 5 мыңжылдыққа жататын тұрақтарының бірі - Қараүнгір. Ол Түркістан облысы Түлкібас ауданында орналасқан. Қараүнгір тұрағынан шақпақтастан жасалған және сүйек бұйымдар – көзі бар инелер, біз, тескіштер, тегістегіш-жонғыштар және т.б. табылған.
Сексеуіл неолит тұрағы Қызылорда облысында орналасқан. Оның маңында су қоймасы болған және онда көп мал қалдықтары табылған. Демек Сексеуіл тұрағының тұрғындары мал өсірумен және аңшылықпен шұғылданған.
Солтүстік Қазақстанда Пеньки селосы маңындғы тұрақта тас шапқылар, жалпақ пышақтар, қырғыштар кездеседі ондағы адамдардың негізгі шаруашылығы орман, көлден құс, балық аулау, терімшілік болған.
Орталық Қазақстан Қарағанды, Зеленая Балка тұрақтарына үй малының сүйектері табылған.
Жезқазған өңірінен жұз елуге жуық тұрақ, көне кен және жерлеу орындары табылған.
Шығыс Қазақстан аймағынан табылған қоныстар неолит дәуірінде бұл аймақты мекендеушілер егіншілікпен, балық аулау және терімшілікпен айналысқан екенін дәлелдейді.
-
Көшпенділік мәдениеттің спецификасы
Орта Азия, Сібірден бастап Қара теңіз жағалауына дейін Евразия территориясында өмір сүрген көшпенділердің мәдениеті бүгінгі күнге дейін өз деңгейінде объективті ғылыми тұрғыдан бағаланған жоқ. Ғылыми-танымдық басылым мәдениеттану, бейнелеу өнері, тарих, этнография, археология, педагогика, антропология, философия, дінтану, семиотика, лингвистика, әлеуметтану ғылыми салаларды қамтып, сондай-ақ көшпенділердің әр кезеңдегі мәдени процестерінің қоғамдағы рөлін көрсетуге септігін тигізеді.
Евразия аймағында өмір сүрген көшпенділерді зерттеуге ғалымдар XVIII ғасырдан бастап қызығушылық таныта бастады. Көшпенділердің б.з.б. өмір сүрген сақ (скиф) суперэтникалық тайпаның жан-жақты ғылыми тұрғыдан зерттелуі, Ресей мемлекетінің славян тарихын жазуымен байланыстыруға болады. Өйткені қазіргі орыс халқының территориясында өмір сүрген ежелгі сақтар