Файл: Мектеп уендері мектеп уендері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 322

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Өссем деген ойым бар,

Таудай биік талабым.

Ғылым таппай мақтанба

Сөзі А.Құнанбаевтікі

Әні Б.Үйсінбаеванікі
Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба.

Құмарланып шаттанба

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ –

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой -

Бес асыл іс көнсеңіз.

Бала уату
Сөзі И.Оразбековтікі
Әні халықтікі

 

Әлди, әлди, балам-ай,
Әлди әнге салам-ай.
Әлди әнге мен салсам,
Балам ұйықтап қала ма-ай.
Әлди,әлде, бөпешім,
Жылай беріп не етесің.
Қазтұрасың ертең-ақ,
Тәй-тәй басып кетесің.
.Балбөбегім базарым,
Пәс түспесін назарың.
Сенің күлкің ашады
Дүниенің ажарын

 

Тұсаукесер
Сөзі мен әні К.Палымбетованікі

 

Бал бөбегім, сен өлеңім,
Аймаласам нұр өбемін.
Жұпар сенің, құмар еттің,
Кеудеме гүл, шынар ектің.

 

Иіп те мен, сүйіп келем,
Құшқан сайын биіктегем.
Немереммен керегем кең,
Ең қызыққа бөленем мен.

 

Жібек естім, теңге тестім,
Жүйрік бол деп тұсау кестім.
Бастың қадам,бол жақсы адам,
Ел-жұртыңа болсын бағаң.

Кеш жарық

 Сөзі Ә. Асылбековтікі
Әні А. Қоразбаевтікі

 

Кел балақай, кеш жарық!
Келіп жүрме кеш қалып.
«Кеш жарықтан» бастайық,
Көп қызықты еске алып.

 

Қ-сы:

 Көңілдерге қонып нұр,
Кешкі мезгіл болып тұр.
Кеңейеді ой-сана,
«Кеш жарықты» көріп тұр.
Кеш жарықты көресің,
Қуанышқа енесің.
Жамандықтан жиреніп,
Жақсылыққа ересің.

 Қ-сы:

 Құлақ түре қалдың ба?
Қызығына қандың ба?
Мультфильмдер мың түрлі,
Ертегілер — алдыңда.

Менің шөжелерім

 Сөзі Н.МүталлибовтікіӘні Г.Гусейнлидікі
Аударма М.Әлімбаевтікі

Шеп, шеп, шеп, шөжелерім,
Шеп, шеп, шеп, шеп, шөжелерім!
Мамық жүнді шөжелерім,
Нәзік үнді шөжелерім.

 

Кек шалғында жайылыңдар,
Тез,келіңдер,жайылым бар.
Әй, менің шөжелерім,
Әй, менің шөжелерім,
Балғын бөбек, шөжелерім.

 

Шеп, шеп, шеп, шөжелерім,
Шеп, шеп, шеп, шеп шөжелерім!
Мамық жүнді шөжелерім!
Нәзік үнді шөжелерім.

 

Не жейсіндер,мен берейін.
Су берейін, жем берейін.
Әй, менің шөжелерім,
Әй, менің шөжелерім,
Балғын бөбек шөжелерім, шеп. 3 рет.

 

Тез-ақ өсіп толарсыңдар,
Ақтауықтай боларсыңдар.

Әй, менің шөжелерім,
Әй, менің шөжелерім,
Балғын бөбек шөжелерім. 3 рет

 

Шеп, шеп, шеп шөжелерім,
Шеп, шеп, шеп, шеп, шәжелерім.
Мамық жүнді шөжелерім,
Нәзік үнді шөжелерім, шеп. 3 рет

Ерден Атайдың әні
Сөзі: Ә.Асылбековтікі
Әні: Е.Хасанғалиевтікі

 

1.Кел,балалар,тұрмаңдар
Бізде қызық думан бар.
Атамыздың алуан
Ертегісін тыңдаңдар

  Қ-сы:

 Ерте,ерте,ерте,екен,
Ешкі-ай жүні бөрте екен.
Ертегі сөз қашанда
Тамашаның көркі екен


 2.Түрлі-түрлі ертегі,
Тұла бойды ертеді.
Ерте өткен ерлердің,
Ерлік ісін шертеді.

Қ-сы:

 3.Қиялдаймыз,самғаймыз,
Кең әлемді шарлаймыз.
Ертегісін атайдың
Тыңдаудан біз талмаймыз

 Қ-сы:

Ойлан, тап

 Сөзі: Қ.Ыдырысовтікі
Әні: Ә.Еспаевтікі

1.Кел балалар,ойнайық,
Ойнайық та ойлайық,
Қандай жұмбақ болса да
Шешпей оны қоймайық.

 Қ-сы:

 Ал балалар тыңдаңдар,
Асығыстық қылмаңдар.
Асықпайық деп және
Бөгеліп те тұрмаңдар.


 2.Бәрің жақсы тыңдаңдар,
Бөгеліп көп тұрмаңдар.
Жұмбақ та бар аспан көк,
Самолетпен зырлаңдар.

 Қ-сы:

 3.Жұмбақтар бар өзен,көл,
Пароходпен жүзіңдер,
Айдын суға шомылып,
Ақ шабағын сүзіңдер

 

КӨҢІЛДІ БАЛАЛАР ӘН

Сөзі Е. Өтетілеуұлыныкі

Әні Б. Дәлденбаевтікі

Жабырқауды білмейміз,

Жалқаулықты сүймейміз.

Біз-талапты жас ұлан

Үлгі аламыз жақсыдан.

Жазда гүлдер тереміз,

Қыста шаңғы тебеміз.

Думандатып өңірді,

Дем аламыз көңілді.

Орман, көлге, шыңға біз,

Саяхатқа шығамыз.

Бөлінбейді іргеміз,

Әрқашанда біргеміз.

Ертегілер

1.Ғажайып түс көрдім,

Таң ата мен бүгін

Ертегі әлемінің қызығында жүрдім,

Нұрына шомылдым бүгін.

Жұлдыз айы көркем,

Әдемі еді неткен,

Құстары сөйлейді, бұлттары тербейді,

Мен оянып кеттім әттең.

Қ-сы.

Ертегілер, ертегілер,

Неге мені ертпедіңдер.

Әлемдерінің талай жырын,

Шертпедіңдер сендер.

2. Гүл тердім бақтардан,

Әр гүлде бір арман.

Таусылмайтын тәтті

Сый әкеліп жатты,

Жан біткеннің бәрі маған.

Ризашылық әні

Сөзі мен әні Луиза Хейдікі

Ризамыз бүгінге,

Ризамыз бүгінге!

Ризамыз бүгінге,

Ризамыз қазірге! (2 рет)

Ризамын, ризамын,

Ризамын бүгінге!

Ризамын, ризамын,

Ризамын қазірге! (2 рет)

Әнші балапан

Сөзі — Құдайберген Қазыбекұлынікі

Әні — Марат Омаровтікі

Білім, ғылым, өнерге,



Қанат қағар кездерің.

Ата салтын ертеңге

Жеткізетін өздерің,

Жеткізетін өздерің!
Қ-сы:

Әнші, биші, әнші балапан,

Әнші, жыршы, күйші балапан.

Әнші, биші, әнші балапан,

Әнші, жыршы, күйші балапан.


Әрқашан күн сөнбесін

Сөз — Л. Ошаниндікі

Әні — А. Островскийдікі

Аударғандар — І. Мәмбетов, Қ. Ыдырысов
Күн әдемі, көк әлемі,

Бұл — суреті жас баланың.

Ақ қағазға салған ізі,

Қалдырған бұл сөзі:

Қайырмасы:

Әрқашан күн сөнбесін!

Аспаннан бұлт төнбесін!

Қасымда болсын мамам,

Болайын мен де аман.

Бала тілегі

Сөзі: С. Молдасанұлы

Әні: Ф. Жолдасова

1.Бал-балалық ,балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достарым, әндетіңдер билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен-қара орман.

2.Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік-ұлан байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз.

3. Қалықтаған көгершіні көгінде,

Мұңаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген батаменен көркейсің,

Ұлы Отаным, тілегім сол менің де.

Күшігім

Сөзі — Сұлтан Қалиұлынікі

Әні — Темір Исалиевтікі

Есті менің күшігім,

Жатырқауды білмейді.

Мазасын ап кісінің,

Көрінгенге үрмейді. (2 рет)

Тыныш жат деп орнында,

Қойғам оған тапсырып.

Ал бұзақы болдың ба,

Күтпе одан жақсылық. (2 рет)


Біз — өмірдің гүліміз

Сөзі — Әнуарбек Дүйсенбиевтікі

Әні — Бейсенғали Ғизатовтікі

Зеңгір көктен

Нұрын төккен.

Ортақ біздің күніміз.

Жайдары өскен,

Жайнап өскен

Біз — өмірдің гүліміз.

Бал достыққа,

Жолдастыққа

Шақырады әніміз,

Тыныштықта,

Нұр құштық та,

Бақыттымыз бәріміз!

Балабақшам арманым

1.Балабақшам сүйікті,

Ән салдыртты, билетті.

Шынықтырып денемді,

Шымыр болуға үйретті.

Қ-сы:

Балабақшам арманым,

Қимай сені барамын.

Алдым білім ұядан,

Ұшып енді барамын.

2.Алтын менің ұямды,

Ұмытпаймын сағынып.

Бақшадағы достарды,

Әркез жүрем сағынып.

Қ-сы:

3. Ойыншықтармен ойнадым,

Оны да қимай барамын.

Үлкен болып ер жетем,

Мектепке мен барамын.

Қ-сы:
Қош, бол балабақша

1.Біз енді үлкен баламыз,

Бақшамызға келмейміз.

Сіздерге бұл біз өлеңді,

Сыйға тартып береміз.

Қ-сы:

Қош бол енді, қош бол енді,

Қош бол енді бақшамыз.

Орнымызға бізге келіп,


Кішкентай бүлдіршіндер

2.Біз кішкентай болған кезде,

Сөйлеуді де білмедік.

Қараңдаршы енді бізге,

Ән айтып, би билейміз.

Қ-сы:


Айгөлек

Сөзі – Н.Баймұхамедовтікі

Әні – Б. Байқадамовтікі

Көлдей шалқып жас өмір,

Тасып жатқан шағында,

Кемерінен шалықтап

Асып жатқан шағында.

Ойын ойнап, ән салмай,

Өсер бала болар ма?

Күміс күлкі көрмей ол,

Кемеліне толар ма?!

Қ-сы:

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Айгөлек деп ән шырқа,

Ел бөбегі, кел бөбек!
Асыл сөздің ұстазы–

Ақын болар ұрпақпыз.

Өнер, білім, еңбекке

Жақын болар ұрпақпыз.

Он саусағы майысқан

Шебер болар ұрпақпыз.

Тұла бойы толған бір

Өнер болар ұрпақпыз!

Жан сырым

1.Мен кішкентай әншімін,

Таңғы мөлдір тамшымын.

Гүл ернінен жиналған,

Әндерім бар бал шырын.

2.Тамсандырып ән салдым,

Естігінің тамсандың.

Жүректерге жетсе деп,

Айту үшін жан салдым.

3.Шындықты айтар әншімін,

Жайып салар бар шынын.

Жүрек тудай желбіреп,

Алаулайды жан сырым

Бүлдіршіндер әні

1.Әр ағашы саялы,

Қасиетті даламыз.

Бізге құшақ жаяды,

Мектеп атты анамыз.

Қ-сы:

Дүниені қуантып,

Кетіп бара жатырмыз.

Болашаққа құмартып,

Шаршамайитын, шаршамайтын, батырмыз.

2.Балабақшаң өз үйің,

Оны есіңнен шығарма.

Мектеп деген жақсы ана.

Күтіп бізді тұр алда.

Қ-сы:

Арман балабақшам

1.Қарсы алады біздерді,

Мейірімді жүздер.

Сырлы әуенмен тербетіп,

Өтеді күндер.

Қоштасуға қимаймыз,

Достардың көздерін

Сағынышпен күтеміз,

Кездесу күндерін.

2.Жақсылық пен жылыулық,

Шам-шырақ боп тарайды.

Атқан таңмен батқан күн арайлы.

Балабақшам Арманым

Әнді өзіңе арнадым.

Қуаныш пен бақытты

Сен сыйладың.

Тәрбиеші апай

1.Біздің балабақшада,

Ән үйретті жақсы аға.

Тақпақ айттық биледік,

Бал бөбектер шаттана.

Қ-сы:

Жайнатар кең өлкені,

Болашақтың ертеңі.

Біз бақытты балдырған,

Ата-ананың өркені.

2.Апайлардың айтқанын,

Сөздеріне тойдық біз.

Бала тілі бал деген,

Қойылым да қойдық біз.

Қ-сы:

Балдаймын

1.Арайланған таңдаймын,

Тәттімін мен балдаймын.

Тектен-текке ұрынар,

Тентек бала болмаймын.

Тәттімін мен балдаймын,

Оқымайтын сабағын,

Жалқау бала болмаймын.

Қ-сы:

Ата-ананың күнімін,

Туған елдің гүлімін.


Тілім де,бал, өзім бал,

Балдай тәтті қылығым.

2.Арайлаған таңдаймын,

Тәттімін мен балдаймын.

Үлкен тілін алмайтын,

Қиқар бала болмаймын.

Арайланған таңдаймын,

Тәттімін мен балдаймын.

Туған елдің көгіне,

Қыран болып самағаймын.

Қ-сы:

Қамажай

Басында Қамажайдың бір тал үкі ,айрылып

Қамажайдан болдым күлкі, болдым күлкі.

Айрылып Қамажайдан отырғанда,

Келеді қай жерімнен ойын күлкі , ойын күлкі.

Ахау хайлилайым, лилилайым

Қамажай қалдың кейін сәулетайым, сәулетайым.
Қолында Қамажайдың алтын жүзік,

Қамажай отыр екен көзін сүзіп, көзін сүзіп.

Көрмесе жарты сағат тұра алмаушы ед

Апырмай кетті ме екен күдер үзіп, күдер үзіп.

Ахау хайлилайым, лилилайым

Қамажай қалдың кейін сәулетайым, сәулетайым.
Ертістің жағалауын жағалаймын,

Мұз болса көк бестіні тағалаймын.

Үш топтан таңдап алған Қамажайым

Өзіңді тоқсан қызға бағалаймын

Ахау хайлилайым, лилйлайым

Қамажай қалдың кейін сәулетайым, сәулетайым.

Мал жасы жылқы деген баығп жүрсе

Монына үкі тұмар таығп жүрсе

Ішінен бір жорғаны таңдап мініп

Аулына Қамажайдың барып жүрсе.

Ахау хайлилайым, лилйлайым

Қамажай қалдың кейін сәулетайым, сәулетайым.

БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР ӘНІ

Сөзі мен әні Х. Кәкімжанованікі

Біздің балғын балалар,

Ән салады, қараңдар.

Тәртіпті, үлгілі,

Ұқыпты ол әр күні.

Қ-сы:

Аһа-һа, Аһа-һа,

Ән саламыз шырқата.

Аһа-һа, Аһа-һа,

Би билейміз шаттана.

Қол қусырып көңілсіз,

Әсте жалғыз тұрмаймыз.

Бақытты, шаттықты

Әнге қосып жырлаймыз.

Анам тамақ пісірсе,

Біз де үлкен кісіше,

Көмекке барамыз,

Еңбек сүйгіш баламыз.

Қ-сы.

Отан-біздің күніміз,

Біз Отанның гүліміз.

Бағында бақыттың

Шырқа әнін шаттықтың.

Қ-сы

БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР ЖЫРЫ
Сөзі Ә. Ахметовтікі

Әні Л. Хамидидікі

Қарай-қарай келемін Алатауға,

Асқар шыңы ұқсаған ақ отауға.

Баурайында құлпырған жасыл шалғын,

Жұпар шашқан гүлдері таң атарда.
Қайырмасы:

Көкте алтын күніміз,

Шұғылалы нұры біз.

Асқар шыңнан асады,

Асқақтаған жырымыз.
Таудан төмен қараймын таң атарда,

Аясында күміс көл кең даланың.

Сусылдаған самалдай қанаттарда,

Кең даланың еркесі мен боламын!
Аспан ашық, арайлы таң атарда,

Көк жүзіне көз тіге мен қарадым.

Әлемді адам өзіне қаратады,