Файл: Мектеп уендері мектеп уендері.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 327

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Көк жүзінің еркесі мен боламын!


БІЗДІҢ ӘН

Сөзі С. Жиенбаевтікі

Әні Б. Ғизатовтікі

Үйренсең нотаны,

Ән де саласың,

Барлығын оп-оңай жаттап аласың.

Сен де қосыл жасқанба,

Әнің жетсін аспанға.
Шырқалсын әрқашан,

Әсем ән ғана.

Шырқасын бұл әнді

Күнде бар бала.

Сен де қосыл жасқанба,

Әнің жетсін аспанға.
Күлімдеп қарасын

Аспан алабы.

Біз де әнге бөлейік

Туған даланы.

Сен де қосыл, жасқанба,

Әнің жетсін аспанға.

КҮНІМ БӨБЕГІМ

Сөзі Ф.Оңғарсынованікі

Әні Ж.Еңсеповтікі

Күнім де сен, бөбегім,

Гүлім де сен бөбегім.

Әлдилеген анаңа

Күлімде сен, бөбегім!

Қ-сы:

Айналайын, бөбегім,

Айналайын, бөбегім.

Анашыңның гүлі боп

Жайна дәйім бөбегім.

Бал түндерім, бөбегім,

Даңқым – жерім, бөбегім!

Арман тауым Асқарым –

Халқым менің, бөбегім!

Қ-сы.

Аңсағаным, бөбегім,

Салсам – әнім, бөбегім,

Сені аялап таңдарды.

Қарсы аламын, бөбегім!

КӨҢІЛДІ БАЛАЛАР

Сөзі А.Көпжасарованікі

Әні М.Рахманқұловтікі

Жазда шықты жайраңдап,

Бұзау, бота тайраңдап.

Қозы-лақты өріске

Жібереміз айдап-ақ.

Қ-сы:

Содан кейін ойнаймыз,

Қызыққа бір тоймаймыз.

Ойын, ойын ойын ғой,

Оқуды да ойлаймыз.

Ақ шабақпен алысып,

Суда жүздік жарысып.

Аңдып басын қармақтың,

Қол да қалды қарысып.

Қ-сы:

Еркелеткен анамыз,

Біз көңілді баламыз.

Көкжиекке бататын,

Күнді қуып барамыз.

Қ-сы:

Ай туғанда көп бала,

Шетіне ауыл топтана.

Ән саламыз, билейміз,

Қосыл сен де, тоқтама.

Қ-сы:

Бала, бала, баламыз,

Оттай лаулап жанамыз.

Жаз клегенде осылай,

Асыр салып қаламыз.

«АЙГӨЛЕКТІ» БИЛЕЙІК

Сөзі Қ. Смағұлдікі

Әні Н. Дүкенбайдікі

Еркін елдің ұл-қызы,

Жарқыраған жұлдызы.

Би билейміз бәріміз,

Айдай толқын нұр жүзі.

Біз балдырған баламыз,

Оқып білім аламыз.

«Айгөлекті» билесек,

Бақытты, шат боламыз.

Жадырасын бойымыз,

Өркендесін ойымыз.

Би билейік келіңдер,

Қызсын кештер, тойымыз.

Біз балдырған баламыз,

Оқып білім аламыз.

«Айгөлекті» билесек,

Бақытты, шат боламыз.

Тыңдасын жұрт жан салып,

Тыңдай қақсын тамсанып.

Көтереміз көңілді,

«Айгөлек» деп ән салып.

Біз балдырған баламыз,

Оқып білім аламыз.

«Айгөлекті» билесек,

Бақытты, шат боламыз.

БАҚЫТТЫМЫН, ҚҰРБЫЛАР



Сөзі Қ.Мүсіреповтікі

Әні Ш.Қалдаяқовтікі

Бұлбұлмын сайрайтын,

Достарым жанымда,

Оянып таңменен,

Жүрегі мейірлі.

Қазақтың даласын

Тербетем әнменен,

Бақыттың бағында

Жүремін көңілді.

Қ-сы:

Әдептен аспаған,

Арманға бастаған

Жан-жағым дос-құрбы,

Жан-жағым жақсы адам.

Шаттықтың нұрын шашып жанарымнан,

Билеймін ырғатылып, саламын ән.

Алдымда – ағайым

Абырой асырған.

Алдымда – апайым

Ақылды жасынан.

Өнегем көп менің

Өмірлік өшпейтін.

Қамқоршым көп менің

Құлпырып өс дейтін.

Қ-сы.

БІЗ – БАҚЫТТЫ БАЛДЫРҒАНДАР

Сөзі М.Әлімбаев, Ә.Дүйсенбиев, Қ.Мырзалиев

Әні Ө.Байділдаев

Асыр салып ойнаймыз да,

Ән шырқаймыз, билейміз.

Үлкендерді сыйлаймыз да,

Тентектерді сүймеміз.

Қ-сы:

Біз – бақытты,

Біз – бақытты,

Біз – бақытты балалар.

Тату-тәтті достармыз біз,

Анталы да талапты.

Көп білуге құштармыз біз,

Жақсы оқимыз сабақты.

Қ-сы.

Отырғызып балғын шыбық,

Сән береміз өңірге.

Еңбекте де біз құлшынып,

Талпынамыз өнерге.

Қ-сы

КӨГЕРШІН

Әні А.Жұбановтікі

Сөзі Н.Баймұхамедовтікі

Ақ көгершін, көгершін,

Қолқанат құс сен едің,

Бар, кезіп қайт ел үшін,

Кең дүниенің көлемін.

Әділеттің құсы деп,

Көз алмастан жолыңнан

Бақыт болып қоншы деп,

Ұшырамын қолымнан.

Қ-сы:

Ел тілегін алып ұш,

Адамзаттың бағына.

Қара бұлтты жарып ұш,

Мұхиттың арғы жағына.

Сенен көзін алмайды,

Ақ ниетті бар адам.

Ақ қанатың талмайды,

Әділеттен жаралған.

Тыныш – бейбіт өмірдің,

Белгісі боп қанат қақ.

Әлемге ортақ көңілдің,

Қайт шыңына қонақтап.

Қ-сы.

Балдәурен

1.Балдәурен көтем, асығып жеткен,

Шағала күндер.

Базарлы маусым, шырқалған даусын,

Тамсанып әсем.

Балауса балғын, көк майса шалғын,

Барады күндер,

Тербеліп биік, жайқалып билеп,

Ән салып әсем.

Қ-сы:

Балдәурен, бақытты ән дәурен,

Келеді қанаттын самғаумен.

Көңілдің ұшырып аққуын,

Балауса, балбұлақ балдәурен.

2.Жаныма жылы, жүрекке ыстық,

Көңілге сұлу.

Тояды көзің, балдәурен кезің,

Бақыт аумағы.

Даламдай дарқан, тауымдай биік,


Өмірдей сұлу.

Тоя ма көзің, айтшы сен өзің,

Бақыт аумағы.

Не деу керек?

1.Апаң сенің базардан,

Алма сатып әкелді.

Ең үлкенін дәсмдісін,

Саған таңдап әкелді.

Не деп барып жеу керек?

Рахмет айтып жеу керек.

2.Балалар, жүр көшеде,

Естіледі шу айқай.

Менде шықтым көшеге,

Қағып кеттім байқамай.

Мұндайда не деу керек?

Кешіріңіз деу керек.

3.Осы тұрған бетімде,

Допты қудым жарысып.

Көшенің бір шетінде,

Кезікті бір танысым.

Ұмыттыңдар не деуді?

Сәлеметсіз бе деуді.

Ертегі

1.Ерте-ерте, ертеде деп басталды кешегі,

Түнгі ұйқыға кетерде әжем айтқан ертегі.

Ұйып тыңдап жатыр ем қызық екен ертек деп,

Көзі ілініп кетіпті әжем менен ертегі.

Қ-сы:

Мен әжем айтқан ертегі,

Биіктерге ертеді.

Бақытты жан ертегі.

2.Сол ертектің жалғасын анық көрдім түсімде,

Түсті көріп болған соң қайран қалдым күшіме.

Ғажап әже шертеді, ойнап бала көңілде,

Әжем айтқан ертегі айран еді өмірде.

Қ-сы:

Балапан

Тәй-тәй басқан балапан,

Қошақандай момақан.

Былдыр-былдыр сөйлейсің,

Айтқаныма көнбейсің.

Қ-сы:

Балапан, балапан

Жәй –жәй басқан балапан.

Балапан, балапан,

Тәй-тәй басқан балапан.

Балпаң-балпаң етесің,

Құлай аздай кетесің.

Ер жеткенде сен ертең,

Мақсатыңа жетерсің.

Қ-сы:

Елін сүйер баласың,

Өнер-білім аласың.

Туған жерін қорғайтын,

Сен азамат боласың.

Қ-сы.

КӨҢІЛДІ ӘН

Сөзі С.Жиенбаевтікі

Әні Б.Ғизатовтікі
Үйренсең нотаны,

Ән де саласың.

Барлығын оп-оңай

Жаттап аласың.

Қ-сы:

Сен де қосыл, жасқанба,

Әнің жетсін аспанға.
Шарласын әрқашан

Әсем ән ғана.

Шырқасын бұл әнді

Күнде бар бала.
Қ-сы.

Күлімдеп қарасын

Аспан алабы.

Біз әнге бөлейік

Туған даланы.

Қ-сы.

КҮЛШІ, КҮЛШІ БӨБЕГІМ

Сөзі Ж.Сыздықовтікі

Әні М.Дауылбаевтікі
Көкті сүйген шың басында тұрағың,

Сайраңдайсың бейбіт өмір шуағын.

Ақ төсіңде бақыт нұры балбырап,

Жарқырайды жарық жұлдыз, шырағың. 2 рет.
Бар ма тағы бізден алар керегің,

Күлімдеші, күлші, күлші, бөбегім.

Суәлеленіп жыл таңымен балқыған

Жұлдызымды, нұр жүзімді өбемін...
БАБАЛАРДЫҢ БАҚЫТЫ

Сөзі С.Мәуленовтікі

Әні А.Орынбековтікі

Аспан тұрса күлімдеп,

Айын биік орнатып.

Ақса бұлақ гүрілдеп –

Балаларға сол бақыт.


Қ-сы:

Балаларға сол бақыт –

Аман болса әкесі,

Қатар өссе тәтесі,

Аман болса анасы.

Жүрке алдында ағасы,

Болса байтақ даласы!
Балаларға сол бақыт,

Болса Отаны аман-сау.

Басын бұлтқа бойлатып,

Тұрса асқақтап Алатау.

Қ-сы.

Жапырақтарын жайнатып,

Әлдилесе бақша-бау.

Балаларға сол бақыт –

Жаз орманда жақса алау.

Қ-сы.

МЕН БАҚЫТТЫ ҰЛАНЫҢ

Сөзі М. Әміржановтікі

Әні Қ. Сәтиевтікі

Еркін толып жетіге,

Өсіп келем жетіле.

Қалып үйде бесігім,

Аштым мектеп есігін.

Әріптерді ежелеп,

Әліппені үйрендім.

Саусақ санап жекелеп,

Сан тізбекпен гүлдендім.

Мен де ғалым боламын,

Кемеліме толамын.

Арман қуған жасынан,

Мен бақытты ұланың.

Тілім қайта жаңғырды,

Салт дәстүрім сан қырлы.

Оқып, жазып білгенді,

Ойға түйем жан құрбы.

Әріптерді ежелеп,

Әліппені үйрендім.

Саусақ санап жекелеп,

Сан тізбекпен гүлдендім.

Мен де ғалым боламын,

Кемеліме толамын.

Арман қуған жасынан,

Мен бақытты ұланың.

Бейбіт елде тұрағым,

Шаттық сайран құрамын.

Тәуелсіздік аңсаған,

Мен бақытты ұланың.

Әріптерді ежелеп,

Әліппені үйрендім.

Саусақ санап жекелеп,

Сан тізбекпен гүлдендім.

Мен де ғалым боламын,

Кемеліме толамын.

Арман қуған жасынан,

Мен бақытты ұланың.
Ұландары елдің

1.Сап түзеген сарбаз салтанатымсың,

Қалықтайтын биік ән қанатымсың.

Қорғанымсың өзің қырандарым сен,

Бейбіт таңды мәңгі қарсы алатынмын.
Қ-сы:

Жауынгері елдің мақтанышым сен,

Сарбаздар жердің сақтанышым сен.

Ұландары елдің, қырандары жердің,

Жауынгері елдің ардагерлерім.
2.Қыран құсы күнді сүйіп тұратын,

Сарқылмайтын бойға жиып қуатын.

Ардагері өткен соғыс жылдардың,

Ерліктерің бізде биік тұратын.

Қ-сы:
3.Бейбіт күнді мәңгі шуақ тараған,

Аман-есен орам сынақ даладан.

Жауынгері келдің жаса қыраным,

Өздеріңнін ерлік қуат табатын.

Қ-сы:

Болайықшы осындай

Сөзі мен әні А. Меңжанованікі
Жақсы бала еңбекшіл

Ер азамат болады,

Қиындықты жеңіп кіл,

Құшағы гүл толады.
Қ-сы:

Еңбекшіл осындай,

Болайықшы досым-ай.
Таза бала мұнтаздай,

Сүйсінеді қараған.

Ұқыпты деп бұл қандай,

Жақсы көрер бар адам .
Қ-