Файл: Мазмны кіріспе і. Мектептердегі дене шынытыру сабатарыны педагогикалы Жне оушы азасыны физиологиялы дамуындаы маызы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 99
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Гиподинамия тыныс алу жүйесінің және қантамырлар жүйесінің функционалды өзгерістеріне әкеліп соғады. Сондықтан гиподинамия әсерінен қанның тамырлар арқылы қозғалуын қамтамсыз ететін бұлшықеттер жұмысы нашарлауы нәтижесінде бас миының оттегі жеткіліксіздігінен бас қаңқасы ішіндегі қысым өзгеруінен үнемі бас ауруы, шаршау сезімі, туындайды.
Гиподинамия дамуы бала кезден қалыптасады. Кейде 10 миннуттық жаяу жүретін жерлерді балалар транспортпен баратынын ескерсек, содан кейін 6 сағаттық сабақ уақытында қозғалыссыз отыратыны тағы бар. 5 минуттық үзілістер мен аптасына екі күн болатын дене шынықтыру сабағын есептегенде 10 баланың 5-6 ғана далада ойнағанды, және әртүрлі белсенді қимыл қозғалысты үйірмелерге қатысады екен. Яғни, 16-17 жастағы жас өспірімдердің 5пайызы омыртқа бағанасының қисаюымен, семіздіктің әртүрлі деңгейлерімен және көру жүйелерінің нашарлауы секілді патологиялық диагноздарға ие болуы ерте кезден баланың қимыл қозғалысының шектелегенінен екенін көпшілігі ескере бермейді.
Оқу үдерісі барысында жүргізілетін дене шынықтыру сабақтары балалар ағзасының қалыптасуы заңдылықтарына, сонымен қатар гетеросинхронды дамитын негізгі жүйелеріне әсері ескерілмей жатады. Тек қана жинақы және ағаза функционалды жүйелерінің қалыптасуы заңдылықтарын ескере отырып берілетін алғы шарттар, әсіресе кардиореспираторлы жүйеге қатысты. Балалар ағзасының өсуі мен дамуына физикалық жүктемелердің әсері өте зор десек, ретті түрде берілген жаттығулар, ағза жүйелерін жаттықтырп қана қоймай, әр баланың жас ерекшеліктеріне, жынысы мен өмір сүру жағдайларына қарай негіз болатын нұсқамалар беруге мүмкіндік береді.
Бастауыш сынып жасы кездерінде балалардың бойлары, дене мүшелері, әсіресе, аяқтары тез өседі. Бала жылына екі килограмм салмақ қосады.Осы жаста сүйек тез қатая бастайды. Бірақ сүйек тканьдарында әлі де органикалық заттар көп те, минералды тұздар аз. Сондықтан да сүйек икемді, созылмалы, әлі толық қатаймай, шеміршекті түрде болады. Осы ерекшеліктерін ескеріп, бастауыш сынып оқушыларына қозғалмайтын статикалық жаттығулар жүктемесін аз береміз. Үлкен биіктіктен секіру, қатты жерге секіру жаттығуларын бермеуге тырысуымыз керек.
Омыртқаның байланыстары мен бұлшық еттері әлсіз, омыртқа арасындағы шеміршек қалың болып келеді. 7 жаста барлық омыртқа айқын білініп тұрады. Қыздарда 7-11, ер балаларда 7-13 жас арасында омыртқаның денесі мен эпифиздерінің арасында жұқа болса да шеміршекті қабат сақталады. Омыртқаралық шеміршектер қалың болғандықтан омыртқалар әлі де өседі, олар 14-15 жаста бекіп, қатаяды. Омыртқа өте икемді, бірақ оқыс жағдайларда қисайып кетуі мүмкін. Сондықтан да осы жас кездерінде әр түрлі омыртқа қисаюлары: скалиоз, лордоз, кифоз байқалады. Омыртқа эпифиздерінің сүйектенуі 18-20 жаста аяқталады.
Балалардың бұлшық ет тканьдарында су көп те, белоктық заттар аз болып келеді. 7-8 жастағы балалардың бұлшық ет тканьдары олардың жалпы салмағының 27%-ын алады. Салыстырмалы түрде қарасақ 18 жастағыларда 40% болады. Бұлшық еттер әлсіз болады, әсіресе, арқа және іш бұлшық еттері ұсақ бұлшық еттерге қарағанда жақсы дамыған. Бұл кезде бала бұлшық еттерінің жұмыс қабілеттілігі төмен болады. Осы бұлшық ет жүйесі ерекшеліктеріне байланысты ұзаққа созылатын статикалық-қозғалыссыз жаттығулар, біржақты жүктемелер, қайта-қайта бір түрлі қозғалыстар беруге болады (3 сурет). Жүктемелерді әр бұлшық еттер тобына ауыстырып беріп, денені үйлесімді дамыту қажет. Жаттығуларды үлкен амплитудамен кіші бұлшық ет тобына көбірек беру керек .
Бастауыш сынып оқушыларының жүректері үлкен, қан тамырларының іші кең, қабырғалары созылмалы болып келеді. Жүрек соғу жиілігі жиі, минутына 50-90 рет соғу төңірегінде болады. Жүректін бұлшық еттері әлсіз, созылмалы. Жүректің жиырылуы кезінде шамамен 25-33 мл қан жүректің сол жақ қарыншасынан қолқа тамырына айдалады. Мұны қанның систоликалық көлемі дейді.
Жүрек-қан тамыр жүйесінің осы ерекшеліктеріне байланысты ұзақ қатаю, зорланып ұзақ көтеру, ұзақ тарту, ауыр нәрсе көтеру, қарсылықты жеңу жаттығуларын аз беруге тырысу қажет. Олар орындай алмайтын, бұлшық еттерін қатайтатын көп күш керек ететін, жүрек соғу жиілігі көп жиілеп кететін жаттығуларды байқап беру қажет. Балалар мен жасөспірімдердің жастарына байланысты жүрек соғу жиіліктері мен қанның систолиткалық көлемі туралы мәліметте жаңа туған абалаларда жүрегінің соғу жиілігі, 120-168 рет/мин, ал қанның систолалық көлемі 2,5мл; туғанына 1-2 ай болған нәрестелерде жүрек соғу жиілігі 132-171 рет/мин, 6 айлық сәбилерде 120-150 рет мин, бір жастағы балаларда 103-150рет/мин,қанның систолалық көлемі 10,0 мл, 2 жаста 96-135 рет/мин, қанның систолалық көлемі 10,2 мл болады. 5-6 жастағы балаларда 83-119 рет/мин жүрек соғу жиілігі болса, олардың қанының систолалық көлемі, 20,6 мл [16]. Одан әрі балалардың жас ерекшеліктерімен қатар, жыныстық ерекшеліктері бойынша сипаттайтын болсақ, 8 жастағы ер балаларда қанның систолалық көлемі 25,0 мл және жүрек соғу жиілігі 50-93 рет/мин,осы жастағы қыз балаларда жүрек соғу жиілігі 67-99 рет/соғу болса, қанының систолалық көлемі 27,0 болады. 10-12 жастағы ұл балаларда жүрек соғу жиілігі 53-86 рет/соғу болса бұл көрсеткіш аталған жас тобындағы қыздарда 53-86 рет/соғу мен ерекшеленеді.
Ал қанның ситолалық көлемі ұлдарда 33,4мл, ал қыздарда 31,6 мл көрсеткіштермен байқалады. Жас өскен сайынғы жас ерекшеліктеріне байланысты қан жүйесіндегі өзгерістер ерекшеліктеріне тоқталсақ, 15-16 жастағы ұл балаларда жүрек соғу жиілігі 50-77 рет/мин, қыздарда 55-85 рет/мин, қанның систолалық көлемінің ерекшеліктері де әртүрлі, яғни, ұл балаларда 41,4 мл, қыз балаларда 38,5 мл көрсеткішпен көрінеді. Ал осы аталған көрсеткіштер ересек адамдарда , мысалы жүрек соғу жиілігі 60-75 рет/мин, ал қанның ситолалық көлемі 55-65 мл көлемде болып тұрақтыллық көрініс алады. Жас ерекшеліктеріне байланысты жүйелердегі өзгерістер заңдылық болып есептелетінін білеміз. Тек әртүрлі туа біткен болмаса, жүре пайда болған әртүрлі сыртқы факторлардың әсерінен болатын өзгерістерді есепке алмағанда. Сонымен қатар жүйелі түрдегі қимыл қозғалыс белсенділігі ағза жүйелерінің дамуынан бастап, ретті түрде жүргізілмесе күрделі әсерлері болатынын ескергеніміз жөн.
Балалардың зат алмасу үрдісі үлкендерге қарағанда тез жүреді. Балалардың кеуде клеткалары домалақ түрде, қабырғалары аз иілетіндіктен терең дем алуға кері әсер етеді. Дем алу жиілігі тез, терең емес, минутына 22 рет дем алу жиілігі төңірегінде. Дем алу жолдары үлкендерге қарағанда қысқа. Тыныс алудың минуттық көлемі 7 жастағы балаларда 3500 мл/минут болады, ол 11 жасқа келгенде көбейіп 4400 мл/минутқа дейін жетеді. Өкпенің ауа сыймдылығы көлемі 7 жаста 1200 мл-ден 10 жаста 2000 мл-ге дейін көтеріледі. Бастауыш сынып оқушыларын терең, бірқалыпты мұрынмен дем алуға үйретуіміз қажет. Жаттығуларды орындау тыныс алумен бірдей орындалуы тиіс.
Орта мектеп жасындағы оқушылардың бойлары, денелері жылдам өседі. Бойларының ұзаруы негізінен аяқтардың өсуіне байланысты болып, жылына 4-7 см өседі. Салмақтарына жылына 3-6 кг қосылып отырады. Ұл балалардың ең тез өсетін кезі 13-14 жас, ол кезде бойлары жылына 7-9 см өседі. Қыз балалардың бойларының тез өсетін кезі 11-12 жас, ол жастарда қыздар орташа 7 см-ге өседі.
Жасөспірім кезде аяқтың және қолдың ұзын сүйектері, омыртқа сүйектерінің көлемі жылдам өседі. Жасөспірімдердің омыртқалары өте жылжымалы болып келеді. Көп, жоғары жүктемелер сүйектің қатаюын тездетеді де қол, аяқтың сирақ, ортан жілік сүйектерінің өсуін баяулатып жібереді.
Осы жас кезінде бұлшық ет жүйесі де жылдам дамиды. 13 жастан бастап бұлшық еттердің көлемдері үлкейе бастайды. Көлемдерінің үлкеюі олардың бұлшық ет талшықтарының жуандауына байланысты өседі. Бұлшық ет көлемінің дамуы, әсіресе ұлдарда 13-14 жаста, қыздарда 11-12 жастарда көбірек болады.
Жыныстық жетілу ер балаларда 10-11 жаста, қыз балаларда 9-10 жаста басталады. Ер балалардың жыныс мүшелері өсе бастайды, жыныс бездері жетіледі. 12 жаста көмекейі өсіп, дауысы қатаяды. 12-13 жаста ер адамға лайық қаңқа ерекшеліктері пайда болады, баланың сымбаты өзгереді, 15 жаста сақал-мұрты тебіндеп шыға бастайды,сперматогенез басталады.
Қыз баланың жыныстық жетілуі ер балалардан ертерек басталады. 8 жаста - қаңқа ерекшеліктері пайда бола бастайды.Жамбас сүйектері өседі де, жамбас қуысы кеңейеді. 10 жасқа жақындағанда омырауы өседі. 13-15 жастан бастап бойлары жылдам өсіп, қолтығында, қасағасында әйелдерге тән түктері шығады, етеккір келеді. Жыныстық жетілу кезеңдерін, әсіресе қыз балалардың етеккірі келу кездерін, ол келген кезде жүктемені дұрыс беруді дене тәрбиесі мұғалімдері жақсы білуі керек. Біздің қазақ халқының сыпайылығына, менталитетіне байланысты ата-аналар мен мұғалімдердің көбі жыныстық тәрбие мәселерлерінен «аулақ жүруге» тырысады. Балалар мен жасөспірімдердің көпшілігі өзінің жыныстық даму жайындағы «сыпайы» сауалдарына жауапты
ересек жолдастары мен достарынан алады, 20%-ы әке-шешесінен, 9%-ы ғана мұғалімдер мен тәрбиешілерінен алады деген зерттеу нәтижелері бар. Сондықтан дене тәрбиесі мұғалімдері жыныстық даму физиологиясы мен дене тәрбиесі жаттығуларының жүктемесі туралы балаларға дұрыс мағлұматтар бере білуі керек .
Орта мектеп жасындағы оқушылардың тыныс алу жүйесі жақсы, тез дамиды. 11-14 жас кезінде балалардың өкпесі екі есеге дейін өседі. Дем алу көлемдері 13 жаста 707 см болады. Өкпенің ауа сыйымдылығы артады. Сіздер физиология пәнін оқыған кезден білесіздер, өкпенің ауа сыйымдылығы адамның жасына, жынысына, спорт түрлерімен айналысуына байланысты өзгеріп тұратынын. Өкпенің ауа сыйымдылығы – бала дем алған кездегі және өкпедегі (қордағы) бар ауаның қосындысы. Өкпенің тіршілік көлемін спирометр деген арнайы аспаппен өлшейді, біз өкпенің тіршілік көлемі туралы толық түсінік болу үшін төмендегі мәліметті көріп отырмыз. Сонымен бірге тыныстың минуттық көлеміде 7-11 жастағы балаларда өзгерістер аса көп байқалмайтыны айтылады Мысал келтірер болсақ, 6-7 жастағы үл балаларда өкпенің тіршілік сыйымдылығы 1200-1400 мл, ал аталған жастағы қыз балалрда бұл көрсеткіш 11-1200 мл болып есептелген. 10-12 жастағы ұл балалар көрсеткіштеріне зер салар болсақ, 1630-1975 мл, қыздарда 1460-1905 мл болып отыр. Жастары есейген сайын өзге де жүйелерде болатын өзгерістермен қатар тыныс жүйесіндегі өзгерістер сипаттам беретін болсақ, 15-17 жастағы бозбалаларда өкпенің тірішілік сыйымдылығы 2600-3520 мл болса, осы жас тобындағы бой жеткен қыздарда бұл көрсеткіштер бройынша 2530-2760 мл көрсеткішпен алынып отыр .
1.3.Дені сау балалардың сыртқы тыныс алуының күйі және әртүрлі физикалық жүктемелер кезіндегі ерекшеліктері
Жалпы балалар мен жасөспірімдер ағзасы сыртқы ортаның әртүрлі факторларына өте сезімтал болып келеді [25]. Кольчинский А.З мәліметтері бойынша 3 жаспен 7 жас аралығында балаларда өкпенің дифференциясы және өсуі қарқынды жүреді. Ал, ауа тамырларының бұлшықетті бөлігі мен ацилярлы паренхимасының қалыптасуы 7-8 жаста аяқталады. Осы уақыттарда ересек адам үшінде балалар үшінде маңызды өкпенің негізгі құрылымдық бірлігі болып табылатын ацинус қалыптасады. Туылғаннан бастап 8 жасқа дейін өкпенің көлемі 8 есеге ұлғайса, 10 жаста 10 есеге яғни, ересек адам өкпесінің тең жартысын құрайды. Альвеолалар саны 12 жаста ересек адам альвеолалары секілді шамамаен 300 млн-ға жетеді. Альвеолалар көлемінің ұлғаюы 7 жастан басталғанымен диаметрінің ұлғаюы 7-14 жас аралығында байқалады.
Бұл дегеніміз өкпенің 8 жастан ересек болғанға дейінгі көлемінің өзгеруі альвеола санына байланысты емес оның көлемінің үлкеюіне байланысты. Көптеген әдеби деректерде жас өскен сайын тыныс алу реті бірте-бірте тұрақты және сирек, ал тыныс алу жиілігі ұлғаятыны айтылып отыр. Кейбір авторлардың мәліметтерінде 6 жастан 15 жас аралығында тыныс жиілігі 22-29 дан 14-ке дейін бір минуттағы көрсеткіші азаяды деп көрсетілген.
Дегенмен ғалымдардың пікірі сәйкес бола бермейді. Мысалы, И.В. Рязанов.
ТЖ 7 жастағы балаларда минутына 16 рет және бұл көрсеткіш бастауыш мектеп жасының соңына дейін өзгеріссіз қалады деп көрсеткен. Тағы бір ғалымдар пікірінше, солтүстік аймақтардағы бастауыш сынып жасындағы балаларда тыныс жиілігі минутына 21,5-23,7 көрсеткішті айтса, басқалары дәл осы аймақтағы балаларда аталған көрсеткіштің төмен болатынын айтады. Сонымен бірге тыныстың минуттық көлеміде 7-11 жастағы балаларда өзгерістер аса көп байқалмайтыны айтылады . 7 жасар ұл балаларда тыныстың минуттық көлемі 7,1л/мин және 9 жаста бұл көрсеткіш өзгеріссіз қалып, 9-10 жаста 7,7л/мин-қа өзгерненін айтады.Тыныстың минуттық көлемінің жыныстық ерекшеліктері аса айқындалмаған
Тыныстың минуттық көлемі тыныс жиілігі мен тыныс тереңдігіне байланысты анықталады. Тыныс тереңдігі немесе тыныс көлемі ересек адамдарға қарғанда балаларда аз болады.Туылғаннан бастап, 14 жасқа дейін тыныс көлемі 8-10есеге ұлғаяды. Әдеби деректерде, 7 жасар балаларда 163-240 мл, 8 жаста 170-285мл, 9 жаста 230-319 мл, 10жаста 230-556мл,11 жаста 254-466 мл-ге дейін болады екен.
Сыртқы тыныс жүйесінің резервтік мүмкіндіктерін көрсететін негізгі сипаттамаларының бірі ӨТС (өкпенің тіршілік сиымдылығы).