Файл: Мазмны кіріспе і. Мектептердегі дене шынытыру сабатарыны педагогикалы Жне оушы азасыны физиологиялы дамуындаы маызы.docx
ВУЗ: Не указан
Категория: Не указан
Дисциплина: Не указана
Добавлен: 10.01.2024
Просмотров: 95
Скачиваний: 1
ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.
Тәрбиелік міндеттері:
дене жаттығулары сабақтарында қажеттілік пен қызығушылықты қалыптастыру;
баланың жан-жақты, үйлесімді дамуы (ақыл ой, адамгершілік, әсемдік, еңбек)
Білім беру міндеттері:
қимыл іскерлігі мен дағдысын қалыптастыру;
дене сапаларын дамыту;
баланың өз ағзасы, өз денсаулығын нығайту әдістері, оның өміріндегі дене жаттығуларының ролі туралы қарапайым білімді меңгеруі
Сауықтыру міндеттері:
өмірді сақтау және денсаулықты нығайту (ағзаның барлық мүшелері мен жүйелерінің қалдыпты қызмет атқаруын қамтамасыз етеді);
ағза қызметінің жан-жақты дене жетілуі;
жұмыс қабілетін арттыру және шынығу
Денешынықтыру тәрбиесінің негізгі міндеттеріне: денсаулықты нығайту, функционалдық мүмкіндіктер мен дене бітімі дамуының үйлесімділігін жетілдіру; қимыл-қозғалыс дағдыларын, бұлшық ет күшін дамыту; жылдамдық, төзімділік, ептіліктің негіздерін құрып, жетілдіру; еркіндік пен тәртіп саласын дамыту; гигиеналық дағдыларға тәрбиелеу; т.с.с. жатады.
Денешынықтыру тәрбиесін салауттандырудың тиімділігін төмендегі жағдайлардан көруге болады: организмнің қоршаған ортаның әсеріне төзімділігі артады; өсу мен даму процесстерінің жақсаруына жағдай жасайды; жылуреттеуші механизмдер жетіледі; организмнің салқын тигеннен пайда болатын ауруларға қарсы төзімділігі жоғарылайды т.б.;
Адам эволюциясы қимыл-қозғалыс белсенділігімен үзбей байланыста болады. Қимыл-қозғалыс тіршіліктің белгісі және организмнің биологиялық қажеттілігін қамтамасыз етудің, әлемді танып, білудің құралы. Қимыл-қозғалыс белсенділігі дегеніміз - белгілі уақыт аралығындағы дене қозғалыстарының жиынтығы.
Қимыл-қозғалысқа биологиялық қажеттілік, баланың өмірге алғаш келген күнінен бастап пайда болады, бірақ, ол әлеуметтік факторларға байланысты өзгеріп отырады. Тіршілік жағдайы мен тәрбие жүйесі тәуліктік қимыл-қозғалыс белсенділігін шұғыл төмендетіп, не болмаса, жоғарылатып жіберуі мүмкін. Ол ерте жаста биологиялық (генетикалық) механизммен ал одан кейінірек, ересек жастарда әлеуметтік механизм бойынша реттеледі.
Бірақ казіргі кезде денешынықтыру тәрбиесінің өсіп келе жатқан жастардың тілегі мен мүмкіндіктерін ескеретін, көптеген жаңа түрлері пайда болып жатыр. Бұлар, спорт-тық билер, ырғақты гимнастикалар "аэробика", қытай гимнастикасы "ушу" және т.б. Олардың көбі, өзінің жаңалығымен, қолайлылығымен арнаулы бөлмелер мен арнаулы құралдарды қажет етпейді. Сондықтан денешынықтыру тәрбиесінің қосымша түріне қатал регламентация сақталмаса да болатын сияқты. Олардың негізі еркін таңдау, қолайлылық және формалды түрде болмауы керек [35].
Балалар мен жасөспірімдердің денешынықтыру тәрбиесінде оқытудың үш тәсілі кеңінен қолданылып жүр: қатал регламентация тәсілі, ойындар және жарыстар өткізу.
Балалар мен жасөспірімдердің денешынықтыру тәрбиесінің әрбір жас топтарына және мекемелердің типтеріне қарай бөлінген мемлекеттік бағдарламасы бар. Бағдарламалар балалар мен жасөспірімдер мекемелерінің төменде көрсетілген типтеріне арнап өңделген: балалар бақшасы; жалпы білім беретін мектеп; кәсіпттік - техникалық білім беретін мекеме; балалар мен жасөспірімдердің спорттық мектебі.
Санитарлық дәрігер мектеп жасына дейінгі балалардың денешынықтыру тәрбиесіне баға беру үшін төмендегі үлгі бойынша тексеру жүргізеді:
-
Балалардың жасына, денсаулығына және дайындығына байланысты денешынықтыру тәрбиесінің құралдары мен түрлері; -
Денешынықтыру сабағының бүтіндей және жеке бөлімдерінің ұзақтығы, моторлы тығыздығы, сабақ жүргізу жағдайы, құралдары); -
Таңертеңгілік гимнастика (реттілігі, орны, жағдайы, киімдері); -
Қимыл-қозғалыс ойындары мен көңіл көтеру уақыттары (күн тәртібіндегі уақыты, ойынның сипаты, жабдықтары, құралдары); -
Серуендер мен экскурсиялардың ұйымдастырылуы (ара қашықтығы, ұзақтығы, өткізу орны, киімдері); -
Балалардың денсаулық жағдайының мәліметі (аурушаңдығы, дене бітімінің дамуы).
Санитарлық дәрігер, мектептегі денешеынықтыру тәрбиесінің ұйымдастырылуына төменде көрсетілген үлгі бойынша гигиеналық баға береді:
-
Медициналық тексерудің қорытынды жинағы (дұрыс, уақытында өткізілгендігі, денсаулық топтары, оның динамикасы); -
Денешынықтыру сабағының мазмұны (сабаққа қатынасуы, сабақ босатудың себептері, сабақтың ұзақтығы, құрылысы, моторлы тығыздығы); -
Денешы-нықтыру салауаттандыру шаралары (толықтығы, дұрыстығы, реттілігі, сабақ жүргізу жағдайы); -
Сыныптан тыс спорттық-қоғамдық жұмыстар (секциялардың және спортпен шұғылданатындардың саны, экскурссиялар мен жорықтар, денсаулық және спорт күндерінің реттілігі); -
Денешынықтыру сабағы өткізілетін орынның гигиеналық жағдайы; -
Сабақтың жабдықталуы; -
Денешынықтыру тәрбиесінің ұйымдастырылуына талдау жасау; -
Денешынықтыру сабағының тиімділігі туралы қорытынды және орындау уақыты көрсетілген нақты ұсыныстар беру.
Кәсіптік-техникалық білім беру орындарында жүргізілетін денешынықтыру тәрбиесінің өз ерекшеліктері бар. Мұндағы денешынықтыру тәрбиесінің бағдарламасы мектептегіге ұқсас келеді, ерекшелігі - денешынықтыру сабағының кешенді және арнайыландырылған деп бөлінуінде. Жасөспірімдердің арнайы спорт мектептеріндегі денешынықтыру тәрбиесінің мақсаты - кәсіпкер спорт шеберлерін даярлау болып саналады. Спорттық
мектеп - интернаттар, спорттың жеке түрлерінен жоғары спорт шеберлерін даярлауға арналған [36].
-
Спортталған дене тәрбиесі
Дене шынықтыру мен спортты дамытудың маңызды бөлімдерінің бірі Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептеріндегі спортталған дене тәрбиесі (СДТ) болып табылады.
Дене тәрбиесінің мазмұны мен түрін жаңартудың спортталған дене тәрбиесінің мәні жалпы дене дайындығы топтарында, шаңғы спорты, спорттық жекпе-жектер, стол теннисі, баскетбол, волейбол, спорттық гимнастиканың оқу-жаттығу топтарында спорттың таңдап алынған түрлерімен үйренушілердің ерікті түрде шұғылдануынан тұрады. Сабақ оқу кестесіндегі сағаттардың қатарына енгізіліп және 2 сағаттан аптасынакүнара 3 рет сабақтан тыс өткізіледі.
Спортталған дене тәрбиесін енгізудің мазмұндық және ұйымдастырушылық құрылымын жаңарту процесін біртіндеп, кезеңмен дамытуды көздейді.
Орта мектептің 9–сыныптарының оқушыларын дене тәрбиесін ұйымдастырудың жаңа түріне алдын-ала дайындау қажет. Оқу жылының басындағы дене тәрбиесі сабақтарының бірі сабақтың негізгі бөліміндегі жаттықтыратын режімдердің көлемін біртіндеп өсіру арқылы өткізіледі. Осы кезеңде таңдап алынған спорттың бөліктерімен таныстырылады.
10-12 сыныптардың оқушылары мектеп директорының атына жазылған арызға сәйкес спорттық оқу-жаттығу топтарында өзі таңдаған спорт түрлерімен шұғылдануға ауысады. Мұндағы денешынықтыру тәрбиесінің бағдарламасы мектептегіге ұқсас келеді, ерекшелігі - денешынықтыру сабағының кешенді және арнайыландырылған деп бөлінуінде. Ықылас білдірмегендер жалпы дене дайындығы (ЖДД) спорттық топтарында шұғылданады.
15-16 жастағы оқушыларда қозғалыстың кез келгенін іс жүзінде зерттеу үшін морфологиялық және функционалдық алғы шарттар туындайды. Мұндағы денешынықтыру тәрбиесінің бағдарламасы мектептегіге ұқсас келеді, ерекшелігі - денешынықтыру сабағының кешенді және арнайыландырылған деп бөлінуінде. Дегенмен де бұл кезеңде оқушылардың қызығушылығы, сұранысы мен қабілеттеріне сәйкес оқу-жаттығу топтарына бірыңғай 10-12 сыныптарды біріктіру есебінен жасөспірімдер мен қыздарды бөлек оқытуды ескере отырып, жеткіншектің жыныстық жетілу дәрежесіне байланысты дене жүктемелерінің көлеміне жеке тұрғыдан келу қажет.
Жас шағынан бастап жалпы дайындау және спорттық бағдар беру жүріп жатады, бұл жастарда азғана, яғни маманданудың жекелеген элементтері ғана беріледі. Тіршілік жағдайы мен тәрбие жүйесі тәуліктік қимыл-қозғалыс белсенділігін шұғыл төмендетіп, не болмаса, жоғарылатып жіберуі мүмкін. Сонымен бірге жоғары сынып оқушыларында спорттың кейбір түрімен шұғылдануға деген себептер айқын байқалады, бірақ бұл төменгі сыныптарда да, спортталған дене тәрбиесін ұйымдастыру мүмкіндігі жоқтығын білдірмейді (2 кесте).
-
кесте - Спортталған дене тәрбиесінің (СДТ) жылдық көлемі
Р/ с | Дайындық бөлімдері | Сағат саны |
1 | Теориялық дайындық | 4 |
2 | Жалпы дене дайындығы | 66 |
3 | Арнайы дене дайындығы | 38 |
4 | Техникалық-тактикалық, психологиялық дайындық | 112 |
5 | Жарысқа дайындық | 16 |
6 | Бақылау және соңғы ауыспалы талаптар | 4 |
7 | Барлық сағаттар | 240 |
Сабақ оқу-жаттығу топтарда (10-12 сыныптар) жүргізіледі және 2 сағаттан аптасына күнара 3 рет, барлығы 6 сағат көлемінде оқу кестесіне енгізіледі. Мамандандырылған дене тәрбиесі оқытушысының жалақысы дене тәрбиесінің міндетті 3 сағатына бөлінген сағаттардың есебінен және үш сағат факультатив сабақтарының немесе қыздар мен жасөспірімдердің бөліп оқытылуы үшін оқу-жаттығу топтарына біріктірілген бірыңғай 10-12-ы сыныптардың дене тәрбиесі сабақтарының 3 сағаты есебінен төленеді [38,39].
Қазақстан Республикасы оқушыларының дене тәрбиесі жүйесінің қазіргі кезеңінде, оның мақсаты мен міндеттері Үкіметтің түрлі құжаттарында, «Дене шынықтыру» пәні бойынша мемлекеттік стандартта белгіленген . Яғни, «Қазақстан Республикасында дене шынықтыру мен спортты 2007-2011 жылдар аралығында дамытудың мемлектеттік бағдарламасында» оқу- жатығу процесін тереңдетіп және спорт түрлері бойынша күн ұзағына оқып- үйренетін мамандандырылған сыныптарды ашуды жалпы білім беретін мектептерге ұсыну, жасөспірімдер клубтарын ашу арқылы жалпы білім беретін мектеп дене тәрбиесі сабақтарының құрылымы мен мазмұнын толықтыратын дене шынықтырудың мектептен тыс түрлерін ұйымдастыруды жетілдіру» көзделген. «Дене шынықтыру» пәні бойынша мемлекеттік стандарт осы пәннің мақсаты есебінде «денсаулықты нығайту, білімді, өмірлік маңызды қозғалыс іскерліктері мен дағдыларын, адамгершілік, еңбек жане эстетикалык тәрбиенің міндеттеріне сәйкес жеке адамды үйлесімді дамытуды» белгілеп отыр. Қазіргі мектеп оқушылары дене тәрбиесінің мақсаты И.И. Переверзинның анықтауы бойынша – бұл дене жатығулары және спортпен үздіксіз шұғылдану арқылы салауатты өмір салтының бір бөлшегі есебінде оқушының жеке, дербес дене тәрбиесінің жоғарғы деңгейін қалыптастыру.
Спортталған дене тәрбиесін енгізу маселелері бойынша қазіргі бар зерттеулерді талдау оны құрайтын төмендегілердің бар екенін дәлелдеп отыр:
Дененің жетілу белгілерінің даму деңгейін зерттеу; дене тәрбиесінің қосымша жаттығу сабақтары; балалардың спортқа бағыт ұстануының педагогикалық технологиясы; балалардың дене белсенділігін жетілдірудің әлеуметтік және технологиялық аспектілері; оқушылардың дене тәрбиесі бойынша оқу барысын бағдарламалық- әдістемелік жағынан қамту; жеке адамға бағытталған дене тәрбиесі; адам құндылығының басымдылығын мойындау; дене тәрбиесінің дамуының әлемдік тәжірибесінің қазіргі жағдайы тұрғысындағы оқушылардың дене тәрбиесінің міндеттері мен мақсаттарын нақтылау; оқушылар дене тәрбиесін ұйымдастырушылардың әр түрін онтайлы үйлестіру; дене дайындығын бақылау; аймақтық жағдайларды ескере отырып оқушылар дене тәрбиесін жетілдіру; дене тәрбиесімен шұғылданудың себептері; дене жаттығуларымен оқушылардың дербес шұғылдануы; дене шынықтыру бағдарламаларын талдау; дене қасиеттерін дамыту мен қозғалыс әрекеттерін игеруді оңтайландыру; оқушылардың дене тәрбиесі жөніндегі оқу жұмысын жоспарлау .
Жоғарыда айтылғандарды ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамту мамандарының зертеулерінде негізделгенмен де, біздің көзқарасымыз бойынша, қазіргі кезеңде төмендегідей мәселелері алдағы кезде де өзін зерттеуді талап етеді:
а) оқушылар дене тәрбиесін жүйесінің бағдарламалық нормативтік негіздерінің дамуын зерделеу;
ә) оқушылар денесінің жетілдіру бағыттары және оларды анықтайтын себептерді (факторларды) зерттеу;
б) оқушылар дене тәрбиесі жетілдіруді қазіргі тұжырымдамалар тұрғысын анықтау;
в) жалпы білім беретін мектептердің жоғары сыныптарындағы дене тәрбиесі бойынша бағдарламалардың негізгі және өзгермелері бөлімдерінің жүзеге асу шартын анықтау;
г) дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға жоғарғы сынып оқушыларының ынталану себептерін зерттеу;
д) жалпы білім беретін мектептерде спортталған дене тәрбиесін енгізу технологиясын дайындау.
Мысалы,Т.А. Ботағариев дене шынықтыру қызметіне барлық қатысушылардың (дене тәрбиесі мұғалімдері, студенттер, оқушылар, жалпы білім беретін мектептердің директорлары, біліктілікті көтеру институттары дене тәрбиесінің әдіскерлері) бірлесе жұмыс жасауына негізделген, оқушылар денесін жетілдірудің аймақтық кешенді бағдарламасын дайындап, тәжірибеге енгізді. Мектептегі дене тәрбиесі – жалпы педагогикалық жүйенің басты бөлшектерінің бірі (3 кесте). Бұл тек мектеп қабырғасында жүргізілетін жұмыстарымен, дене тәрбиесі сабақтарында, дәрістерде шектелетіндігі айқын.