Файл: Мазмны кіріспе і. Мектептердегі дене шынытыру сабатарыны педагогикалы Жне оушы азасыны физиологиялы дамуындаы маызы.docx

ВУЗ: Не указан

Категория: Не указан

Дисциплина: Не указана

Добавлен: 10.01.2024

Просмотров: 98

Скачиваний: 1

ВНИМАНИЕ! Если данный файл нарушает Ваши авторские права, то обязательно сообщите нам.


Сыртқы тыныс жүйесінің резервтік мүмкіндігін көрсететін негізгі сипаттамалардың бірі өкпенің тіршілік сиымыдылығы.

Әдеби деректерде кездестіргеніміздей өкпенің тіршілік сиымдылығы аз болса, өкпе ұлпаларының созылғыштығы да төмен болады. Бұл өз кезегінде балалар өкпесінде коллагенді ұлпалардың көптеу екенін көрсетеді.

Аталған көрсеткіштер бойынша жүргізілген әдебиеттерге шолуымызда балалардың ағзасын зерттеудегі бұл көрсеткіштерде біркелкілік байқалмайды.

Бастауыш сынып жасы кездерінде балалардың бойлары, дене мүшелері, әсіресе, аяқтары тез өседі. Бала жылына екі килограмм салмақ қосады.Осы жаста сүйек тез қатая бастайды. Бірақ сүйек тканьдарында әлі де органикалық заттар көп те, минералды тұздар аз. Сондықтан да сүйек икемді, созылмалы, әлі толық қатаймай, шеміршекті түрде болады. Осы ерекшеліктерін ескеріп, бастауыш сынып оқушыларына қозғалмайтын статикалық жаттығулар жүктемесін аз береміз. Үлкен биіктіктен секіру, қатты жерге секіру жаттығуларын бермеуге тырысуымыз керек.

Мектептерде дене тәрбиесі сабақтарын табысты өткізу үшін келесі қағидалар тұрақты сақталуы тиіс.Оқушыларды кез-келген сабаққа ұйымдастыру кезінде оқу материалы осы сыныптың оқу бағдарламасына сай болуы тиіс; нақты жағдайларға қарай, сабақ жүргізудің әр түрлі әдістерін барынша жан-жақты қолдану қажет;әр сынып оқушыларының жаттығуларын жас ерекшеліктеріне сәйкестендіріп  міндетті түрде іріктеу керек. Бастауыш сынып оқушыларына үлгі ретінде жоғарғы сынып оқушыларының жаттығу орындау және ойындардағы іс-тәжірбисін шебер пайдалану қажет; барлық оқушылардың жаттығуларға, қимыл-қозғалыстарға белсене қатысуына зор көңіл бөлген дұрыс; сабақ жүктемесін жаттығу, ойын дәрежесіне сай реттеп отыру керек. Бағалау, бақылау, қателіктерді дер кезінде түзеп отыру қажет. Осы аталған қағидалар мен сабақ өткізудің әдістерін мұғалім дене тәрбиесі сабағында тиімді қолданған жағдайда оқушылардың қозғалыс дағдылары қалыптасып, денсаулықтары нығайып, дене қабілеттері дамып, жетіледі, пәнге деген қызығушылығы артады

Кейбір авторларда ӨТС көрсеткіштері 7 жаста 1155-1930мл, 8 жаста 1100-1700 мл, 9 жаста 1130-2200мл, 10 жаста 1360-2300 мл және 11 жаста 1480-2700мл.

Физикалық дене жүктемелері сыртқы тыныс алу жүйесінің қызметін зеттеу барысында ағзаның оттегімен қамтамасыз етілуіне және нейрогуморальды реттелуінің көрсеткіштерін нақтылайтын көрсеткіштердің бірі болып табылады. Дене жүктемелері барысында ағзаның оттегіне қажеттілігі жоғары деңгейде болады.


Қазіргі кезде балалардың тыныс жиілігі ағзаның шыныққандығына қарамстан біртіндеп азаяды. Кейбір авторлар зерттеулерінде ТЖ тыныштық күйде де, физикалық жүктемеден соң да 12 жасар спортшы балаларда спортпен шынықпайтын өз қатарластарына қараңанда төмен болатыны анықтап көрсетілген.Сонымен қатар ТЖ спортшыларда тыныштық күйде 17,9 минутына, ал шынықпаған балаларда 18,4 шаманы көрсеткен.

Физикалық жүктемелер балалар және жасөспірімдерде өкпе желденуінің ұлғаюын тудырады. Тыныстың минуттық көлемі ересек адамдарға қарағанда аз болғанымен жастары өскен сайын ұлғая түседі. Көптеген авторларда 8-9 жастағы балаларда ТМК физикалық жүктемелер кезінде 30-40 л/мин болса, 10-11 жаста 40-50л/мин шаманы көрсетеді. Спорттық үйірмелерге бармайтын осы жас шамасындағы балаларда ТМК жастары өскен сайын ұлғайып отырса, олардың жүйелі түрде спорттың циклді түрімен айналысатын қатарластарында тыныштық күйде ТМК біртіндеп төмендегені анықталған.

Сонымен қатар жас өскен сайын тыныс көлемінің ұлғаю мүмкіндігі туындайды.Негізінен физикалық жүктемелердің тікелей әсер бар екенін ескере кеткеніміз жөн.

Зерттеушілер пікірі бойынша, 8-11 жас аралығындағы балаларда ТК физикалық жүктемелер кезінде ТК максималды мөлшері 900 мл болады. ӨТС мөлшері негізінен адамның жынысына, жасына, дене ұзындығына, шыныққандығына тәкелей байланысты [1,34,47,56,63,71,76,80,133,134].

6 жаспен 15 жас аралығындағы балаларда қозғалыс белсенділігін ескермегеннің өзінде ӨТС жаспен тікелей байланыстылығы анықталған. Тағы да бір зерттеуші авторлар жұмысында аптасына дене шынықтыру сабағы 2 сағаттан үш рет жүргізілетін мектепте оқитын ұлдарда 10-12 жас шамасында ӨТС бірдей (10 жаста - 2,0 л, 11 жаста - 2,2 л, 12 жаста - 2,3 л). қарқында ұлғайғаны көрінген. Бұл көрсеткіш ағзаның шыныққандық деңгейіне байланысты. Ал, спортпен ретті түрде бұл көрсеткіштердің ерекшеленгенін көруге болады. 1 0 - 1 2 жастағы балаларда физикалық жүктемелер апасына 8-21 сағатқа дейін жүргізіледі.Олардың ӨТС 10 жаста - 2,0 -2,1 л, 11 жаста - 2,3 л, 12 жаста - 2,5 - 2,6 л. ӨТС дене салмағымен байланыстылығында да өзгеріс байқалады. Бұл дегеніміз өз кезегінде физикалы жүктемелер сыртқы тыныс көлемінің функционалды резервтік өсуіне мүмкіндік жасайтынынын аңғартады.

Әдеби деректерде көргеніміздей, препубертантты жас кезеңдеріндегі балалардың сыртқы тыныс жағдайы біркелкілікпен көрінбейді. Бұл ерекшелік біріншіден, балалардың тіршілік әрекеті мен ортасына, т.б жағдайларға байланыстылығын көрсетеді.

Баланың өсуі және даму үдерісі барысында жүрегінің көлемі мен салмағының артуына байланысты кеде қуысында жүректің орналасуында, құрылымы мен қан тамырларында гистологиялық дифференцация, жүйкелі және қантамырлық қамтамасыз етілулерінде өзгерістер туындайтыны заңдылық. З. Кольчинская және өзге де авторлар мәліметтерінде жүрек-қантамырлар жүйесінің дамуында біркелкілік болмайтынын айтып кеткен. Дамуының әр кезеңдерінде дисгармония, асинхрондылық байқалуы мүмкін



Артерияның систолалық қысымы (АҚс) өсу және даму барысында ұлғаяды.Осыған байланысты зерттеу жүргізген авторлар пікірінше. Артерияның систолалық қысымы деңгейі 7 жаста 97,3-97,5 мм.сын.бағ, 12 жаста 104,5-105,3 мм сын.бағ.болады дейді. Ал өзге зерттеушілер 7 жастағы балалар мәліметтерін алдыңғы зерттеулерге қарағанда 90,1 - 92,9 мм сын.бағ. төмендетіп жібергенін көреміз.

Жоғарыда аталған кейбір авторлар мәліметтерінде АҚс көрсеткіштері 9 жастағы ұл балаларда қыздарға қарағанда айырмашылықтар байқалады.

Ал, артерияның диастолалық қысымы (АҚд) артерияның систолалық қысым секілді балаларда өсу мен даму үдерісі барысында өзгеріп отырады.

Артерияның диастолалық қысымы 7 жаста, 61,4-63,3 мм.сын. бағ, 12 жаста 70,4- 70,7 мм.сын.бағ. сәйкес келген. 7-10 жас аралығындағы балаларда нақты ерекшеліктер айқындалмайды. Артерияның диастолалық қысымы ұл балаларда 63,3 тен 64,6 мм.сын.бағ., ал қыздарда 61,4-62,2 мм.сын.бағ. аралығында. Артерияның диастолалық қысымы деңгейі төменгі сыныптарда бірте –бірте ұлғая түседі.

Кейбір әдебиеттерде артерияның диастолоалық қысымы 12 жастағы қыз балаларда ұлғая түскенін көрсетеді. Дегенмен, бір ерекшелігі бұл көрсеткіштер ұл балаларда 10-11 жаст-ақ өзгеріске ұшыраған болатын. Е.А. Аксянова [15,с.108-110.]зерттеулерінде артерияның диастолалық қысымы көрсеткіші 7 жастағы балаларда жоғарыда аталған авторлар көрсеткіштерімен салыстырғанда төмен екеніні көреміз. 56,65 - 58,18

мм.сын.бағ. 7-9 жас аралығындағы балаларда артрияның диастолалық қысымы 76,0-76,4 мм.сын.бағ. көрсетеді. Дегенмен, тұрған жері яғни клиамтаттық өзгерістер де адам ағзасына әсер ететінін ескерсек, бұл өзгерістер тұрғылықты жерге байланысты ерекшеліктері болатынын да білгеніміз жөн [30].

Артериялық қысымның орташа деңгейі ұлдарда да қыздарда да жас өскен сайын ұлғайып отырады. А.В.Мазурин пікірінше (1986), артериялық қысымның орташа (АҚо) көрсеткіші 3-7 жаста 73-77 мм.сын.бағ., ал, 8-14 жаста 80-86 мм.сын.бағ көрсеткішінде .

Яғни, артериялық қан қысымының деңгейі жынысқа да, жасқа да және тұрғылықты жерлеріне де байланысты деп тұжырымдауға болады.

Қанның көп мөлшері,ұлпалардағы оттегіне қажеттіліктің туындауы, балалар жүрегінің шамадан тыс жұмыс істеуіне әкеледі. Жүректің жұмысын сипаттайтын көрсеткіштің бірі қан айналымның минуттық көлемі (ҚМК). Тыныштық күйде қанның миуттық көлемі (ҚМК) негізініне жасқа, жынысқа, қоршаған орта жағдайына және эмоционалды күйге тікелей байланысты. Осы тақырыпта зерттеу жүргізген авторлар пікірінше, қанның минуттық көлемі жас ұлғайған сайын өзгереді, яғни көбейеді. Оны жүрек соғу жиілігіне (ЖСЖ) байланысты. Зерттеушілер мәліметтерінде, ҚМК мөлшері 7 жастағы балаларда 45,6-46,9 л\мин, ал 12 жастағы балаларда 63,3-65,5 л/мин.


ҚМК максималды ұлғаюы ұл балаларда 12 жаста 64,2 л/мин, ал қаз балаларда 59,4 л/мин. 14 жастағы қыз балаларда ҚМК тұрақталғаны туралы да деректер кездеседі.

Ал, ұл балаларда ҚМК өсуі 14 жастан кейінде жалғаса беретіні туралы мәліметтер де кездеседі. Яғни, аталған көрсеткіштің жастық та жыныстық та ерекшеліктері анықталып отыр. Өсіп келе жатқан организмнің қанға қажеттілігі жүрек соғу жиілігі (ЖСЖ) есебінен де толықтырылып отырады.

Жалпы балалардың ЖСЖ ерекшеліктері жүрек қан тамырлар жүйесінің жұмысын сипаттайтын негізгі көрсеткіштердің бірі болып табылады.

Көптеген зерттеулерде ЖСЖ жас кезеңдеріне байланысты баяулай түседі делінген (6 сурет). Мектепке дейінгі жас кезеңдеріндегі балаларда 9-100 соққы/мин. 8-9 жаста бұл көрсеткіш 76- 84 соққы/мин шамасында болады.

Сонымен қатар, ЖСЖ 10-14 жастағы балаларда төмендеу 76,4 соққы/мин . ЖСЖ бірден төмендеуі 12 жастағы ұл балаларда 75 соққы/мин болса, ал қыздарда бұл көрсеткіш 75 соққы/мин 11 жаста-ақ анықталған.

Сондықтан, әдеби дерек көздері ЖСЖ төмендеу тенденциясы жасқа байланысты екендігін алға тартады. Дегенмен балалардың жынысына, жастық кезеңдеріне байланысты төмендеу динамикасы туралы мәліметтер әлі кездеспей отыр. Дегенмен де аталған мәліметтер бала ағзасының қалыптасу барысындағы негізгі жүйелер болғандықтан аталған жүйенің заңдылықтарын толық қарастырып игеруді қажет етеді.

Балалар денсаулық жағдайы әрбір мемелекеттің және қоғамның тұрмыстық деңгейін көрсететін бір белгі деп есептеледі. Себебі балалрдың денсаулығын сақтау және нығайту, олардың физикалық дамуын дұрыс қалыптастыру, әртүрлі аурулардың алдын алып, балалар ағзасының жан-жақты дұрыс жетілуіне әсерін тигізеді. Балалардың денсаулығы – дұрыс ұйымдыдастырылмаған оқу жағдайына, қимыл қозғалыс белсенділігінің төмендеуіне, жүктеме мен демалыстың дұрыс ұйымдастырылмауына және де жанұяда алған тәрбие ақыл-ой еңбегі қан айналу жүйесінің жұмыс жағдйын елеулі өзгерістерге ұшыратататындығы, әсіресе жүктеменің қарқындылығы мен ұзақтығына байланысты болып келуі гемодинамикалық көрсеткіштердің ауытқу көлеміне байланысты екендігі белгілі.

Балалар ағзасының жасайтын қимыл-қозғалыстары әлдеқайда жоғары және белгілі бір мөлшердегі энергия қорын қажет етеді. Бірақ қазіргі кезде ғылыми-техниканың жетістігін, автоматтандыру мен механикаландарудың кеңінен орын алуы және жасөспірімдердің ой-еңбегінің артуына, дене еңбегінің кемуіне душар етеді. Балалардың аз күш жұмсауы, яғни гиподинамия жағдайы, әсіресе бұлшықеттердің дәрменсіздігін және қантамыр жүйесінің нашарлауын тудырады. Қимыл қозғалыстың тапшылығынан қан айналым жүйесіне айтарлықтай күш түседі.


Қан тамыр жүйесінің қызметтік жағдайы, қандай жаста болса да, демалыссыз соғып тұрған жүрекке байланысты. Барлық қимыл қозғалыс ағзада өтіп жатқан мыңдаған қозғалыстар тек саужүректің арқасы. Қимылдың тапшылығы тек жүректің өз бетімен жұмыс істеуіне кедергі келтіреді. Жүрек бұлшықеттерінің жиырылу күші кеміп, денеге тарайтын қанның мөлшерін азайтады . Бұл жағдайлар бала ағзасының барлық жүйелерінің (тыныс алу,қан айналым, орталық жүйке жүйесі) қызметтік жағдайына әсерін тигізбей қоймайды. Әсіресе қан тамыр жүйесініңқызметінде әсері ерекше орын алады. Себебі қан тамыр жүйесі ағзаның барлық мүшелерінің қызметін гуморалдық жолмен реттеуге қатысып, оның біртұтастығын қамтамасыз етеді. Сондықтан да қан айналым жүйесіндегі түрлі өзгерістер барлық мүшелердің қызметінде жағымсыз аутқулар туғызуы мүмкін.

Физикалық дене жаттығулары қан тамырлар жүйесіне бір жағынан жаттықтырушы әсер береді деуге де болады.Ретті түрде жүргізілетін физикалық дене жаттығуларына адам ағзасында бейімділік туындайтынын білеміз. Бұл ерекшелік әсіресе спортшыларда анық көрінеді. Көптеген авторлар пікірінше, спортшыларда әсіресе, төзімділікті қажет ететін жеңіл атлеттерде ұзақ уақыт және шамалы жұмысты қажет ететін жаттығуларында ірі қан тамырлары шынықпаған адамдармен салыстырғанда кең әрі, қанның ағу көлемі де жоғары болады екен, ал ситолалық қысымда да шынықпағандарда да ерекшеліктер байқалған.

Егерде спортшылар өте қарқынды түрде шұғылданатын болса, ірі қан тамырлардың өткізгіштігі мен қан ағуы жылдамдығы да дене еңбегімен айналыспайтын адамдарға қарағанда кәдімгідей ерекшелік көрінеді. Тағы да бір ерекшелігі қан ағысының қалыпты деңгейге келуі шынықпаған адамдарға қарағанда шыныққан организмде тез қалыпына келеді екен.

Қан тамырлар жүйесіндегі ерекшеліктерді зерттеу барысында қарастырылған әдебиеттерден спортпен айналысатын балалардың да қан тамырлар жүйесінде болатын ерекшеліктерді де кездестік.

Физикалық жүктемелерден соң, белгілі жаттығу түрлерімен айналыспайтын 12 жасар балаларда артерияның систолалық қысымы 131мм. сын.бағ. болса, ал волейболмен шұғылданатын балаларда 138 мм.сын.бағ көрсеткен. Осыған ұқсас сәйкестіктерді көптеген авторларадан кездестіруге болады.

Ғылыми зерттеулерін осы тақырыптарға аранаған кейбір зерттеуші авторлар пікірінше, физикалық жүктемелерге қарай өзгеріп отырыатын гемодинамиканың нақты көрсеткіштерінің бірі болып артерияның сиситолалық қысымын айтуға болады екен. Мейлі дене арнайы жаттығу түрлерімен ретті айналысса немесе спорт түрлерімен айналыспайтын болсын, қанадай жүктеме кезінде де артерияның систолалық қысымы өзгеріске ұшырайды. Көптеген аврторлар, артерияның систолалық қысымының жоғарылауы 10-14 жас аралығында 85,3-107,2 мм.сын.бағ. болады. Бұл көрсеткіш үнемі белгілі жүктемеге байланысты емес.Осы жас кезеңдеріне сәйкес барлық балаларда айтарлықтай айырмашылық байқалмайды.